Сабақтың тақырыбы: «Ой мен ойын» шоу-танымдық сайысы
Сабақтың мақсаты. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, әріптер, шарлар
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер, математика және информатика пәндері апталығында ұйымдастырылып отырылған «Ой мен ойын» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыскерлерді ортаға шақырып,
орындарына жайғасуды сұраймыз. Осы топтарға әділ бағасын беретін әділ- қазылар алқасын сайлаймыз.
1. Математика және информатика бірлестігің жетекшісі Құлсейтова Г.Ұ.
2. 11 «Б» сынып оқушысы Кеңесов Данияр
3. 11 «Б» сынып оқушысы Төлепбергенова Мереке
Ендеше шоуымызды бастаймыз.
1-кезең: «Таныстыру»
Ортамызға келіп тұр
Әр топтың шоқ жұлдызы
Танысатын сәт келді
Жұлдыздардың сөзімен
«Тек қана қыздар» және «Біздің жігіттер» тобы өздерін таныстыру, ұран ойлап табуға 1 минут уақыт беріледі. Тапқырлық, шешендікті талап ететін бұл кезең 1 ұпаймен бағаланды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ой мен ойын танымдық сайысы»
Сабақтың тақырыбы: «Ой мен ойын» шоу-танымдық сайысы
Сабақтың мақсаты. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, әріптер, шарлар
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер, математика және информатика пәндері апталығында ұйымдастырылып отырылған «Ой мен ойын» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыскерлерді ортаға шақырып,
орындарына жайғасуды сұраймыз. Осы топтарға әділ бағасын беретін әділ- қазылар алқасын сайлаймыз.
1. Математика және информатика бірлестігің жетекшісі Құлсейтова Г.Ұ.
2. 11 «Б» сынып оқушысы Кеңесов Данияр
3. 11 «Б» сынып оқушысы Төлепбергенова Мереке
Ендеше шоуымызды бастаймыз.
1-кезең: «Таныстыру»
Ортамызға келіп тұр
Әр топтың шоқ жұлдызы
Танысатын сәт келді
Жұлдыздардың сөзімен
«Тек қана қыздар» және «Біздің жігіттер» тобы өздерін таныстыру, ұран ойлап табуға 1 минут уақыт беріледі. Тапқырлық, шешендікті талап ететін бұл кезең 1 ұпаймен бағаланды.
2-кезең: «Ымды түсінбеген-дымды түсінбейді» Екі топтан 1 қатысушыдан шығып физика, математика және информатика пәндерінен берілген сөздерді бейнелейді, қалған топ мүшелері дұрыс тапса, сол топқа әрбір дұрыс жауабы үшін 1 ұпайдан қойылады.
қалам, үстел, принтер, мұғалім, мектеп, баспалдақ, оқушы, циркуль, телефон, тақта,тышқан,компас,физика,флешка.
3-кезең: «Сөзжұмбақ» Ұпай саны-1
Берілген әріп қиындыларынан жасырылған сөзді табу керек. Қай топ бірінші және дұрыс сқзді құрастырады сол топқа 1 ұпайдан қойылып отырылады. Топ мүшелері алма-кезек шығады.
4-кезең: «Смайликтер сөйлейді»Бұл кезеңде сайыскерлерімізге мақалдар жасырылады. Ойыншылары бірінші қол көтерген топ жауап береді. Ұпай саны 1
Күлме досыңа, келер басыңа.
Ер қанаты-ат.
Көз қорқақ, қол батыр.
Қыз өссе –елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі.
Жігітке жеті өнер де аз.
Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді.
100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.
Айтылған сөз-атылған оқпен тең
Боранды күні ит пен бала құтырады.
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Ит-адамның досы.
Айдағаным бес ешкі, ысқырығым жер жарады.
Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар
5-кезең: «Логикалық есептер»
1.Теңдік дұрыс емес. Екі шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар
Жауабы:
Төрт шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар
Жауабы:
Үш шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар
Жауабы:
Логикалық есептерді бірінші және дұрыс тапқан топқа 2 ұпай қойылады. Екінші топтың жауабы дұрыс болса, 1 ұпай қойылады. Дұрыс жауапты әділ-қазылар тексереді.
6-кезең: «Кім жылдам?»Бұл бөлім бойынща сайыскерлерімізге адасқан әріптерден мағынасы бар сөз құрастыру тапсырылады. Жауабын үш тілде айту керек. Жауабын үш тілде дұрыс аударса: 3 ұпай, ал екі тілдегі аудармаға 2 ұпай, ал аударма жоқ болса 1 ұпайға ие болады.
Жер бетінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен болашаққа жол салынар – дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік деп сайысымызды аяқтаймыз. Енді әділ-қазылардан топтардың қорытынды ұпай сандарын сұраймыз.
Марапаттау! Қатысушыларға шағын сыйлық.
Қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет,қош сау болыңыздар!