kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поурочные планирование

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ.Уақытты өлшеу.Минут."Саяхат" бөлімі бойынша
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поурочные планирование»

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Минут

Мектеп: Құрөзек орталау мектебі

Күні : 16.01


Мұғалімнің есімі: Ж.К.Мушанова

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

уақытты бағдарлайды: минут, сағат, күн, апта, ай туралы білімді меңгереді.

алған білімді өмірде қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

құмсағат;

электронды таймер;

қабырға сағат;

мысал жазылған парақшалар;

А3 пішінді қағаздар;

түрлі түсті маркерлер.

Тірек сөздер

Минут

Сабақтың мақсаты:

Тәжірибелік тапсырмаларды орындату арқылы бір минуттың ұзақтығы туралы түсіндіру. Уақыттың өлшем­ бірлігі “минут” ұғымы туралы түсінік қалыптастыру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Минут — уақыттың өлшем бірлігі. Минуттың аз уақыт екенін, бір минут ішінде тез орындалатын оңай жұмыстарды атқаруға болатынын түсіндіріңіз. Мысалы: қол шапалақтау, секіру, өз есімін қайталап жазу, моншақты жіпке тізу және т.б.

Кіріспе тапсырма. «Бәйге» әдісі Сабақты оқушылармен бірге бір минутта қанша рет қол шапалақтай алатынын (қанша рет секіре алатынын, өз атын қанша рет қай­ талап жаза алатынын, қанша моншақты рет-ретімен жіпке тізіп шыға алатынын) және т.б. анықтаудан бастаңыз.

Ол үшін оқушыларды топқа бөліп немесе бәрінің бірге қол шапалақтауын сұраңыз. Егер тапсырманы топпен орындаса, онда әр топқа, мүмкін болса, құмсағат немесе қоңырау беріңіз, ал жалпы сыныпқа 1 минуттың басталғаны және аяқталғаны туралы белгі беріңіз. Оқушылардан өз зерттеулерінің нәтижесін айтуды сұраңыз. Оқушылардың­ 1 минут ішінде қанша рет қол шапалақтағанын,­ секіргенін немесе басқа да іс-әрекетті орындағанын сұраңыз. Оқушыларға­ минуттың азғана уақыт екенін, бұл уақыт ішінде оңай орындалатын­ жұмыстарды атқаруға болатынын мысалдар келтіре отырып түсіндіріңіз. Олардан 1 минутта не істеуге болатынын сұраңыз. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып, оқушылардың өздері минуттың­ уақыт өлшем бірліктеріне жататынын­ тауып айтуына мүмкіндік жасаңыз.

Оқушылардың 1 минут ішінде тағы да не істей алатынын болжауды сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Содан соң тексерсін: ол үшін белгі беріп, уақыттың басталғанын білдіріңіз. Ал оқушылар болжаған іс-әрекетін көрсетуі тиіс.

Бақылау жүргізе отырып, оқушылардың қайсысы дәл көрсеткенін айтыңыз. Зерттеу жүргізгеннен кейін 1 минутта орындалатын іс-әрекеттер саны осы іс-әрекеттер­ дің орындалу жылдамдығына байланысты екенін түсіндіріңіз. Мысалы, дәрігер үшін адамның өмірін құтқару, өрт сөндіруші үшін өртті тез арада сөндіру. Олар үшін әрбір минут қымбат.

Зерттеу жүргіз. Тапсырманы барлық оқушы бірге орындасын. Оқушылар 1 минут бойы өз аттарын жазады және неше рет жазғанын санайды. Осы жұмыста сіз оқушылардың жазу дағдыларын тексере аласыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар 1 минуттың қысқа мерзім болғанымен, осы уақыт ішінде бірнеше әрекет істеуге болатынын түсінеді. Тапсырма нәтижесін көрнекі етіп парақшаларға жазып көрсетуге болады. Үлгісі төмендегідей.

Мен 1 минутта орындай аламын.

Өз есімімді рет,,,, жаза аламын.

Қағазға рет,, нүкте сала аламын.

Жіпке ,,,,,моншақ тізе аламын.

Қолымды ,,,,,рет шапалақтай аламын.

Орнымда тұрып,,,,, рет секіре аламын.

-Шаттық шеңбері

Жұп болып бір –біріне қарап тұрады. Бір-бірінің алақанынан ұстап тұрып, «Комплимент» әдісі арқылы бір-біріне мадақтаулар айтады.

--Балалар, бүгінгі сабақта бізге Шульманның 3 көмекшісі қажет болады. Олар: бас, қол, жүрек

-Миымызбен жақсы ойланып, ойлағанымызды қолымызбен іске асырып, мейірімді жүрегімізбен сезіну керекпіз..

-Топқа бөлу. Ұлдар тобы,қыздар тобы

-стикердегі диалог әдісі:

Суретке қарап неше минут өткенін анықта.

Оқушылар оқулықтағы иллюстрацияға қарап электронды сағат бойынша (10:05-тен 10:15-ке дейін) неше минут өткенін анықтайды. Осы сабақта оқушылар уақытты өлшеу құралдарымен (механика­­ лық, электрондық және құмсағат) танысады­. Бақылау­ барысында олардың уақытты электронды сағатпен­ анықтай алу дағдыларының қалыптасқанын­ білуге болады.

Жауабы:

10 минут.


Шығарып көр. Тапсырманы жұппен немесе топпен орындатыңыз. Осы тапсырма арқылы оқушыларда 1 минутпен, 5 минутпен есептеу дағдылары қалыптасады. Оқушылар циферблаттағы минуттық тілдің қозғалысы туралы білімдерін бекітеді.

Жауабы:

10 мин, 15 мин, 30 мин, 5 мин.

Флепчарт қорғау Аяз атаның әкелген есептерін шығару

Сен білесің бе? Бұл ақпарат оқушыларға пайдалы болып табылады. Ересек адамның ағзасы қалыптасқан, сондықтан тұрақты көрсеткіштерді көрсетеді. Сол себепті медицинада ересек адамның тамыры ми­ нутына шамамен 60—65 рет соғады деп есептеледі.

Орындап көр. Тапсырма әр оқушының жеке орындауына арналған. Оқушыларға жүрек тамырының соғысын санауды ұсыныңыз. Әр оқушы 1 минуттағы тамыр соғысының санын санайды. Оқулықта берілген суретке сүйене отырып, білек тамыры арқылы тамыр соғысын қалай есептеуге болатынын көрсетіңіз. Оларға бірдей уақытта бастауға бұйрық беріңіз. Оқушылар жүрек соғысын санауы тиіс. Содан соң бірге аяқтау үшін бұйрық беріңіз. Санап болған соң оқушылардан нәтижесін сұраңыз. Олардың нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл бала ағзасының белсенді дамып жатқанын көрсетеді. Адамның тамыр соғысы медицинада ересектер мен балалар денсаулығын анықтайтын көрсеткіштің бірі екенін түсіндіріңіз.

Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабіле­ тін дамытуға бағытталғандықтан, әр баланың жеке орындауына ұсыныс жасаңыз. Тапсырманы орындай­ отырып, әр баланың тоғызқұмалақты неше минут ойнағанын табуы тиіс. Сондай-ақ тапсырма­ барысында қазақ халқының тоғызқұма­лақ­ ойыны және оның ережесі туралы қысқаша түсіндіре кетіңіз.

Жауабы:

әр бала тоғызқұмалақты 20 минут ойнады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тірек сөздер арқылы оқушылардың матема­ тикалық тілді сауатты қолдануын тексеретін ойын ойнатыңыз. Ол үшін оқушыларды кілем үстіне­ айналдыра отырғызыңыз. Ойынға барлығы қаты­ сады. Оқушылар 1 минут ішінде түймелерді санап, оларды бір құмырадан екінші құмыраға салуы тиіс. Ойынды барлық оқушы бір уақытта бастайды. Сіз қоңырау соғып, уақыттың басталғанын айтыңыз. Ал әр оқушы 1 минуттың өткенін шамалап тапсырманы аяқтауы шарт. Оқушылар аяқтаған соң қолын жоғары көтереді, ал сіз әр оқушының уақытын жазып отырасыз. Осылайша барлығы орындап біткенше күтесіз. Содан соң оқушылардың қайсысының дұрыс орындағанын айтасыз. Осы жұмыстан соң тірек сөздер жазылған парақшаларды “Сөздер тақтасына” орналастырыңыз.

Өзіңді тексер. Оқушылар 1 минутта жұмыс дәптеріндегі­ гүлдер мен доптардың нешеуін бояп шығатынын­ анықтайды. Қыздар гүлдерді, ал ұлдар доптарды­ таңдап алуы мүмкін. Осы тапсырманы орын­ дай отырып, оқушылар минут — белгілі бір уақыт аралығы деген түсінікті бекіте алады, яғни минуттың ұзақтығын сезіне алады. Бұл тапсырма оқушыларды ұқыптылыққа және жылдам орындауға баулиды. Тапсырманы орындап болған соң нәтижесін­ білу үшін оқушыларға сұрақтар қойыңыз:


— 1 минутта неше гүлді (допты) бояй алдың?

— Қалай ойлайсың, егер көлемі үлкен болса, сен гүлдер мен доптар­ды­ көбірек бояй аласың ба? Неге?

Бағалау



Оқушылар сабақ соңында:

минут уақыт кесіндісі екенін;

бір минут ішінде қандай іс-әрекеттерді қанша рет орындауға болатынын;

минуттың уақыт өлшем бірлігі екенін түсінетін болады.

Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай бағалау парағын беруге болады. Бағалау парағында дұрыс және бұрыс пікірлер берілген. Оқушылар дұрыс жауапты “+” таңбасын қою арқылы белгілейді.


Пікірлер

иә

жоқ

білмеймін





Минут — уақыттың




өлшем бірлігі.








Минут — уақыттың




ең үлкен өлшем




бірлігі.








Минут сөзін




қысқартып жазуға




болмайды.




Бір минутта үлкен




кітапты оқуға




болады.

























































1.Шаттық шеңбері

2.Топқа бөлу

3. «Бәйге»әдісі

4.Стикердегі диалог» әдісі

5. Шығарып көр.

6.Бақылау жүргізу

7.Зерттеу жүргізу

8.Флипчарт қорғау

9.Сергіту сәті

10.Сен білесің бе?

11.Орындап көр

12.Ойлан

13. Өзіңді тексер

14. Кері байланыс










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Поурочные планирование

Автор: Мушанова Жадыра Кунболатовна

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 389970

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(193) "Поурочное планирование уроков русского языка с учетом новых технологий Назарбаев Интеллектуальных Школ"
    ["seo_title"] => string(118) "pourochnoie-planirovaniie-urokov-russkogho-iazyka-s-uchietom-novykh-tiekhnologhii-nazarbaiev-intielliektual-nykh-shkol"
    ["file_id"] => string(6) "230808"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1442256454"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Календарно-тематическое поурочное планирование 2 класс "
    ["seo_title"] => string(62) "kaliendarno-tiematichieskoie-pourochnoie-planirovaniie-2-klass"
    ["file_id"] => string(6) "146890"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1419269821"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "Поурочное планирование по русскому языку 34 уроков для казахской школы 1 и 2 четверть "
    ["seo_title"] => string(94) "pourochnoie-planirovaniie-po-russkomu-iazyku-34-urokov-dlia-kazakhskoi-shkoly-1-i-2-chietviert"
    ["file_id"] => string(6) "228104"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1441112612"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Поурочное  планирование уроков литературы в 8классе по учебнику под редакцией Коровиной"
    ["seo_title"] => string(86) "pourochnoieplanirovaniieurokovlitieraturyv8klassiepouchiebnikupodriedaktsiieikorovinoi"
    ["file_id"] => string(6) "331881"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1464770616"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Поурочные планирование: О чем говорят семейные обязанности?"
    ["seo_title"] => string(68) "pourochnyie_planirovaniie_o_chiem_ghovoriat_siemieinyie_obiazannosti"
    ["file_id"] => string(6) "438586"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1510587159"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства