Шақырамыз сіздерді»-дей келе бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер,құрметті оқушылар,ұстазадар!
Оқушылар!Бүгін,біз 5-6 класс оқушыларымен бірге «Бақытты сәт» атты математикалық сайыс өткізгелі отырмыз.Сайысқа класс оқушылары түгел қатыса алады,қатысқысы келген оқушылар қол көтеріп,дайын тұрған орындарға жайғасайық.Біздер сұраққа жауап берген оқушыларды «жұлдызшалар»арқылы белгілеп отырамыз, ең көп жұлдызша жинаған оқушы «жеңімпаз»атанып бәрімізге белгілі әр турдан кейін алған жұлдызша саналып,аз жұлдызша жинаған оқушы,көрермен қатарына қосылып отырады,ал көп жинаған,келесі турға өтеді.
Еңбектену,жалықпау-дей келе II-турға көшеміз.Ойын шарты,мен мақалдың 1-ші бөлігін айтамын сендер жалғасын тез дұрыс тауып айтуларыңыз керек.
1.Бір түйір дәнде(бір тамшы тер бар)
2.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді(Төртеу түгел болса төбедегі келеді)
3.Екі жақсы қас болмас(екі жаман дос болмас)
4.Бес бармақ жиылса(жұдырық болады)
5.Алдыңа бір қарасаң (артыңа он қара)
6.Досыңның мың болғанына мақтан (дұшпаның біреу болса да сақтан)
7.Досыңды үш күн сынама(үш жыл сына)
8.Жеті рет өлшеп (бір рет кес)
9.Білікті бірді жығар,(білімді мыңды жығар)
10.Қырық кісі бір жақ,(қырың кісі бір жақ)
11.Бір тал кессең(он тал ек)
12.Бір жылы сөз(көп күнге азық)
13.Дос егіз болса(дұшпан сегіз)
14.Бір кісі қазған құдықтан(мың кісі су ішеді)
15.100сомың болғанша (100 досың болсын)
16.Жүзден біреу шешен(мыңнан біреу көсем)
17.Ер жігіт бір күн өледі(қорқақ мың күн өледі)
18.Бір елі ауызға(екі елі қақпақ)
19.Білгенің бір тоғыз(білмегенің 99)
20.Жігіт бір сырлы(сегіз қырлы)
Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар
Ойларыңды ептілікке ораңдар.
Бұл сұраққа тереңірек мән беріп.
Ең шешеңдер ой толғайды жараңдар-деп келесі турымызды бастаймыз.
III-тур «Кім шапшаң?» деп аталады.Бұл турда логикалық есептер шешіледі.Сайыста жеңу үшін белсеңділік танытып,берілген сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруіміз керек.
1.Домбырадағы он асықты он бала бір-бірлеп бөліп алады.Сонда бір асық дорбада қалады? (дорбасымен бірге алды)
2.Үш түйеқұс ұшып келеді,аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
3.Жыл он-екі айдың ішінде 30-31 сандары ауысып отырады,ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлығында)
4.Төрт жігіттің бір-бірден қарындасы бар,жанұяда неше бала бар?(5)
5.Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 мин ұшады,ал кері 80 мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?(екеуі тең)
6.Екі әкесі,екі баласы 3 алманы қалай бөліп жейді?(атасы,баласы,немересі)
8.Бала қорапқа барлығы 8 өрмекші мен қоңыз жинады.Барлық аяқтар саны 54.Қанша қоңыз,қанша өрмекші жинады?(қоңызда-6 аяқ,өрмекшіде-8 аяқ бар.5 қоңыз,3 ормекші)
9.Жанар ақиқат тұжырым айтты.Марат оны қайталап айттып еді,ол жалған болып шықты.Жанар не айтты?(Менің атым Жанар)
10.Шопанның барлық қойларының 320-сы су ішіп жатыр,қалғаны жайылып жүр.Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей.Шопанда барлығы қанша қой бар?(400)
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер-деп келесі турды бастаймыз.
IV-тур «Кім көп біледі?» - деп аталады.Бұл турдың шарты 1 минутта оқылған сұрақтарға жауап беру,егер жауабын білмесен келесі деп сұрақты жалғастыра беруге болады.
1.Қай сан барлық санға қалдықсыз болінеді? (0)
2.1 ғасырда неше жыл бар? (100)
3.Бұрышты өлшейтін құрал? (трансортир)
4.1 кг мақта ауырма,1кг тұз ауыр ма? (тең)
5.Қанша цифр білесің? (10)
6.Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)
7.Шеңбер салуға арналған құрал? (циркуль)
8.Метрде неше сантиметр ба? (100)
9.Тәулікте қанша сағат бар? (24)
10.Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы. (периметр)
11. 20 минут сағаттың қандай бөлігі (1/3)
12.Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0)
13.Ең үлкен таңбалы сан (99)
14.1 минутта қанша секунд бар? (60)
15.Ең кіші нарурал сан (1)
16.1 кг қанша грамм бар (1000)
17.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (шаршы)
18.Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
19.7 саны жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
20.Миллионда неше нөл бар? (6)
21.Үш кесіндіден құралған фигура (үшбұрыш)
22.Ең кіші жай сан (2)
23.Үш таяқтың неше ұшы бар? (6)
24.Күн көзі жылына неше рет шығады (365)
25.Екі нүкте арасындағы түзу (кесінде)
26.9-ға кері сан (1/9)
27.Егер каз бір аяғымен тұрса 3 кг, ал екі аяғымен тұрса қанша кг. (3кг)
30.Үстелдің төрт бұрышы бар,оның бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады? (5)
31.Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
32.Ағаш үстінде 100 торғай отырды.Аңшы 10торғайды атып алды. Қанша торғай қалды? (10)
33.Үш жұп ат 60 км шапса,онда бір ат неше км шамады? (60км)
34.Фигуралардың барлық қабырғаларының қосындысы? (периметр)
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез
Нұрын,сырын көруге,
Ойланып ап,айтшы тез-деп келесі турымызды бастаймыз.
V-тур «Кім тапқыр?» деп аталады.Алдарыңда шахмат тақтасының бір бөлігі берілген. Шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқығанда қазақ математиктерінің қанатты сөздері шығады (10 минут)
«Із кесуде графтар теориясы жатыр»-Бегалы Жаңбырбаев
«Сан математика ғылымының іргетасы» Орынбек Жаутіков
Сайысқа қатысушылар ойланғанша біз қолымызға қағаз-қалам алып «Сергіту сәтіне» дайындалайық.Сергіту сәті «Сиқырлы калькулятор» деп аталады.
1.Досыңа калькулятор беріп оған өзінің туған айының нөмірін енгізуді сұра.
2.Осы санды 4-ке көбейт
3.Оған 13ті қос
4.Оны 25-ке көбейт
5.Одан 200-ді алып таста
6.Туған айының күнін қоссын
7.Оны 2-ге көбейт
8.Одан 40-ты алып таста
9.Оны 50-ге көбейт
10.Өзінің туған жылының екі санын қос. (Шыққан саннан 10500 алып таста,шыққан санның алғашқы сандары туған айын,екінші бөлігі күнін,ал соңғылары туған жылын көрсетеді)
Жұлдыздарды санап жеңімпазды анықтау
Ең бастысы орын емес жарыста
Терең білім жеңу шарты сайыста
Тапқырлық пен ізденісте болсаңыз
Өмірде де жетерің хақ,табысқа!-дей келе бүгінгі Бақытты сәт жеңімпаздарын марапаттаймыз