kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Натурал сандардың бөлінгіштігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Көбейтіндінің бөлінгіштік қасиетін пайдаланып, бөліндінің мәнін және қосынды мен айырманың бөлінгіштік қасиетін пайдаланып, өрнектің мәнін табу.

      Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін және  қосындының мен айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау, қорытындылау, өз тұжырымының дұрыстығын дәлелдеу;

      Математикалық тілде қорытындыны жаза алу, тұжырымдап ережесін қорыту.

- көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін тексереді;

- көбейтіндінің  берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;
- айырманың және қосындының берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Натурал сандардың бөлінгіштігі»

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері

Серикбаева Гаухар Амангельдиевна

Математика пәнінің мұғалімі

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, «Құрық ауылы №6 орта мектебі» КММ


Сабақтың мақсаты: оқушылардың білім денгейін, білік дағдысын тақырып бойынша жинақтау, түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа заманға сай сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

5.1.В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: «Құрық ауылы №6 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Серикбаева Гаухар Амангельдиевна

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.10 көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

5.1.2.11 қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

Сабақ мақсаттары

Көбейтіндінің бөлінгіштік қасиетін пайдаланып, бөліндінің мәнін және қосынды мен айырманың бөлінгіштік қасиетін пайдаланып, өрнектің мәнін табу.

Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін және қосындының мен айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау, қорытындылау, өз тұжырымының дұрыстығын дәлелдеу;

Математикалық тілде қорытындыны жаза алу, тұжырымдап ережесін қорыту.

Бағалау критерийлері

- көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін тексереді;

- көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;
- айырманың және қосындының берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминдер:

Қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш, айырма, көбейтінді, еселік, бөлінгіш

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер:

-... санға бөлiнетінін қалай дәлелдейсің?
- Сен қалайша қорытындыны жазар едің?...

- Сенің тұжырымың бойынша ...


Құндылықтарға баулу



«Мәңгілік Ел» идеясы аясында. Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы бойынша топтық жұмыста бір-біріне құрмет, ынтымақтастық және достық қарым-қатынас бойларына сіңіріледі. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқкарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Гуманитарлық пәндермен

Алдыңғы білім


Натурал санның бөлгіші мен еселігінің анықтамаларын біледі.

Жай және құрама сандардың анықтамаларын біледі;

Натурал сандардың бөлгіштерін және натурал санның еселіктерін таба алады;


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут




Сәлемдесу. Оқушылардың шапшаңдық дағдысын дамыту үшін 5 секундта бірнеше адаммен сәлемдесу тапсырмасын беремін.

Үй тапсырмасын тексеру үшін «мен саған, сен маған» әдіс арқылы тексеру.

Оқушы назарын шоғырландыру.

Сыныпта 12 ұл және 8 қыз бар. Олар топтардағы қыздар саны
бiрдей және ұлдар саны бiрдей болатындай екi топқа бөлiнiп,
баскетбол ойнай ала ма? Әрбiр топта неше ұл бала, неше қыз
бала болады?

Ширату жаттығулары: 3-тің еселіктерін атаңдар;

4-тің еселіктерін атаңдар;

5-тің еселіктерін атаңдар;

7-нің еселіктерін атаңдар;


Осы 3пен 5-тің, 4 пен 7-нің еселіктерінен қосынды, айырма және көбейтінді құраңдар. Құралған қосынды, айырма және көбейтінді сәйкесінше «3 пен 5-ке» және «4 пен 7-ге» бөліне ме?

Проблема шешу қажеттігін туындату, уәж туындату.

Ендеше бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болмақ?

Бүгінгі сабақтың мақсаты: көбейтіндінің, қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;


Презентация

7 слайд


Сабақтың ортасы

20 минут










І. Топтастыру: 3-тің еселіктері: 3; 6; 9;12,; 15 және 18.

4-тің еселіктері: 4; 8; 16; 24; 32 және 36.

5-тің еселіктері: 5; 10; 20; 25; 30 және 35.

7-нің еселіктері: 7; 14; 21; 28; 42 және 49 сандары бойынша топтасады.

Топтастыру мақсаты: Джигсо/мозаика әдісі бойынша оқушылардың білімдік мақсаттарын бірлесіп шешетін оқу ортасын құруға дайындық.

ҚБ: мадақтау/жарайсыңдар, бәрің натурал санның еселіктерін біледі екенсіңдер! Осы білімді тереңдетеміз./

ІІ. Топтық жұмыс: Джигсо/мозаика әдісі бойынша әр топқа таратпа материалдар беріледі.

Мақсаты: еркіндік, серіктестік, сенімділік қағидаты негізінде оқушылар осы тақырыптың негізгі тұжырымдары бойынша маман ретінде сарапшылар тобында зерделетіп, талдатып, бастапқы тобында үйретуші рөліне әкелу арқылы жауапкершілікке, топтық талқылау арқылы командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқушылар бастапқы топта тапсырмаларды өздерінің қалаулары бойынша бөлуді еркіндікте, дербестікте орындайды.

Таратпа материалдағы тапсырмалар:

1 тапсырма. а ) Неге 56 және 21 сандарының қосындысын 7 санына
(56 + 21) : 7 = 56 : 7 + 21 : 7 = 8 + 3 = 11 түрiнде бөлуге болады?
б ) Бұл тәсiлдiң қосылғыштар саны екiден артық болғанда да орындалатынына көз жеткiзiңдер. Әр қосылғыштың бөлiнгiштiгi мен қосындының бөлiнгiштiгі қалай байланысқан?
Егер қосылғыштың әрқайсысы қандай да бiр натурал санға бөлiнсе,
онда олардың қосындысының мәнi де сол санға бөлiнедi деген ақиқат пікір ме?...

Мақсаты: қосындының бөлінгіштігін талдау білігін дамыту, бақылау барысында қажетіне қарай қолдау көрсету.
№2 тапсырма. Төмендегi қасиет ақиқат па?
Егер азайғыш пен азайтқыш қандай да бiр натурал санға бөлiнсе,
онда олардың айырымының мәнi де сол санға бөлiнедi.
а) Неге (36 – 8) айырымының мәнiн 4 санына (36 – 8) : 4 = 36 : 4 – 8 : 4 = 9 – 2 = 7 түрiнде бөлуге болады?
б) Егер екi натурал санның бiрi қандай да бiр санға бөлiнiп, екiншiсi
ол санға бөлiнбесе, онда осы екi натурал санның қосындысы немесе
айырымы сол санға бөлiне ме?...

Мақсаты: айырманың бөлінгіштігін талдау білігін дамыту, бақылау барысында қажетіне қарай қолдау көрсету.

3 тапсырма.

а) Нелiктен 72 · 3 көбейтiндiсiнiң мәнiн 8 санына (72 · 3) : 8 =
= (72 : 8) · 3 = 9 · 3 = 27 түрiнде бөлуге болады?
б) Егер көбейткiштiң бiреуi қандай да бiр натурал санға бөлiнсе, онда
көбейтiндiнiң мәнi де сол санға бөлiнедi деген тұжырым ақиқат па?...

Мақсаты: көбейтіндінің бөлінгіштігін талдау білігін дамыту, бақылау барысында қажетңне қарай қолдау көрсету.
№4 тапсырма.


Тұжырым


Өрнек

Тексеріңдер


25 саны 5 санына бөлінеді

Қосынды

25+7

25 + 7 қосындысының
мәнi 5 санына бөлiне ме?

7 саны 5 санына бөлінбейді

Айырым

25-7

25 – 7 айырымының мәнi
5 санына бөлiне ме?

Өз тұжырымыңды ал, дәлелде. Сен қалайша қорытындыны жазар едің?...

Мақсаты: қосындының және айырманың бөлінгіштігін қорытындылау (формуламен беру) білігін дамыту, бақылау барысында қажетіне қарай қолдау көрсету.

5 тапсырма.

Тұжырым


Өрнек

Тексеріңдер


72 саны 9 санына бөлінеді

Көбейтінді


17*72

17*72 қосындысының
мәнi 9 санына бөлiне ме?

37 саны 9 санына бөлінбейді

Көбейтінді


17*37

17*37 қосындысының
мәнi 9 санына бөлiне ме?

Өз тұжырымыңды ал, дәлелде. Сен қалайша қорытындыны жазар едің?...

Мақсаты: көбейтіндінің бөлінгіштігін қорытындылау (формуламен беру) білігін дамыту, бақылау барысында қажетіне қарай қолдау көрсету.

6 тапсырма.

Нелiктен 1) 15 + 39 қосындысының мәнi 3-ке;
2) 33 + 88 қосындысының мәнi 11-ге;
3) 24а + 24с қосындысының мәнi 24-ке (мұндағы a, c — натурал
сандар);

4) 18а + 45b + 99c қосындысының мәнi 9-ға (мұндағы a, b, c
натурал сандар) бөлiнетiнiн талдап түсіндіріңдер.

Мақсаты: көбейтіндінің бөлінгіштігінбағалау білігін дамыту.



ҚБ: топта бірін-бірі бағалау (Максимум 3 ұпай).

«Бағалаушы сыншыл дос»әдісі______________________________________

Бағалау критерийлері

№1

№2

№3

№4

Тапсырманың шарты бойынша орындады





Тапсырманың орындалуын математикалық терминдермен түсіндірді





Өз тұжырымын негіздеп, дәлелдеді





Мұқият тыңдап, тиісті сұрақтар қоды.





Түрлі идеялар ұсынды.





Қорытынды






Сергіту сәті: «Жаңылмаймын» әдісі бойынша тақтаға 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15

3-тің еселіктеріне келгенде жаңылмаймын деп айту керек.

8 слайд






Топтық жұмыс материалдары



9 слайд









10 слайд











11 слайд









12 слайд











Тұжырымдамалық органайзерлер


13 слайд












Деректердің графикалық органайзерлер


14 слайд














15 слайд












16 слайд





«Сыншыл дос» бағалауы







17 слайд


Қалыптастырушы бағалау

10 мин



5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

Оқу мақсаты

5.1.2.10, 5.1.2.11 көбейтіндінің, қосынды мен айырманың берілген натурал санға
бөлінгіштігін талдау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Білім алушы
-Көбейтіндінің берілген натурал санға
бөлінгіштігін тексереді;

-Қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдайды.



1-тапсырма
Амалды орындамай-ақ, көбейтіндінің берілген санға бөлінетіндігін анықтаңыз:
a) 35 ·18 көбейтіндісін 7-ге
b) 48 ·13 көбейтіндісін 12-ге
c) 99 ·14 көбейтіндісін 11-ге
d) 35 ·10 көбейтіндісін 8-ге

Дескриптор:

Білім алушы
- көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі туралы қорытынды жасайды.

2-тапсырма
Арифметикалық амал қолданбай-ақ,
a) 27 + 54 қосындысының 9-ға;
b) 28 + 49 қосындысының 7-ге;
c) 72 – 24 айырмасының 8-ге;
d) 65 – 26 айырмасының 13-ке бөлінгіштігін талдаңыз.

Дескриптор:

Білім алушы
- қосындының берілген санға бөлінгіштігін талдайды;
- айырманың берілген санға бөлінгіштігін талдайды.

3-тапсырма: 64х; 38 (х – у); 216ху+2z өрнектерiнiң мәнi 2 санына бөлiнетiнiн дәлелдеңдер.


Дескриптор:

Білім алушы

- көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді.
- айырманың берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді.

- қосындының берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;

ҚБ: Кері байланыс (жеке әрбір оқушыға)


Қалыптастырушы бағалау материалдары

18 слайд





















19 слайд




























20 слайд


Сабақтың соңы

(5 минут)

Қорытынды:

  • «Сұрақтар қорапшасынан» алынған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайды.

  • өздерінің тағы не білгілері немесе қажеттіліктерін «Сұрақтар қорапшасына» жазып қалдырады.

Үй тапсырмасы: (хабарлама дайындау) Ежелгi математик Пифагор және оның шәкiрттерi натурал сандардың бөлiнгiштiгi туралы сұрақтарды қарастырған. Олар қандай нақты сандарды анықтаған?

Сабаққа рефлексия:


«Сұрақтар қорапшасы»



21 слайд








Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралауды тапсырмаларды белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені тапсырмалар арқылы бердім, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірледім..

Уақытты тиімді пайдалануда саралауды қолдандым..

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін топтағы өзара бағалауды (сыншыл достың бағалауы) жоспарладым.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту үшін ширату жаттығулары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Натурал сандардың бөлінгіштігі

Автор: Серикбаева Гаухар Амангельдиевна

Дата: 26.02.2018

Номер свидетельства: 459623

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ашы? саба?  "Натурал сандарды? б?лінгіштігі""
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk-sabak-natural-sandardyn-bolinghishtighi"
    ["file_id"] => string(6) "287192"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454435713"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Натурал сандардың бөлінгіштігі"
    ["seo_title"] => string(33) "natural_sandardyn_bolinghishtighi"
    ["file_id"] => string(6) "416163"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495003732"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Тақырыбы: Натурал сандардың бөлінгіштігі 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері."
    ["seo_title"] => string(80) "tak_yryby_natural_sandardyn_bolinghishtighi_9_g_a_zh_nie_3_kie_bolinghishtik_bie"
    ["file_id"] => string(6) "393477"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487508227"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Натурал сандарды? б?лінгіштігі"
    ["seo_title"] => string(31) "naturalsandardynbolinghishtighi"
    ["file_id"] => string(6) "273356"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452188545"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Cанның бөлінгіштігі, жай бөлшектерді оқу."
    ["seo_title"] => string(47) "cannyn_bolinghishtighi_zhai_bolshiektierdi_ok_u"
    ["file_id"] => string(6) "376572"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1483892269"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства