kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ондықтар мен бірліктер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптарының математика сабағындағы пайдаланатын және қолданатын жұмыстары жайында бөлісуге әрқашанда дайынбыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ондықтар мен бірліктер"»

Мазмұны:

Кіріспе бөлім........................................................................2-3 бет

І. Негізгі бөлім

    1. Периодтық жүйеде..............................................................4 бет

    2. Физикалық және химиялық қасиеттері.............................4-5 бет

    3. Иодтың биологиялық рөлі..................................................6 бет

    4. Иод жетіспеуінен туындайтын аурулар............................8-10 бет

    5. Аурудың алдын алу жолдары............................................11 бет


ІІ. Зерттеу бөлімі


2.1. Көк иод алу..........................................................................12 бет


Қорытынды ................................................................................14 бет


Пайдаланған әдебиеттер............................................................15 бет
























Кіріспе бөлім

Адам ағзасындағы химиялық элементтер-адам өміріне қажетті үрдістері жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзадағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: микроэлементтер, ултримикроэлементтер. Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөлінеді. Сондықтан химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеліп соғады.



Аурудың алдын алу және халықтың денсаулығын нығайту дүниежүзілік және отандық денсаулық сақтау жүйесінің дамуы барысындағы басымды бағыттары болып табылады. Бұндай қатынас барлық халықтың денсаулығы жағдайына, сол сияқты халықтың жекеленген анағұрлым әлсіз топтарына бақылау жүргізуге және сол топтарды қалыптастыруға ықпал ететін факторды басқаруға немесе жүйелеуге мүмкіндік туғызады.



Соңғы онжылдықта дамыған әлем йодтың «жасырын аштық» мәселесін адам денесінің өсуі мен ақыл – ойының дамуына төнген қатер екенін мойындады. Йодтың «жасырын аштық» мәселесі – микроэлементтер және витаминдердің тұрақты жетіспеушілігі шындығында қауіпті. Оның түрлерінің бірі – тұрақты йодтапшылық болып табылады. Адам организміне микроэлемент ретінде,тағам және ауыз сумен йодтың жеткіліксіз көлемде түсуі,йодтапшылығынан пайда болатын ауруларды (ЙТА),бұзылыстарды ,(ЙТБ) немесе жағдайларды (ЙТЖ) тудырады.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, жер шары тұрғындарының үштен бірі ЙТА таралу қауіптілігі жоғары жағдайында өмір сүруде, оның ішінде 750 млн

адамда оның белгілері байқалса, йод жетіспеушілігі салдарынан 50 млн адамның денсаулығында анық байқалатын ақыл – есі кемістігі қалыптасқан.

Қазақстандағы 14 облыстың 11 – де йод жетіспеушілік ошақтарының таралуы орын алады. Бұл аймақта тұрғындардың йод жетіспеушілігінен туындайтын ауруларға шалдығуы қаупі жоғары. Зоб эндемиясы Қазақстанның тағамтану академиясының, ЮНИСЕФ – тың техникалық қолдануы жағдайында,1999 жылғы медико – демографиялық зерттеу шеңберінде жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша репродуктивтік жастағы әйелдер арасында йод жетіспеушіліктің таралуы 52% - дан 64 % - ға дейін құрайды. Бүгінгі күні эндемиялық зобтың тіркелуі бұрын йодпен қамтамасыз етілген аймақтарда да кездесуі. Қарағанда облысында 9 – 15 жас аралығындағы балалардың зобпен ауыру жиілігі 24,5 – 28,7 % құрайды, ал бұрын эндемия Оскаровск ауданында ғана тіркелуші еді.





















  1. Негізгі бөлім

1.1. периодтық жүйеде:

5-период, 7 – қатар, 7 – топ негізгі топша реттік нөмірі 53.

Салыстырмалы атомдық массасы 56,53 электрон, 53 протон, 74нейтрон. 5 электрондық қабат 2)8)18)18)7),

Электрондық конфигурациясы 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s2 4р6 4d10 5 s2 5р5 Тотығу дәрежесі 0,-1

Алынуы және табиғатта таралуы : Иодты 181 жылы француз кәсіпкері Куртуа ашты. Жер қыртысында 0,0001% йод. Тірі организмдерде теңіз губкалары массасының 8,5 %-і йодтан тұрады. Йод қосылыста теңіз суларында, мұнайлы аудандардың бұрғылау суларында 1м ауада 0,001-0,002мг йод болады. Кейбір теңіз балдырларында йод теңіз суларынан жиналады.

1.2. Физикалық қасиеттері:

Йод қатты, қара түсті, металдық жылтыры бар зат, 114 С балқиды. 184,4 С қайнайды. Қалыпты жағдайда йодты қайнатуға дейін тым болмаса балқығанға дейін жеткізу мүмкін емес. Себебі ол жай қыздырғанның өзінде қатты күйден бірден буға айналып кетеді. Заттың қатты күйден сүйыққа айналмай бірден газ тектес күйге айналуы және керісінше болуы бірден булану (возгонка) деп атайды. Мұндай қасиеттер тек йодқа ғана емес, кейбір басқа заттарға да тән, оны заттарды бөгде қоспалардан тазалауда қолданылады.

Йод суда нешар (йод судың түсі әрқашан ашық сары),ал этанолда жақсы ериді. Бұл қасиетін йод тұндырмасы деп аталатын этанолдағы йодтың 5 – 10 % - тік ерітіндісін дайындауда қолданылады. Йод , сондай – ақ эфирде бензолда, толуолда, хлороформда, күкірткөміртекте және басқа органикалық еріткіштерде де ериді. Қызығы йод өз тұздарында, мысылы, калий, ерітіндісіндісінде де жақсы ериді.

1.3. Химиялық қасиеттері

Химиялық белсендігі жағынан йод барлық галогендерден кейін тұрады. Себебі CL – Br – I қатарында атом радиустары ұлғайып,электронтартқыштық қасиеттері кемиді.

Егер хлор сумен қопарылыс бере әрекеттессе, йод онымен әлсіз қыздырғанда ғана әрекеттеседі I2 + H2 =2 HI

Бұл қайтымды реакция, себебі йодсутек – тұрақсыз қосылыс және йод пен сутек түзе жеңіл ыдырайды. Йодсутек хлорсутек сияқты газтекктес зат, суда жақсы еріп,күшті йодсутек қышқылын түзеді. Бірақ тұз қышқылынан ерекшелігі йодсутектің тұрақтылығы төмен, бұл олардың йодты бөле оңай тотығуымен түсіндіріледі. Мысалы, молекулалық оттек НI – ті қалыпты жағдайда тотықтырады:

4 HI + O2 =2 I2 + 2 H2O

Тұз қышқылынан хлорды бөліп алу үшін оған өте күшті тотықтырғышпен әсер ету керек екендігін есімізге түсірейік. HCI – дан HI – тің ерекшелігі тотықсыздандырғыш қасиетінің күштілігі, соған орай йодсутекті оның тұздарына концентрлі күкірт қышқылымен әсер ету арқылы алуға болмайды. Концентрлі күкірт қышқылы күшті тотықтырғыш ретінде , NaI – мен мынадай жиынтық теңдеулер бойынша әрекеттеседі:

H2SO4+2NaI=2HI+Na2SO4

H2SO4+2HI=I2+SO2+H2O

2H2SO4 + 2NaI = I2+SO2+Na2SO4+2H2O

Йодсутек тұздары – йодидтер тұрақты,суда еруі жағынан хлоридтерге ұқсас. Йод сондай – ақ металдармен әрекеттесіп , йодидтер түзеді. Әсіресе йодтың алюминиймен реакциясы жақсы жүреді.

Йодқа сапалық реакция. Органикалық заттармен реакцияларының ішінен йодтың крахмалмен реакциясын ерекше атап өтуге болады: ерітіндіде өте аз мөлшерде бос йод болса да ерітінді көгереді. Бұл йодқа өте сезімтал сапалық реакция ,яғни йодты анықтау үшін қажет реакция болып табылады. Йодқа хлордағы сияқты оттекті қышқылдар да тән,атаулары да ұқсас. Йод сутек тұздарының ішінде көбірек қолданылатыны калий йодиді. Ол медицинада бірқатар ауруларды емдеуде қолданылады.

Йодтың спирттік ерітіндісі микробқа қарсы зат ретінде.

    1. Йодтың биологиялық рөлі

Йодтың жетіспеуі және йодтың жетіспеуінен туындайтын сырқаттар (ЙЖТС)-қазіргі денсаулық сақтау мен тағамданудың ең маңызды әлеуметтік-медициналық мәселелерінің бірі.

Бұл сырқат кең таралып,оның ауру түрлерінің көрініс табуы йодтың жетіспеуі мәселесіне жаңадан назар аударуға себеп болды. Қазіргі уақыттағы бағалау бойынша дүниежүзінің 130-дан астам елінің 1,6 млрд.(яғни, жер шары халқының 1/3 бөлігі дерлік) тұрғындары үшін йодты аз қолдану салдарынан туған бірқатар йод жетіспеушілік сырқаттарымен ауыру қаупі өте жоғары. 740 млн адамның қалқан безі үлкейген (эндемиялық жемсау деп аталады), ал 45 млн адамның йод жетіспеуі нәтежесінде ақыл-есі кем, 6 млн. адам кретинизммен ауырады. Дүниежүзіндегі халықтардың 54% құрайтын,тұрғыны ең көп сегіз елде (Бангладеш, Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Нигерия, Пәкістан және Ресей Федерациясы). Йодтың жетіспеуінен туындаған түрлі сырқаты бар адамдардың 72%-ы осы елдерде тұрады.

Йод жетіспеген жағдайда;

– ең әуелі, қалқанша безі қызметін бұзады;

– қалқанша безі ауруларына жол ашады. Мәселен, зоб ауруы — бұл қалқанша безінің үлкеюінен пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін.

Егер адам ағзасы қажетті мөлшерде йод қабылдамаса, түрлі ауруларға шалдығады. Өйткені, жоғарыда айтып өткендей, бұл жағдай ағза қызметінің дұрыс жұмыс істемеуіне тікелей байланысты. Мұндай өзгерістің адам ағзасына қауіптілігі неде:

зат алмасу процесінде гормоналды теңгерімсіздік орын алып, адам тез

салмақ қоса бастайды.

– адамның көңіл күйінің жиі құбылуы, ұйқысыздық, тез шаршап қалу. Аталған белгілер түрлі қауіпті жағдайлар туғызады. Мұндай кезде, жұмыс орнын және өмір сүру салтын өзгерту қажет.

– жиі депрессияға түсу, апатия. Бұл айналасындағы адамдарға бірден білінетін құбылыс.

– йод тапшылығының бірден-бір салдары – бала сүйе алмау. Сонымен қатар, йод жетіспеушілігі ерте түсік тастауға әкелуі мүмкін.

– ой еңбегінің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, бағыт-бағдарды ажырата алмау сияқты гормоналды өзгерістердің орын алуы да ғажап емес.

– баланың ақыл-ойымен қатар, бойының да дамуы кешеуілдеп, кретинизмге ұшыратады.

Йод тапшылығының басты қауіптілігі

Йод тапшылығының зардабы басқа аурулардан кем емес: йод

– микседеманың дамуы – қалқанша безінің дұрыс жұмыс жасамау салдары шырышты қабықшалардың ісінуіне апарар бірден-бір жол. Бұл көбінесе, ересек адамдарда кездеседі.

Қалқанша без функциясының жеткіліксіздігінен болады.

– зат алмасу процесінің баяулауы, ерте қартаю, метаболизм процестерінің төмендеуі, әлсіздік;

– түрлі онкологиялық аурулардың пайда болуы;

– инфекциялық, химиялық және физикалық, патогендік өзгерістерге қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, тіпті, ақыл-естің кемуіне әкеледі.

Сонымен бірге, түсік тастау, мезгілінен ерте туылу, баланың дұрыс жетілмеуі, сәбидің іштен ауру болып туылуы немесе өлі туылуы да осы йод тапшылығының салдарынан екені дәлелденген.

Ағзаға табиғи жол арқылы йодты қалай толықтыруға болатынын білудің маңызы зор. Теңіз өнімдерінде йодтың деңгейі жоғары болатыны белгілі. Мысалы, 100 грамм Ламинария немесе теңіз қырыққабатының құрамында йодтың бір тәуліктік мөлшері кездеседі. Алайда, бұл адам күн сайын 100 грамм теңіз балдырын немесе теңіз орамжапырағын жеу керек дегенді білдірмейді. Дегенмен, бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды.

Әрине, йод басқа да тағам өнімдерінде, мысалы, жеміс-жидектер, балықта, бау-бақша дақылдарында да жеткілікті. Сонымен қатар, Ламинария қырыққабатын тағамға немесе салатқа қосу артық етпейді. Ең бастысы, ешқандай өңдеуді қажет етпейді.

    1. Йод жетіспеуінен туындайтын аурулар.

Қалқанша без (glandulf thyroidea. Glandula-без, гр.thyreos- қалқан)-шеткі ішек секреция безі. Қалқанша без сыртқы дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған.қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршектерден (фолликулдардан ) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин-тироглобун болатын қоймалжың зат-коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасы екі түрлі клеткалар құрайды.

Қалқанша безі ішкі секрециялық бездердін ішіндегі ең үлкен болып табылады. Түсті сарғыш-қызыл, жұмсақ, салмағы 30-40г,ені 60мм. Мойынның алдынғы жағында қалқанша шеміршекті жауып, мойын еттерінің астында жатады. Бұл без екі бүйір бөліктерінен және сол екі бөліктерін қосып жатқан көлденең бөлігінен жоғары қарай шыққан өсіндісі тіл асты сүйекке дуйін жетеді. Қалқанша бездін алдынғы беті дөңес, артқы беті ойыс келеді.Бездін сыртында дәнекер тканьды қапшығы қаптап жатады, ол без ішінде перделер беріп,оны көпіршіктерден тұратын бөліктерге бөледі.

Йодтың жетіспеуі және йодтың жетіспеуінен туындайтын аурулар (ЙЖТС) – қазіргі денсаулық сақтау мен тағамтанудың ең маңызды әлеуметтік – медициналық мәселелерінің бірі.

Бұл сырқаттың кең таралып, оның ауыр түрлерінің көрініс табуы йодтың жетіспеуі мәселесіне жаңадан назар аударуға себеп болады. Қазіргі уақыттағы бағалау бойынша дүниежүзінің 130 – ден астам елінің 1,6 млрд тұрғындары үшін йодты аз қолдану салдарымен ауруы қаупі өте жоғары. 740 млн адамның қалқан безі үлкейген ал 45 млн адамның йод жетіспеуі нәтижесінде ақыл – есі кем, 6 мнл адам кретинизммен ауырады. Дүниежүзіндегі халықтардың 54 пайызын құрайтын тұрғыны ең көп сегіз елде (Бангладеш, Брезилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Нигерия, Пәкістан және Ресей Федерациясы)

Топырақ пен судың йодтың жетіспеуі, осы себептен оның жергілікті тағам өнімдерінде аз болуы ақыл-ой мен бойдың өсіуінің кешеуілдеуі

себебінен инттелект коэффициентінің төмендеуі, гипотиреоз және

қалқан безінің үлкеюі тәрізді сырқаттардың эпидемиялық түрде тарауына әкелетін йодтың жетіспеуінің себебі болып табылады. Баланың ағызасында йодтың жетіспеуі кретинизмге шалдықтыратын психикалық сырқаттарға әкелуі мүмкін, ал жүкті әйелдерде түсік тастау, баланың өлі тууы, нәрестеде түрлі ауытқыулардың көбеюіне әкеледі.

Сонғы жылдарда йодтың жетіспеу жағдайының (ЙЖЖ) дамуына республика халқының тамақтану сипатының біршама өзгеруі кері әсерін тигізеді. Ауылдық жерлер мен шағын қалалар тұрғындарының тағамында жергілікті, соның ішінде үй маңында өсірілген тағам өнімдері көп. Йод жетіспейтін жерге өсірілген бұл өнімдерде йод аз болады.

Соңғы жылдар ішінде йодталған тұз шығару бақылауға алынбай, йодтаудың сапасы жақсаруды талап ететіндігі жағымсыз фактор болады. Тағамдану инстиуты 1999 жылы қазіргі уақытта йодтын жетіспеуінен туындаған сырқаттардын көрініс табуы мен тарау дәрежесін көрсететін йодты зәрімен экскрециялау зерттеулердің мәліметтері бойынша, Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс аймақтарында репродуктивті жастағы әйелдер арасында ЙЖТС-дің жалпы таралуы 52%-дан 67%-ға дейін. Солтүстік аймақта бұл сан 60,7%-ға жетеді ал жемсау эпидемиясы жоқ аймақ деп есептелген Батыс аймақта,біздің зерттеулер бойынш, репродуктивті жастағы әйелдердің 61%-ы ЙЖТС-мен ауратыны анықталды және тек Қазақстанның орталығында бұл көрсеткіш 25% болады. Мұндай ахуалды мемлекеттің

мұқият назар аударуын қажет ететін шұғыл, ауқымды және тиімді

емдеу және алдын алу шараларын талап ететін ұлттық апат деп қарастырған жөн. Мұндай шаралардың негізінде ғылыми зерттеулер болуға тиіс және йод жетіспеушілігінің таралуын бақылау жөніндегі ғылыми зерттеулерді және Республика халқы арасындағы йод жетіспеуінен туындаған ауытқуларды жою және олардың алдын алу. Біздін Республикамызда топырақта, суда және тағам өнімдеріне йодтың жетіспеушілігі оның аумағының жартысында анықталады, ал эндемиялық жемсау ошақтары 14 облыстың 11-інде тіркеледі. Жемсау

эпидемиясы Қазақстанның оңтүстік және шығысында көп кездеседі. Дүниежүзілік қауымдастық йодтың жетіспеушілігінен туындаған ауытқулармен күресуде ең басты әдіс-тағам өнімдерін қайта өндіруде және шығаруда,көпшілік тағамданатын орындарда, үй шаруашылығында-барлық жерде йодталған тұз пайдалану, сондай-ақ оның ауылшаруашылығы малдарына қосу деп есептеледі. Нәтижесіндегі бағдарламаны мемлекет қолдау қажет.





    1. Аурулардың алдын алу жолдары

Йод – өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл миекроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады , яғгни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық,белсіздік және ақыл – ой кемістігі.

Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын – алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзада қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды (йодтың да). Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тіршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.































ІІ.Зерттеу бөлімі

2.1.Көк иод алу

Күнделікті тамақ құрамында йод жеткіліксіз болса, адамның қалқанша безінің қызметі бұзылып, адам ауруға шалдығады. Организмдегі йодтың орнын толтырудың қарапайым тәсілдерінің бірі-«көк йод» қоспасын қабылдау. Көк йодты былай дайындайды; 50мл құмшекерді, 10гр

құмшекерді және 0,4гр лимон қышқылын салып арластырамыз да қайнағанға дейін қыздырамыз. Қоспаны бөлме температурасына дейін салқындатқаннан кейін үстіне 10 гр йодтың спирттегі 5% -дық ерітіндісін қосып «көк йод» алады.

Аптасына екі рет25грамнан таңертеңгі тамақтан 15-20 минут бұрын қабылдау керек.

Йод мөлшері (мкг)

Категориясы

Жасы

50

Емізу сәби

Алғашқы 12 айда

70

Ерте жастағы балалар

1-ден 2 жасқа дейін

90

Мектеп жасына дейінгі

2-ден 6 жасқа дейін

120

Бастауыш және орта сынып оқушылар

7-ден 12 жасқа дейін

150

Жасөспірімдер,ересектер

12 –ден жоғары,жастағылар

200

Аяғы ауыр әйелдер мен емізетін әйелдер


Ең жоғарғы мөлшердегі өнімі – теңіз өнімдері (800-1000 мкг/кг). Теңіз балдырлары мен губкалар және балық майы, кальмар, теңіз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз, өсімдіктекті азықта тіпті аз.

Йоды бар өнімдерді қабылданғанда (80 – 85 % мөлшерін алу үшін) мынаны ескерген жөн: Йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А,Е дәрумендері бірге жүруі қажет.

Микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.

Кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып,ағзада сіңірілуін нашарлатады,ондай қасиетке барлық шаршагүлділер: орамжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу деген емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз.

Йод жетіспейді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – тедікті сақтап , май, ақуыз, көмірсуларды өз мөлшерінде қабылдап отырыңыз.

Йодтың сприттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан, мөлшерін бірден аласыз да, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін.

Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті. Менделеев кестесіндегі 53-і элемент адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады , сондықтан йодқа «көмектесе» отырып, өзімізге де көмектесейік!

Құрманың зияны жоқ. кептірілген құрма – адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай жеміс. Оның құрамында аққуызбен көмірсутектен басқа темір, фосфор, мыс, марганец,магний, калий, фтор, селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріктігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді.









Қорытынды бөлім



20 ғасыр-салауатты қоғам ғасыры. Ендеше сол қоғамда өмір сүретін адамның болашағы денсаулығында.

Тәуелсіз еліміздің өркендеп өсуі барысында адамзат денсаулығын нығайту басты міндет болып тұр.

Денсаулық –баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру, ауырулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетііздің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Мен дәрігер болғым келеді. Маған осы таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын. Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын. 
Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандайтынмын.

«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп.  Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.

Нарықол ауылында аудандық аурухана бар. Онда ақ желеңді дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың бәрі кішіпейіл, сырқаттарды емдейді, балалардың денсаулықтарын тексереді. жұмыстары, жүріс-тұрыстары мені қатты қызықтырады. Мен олардан көмек сұрап барғанда көмегін аямай көмектесті. Асель Молдағалиқызымен жеке сұхбат жүргізген болатынмын. Ол кісіге алғысымды білдіргім келеді. Мен сол кісіден үлгі аламын.

Мен өскенде дәрігер боламын!









Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Химик анықтамалығы №3(65)-2018 Адам организміндегі химиялық элементтер. 27-29 бет.

2. Химик анықтамалығы №1(51) Адам ағзасында кездесетін элементтер. 52-бет.

3. Химик анықтамалығы. №6(38)2013 Галоегендердің Д.И.Менделевтың периодтық жүйесіндегі орны. 34-бет.

4. Мырзабаев А. «Элементтер химиялық негізі»

5.Денсаулық журналы№10 2000ж

6. Қазақстандағы йодталған ас тұзы Алматы 2003ж

7. Ас тұзын йодтау бағдарламасына сапа кепілдігін қамтамасыз ету жөніндегі мәжілістің материалдары Алматы 1996ж

8. интернет желісі massaget.kz





9



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Ондықтар мен бірліктер"

Автор: Еменакынова Арай Бакытовна

Дата: 07.12.2019

Номер свидетельства: 530671

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Математика п?нінен "Онды?тармен ж?не бірліктермен санау" атты та?ырыпта саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(93) "matiematika-p-ninien-ondyk-tarmien-zh-nie-birliktiermien-sanau-atty-tak-yrypta-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "202624"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429287920"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Саба?ты? та?ырыбы: Жазбаша ?осу ж?не азайту 27+36,63-27."
    ["seo_title"] => string(61) "sabak-tyn-tak-yryby-zhazbasha-k-osu-zh-nie-azaitu-27-36-63-27"
    ["file_id"] => string(6) "303457"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457524852"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Зияткерлер  сайысы. "
    ["seo_title"] => string(20) "ziiatkierlier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "214188"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432228516"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "План по Математике "
    ["seo_title"] => string(20) "plan-po-matiematikie"
    ["file_id"] => string(6) "171056"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423637563"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Жазбаша қосу және азайту."
    ["seo_title"] => string(31) "zhazbasha_k_osu_zh_nie_azaitu_2"
    ["file_id"] => string(6) "398662"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489057493"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства