Просмотр содержимого документа
«"Oй мен ойын" танымды сабақ»
№47 жалпы орта білім беретін мектеп
Жастар жылы аясында жаратылыстану бағыты бойынша дарынды оқушылар арасындағы
«Ой мен ойын» бағдарламасының
СЦЕНАРИЙІ
Мақсаты. Оқушылардың білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту
І Ұйымдастыру кезеңі:
1 – жүргізуші: Құрметті оқытушылар мен ұстазадар бүгінгі «Ой мен ойын » танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыста алғырлар білімділер күш сынаспақ. Жаратылыстану бағыты бойынша дарынды оқушылар арасында өткізіледі. 2 – жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап жым отыру жараса ма? Туыс, досқа, курстас,танысқа емес Соқ қолыңды білімді жас талапқа деп осы сайысқа келіп тұрған сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
(Оқушыларымызды 2 топқа бөлу) (сайыскерлер ортаға шығады және өз топтарын таныстырады). Сайыстың шарттарымен таныс болайық.Сайысымыз 6 айналымнан тұрады. 1 – жүргізуші: 1-кезең: «Қызық екен» 2 – жүргізуші: 2-кезең : «Көп сөйлеме» 1 – жүргізуші: 3-кезең: ««I’m reading»
1-жүргізуші: Қолыңды бекерге бос, соға берме Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй Сонда ортақ боласың бар жеңіске деп сайысымызды бастаймыз. 2-жүргізуші: Ендеше,сайысымызды бастайық. І кезең «Қызық екен». Кезеңіміздің шарты бойынша экранда көрсетілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береміз.Әр дұрыс жауап 20 ұпаймен есептеледі. Бірінші болып бастайтын _____________ командасы. Тақырып таңдасаңыздар.
ҚОРҚАСЫҢ БА? Селенофобия дегеніміз 1) Айдан қорқу 2) ешкіден қорқу 3)көзілдіріктен қорқу ЛАЙФХАК. Шаш бұйралауға арналған құралды неден жасауға болады? 1)фен,ас қасық 2)фен,кір қыстырғыш 3)фен,пластик бөтелкеКӘСІП-НӘСІП. Қазақстанда ең сұраныс жоғары кәсіп саласы1)банк 2)сауда-саттық 3)маркетинг ЖАРАЙСЫҢ. Астаналық Ренат Елубаев француз суретшісі Паскаль Праттың картинасын қалай салды? 1)жұмулы көзбен 2)екі аяқпен 3)иегімен СЕН БІЛЕСІҢ БЕ? Балдыркөк жегенде 1)көп калория жұмсалады 2)адам бойы 0,5 см-ге өседі 3)асқазан қызарып,көлемі кішірейеді ЛАҚАП АТ. Майкл Фелпстың лақап аты 1)бассейн билеушісі 2)ұшқыш балық 3)сумерген ҚАУІП. Итке зиянды тағам түрі? 1)газды су 2)шоколад 3)банан КӨРСЕТКІШ. Әлемде қылмыс көрсеткіші бойынша бірінші орында тұрған ел 1)Испания 2)Колумбия 3)Ватикан ДӘСТҮР. Жыл сайын 28 желтоқсан күні Испанияның Иба қалашығының тұрғындары..... 1)жұмыртқа мен ұн атысады 2)итті киіндіріп,күтім жасайды 3)бір-біріне айқайлайды ҚАНША? Жыл сайын әлемде қанша ағаш шабылады? 1)50 миллиард 2)25 миллиард 3)15 миллиард ДЕРЕКТЕР. Қазақстандық Дмитрий Трубин туралы шын дерек 1)еркін күрестен Азия чемпионы 2)ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы 3)армерстлингтен халықаралық жеңіс жеңімпазы
ӘЛЕМ КАРТАСЫ. Мұнайды алғаш өндірген ел 1)Ресей 2)Әзірбайжан 3)Біріккен Араб Әмірлігі
1 – жүргізуші:2 кезең «Көп сөйлеме» сайысы. Математика, информатика және физикаға байланысты берілген сөздерді 30 сек ішінде топ мүшелеріне іс – қимылымен түсіндіруі тиіс Түсіндіре алмаған сөздерді келесі деп жүре беруге болады.
І топқа: 1) қосу
2) таразы
3)циркуль
4)көбейту
5)компьютер
6)шеңбер
7)бөлу
8) бұрыш
9) тышқан (мышь).
ІІ топқа: 1)азайту
2)теңдік
3)үйкеліс күші
4)пернетақта
5)ромб
7)түзу
8)диск
9)сызғыш
2 – жүргізуші:Келесі кезең «I’m reading» деп аталады. Яғни бұл кезеңде команда қатысушылары 1 минут уақыт аралығында латын әліпбиінен құрастырылған мәтінді немесе әңгімені оқитын болады.Егер де 1 минуттың ішінде 50 сөз оқылса-30 ұпай,50 сөзден көп оқылған жағдайда-60 ұпай,100 сөзге жеткен жағдайда-90 ұпай беріледі.Ал егер де 50 сөзге жете алмаған жағдайда-15 ұпай беріледі.Ендеше командалар дайын болса бастайық.
1 – жүргізуші: IV «Сиқырлы тор» Оқушылар ұйымдаса отырып ойын ойнау.
2 – жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Хронология» деп аталады. Бұл кезеңнің тапсырмасы фотосуреттерде.Ұсынылған фотосуреттерге қатысты жауаптар алдарыңызда ұсынылған сандарда. Ойыншылардың мақсаты 50 секунд ішінде фотосуреттер мен сандардың дұрыс сәйкестіктерін табу. Әрбір дұрыс сәйкестікке 20 ұпай.
1. «Лондон» жазғы олимпиада ойыны қай жылы болды? 2012
2 . Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық? 4 3.Алғашқы «Азия дауысы» қашан өтті? 1990 ж 4. Қазақ халқы аспаптар оркестріне Құрманғазы есімі қашан берілді? 1944 ж 5. Абылай ханның билік құрған жылдары? 1711-1771 ж 6.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың неше жаста? 78 жаста
ІІ команда
1.Абайдың неше қарасөзі бар? 45 қарасөзі бар 2.Термометр аяз болғасын –үш градус көрсетіп тұр, осындай екі термометр неше градус көрсетеді? 3
3. Ақан Сатаевтың «Рэкитер» фильмі қай жылы жарыққа шықты? 2007 ж
4.Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін айдаһардай айбарлы Қытай елі нешінші болып мойындады? 2 екінші 5.Кіші Жүз қазақтарында Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? 14 жыл
6.Ақмоланың атауы Астана болып қай жылы өзгертілді? 1998 ж
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңіне де келіп жеттік. Сайысымыздың соңғы қорытындылаушы кезеңі «Өлең сөздің патшасы » деп аталады. Бұл сайыстың ерекшелігі мұнда әннің мәтіні мәнерлеп оқылады,екі командадан бір-бір қатысушыдан шығып әннің атауы мен орындаушысын табу керек.Ұпай бірінші болып тапқанойыншының командасына беріледі. Бірінші әуен. Қымбат қой атың маған Туған ел батыр бабам Найзағай намыс отын Көзіңде лапылдаған Куә боп жатыр далам қайырмасы: Туған ел Қазақстаным Саған ғашық мен бір бала ем Туған ел Қазақстаным Бас иеді саған бар әлем
Жауап: Димаш Құдайбергенов «Қазақстан»
Қазақ болып тумағанда нетер ем Өкінішпен өртенер ем өте мен Қасиетті домбыраны қолға алмай Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем қайырмасы: Мен қазақпын Бойымдағы қан қазақ Мен қазақпын Мен шырқайтын ән қазақ Бір қазақтың Бақыты мен бағына Бар жанымен Қуанса екен бар қазақ