kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математикалық сайыс сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-сыныпқа математикаға арналған сыныптан тыс сабақ
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математикалық сайыс сабағы»

Сабақ мақсаты: Оқушылардың ой-өрісі, есте сақтау қабілеттері дамып, білімін өмірде қолдана білуге үйренеді

Сабақтың көрнектілігі: топ тапсырмалары, керекті заттар, суреттер, нақыл сөздер, логикалық есептер, ұпай көрсеткіштері

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Сабақ типі: ойын түрінде

Жоспары:

  1. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

  2. «Бәйге» (тапқырлық сайыс)

  3. Білімпаздар еліне саяхат.(арнайы тапсырма)

  4. «Ойлы болсаң озып көр»(логикалық тапсырмалар)

  5. Мақалдың жалғасын табу

  6. Жанкүйерлер сайысы

Қолданылатын нақыл сөздер:

  1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.(К. Гаусс)

  2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика (М.В.Ломоносов)

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Көңілді кеш жасайық.

Мұнда қызық табылар,

Жұмбақ есеп бәрі бар,

Білімдеріңді сынайық

Кім біледі табайық- дей келе ортаға сайысқа қатысушы екі топты шақырайық.

Сайысқа қатысушы топтардың аты «Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы. Әуелі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

­­­­­

Бүгінгі сайысымыз жеті кезеңнен тұрады.

  1. Топтардың таныстыруы

  2. «Бәйге»

  3. Білімпаздар еліне саяхат

  4. «ойлы болсаң озып көр»

  5. Мақалдың жартысын табу

  6. Кім жылдам?

  7. Жанкүйерлер сайысы

  1. Кезеңімізді бастаймыз. Таныстыру

1 топ : «Алғырлар» тобы

Сәлемдесу:

Математика сырлары,

Қызықтырады біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.

Ұраны:

Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз,

Бүгінгі сайысымызды бастаймыз

2 топ : «Тапқырлар» тобы

Сәлемдесу:

Жарыс десе жаныңыз,

Жасырғанды табыңыз.

Күш санасып көрейік,

Жеткенінше әліңіз.

Ұраны:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз.

  1. Кезең: «Бәйге»

«Алғырлар» тобына:

  1. 1м де қанша сантиметр бар?/ 100 см

  2. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?/ айырманың мәні

  3. 1 сағатта неше минут бар?

  4. Салмақ өлшем бірліктерін ата/ г.кг,Ц,т

  5. 1 дм 4 см нешеге тең?/14см

  6. 1 тәулікте неше сағат бар?/24 см

  7. Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады?/ кесінді

  8. 1 тоннада неше центнер бар?/10 ц

  9. Қыс пен көктемде неше ай бар?/6 ай

  10. Алымы бөлімінен үлкен бөлшекті қалай атаймыз?/ бұрыс бөлшек

«Тапқырлар» тобына

  1. 1 Килограмда неше грамм бар?/ 1000г

  2. Қосудың нәтижесі қалай аталады?/ қосындының мәні

  3. Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады?/ шаршы

  4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата/ см,дм,м,км

  5. Кез келген санды 0- ге көбейткенде не шығады?/ 0

  6. Теңдеу дегеніміз не?/ құрамында белгісізі бар теңдік

  7. Ең кіші натурал сан/ 1

  8. 1 децитетрде неше сантиметр бар?/10 см

  9. 100 жыл неше ғасырға тең?/1 ғ

  10. 2 тәулікте неше сағат бар?/ 48 сағ

  1. Кезең: Білімпаздар еліне саяхат

«Алғырлар» тобына:

  1. Қоймаға 6кг сиыр етін, одан 1кг артық қой етін және қой етінен 3 есе артық жылқы еті әкелінді. Қоймаға неше килограмм жылқы еті әкелінді?/ 21кг

  2. Салыстыру

807-200*903+520

40:5+36*74-36:4

«Тапқырлар» тобына

  1. 180 теңгеге бірдей бағамен 3 тәрелке, 6 кесе сатып алынды. 1 тәрелке қанша тұрады, 1 кесе ше?

  2. 907-300*806+320

40:8+55*76-60:10

  1. Кезең: «Ойлы болсаң тауып көр» (логикалық тапсырмалар)

«Алғырлар» тобына:

  1. Төрт қойдың неше аяғы бар ?/16

  2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы неше?/ 3 кг

  3. Ағаш бұтағында 100 торғай отырады, аңшы 10 торғайды атып алады.Торғайдың қаншасы қалады?/10

  4. 1 Т мақта ауыр ма, 10центнер темір ауыр ма?/тең

  5. Сенің әке шешең көршісіне кім болады?/көрші

  6. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?/ 4 мысық

  7. Қарындасы 4 жаста, ағасы , жаста.Қарындасы 6 ға толғанда ағасы неше жаста?/8

  8. Шөпте қояндар тығылып отыр. Тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Шөпте неше қоян тығылып отыр?/5 қоян

  9. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?/ 4 тәулік

  10. Бір адам қалаға бара жатыр еді.Жолда оған үш танысы қарсы жолықты. Қанша адам қалаға барды?/ 1 адам

«Тапқырлар» тобына

  1. Бес тырнаның неше аяғы бар?/ 10

  2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?/ 3 минутта

  3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяның қанша баласы бар?/ 6

  4. 1 кг тұз ауырма, 1000 гр мақта ауыр ма?/ тең

  5. 1 көйлек жылы ма, әлде 1 көйлектің қалыңдығындай 3 көйлек жылы ма?/ бірдей

  6. Егер 1 кг алманың бағасы 100 теңге болса, жарты килограмм алманың бағасы қанша болады?/50 теңге

  7. Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4- еуі қайтып кетті. Нешеуі қалды?/ Жазда сырғанақ болмайды

  1. Кезең: мақалдың жалғасын табу

«Алғырлар» тобына:

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл)

  2. Білікті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

  3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

  4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

  5. Жүзден біреу шешен, (мыңнан біреу көсем)

«Тапқырлар» тобына

  1. Отыз тілден шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)

  2. Білгенің бір тоғыз, (білмейтінің тоқсан тоғыз)

  3. Бір кісі қазған құдықтан , (отыз кісі су ішер)

  4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,(төртеу түгел болса төбедегі келеді)

  5. Елу жылда ел жаңа, (жүз жылда қазан)

  6. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес)

6-Кезең: Кім жылдам?

«Алғырлар» тобына:

Тек қана 9 санын төрт рет пайдаланып, 20 санын қалай шығаруға болады?/ 9999/99:9+9=20

«Тапқырлар» тобына

Тек қана 3 санын fkns рет пайдаланып, 1000 санын қалай шығаруға болады?/ 3 3 3 3 3 3/3333+3:3= 1000



  1. Кезең:Жан күйерлер сайысы. Жұмбақтар шешу.

«Алғырлар» тобына:

  1. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс / сызғыш

  2. 24 батыр, бірін- бірі жеп жатыр. / дойбы

  3. 50 аяқты, 2 қолды, 50 аяқпен салады жалғыз жолды / ара

  4. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер , бір қарындаш,

Тіс жуғышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі ,

Қанша болды, қолда бәрі? /6

«Тапқырлар» тобына

  1. 100 мүйізі бар, үстінде киізі бар / киіз үй

  2. Бір үйде тұрады 50 батыр, үй сыртына сүйкеліп өліп жатыр / сіріңке

  3. Бір- бірімен жарысқан,

4 аю, 1 арыстан.

2 қой мен 1 түлкі,

Бәрі нешеу кім біледі? /8

  1. Екі қатар тал шыбық,

Күндіз алыспайды, қабыспайды,

Түнде қабысады. / кірпік





Жүргізуші

«Қызықты математика » сайысының қортындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні,

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі!

Қортындылау















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Математикалық сайыс сабағы

Автор: Садыкова Улангул.

Дата: 26.02.2017

Номер свидетельства: 395889

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Тап?ыр болса?, талас жо?» атты    математикалы? сайыс  саба?ы."
    ["seo_title"] => string(50) "tapkyrbolsantalaszhokattymatiematikalyksaiyssabagy"
    ["file_id"] => string(6) "278139"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453040217"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Математикалы? сайыс саба? "
    ["seo_title"] => string(26) "matiematikalyk-saiys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "157824"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421658568"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ашы? саба?: Математикалы? сайыс. "
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk-sabak-matiematikalyk-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "215050"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432558002"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Ба?ытты с?т"  математикалы?  сайыс"
    ["seo_title"] => string(28) "bakyttystmatiematikalyksaiys"
    ["file_id"] => string(6) "258508"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448517736"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""Жас математик" сайыс саба?ы "
    ["seo_title"] => string(29) "zhas-matiematik-saiys-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "172103"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423758543"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства