Сабақтың мақсаты:1. Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру. Санды және әріпті өрнектерді құру, оқу, жазу, оларды салыстыру және мәнін табу мәселелерін пысықтау.
2.Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс-әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой-өрісін дамыту.
-Математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік?
Психологиялық дайындық.
Көп күттірген қоңырау соғылды-
Математикадан сабақ басталды.
Мысалдар мен есептер,
Ойындар да шытырман –бәрі де сендер үшін!
Барлығыңа табыс тілеп, сәт сапар тілеймін, шын!
-Міне, балалар шын жүрекпен табыс тілей отырып, сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.
-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр.
ІІ.Қызығушылықтыояту.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
-Абайдың қандай күз туралы өлеңін білесіңдер?
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Абай.
«Қазақстанды ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер-бірден-бір құдірет –білім,білімді ұрпақ» Н.Назарбаев
-Дегендей білім алып, білімімізді көрсете білуіміз керек.Олай болса, бәріміз зейінімізді сабаққа аударайық. Бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасаймыз.Енді балалар сендерді топқа бөлейін.Енді топ ережесін айтып өтейін,топ ережесін сақтап, бағынайық. .
Алдымен жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. №7,98 бет
х-1 509=2356 х* 8=7 208
х=2356 +1509 х=7 208:8
х=3 865х=901
3 865-1 509=2356 901 *8=7 208
2356=2356 7 208=7 208
х+3 020=5 827 30 030: х=6
х=5 827- 3 020 х=30 030:6
х=2 807х=5 005
2 807+3 020=5 827 30 030: 5 005=6
5 827 =5 827 6 =6
ІV.Өткен сабақты пысықтау.
-Балалар өткен сабақта қандай тақырып өттік?
-Жылдамдық, уақыт және қашықтық.
Ал, енді балалар «Кезектескен интервью» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтап жіберейік.
1) Жылдамдық деген не?
-Жылдамдық- уақыт бірлігінде жүріп өтілген қашықтық.
2) Жылдамдықты қалай табуға болады?
v = s : t
- Қозғалыс жылдамдығын табу үшін, қашықтықты уақытқа бөлу керек.
3) Қашықтықты қалай табуға болады?
S = v ∙ t
-Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.
4) Уақытты қалай табуға болады?
t = s : v
-Уақытты табу үшін, қашықтықты қозғалыс жылдамдығына бөлу керек.
V.Жаңа сабақ. Миға шабуыл.
Жаңа тақырыпты еркін меңгеруіне, ойын тиянақты жеткізуіне көңіл бөлемін.
-Балалар,сендер 1-сыныптан бері қарай айтылып келе жатқан жалпы өрнек, оның ішінде санды және әріпті өрнек не екендігін ажырата білесіңдер. Сол сияқты мұнда өрнектің нақты түрлері болып табылатын косынды, айырма, көбейтінді және бөлінді ұғымдарын да білетін болдыңдар. Егер өрнекте бірнеше арифметикалық амал болса, онда өрнектің аталу жағдайына, яғни өрнектің нақты атының ең соңғы орындалатын амалға байланысты болады.
«Ерте, ерте, ертеде математика» деген әлемде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты-«Өрнек» екен. Оның екі ұлы болыпты. І «санды» өрнектер, ІІ «әріпті» өрнектер.Ақсақалдың балалары ынтымақта, бірлікте бақытты өмір сүріпті. Бір-бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен.
Бұл сандар. Бұл санды өрнек.
5 5+9=14
12 12х6=72
49 49:7=7 Бұл не? Өрнек.
- Міне, осындай сандар мен амал таңбаларынан құралған өрнектерді санды өрнек дейміз.
Өрнек.
Бұл әріпті өрнек. а+7 91:с 5+а
- -Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтамыз?
-Әріптер мен сандар амал таңбалары арқылы байланысқан өрнекті әріпті өрнек дейміз. Әріпті өрнекте латын әріптері қолданылады.Ал санды өрнек, сандар амал таңбаларымен байланысады.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздың 101 бетін ашайық. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
Барлығы-200кг Ж: 70кг ұзын шеге, 130 кг қысқа шеге.
1ж.-ұ.ш. массасы бірдей
1ж.-қ.ш. массасы бірдей
Ұзын шеге-?, Қысқа шеге-?
VІІ. Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
№7 а) ауызша. 264:4=66 66*44=2640 тг
ә) Қара түсті-5 т. Ш: 5+4=9 5841:9=649 тг
Көк түсті-4 649*5=3245 тг 649*4=2596 тг
Төленді-5841 Ж: қара түсті тақияларға 3245 тг, көк түсті
Қара т.-?, Көк т.-? тақияларға 2596 тг.
VІІІ. Өзіндік жұмыс. «Кім жылдам?» ойыны.
№8 а) (3+7)х2:2 ә) (5+х)х2:2
а)8х4:2 ә) ах4:2
ІX.«Қалам» ортада ойыны. Бірінші тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Дайын болған соң, қаламдарын ортаға қояды. Мұғалім қай оқушының қаламын алса, сол оқушы санды,әріпті өрнекті оқиды.
X.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта санды және әріпті өрнекті мәніне қарай топқа бөлу, оқу, құру,салыстыру сияқты жұмыстар жасадық. Бірнеше амал бар амалдарды орындау тәртібі негізделген санды өрнек шығару жолын пысыөтадық. Тік төртбұрыштың Р-н, жарты Р-н өрнек түрінде жаздық.
Мағынаны тану: Семантикалық карта.
Алған білімдерін қорыту. Әр жауаптың қасына қосу таңбасын қою.
Тапсырма
Санды өрнек
Теңдеу
Әріпті өрнек
80+60
+
Х*5=15
+
С+60
+
100-80
+
а*90
+
10:х=2
+
Рефлексия.«Күн».
-Бүгінгі сабақта не істедік?
-Өз жұмыстарыңа ризасыңдар ма?
«Күн». Тақтаға күннің сары дөңгелегі ілінеді де, оқушыларға күннің сары және көгілдір түсті шапақтарын тарату. Шапақтарды күнге жапсыру: сары түсі-маған сабақ өте ұнады, онда мен көп нәрсе білдім,көп ақпарат алдым, көгілдір түсі-сабақ қызықсыз, қажетті ақпарат алмадым.
XІ. Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды топ басшысы бағалайды.
Бір-біріне бейнелеу сабағында жасаған «Күннің көзін» сыйға тартады. XІ.Үйге тапсырма. №4, 101 бет