kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Натурал сандарды? б?лінгіштігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сыныпта математика п?нінен «Натурал сандарды? б?лінгіштігі»  тарауын ?айталау?а арнал?ан ашы? саба? ?тті. ?р т?рлі типтегі ж?мыстар ж?ргізілді, атап айтканда математикалы? диктант, де?гейлік есептерді шы?ару, тест тапсырмаларын орындау. Тарау бойынша ережелер ?айталанып, ?р т?рлі есептер шы?арылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Натурал сандарды? б?лінгіштігі»

Сабақтың тақырыбы: «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін байқау, өтілген тақырыптарды қайталау. Ой-өрісін дамыту, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, ойын тиянақты дәл айта білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын тексеру, ережелерді қайталау

  3. Математикалық диктант

  4. Сергіту сәті

  5. Деңгейлік есептерді шығару

  6. Тест тапсырмалары

  7. Оқулықпен жұмыс

  8. Үйге тапсырма беру, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Үй жұмысын тексеру (№732), ережелерді қайталау

  1. Қандай санды берілген а санының бөлгіші деп атаймыз? Мысал келтіріңдер.

  2. Қандай санды берілген натурал санның еселігі деп атаймыз? Мысал келтіріңдер.

3. Қандай сандар 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінеді?

4. қандай цифрларды жұп, тақ цифрлар деп атаймыз?

5. Жұп және тақ сандар дегеніміз не?

Жұп сандар мен тақ сандарға мысал келтіріңдер.

6. Жай сандар, құрама сандар дегеніміз не?

Мысал келтіріңдер.

  1. 1 саны қандай сан?

  2. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?

  3. Қандай сандарды өзара жай сандар деп атайды?

3. Математикалық диктант.

12 санының бөлгіштерін жаз

 

15 санының бөлгіштерін жаз

 

2-ге еселік сандардың алғашқы алтауын жаз

 

7-ге еселік сандардың алғашқы алтауын жаз

 

4. Сергіту сәті. Жұмбақтарды шешу

1. Әр күн сайын жыртылдық

Өміріміз бір жылдық.(…)

2. Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.(...)

3. Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді. (...)

4. Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады.

5. Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.


5. Деңгейлік есептерді шығару

I деңгей

94, 108, 207, 634, 825, 615, 710 сандарынан 2-ге бөлінетін сандарды теріп жаз.

II деңгей

42-ге бөлгіш, ал 7-ге еселік сандарды жазыңдар.

III деңгей

25, 44, 26, 105 сандарынан өзара жай сандардың төрт жұбын құрастырыңдар.


  1. Тест тапсырмалары

1. 35 санының бөлгіштерін тап.

А) 1, 5, 7, 35 Б) 1, 2, 3, 15 В) 1, 3, 5, 7, 35

2. 5-ке бөлінетін сандарды тап.

А) 10, 32, 23 Б) 15, 20, 30, 75 В) 20, 35, 58, 51

3. 3-ке де, 9-ға да бөлінетін сандарды тап.

А) 12, 34, 19, 25, Б) 50, 15, 11, 30, В) 81, 108, 702, 693

4. 2-ге де, 10-ға да бөлінетін сандарды тап

А) 10, 22, 25, 16, Б) 10, 20, 50, 60 В) 15, 14, 22, 35

5. 16 мен 18 сандарының ЕҮОБ тап.

А) 16 мен 18 Б) 2 В) 8



  1. Оқулықпен жұмыс (№738, №740)

  2. Үйге тапсырма беру(№743,№747), бағалау
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Натурал сандарды? б?лінгіштігі

Автор: Исаханова Марина Канатовна

Дата: 07.01.2016

Номер свидетельства: 273356


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства