М??алім к?рнекі ??ралды пайдаланып,бір текше к?лемні? ?лшем бірлігі болып есептелетінін,оны? к?лемі 1 куб сантиметрге те? екенін т?сіндіреді.О?ушылар білеушені? к?лемі неге те? екенін аны?тайды.( 12 куб.см).Б?л фигураны неге текше деп атау?а болмайтыны жайлы ?орытынды жасайды.
№ 2.Суреттегі білеуше неше текшеден ??растырыл?ан?( 12). Оны? к?лемі туралы не айту?а болады? Алды??ы ?атарда неше текше бар? (6). Арт?ы ?атарда ше? (6). Барлы?ы неше ?атар бар? (2). Білеуше текше болып табылады деуге бола ма?(жо?).Неліктен?
Білімділік: текшемен және оның көлемімен оқушыларды таныстыру және түсінік қалыптастыру.Текшенің көлемін табудың әр түрлі тәсілдерін қарастыру.
Дамытушылық: ойлау,есте сақтау қабілетін, ауызша есептеу дағдыларын, логикалық ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: өзін және сыныптастарын бағалай білуге, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: ойын элементтері кірістірілген сабақ
Сабақтың технологиясы : электрондық оқулық, СТО технологиясының элементтері
Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ –жауап, ой қозғау,талдау
Көрнекілігі: текше макеті, кубик (блиц турнир сұрақтары жазылған), үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабақа аудару
Психологиялық дайындық «3» дегенім орта баға
«1» дегенім жаман баға Сапасы оның орта ғана.
Алады оны жаман бала. «4» дегенім жақсы баға
«2» деген нашар баға Алады оны жақсы бала.
Інішегім нашарлама. «5» дегенім үздік баға
Оқимыз тек үздік қана .
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
«Кубик» ойыны (кубиктегі түскен нөмірлеріне байланысты жедел сұрақтарға жауап беру)
1.Шаршының неше өлшемі бар 2 (ұ.е.)
2.23 - қанша? (8) .
3.32- қанша? (9)
4. 1 м неше см бар?
5. ұзындығы 4 см, ені 6 см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? (24 см2)
6. Көлемнің қандай өлшем бірліктерін білесіңдер? (1 л, 1 см3)
Бүгін біз көлемді тағы қалай анықтауға болатыны жайлы білетін боламыз.
ІІ.Жаңа мағынаны таныту
Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсатын түсіндіру.
Куб (текше) және оның көлемі
Электрондық оқулықтан текшемен таныстыру.Оқушылар текшенің элементтерімен,яғни өзге фигуралардан айырмашылығымен танысады.Содан кейін мұғалім текшені (макетін) көрсетіп түсіндіреді.
Бұл текше –куб. Оның 8 төбесі бар. Кубтың төбелері – нүктелер. Көршілес екі төбесін қосатын кесіндіні оның қыры деп атайды.Текшенің барлық қырларының ұзындықтары бірдей.Текшенің 6 жағы бар (алдыңғы,артқы,астыңғы,үстіңгі,сол жақтағы,оң жақтағы).
Мұғалім көрнекі құралды пайдаланып,бір текше көлемнің өлшем бірлігі болып есептелетінін ,оның көлемі 1 куб сантиметрге тең екенін түсіндіреді.Оқушылар білеушенің көлемі неге тең екенін анықтайды.( 12 куб .см) .Бұл фигураны неге текше деп атауға болмайтыны жайлы қорытынды жасайды.
№ 2.Суреттегі білеуше неше текшеден құрастырылған?( 12). Оның көлемі туралы не айтуға болады? Алдыңғы қатарда неше текше бар? (6). Артқы қатарда ше? (6). Барлығы неше қатар бар? (2). Білеуше текше болып табылады деуге бола ма?(жоқ).Неліктен?
№3. Суреттегі білеуше барлығы неше текшеден құрастырылған? (36).Білеуше неше қабатқа бөлінген? (3). Әр қабатта неше қатар бар?( 2). Әр қатарда неше куб смбар?(18).Бұл білеуше текше болып табыла ма? (Жоқ, себебі қырларының ұзындықтары бірдей емес).
№ 4. Суреттегі білеуше текше болып табыла ма?Неліктен? Оның ұзындығы неше см?(3см)
Ені ше? (3 см). Биіктігі ше? (3см).Текше неше қабатқа бөлінген?(3). Әр қабатта неше қатар бар?(2). Әр қатарда неше куб см бар?(3куб см). Бір қатарда неше куб см бар екенін қалай есептеп табуға болады?(9).(3х 3х1).Екі қабаттағыны ше?(18) (3х3х2).Үш қабаттағыны ше?
(27) (3х3х3).
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы түсінгендерін бекіту.
Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
І. Суреттен кубты тап. Оны көк қарындашпен боя.
ІІ. Кубтың төбелерінің, жақтарының, қырларының санын тап.
ІІІ. 1.Қыры 3 см текшенің көлемі неге тең? (27)
2.Текшенің неше жағы бар?(6)
3.Текшенің жақтары қандай фигура? (шаршы)
4.Текшенің неше қыры бар? (12)
5.Қыры а см болатын текшенің көлемі неге тең? (а см)
Ү. Ө зіндік жұмыс.
№ 5 Есептер құрастыр және шығар.
Сатылды – 70 кг –нан 3 қап Сатылды – 70 кг –нан 2 қап
Қалды - 70 кг –нан 3 қап Қалды – 70 кг
Болды - ? кг Болды ? кг
(70 х 3) +(70 х 3)= 420 (кг) (70 х 2 ) + 70 = 210 ( кг)
Жауабы: Болды 420 кг Жауабы: Болды 210 ( кг)
Тақтамен жұмыс.
№ 6. Теңдеулерді шешу.
С х 5 = 350 350 : а = 50
С х 5 = 300 350 : а =50
Рефлексия
- -Сабақтағы жетістіктерім…….
-Сеніңше не орындалды?
-Нені орындай алмай қалдың? Неге?
Үйге тапсырма: № 6 ә, № .7 24 бет
Бағалау.
ІІІ. 1. Қыры 3 см текшенің көлемі неге тең?
ІІІ. 2.Текшенің неше жағы бар?
ІІІ. 3. Текшенің жақтары қандай фигура?
ІІІ. 4. Текшенің неше қыры бар?
ІІІ. 5. Қыры а см болатын текшенің көлемі неге тең?