kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Масштаб. Есептер шығару

Нажмите, чтобы узнать подробности

Картаның масштабын табуды; берілген масштаб бойынша Жер бетіндегі арақашықтықты табуды; Жер бетіндегі арақашықтық және масштабы берілген картада кескінделетін кесінді ұзындығын табуды үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Масштаб. Есептер шығару»

Мектеп: "Пенжім орта мектебі" КММ

Күні: 05.10.2017

Мұғалімнің есімі: Тугамбаева А

Сынып: 6 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Масштаб. Есептер шығару

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Картаның масштабын табуды; берілген масштаб бойынша Жер бетіндегі арақашықтықты табуды; Жер бетіндегі арақашықтық және масштабы берілген картада кескінделетін кесінді ұзындығын табуды үйрету.

Сабақ мақсаттары

барлық оқушылар:

  •  Масштабтың сандық мағынасын біледі.

Оқушылардың басым көпшілігі:

  • Картадағы арақашықтық пен жер бетіндегі арақашықтықтың арасындағы байланысын ажырата отырып, есептер шығарады;

Кейбір оқушылар:

  • Өмірмен байланыстыра отырып масштаб өзгерісін анықтап, қалай өзгеретіні туралы ой тұжырымдайды.

Алдыңғы оқу

Екі санның қатынасы, шаманы берілген қатынасқа бөлу, ең кіші ортақ бөлімге келтіру. Сандардың проценттік қатынасы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз


Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Басталуы

5 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

 


Түрлі түсті геометриялық фигуралар

1. Амандасу

2. Түгендеу

3. Сыныпта психологиялық ахуал турдыру

4. Топқа бөлу

5. Үй тапсырмасын сұрау

Ортасы

32 мин


Тұсаукесер: Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары

1 - қадам. «Білу» 5мин

Анықтаңдар:

1) Масштаб деген не?

2) Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есеге кемісе, сызбаның масштабы неге тең?

3) Мына масштабтардың қайсысында сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен, қайсысы кіші?

а) 1:20 ә) 100:1 б)1:20000 в) 75:1

4. Масштабы: а) 1:100000 ә) 1:50000 б) 1:25000

Картада жер бетіндегі 1 км қашықтық неше см кесіндемен кескінделеді?



Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады.



Мысалдар сызбада барлық өлшемдері бірдей есе кемігенде ғана дененің өзі мен оның сызбасы ұқсас болатын шартын қорытып шығарады.



Негізгі бөлім:

2 - қадам: «Түсіну». Диалогтық оқыту:

5 мин

Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.

Бос орынға қажет сөзді жаз:

1.Неліктен кішкентай бөлшектерді сызбаға үлкейтіп түсіреді?

2. Неліктен 1: 100000 масштабты картадағы 1 см кесіндіге жер бетінің 1 км - і сәйкес келеді?

3. 210 километрге тең болатын екі қаланың арақашықтығы 10 сантиметрмен берілген. Картаның масштабы қандай?



Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.



3 - қадам: «Талдау». Сыни ойлауын дамыту:

3 мин

Салыстырыңдар:

а) 1: 50 масштабы

ә) 50 : 1 масштабы

Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады.

а) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен кіші

ә) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен

4 - қадам: «Жинақтау» 10 мин

Сыни ойлауын дамыту:

Оларға масштабы 1: 2 500 000 болатын Қазақстанның географиялық картасынан

1 топқа: Астана мен Орал,

2 топқа: Ақтау мен Орал,

3 топқа: Атырау мен Орал,

4 топқа:Атырау мен Ақтөбе

арасындағы арақашықтықты сызғышпен өлшей отыра, жер бетіндегі арақашықтығын табу.

Оқушылар топта картамен жұмыс жасап, толықтыру жұмысын жүргізеді. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды.

Тақырыпқа түсіненнен кейін оқушылар тағы да өздері мысалдар келтіріп жазады. Тақтадағы мысалдарды дәптерлеріне жазып отырады.

Топтық жұмысты қорғау кезінде:

1. Масштабы берілген картадағы екі қаланың арақашықтығын өлшейді.

2. Масштаб анықтамасын пайдалынып, пропорция құрады.

2. Алынған мәліметтерді жолдастарыңның нәтижелерімен салыстырып, бақылайды, бағалайды

5 - қадам: «Қолдану» Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

15 мин

№ 184 (А деңгейі)

Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 км, оның картадағы ұзындығы 17 мм. Картаның масштабын табыңыздар.

№ 190 (В деңгейі)

Масштабы 1: 60 000 000 картада Алматы мен Астана қосатын кесіндінің ұзындығы 17 мм. Қалалардың жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар.

№192 (1) (С деңгейі)

Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүреді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы 7 см болса, картаның масштабын табыңдар.

Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.

№184

170 км = 170 000 м = 17 000 000 см

17 мм = 1,7 см

Картаның масштабы = =

1 : 10 000 000.

№190

х - екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы

17 мм = 1,7 см

х= 1,7 · 60 000 000 = 102 000 000 (см) = 1 020 000 м = 1020 см.

№192 (1)

1) Мотоциклші неше километр қашықтықты жүрді?

40 · 1,4 = 56 (км)

Нақты арақашықтық - 56 км = 5 600 000 см.

Картадағы арақашықтық 7 см.

Масштаб 1 : 800 000.



Аяқталуы

8 мин

6 - қадам: «Баға беру» 2 мин

Оқушылар, сендер қалай ойлайсыңдар, масштаб не үшін, қайда қолданылады?

Топтарыңда мысал есептер құрастырып, оны талқылап, шешуін табыңдар.

Оқушалар жеке, топта талқылайды.

Әр қайсысы жеке өзі есептер құрастыра отырып, топта талқылайды, шешімін тауып, өзара бағалайды.

Үйге тапсырма 1 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

№185, №189, №192 (2)

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

Рефлексия 2 мин




Қосымша ақпарат 

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы түрлендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтарға байланыс

  • Жеке жұмыс жасау

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім ба?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Токтарбекова Г.К.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Масштаб. Есептер шығару

Автор: Тугамбаева Арайлым Бауржановна

Дата: 17.01.2018

Номер свидетельства: 450537

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "?ыс?а  мерзімді  жоспар. Тригонометриялы?  формулаларды   ?олданып  тестік есептер шы?ару. "
    ["seo_title"] => string(96) "k-ysk-a-mierzimdi-zhospar-trighonomietriialyk-formulalardy-k-oldanyp-tiestik-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "190701"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427210664"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Математика Та?ырыбы: Шы?армашылы? жоба"
    ["seo_title"] => string(43) "matiematika-tak-yryby-shyg-armashylyk-zhoba"
    ["file_id"] => string(6) "297987"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456253370"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "Конспект урока по математике тема "Жа?шаларды ашу. ??сас м?шелерді біріктіру" "
    ["seo_title"] => string(87) "konspiekt-uroka-po-matiematikie-tiema-zhak-shalardy-ashu-u-k-sas-mushielierdi-biriktiru"
    ["file_id"] => string(6) "160033"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421995863"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Конспект урока "Окружность. Площадь круга. Шар." "
    ["seo_title"] => string(48) "konspiekt-uroka-okruzhnost-ploshchad-krugha-shar"
    ["file_id"] => string(6) "136326"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417091153"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(12) "Ше?бер "
    ["seo_title"] => string(10) "shien-bier"
    ["file_id"] => string(6) "182150"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425471953"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства