Просмотр содержимого документа
«Мың көлемдегі сандар»
5 сынып. Математика
№1 .Тақырыбы: Мың көлеміндегі сандар
Мақсаты: Оқушыларға мың көлеміндегі сандарды санау, оқу, жазу, салыстыру туралы түсінігін пысықтау, амалдарды орындауға үйрету; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: жолақшалар, суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 2. Оқулықпен танысу: 3 класс «Математика» оқулығын Т.П.Кучер, Ә.С.Акрамова, Г.И.Кукарина, А.Қ. Әділбекова – авторлар құрастырып жазған. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған. Алматы қаласынан «Атамұра» баспасынан 2010 жылы шыққан. 3. Кітапта шартты белгілер бар,сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған.4. Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің.Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбымен мақсатын хабарлау. Ондықтармен жүздіктермен мыңдықтармен санау. Ауызша жұмыс: Келесі сандарды оқы: 17, 602, 96, 300, 985, 1000. Бұл сандарда барлығы неше бірлік, неше ондық және неше жүздік бар. Әрбір разрядта неше бірлік бар?
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Толықтыр:
Таңда:
Құрастыр:
Өздік жұмыс: ( 3 топқа бөлініп)
Сандарды жаз: жиырма төрт, жетпіс үш, жүз он алты, бес жүз қырық төрт,жеті жүз сегіз. (24,73,116,544, 708)
Берілген сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсет:
Фермерде 57 сұр қоян, 30 ақ қоян және 8 қара қоян бар. Фермерде барлығы неше қоян бар? (Бұл сұраққа бірден жауап беру мүмкін бе? Жауабын табу үшін не істеу керек? Қандай амалды пайдалану керек?)
Қысқаша жазылуы:
Сұр қоян – 57 Шешуі: 57+30+8 = 95
Ақ қоян – 30 ? Жауабы: Фермерде барлығы 95 қоян болды.
Қара қоян - 8
№ 8.
Айнұр 75 шие терді. Олардың 23 ол жеп қойды. Содан кейін ол тағы 7 шие терді. Айнұрда барлығы неше шие болды? ( Есептен нені табу керек? Бірден жауап беру мүмкін бе? Есепті дұрыс шығару үшін не істеу керек? Есеп қандай амалмен шығады?)
Терді – 75 шие Шешуі: ( 75-23) + 7 = 52+7= 59
Жеді – 23 шие ? Жауабы: барлығы 59 шие болды.
Тағы терді – 7 шие
2.Өз беттерінше: № 9
а).Кесінділерді өлше. Ұзындығы осы кесінділердің ұзындықтарының мәндерінің қосындысына тең кесінді сыз. (1см + 6см = 7см)
ә) № 6. Бірдей қосылғыштары бар қосындыларды жазып, олардың мәнін тап: