kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Логикалық есептер және тест жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика пәнінен факультатив. 5 -6 сыныптарға арналған логикалық есептер және тест жинағы. Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат. Бұл авторлық жұмыс Сахатай Төлеуханның.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Логикалық тест және есептер КІТАП»

Алғы сөз


Адамның ерекше қасиеттерінің бірі-есепті дұрыс шеше білу. Біздің мақсатымыз-оқушының математикаға қызығушылығын арттыру, есепті дұрыс шығара білуге үйрету.

Ұсынылып отырған әдістемелік жинақ математикадан дайындығы әр түрлі дәрежедегі оқушыларға арналған. Автор өзі жинақтаған материалдардың математиканы енді-енді ғана түсініп келе жатқан оқушылар үшін, бұрыннан математикамен айналысып, әр түрлі қиындықтағы есептерді шығарып, өзінің математикалық ойлау қабілетін оқулыққа қосымша құралдар арқылы дамытып жүрген оқушылар үшін де, болашақта математик болғысы келетіндерге арналған.

Жинаққа енген тақырыптар әр түрлі. Оның ішінде математикалық ойындар, ауызша есептеу тәсілдері, математикалық тестер мен есептер бар. Ұсынылған материалдарды факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында, сол сияқты математикалық кеш, викториналар өткізу үшін де пайдалануға болады.



















I бөлім. Логикалық есептер


  1. Үстел басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар ыдыстағы 3 жұмыртқаны өзара бөлісіп, әрқайсысы бір-бірден жұмыртқа жеген. Сонда қалай?

Жауабы: атасы, баласы, немересі

  1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

(Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы).

  1. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

(Ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Аслан).

  1. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?






(Әділет – Тайпақ, Еркін – Харкин, Ерлан – Мергеннен келген).

  1. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, - деді. Сонда әркім қандай баға алған?

(Әсем – «5», Анар – «4», Ардақ – «3» алған).

  1. Есепте :



Жауабы: 2


  1. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?







Жауабы: сауысқан қардың үстіне құлады.

  1. Бір адамнан «Сіздің жасыңыз нешеде?» -деп сұрағанда, әлгі адам «Мен өзімнің кейбір туыстарымнан 600 есе үлкенмін,» -деп жауап қайтарды. Осылай болуы мүмкін бе? Егер мүмкін болса, сол адам неше жаста?








Шешуі: Туысының жасын 1 ай деп аламыз:

1 жыл-12ай
1 ай*600 ай=50
жас

Жауабы: Туысы 1 айда, ал өзі 50 жаста.


  1. Бір қарға оңтүстікке қарап отыр, екінші қарға солтүстікке қарап отыр. Сонда бірінші қарға "мен сені" көріп тұрмын депті, екінші қарға да "мен де сені көріп тұрмын" депті. Сонда бұл қалай болғаны?

Жауабы: екі қарға қарама-қарсы тұрған екі бұтақта бір-біріне

қарап отыр.


  1. Пропорциядағы х-тің мәнін тап.









Жауабы: 48

  1. Емен ағашында 6 бұтақ бар, әр бұтақта 5 алмадан бар. Емен ағашында барлығы неше алма бар?


Жауабы: емен ағашында алма өспейді.


  1. Қыз бен жігіт түнде бір жиыннан шығып келе жатса, алдарынан бір топ жігіттер шығып, қыздың жанындағы жігітке тиісе бастайды, сол кезде қыз жігітті құтқарып қалу үшін былай дейді: «Тиіспеңдер, бұл жігіттің шешесі менің шешемнің енесі» сонда қыз бен жігіт бір-біріне қалай жақын.


Жауабы: папасы мен кызы


  1. Менің әкем 31-де болғанда, менің жасым 8-де еді.Қазір менің әкемнің жасы менің жасымнан 2 есе үлкен.Қазір мен неше жастамын?

Шешуі:

31-8=23-әкесі мен баласының жастарының айырмашылығы Баласының жасын 23 деп алайық: 23-8=15-баласы сегіз жаста болғанынан бастап 23-ке толғанына дейін жылдар аралығы 31+15=46-әкесінің жасы Т/ру: 31-8=46-23 46/2=23

Жауабы: Баласының жасы-23, әкесінің жасы – 46.


  1. Аңшы бірден үйіне келгенде әйелі неше балық ауладың- деп сұрайды, сонда аңшы оған "8 жартысыз, 9 құйрықсыз, 6 бассыз" деп жауап берді. Аңшы қандай аң аулады және бұл қандай аңдар?

Жауабы: 10 балық

  1. Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?


? – ?



Жауабы: 5 тауық, 10 қоян.


  1. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа неше минутта піседі.

Жауабы: 4 минутта

  1. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнайды.Әрқайсысы неше сағаттан ойнайды?

Жауабы: 2 сағат


  1. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

Жауабы: бір асықты дорбамен алды.


  1. Бақтиярдың төрт ұлы,олардың әр қайсысы туған қарындасы бар.Бақтиярдың неше баласы бар?


Жауабы: 4-ұл, 1-қыз, 5-баласы бар.

  1. Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді.Оның әр аты неше шақырым жүрді?

Жауабы:25 шақырым

  1. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?






Жауабы: екеуі тең


  1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

Жауабы: 5

  1. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

Жауабы: 4 рет

  1. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды?




Жауабы: 5 бала

  1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

Жауабы: 4 сағат

  1. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады?

Жауабы: үтір

  1. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?

Жауабы: 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам

  1. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?

Жауабы: екеуі тең

  1. Кім барлық тілде сөйлейді?




Жауабы: жаңғырық


  1. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?





Жауабы: құс жолымен

  1. 4 ұлда неше саусақ бар?





Жауабы: 80

  1. Есепте:


АВС АВС

+КРС - КРС

6 9 1 2 6 1


АВС -? Жауабы: 476

  1. Көктем келді. Қолымда бір-бірінен әдемі гүлдер алып серуендеп жүрмін. Қолымдағы екі гүлден басқалары – түймедегі (ромашка), екі гүлден басқалары – раушан (роза) және екі гүлден басқалары – қалампыр (гвоздика). Сонда менің қолымда қанша гүл бар?





Жауабы: 3 гүл-барлығынан бір-бірден.

Қожанасыр туралы есептер.

  1. Байдың мысқылы.

Қожанасыр бір ауылға келгенде ауқатты бір адам үйіне шақырып,ас беріп,одан кейін демалып отырғанда өзінің ақылдылығын көрсеткісі келіп:

-Е-ей, Қожеке, сені керемет есептегіш дейді ғой,ал енді мына есепті шығарып көрші: «Менің жасым 26-да, анау жүгіріп жүрген ұлымның жасы 6-да. Сонда неше жылдан кейін менің жасым ұлымнан 3 есе артық болады.»





Шешуі:

26+х=3(6+х) х = 44 жылдан кейін.


  1. Табадағы самсалар.

Қожанасыр табасы болмай көршісіне келді.Оның табасына бір ретте тек екі рет самса ғана салуға болады.Самсаның бір жағының пісуіне бір минут,екінші жағына бір минут,жиыны:екі минут уақыт жетеді.Қожада үш самса болды.Үй иесі тек үш минут уақыты бар екенін айтып табасын береді.Сонда Қожа үш самсаны үш минутта қалай пісірді?

Шешуі:

Табаға екі самса ғана сиятын болғандықтан,бірінші минутта екі самсаның бір жағын пісіріп алып,екінші минутта біреуін алып тастап, үшінші самсаны саламызда,екінші самсаны аударып салып, бір минут ұстаймыз. Сонда алғашқы самса пісіп болады да, үшінші самсаның бір жағы піседі. Ал үшінші минутта, үшіншісамса мен алып тастаған самсаның екінші жағын пісіреді.

  1. Ағаш кесу.

Қожанасыр бір байға жалданып ағаш кесті. Ол ағаш кесіп болғаннан кейін барлық кесілген бөренелерден 72 шөрке шыққанын байқады.Егер барлық бөренелер 53 рет кесілген болса,бөренелердің бастапқы саны қанша?


Шешуі:

72 шөркенің 74*2=144 ұшы болады. Ал 53 рет кескенде 53*2=106 жаңа ұштар пайда болады. Ескі ұш 144-106=38 Ал әр бөренеде екі ұш болғандықтан, санын бөренелердің табу үшін 38/2=19

Жауабы: 19 бөрене

  1. Осы алқалардың ішінен қайсысы екіден үші қара тастан тұрады?



(1)  (2)  (3)  (4)  (5) 

Жауабы: 3

  1. Тек қана «6» цифрын 3 рет пайдаланып (амал қолданып), 30 санын өрнектеңіздер.

Жауабы: (6*6)-6


  1. 4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді. Ал 10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді?

Жауабы: 4 сағатта жейді.

  1. Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?








Жауабы: 12

  1. Қосындыны есепте:

Жауабы:

  1. Дәптердің құны 30 теңге және альбомнан 5 есе арзан. Бояу қарындаштары альбомнан 3 есе қымбат болса, олардың құны қандай?

Жауабы: 450 теңге


  1. Заттың бағасы алдымен 10 % -ке қымбаттады, ал соңынан

10 %-ке арзандады. Тауар бағасы қалай өзгерді?

Жауабы : өзгерген жоқ


  1. Әділ 3 дәптер мен 10 қалам алып, оның бәріне 206 теңге төледі. Еділ дәл сондай 3 дәптер және 5 қалам алып, 181 теңге төледі. 1 дәптер және 1 қаламның бағаларын тап.

Жауабы: дәптер – 5 теңге, қалам – 52 теңге


  1. Бірінші сан екіншісінен үш есе үлкен, ал ол сандардың айырмасы 43. Кіші санды тап.

Жауабы: 21,5







IІ бөлім. Логикалық тест тапсырмалары

№ 1 Тест

  1. Берілген сандардың қайсысы жұп?

а) 2009

в) 2+0+0+9

с) 200-9

д)200*9

е)200+9

  1. Егер ∆+∆+6=∆+∆+∆+∆ болса, ∆ белгішесімен қандай цифр берілген?

а)2 в)3 с)4 д)5 е)6

  1. Кішкентай Кенгуру зоопаркпен мектептің арасындағы кездескен барлық гүлдердің санын есептейді. Төмендегі сандардың қайсысы оның есебінің нәтижесі болып шықпайды?

а) 9 в) 10 с) 11 д) 12 е) 13





  1. Сатының 21 баспалдағы бар. Ник және Майк осы баспалдақтарды санайды: біреуі төменнен жоғарыға, екіншісі жоғарыдан төменге дейін. Олар Никтің оныншы деп атаған баспалдағында кездеседі. Бұл баспалдаққа Майк қандай нөмір береді?

а)13 в)14 с)11 д)12 е)10

  1. 12323314 санынан, оңнан солға және солдан оңға қарай бірдей оқылатын сан жасау үшін, кем дегенде өшіру керек цифрлар саны

а)1 в)2 с)3 д)4 е)5

  1. Бір шыбынның 6 аяғы, ал бір өрмекшінің 8 аяғы бар. Үш өрмекшінің және екі шыбының аяқтарының қосындысы 10 құс пен қанша иттің аяқтарының қосындысы тең?

а)2 в)3 с)4 д)5 е)6

  1. Қорапта 7 бірдей тіктөртбұрышты тілімше бар. Тағы да сондай бір тілімшеге орын табу үшін, оларды жылжытуға мүмкіншілік бар. Ол үшін ең кем дегенде қанша тілімшені жылжыту керек?

а)1 в)2 с)3 д)4 е)5

  1. Бөлмеде бірнеше мысықтар мен иттер отыр. Бөлмеде мысық аяқтары ит мұрындарынан екі есе көп. Онда

а) иттер санынан екі есе көп

в)иттер санына тең

с) иттер санынан екі есе аз

д) иттер санынан төрт есе аз

е) иттер санынан төрт есе көп

  1. Үстел үстінде үш жәшік тұр: ақ, қызыл және жасыл. Біреуінде шоколадтар жатыр, екіншісінде – алмалар, ал үшіншісі бос. Егер шоколадтар не ақ, не қызыл жәшікте жатса, ал алмалар ақ жәшікте де, жасыл жәшікте де жатпаса, онда шоколадтар қайда жатуы мүмкін?

а) ақ жәшікте

в) қызыл жәшікте

с) жасыл жәшікте

д) қызыл немесе жасыл жәшікте

е) анықтау мүмкін емес

  1. Төмендегі өрнектердің қайсысы басқаларына тең емес?

а)20*10+20*10 в)20/10*20*10 с)20*10*20/10

д)20*10+10*20 е)20/10*20+10

№2 Тест

  1. Мен бір сан таңдадым, оны 7-ге бөлдім, одан кейін 7-ні қостым, одан кейін 7-ге көбейттім. Нәтижесінде 777 саны шықты. Мен қандай сан таңдадым ?

а)7 в)111 с)722 д)567 е)728










  1. Төмендегі суреттің шаршыларына 1, 4, 7, 10 және 13 сандарын жазу керек. Тік үш шаршыға жазылған сандардың қосындысы көлденең үш шаршыға жазылған сандардың қосындысына тең болу керек. Бұл қосындының ең үлкен мәні қаншаға тең?

а)18 в)20 с)21 д)22 е)24

  1. 60 беттен тұратын газетті 15 парақ қағазға басады да, бірінің үстіне бірін қаптайды. Сонан соң қатты ортасынан бүктейді (алынған беттерді 1-ден 60 –қа ден нөмірлейді). Егер мұңдай 7 нөмерлі беті жоғалса, тағы қандай беттер жоғалады?

а)8, 9 және 10 в)8, 42 және 43 с)8, 48 және 49

д)8, 52 және 53

е)8, 53 және 54

  1. Ленидің туылған күніндегі пісірменің соңғы бөлігі кімге бұйыратынын анықтау үшін балалар – Лени, Сара, Ганс, Петр және Арно – айналып шеңберге тұрды (осы айтылған ретте). Олар дауыстап: «КЕН-ГУ-РУ-БЕ-РІ-ШЫҚ» деп айтып, санамақ ойнайды. Әр буын бір балаға түседі. «ШЫҚ» буыны түскен бала ойыннан шығады, ал санамақ қайтадан келесі баладан басталады. Балалар бұл санамақты бір бала қалғанша ойнайды. Лени санақты кімнен басталуын таңдай алады. Пісірме өзінің ең жақсы досы Арноға бұйыруы үшін, Лени санақты кімнен бастауы керек?

а) Лениден

в)Сарадан

с)Ганстан

д)Петрдан

е)Арнодан

  1. Френсис жексенбіде 290 беттен тұратын кітапты оқи бастады. Ол жексенбіден басқа, әр күн сайын 4 беттен оқып отырады. Жексенбі күні ол міндетті түрде тура 25 бет оқиды. Осы кітапты түгел оқып шығу үшін оған неше күн қажет болады?

а)5 в)46 с)40 д)35 е)41

  1. Кедергілермен жүгіру жарысында Андрея , Бранимир, Селестин және Давор бірінші төрт орынды иеленді. Андрея, Бранимир және Давор иеленген орындардың сомасы 6-ға тең. Егер Бранимир мен Селестин иеленген орындарды қосса, дәл сол нәтиже шығады. Бранимирдің нәтижесі Андреяға қарағанда жақсырақ болса, онда бірінші орынды кім алды?

а) Андрея в)Бранимир с)Селестин

д) Давор е)анықтау мүмкін емес

  1. Қандай да бір оң бүтін А саны жайлы 4 тұжырым бар:

А 5-ке бөлінеді

А 11-ге бөлінеді

А 55-ке бөлінеді

А 10-нан кіші

Осы тұжырымдардың екеуі дұрыс, ал қалған екеуі бұрыс екені белгілі. Онда А неге тең?

а)0 в)5 с)10 д)11 е)55

  1. Бастапқыда би мектебінде 39 бала және 23 қыз шұғылданған. Әр апта сайын мектепке 6 жаңа бала және 8 жаңа қыз келеді. Балалар саны мен қыздар саны теңескенде, осы мектепте неше оқушы болады?

а)144 в)154 с)164 д)174 е)184

  1. Смешляндия мемлекетінде әрбір тұрғынның сол аяғы оң аяғынан бір немесе екі өлшемге артық. Бірақ бұған қарамастан дүкендерде аяқ киім өлшемдері бірдей жұптармен сатылады. Серіктес достар, ақшаны үнемдеу мақсатында аяқ киімді бірге сатып алуға бел байлайды. Нәтижесінде әрқайсысы өзіне лайықты аяқ киім жұбын алады және өлшемі 45 және 36 болатын екі аяқ киім артық қалады. Мұндай серіктестік кем дегенде неше адамнан тұруы мүмкін?

а)5 в)6 с)7 д)8 е)9

  1. Сегіз баскетболистің орташа бойы тең 2м 10 см. Кейбіреуі бойы 1м 98 см қысқа. Баскетболистің ішінен қаншасының бойы қысқа?

(A) 1 (B) 2 (C) 3 (D) 4 (E) 7

№3 Тест

  1. Координаталық түзуде –10 санынан оң жақта орналасқан сандарды тап.

а) -3; -4 в) -15; -3; -1

с) -9; -11; -13 д) -6;-8;-14

  1. М (-3,5)нүктесін +4 бірлікке көшіріп, Р нүктесін алды. Р нүктесінің координатасын тап.

а) -1,5 в) -0,5 с) 0,5 д)2,5

  1. Сандарды салыстырып, М – «», N – «=», К – «

3) -11 және -47 4) -2 және 0

а)МККК в)ММКК с) МММК д)ММММ

  1. -30; 0,2; -9; 1/4; -1/2 сандарының қайсысының модулі ең үлкен?

а) 0,2 в) 1/4 с)-1/4 д) -30

  1. Қай теңдік тура?

а) 23= -23 в)-3/5=3/5

с)-0,7=-7/10 д) –(-1,5)= -1,5

  1. Ақиқат сөйлемді таңдап ал.

а) Нөл өзіне-өзі қарама-қарсы

в) М(-2,5) нүктесі К(3,5) нүктесінен оң жақта орналасқан с) | - (-3) | = -3

д) егер -а=7,5 онда а=7,5

  1. Теңдеуді шеш: -х-5,25=11

а) -16,25 в) 16,25 с) 5,75 д) -5,75

  1. Теңсіздіктің барлық бүтін шешімдерін тап: -3

а) -3; -2;-1;0;1 в) -2;-1;0;1;2

с) -3;-4;-2 д) -3;-2;-1;0;2

  1. х-тің қандай мәндерінде: -5 * |х|= -1 теңдігі дұрыс?

а) 5 және -5 в)3/5 және -3/5

с) 0,2 және -0,2 д) 3 және -3

  1. 2-ге еселік бір таңбалы сандар жиыны мен 3-ке еселік бір таңбалы сандар жиынының қиылысуын тап.

а){2;4;6;8} в){3;6;9} с){6} д)ø


№4 Тест

  1. Қосуды орында: -13,1+(-8,6)

а)21,7 в)-21,7 с)4,5 д)-4,5

  1. Қосындысы -14-ке тең болатын екі санды таңдап ал.

а)-9,2 және -4,8 в)9,2 және 4,8

с)11 және (-3) д)-11 және 3

  1. Қосуды орында: -25,1+18,9

а)6,2 в)44 с)-6,2 д)-44

  1. Қосындысы 15-ке тең болатын таңбалы әр түрлі екі санды таңдап ал.

а)10және5 в)-8,7 және 23,7

с)-27 және 12 д)8,7 және -23,7

  1. Өрнектің мәнін тап: -9,3+х, егер: х=16,8 болса

а)-7,5 в)7,5 с)-26,1 д)26,1

  1. Азайтуды орында және сәйкестікті анықта: А) -9,1-14,2 В)-5,3-(-2,5) С) 4,8-6,1 А= -2,8; В= -23,3; Д= -1,3

а)АВД в)АДВ с)ВАД д)АДВ

  1. Өрнектің мәнін тап: х+у-11, мұнда х= -7, у=5

а)-1 в)13 с)-13 д)23

  1. Қандай бірдей екі санның қосындысы -2,4-ке тең?

а)8,6 және -6,2 в)5 және -7,4

с)1,2 және 1,2 д)-1,2 және -1,2

  1. Теңдеуді шеш:-15-(25+х)=6

а)16 в)-46 с)4 д)-18

  1. Өрнектің мәнін тап:18-х-13+4, мұнда х= -12

а)-3 в)21 с)-21 д)15

№5 Тест

  1. а = 5 болса, а *3019 өрнегінің мәні нешеге тең болады?

А.6038 В.15095 С.12076 Д.9057

  1. Ұста 32 г темірден 4 шеге жасады.400 г темірден осындай неше шеге жасауға болады?

А. 50 шеге В. 40 шеге С.45 шеге Д. 80 шеге

  1. Әріпті өрнек түрінде жазып көрсет: х – ты 3 – ке кемітіп, оны 2 есе арттыр.

А. (х+ 3)* 2 В. (х- 3)*2 С. (х*3)+2 Д. х+3+2

  1. Жазылған санды көрсет : жүз жиырма төрт мың алты жүз жиырма бес.

А.1240625 В.625124 С.1256025 Д.124625

  1. Егер 0 – ді 125 – ке көбейтсек, қанша шығады?

А.0 В.125 С.126 Д.1

  1. Теңдеудің шешуі қанша? (х-30)+ 26 =75

А.40 В.101 С.71 Д.79

  1. Бір санды 3 еселегенде нәтижеде 82 мен 11 – дің қосындысына тең сан шығады. Сол санды тап:

А.279 В.30 С.93 Д.31

  1. Қосындының мәнін тап: 40 000 000 + 30000 +2000 +10

А.400032010 В.40032010 С.4032010 Д. 4003210

  1. Ұзындық бірліктерін анықта:

А. мм, см, дм;

В. л, см², дм;

С. г, кг, ц, т;

Д. сағ, мин, сек.

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы х см, ал ені 5 см. Оның ауданын өрнек түрінде жаз.

А.х см + 5 см

В.х см : 5 см

С.х см * 5 см

Д.х см – 5 см

№6 Тест

  1. 68 бен 18 айырмасын 6 – ға көбейтіп, өрнектің мәнін тап:

А.300 В.320 С.50 Д.500

  1. Мына сөйлем есепке теңдеу құр:

Қоймаға кір жуатын машиналар 7 қатарға орналастырылған, әр қатарда 125 – тен. Бірнеше машинаны дүкенге жібергеннен кейін, дүкенде 340 машина қалды. Дүкенге неше машина жіберді?

А.125 – х = 340

В.125 * 7- х =340

С.х – 125* 7=340

Д.125 – 7 – х=340

  1. Дұрыс жауабын тап: 6 кг 400г – 2кг 800г

А.3 кг700г В.4кг400г С.3кг600г Д.3 кг500г

  1. 925017 санында қанша бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, он мыңдық бар?

А.925017 бірл, 9250 онд, 925 жүзд, 925 мыңд, 92 он мыңд.

В. 925010 бірл, 92501 онд, 9250 жүзд, 9250 мыңд, 925 он. мыңд.

С. 925017 бірл,92501 онд,925 жүзд,925 мыңд,925 он. мыңд.

Д. 925017 бірл, 92501 онд,9250 жүзд,925 мыңд,92 он. мыңд.

  1. Дұрыс өрнекті тап:

А. 300:6 =47 +3 С.(90+2)*5500-40

В.600 – 9

  1. Есепте:

Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір – біріне қарама – қарсы жолға шықты.Олардың біреуі80 км/сағ, ал екінші машина 70км/сағ жылдамдықпен жүріп, 4 сағат өткен соң кездесті.Екі қаланың арасы неше км?

А. 500км В. 300км С.550км Д.600км


  1. Нәтижелері өзгермейтін жақшасыз өрнекті тап:

А. (53-33):2

В.(500*4) + (600*3)

С.(300-50)*7

Д.(320-120)*4

  1. Егер 0- ден бастап санасақ, 575 – санының алдында неше сан бар?

А.575 В.572 С.573 Д.574

  1. Екі санның қосындысын және айырмасын тап: 734508 және 345792

А.1180300,388715 В.1083000,388716 С.1080300,388710 Д.1080300,388716

  1. Бірдей 8 жәшікте 64 кг алма бар,осындай 15 ыдыста қанша кг алма бар?

А.102 В.210 С.120 Д.201

№7 Тест

  1. Жеңіл машина 76 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ асфальтпен және 46 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ қара жолмен жүрді.Машина асфальтпен қара жолға қарағанда неше км артық жүрген?

А.163 км В.136 км С.319 км Д.361 км


  1. Алманың бағасы 80 тг, бұл картоптың бағасынан 60 теңгеге қымбат. Картоптың бағасы неше теңге?

А.40 тг В.20 тг С.30 тг Д.35 тг


  1. Айгүл бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Айгүл Азаттан 180 теңге артық төледі. Кітап қанша тұрады? Олардың әрқайсысы неше теңге төледі ?

А.450 тг; 270 тг В.650тг; 570 тг

С.270 тг;645тг

Д.550 тг; 370 тг


  1. Шаршының ауданы 64 дм². Периметрі осы шаршының периметріндей, ал ені осы шаршының қабырғасынын 2 дм қысқа қабырғалы тік төртбұрыштың ауданын тап:

А.60 дм² В.48 дм С.48 дм ² Д.64дм²

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 см, бұл оның енінен 2 есе артық . Ауданын тап:

А.420 см ² В.400 см ² С.250 см² Д.200 см ²

  1. Салыстыр:25*52-103 512*50

А B.= C. Д.?

  1. Миллиметрмен өрнектеп шеш:2 км+7 см+3 мм

А.2037мм В.2073 мм С.3207 мм Д.7203 мм

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы 18 см,ал ені 2 есе кем.

Ені-?

Р-?

А. 2 см, 18 см

В. 5 см, 92 см

С. 8 см, 50 см

Д. 9см, 54 см

  1. Тік төртбұрышты параллелипипедтің өлшемдері 9 дм, 4 дм, 3 дм. Көлемін тап:

А.108 дм³ В.105 дм С.506 дм³ Д.934 дм

  1. Қосарлап жегілген 3 ат 1 сағатта 12 км жол жүрді. Осы уақытта бір ат қанша жол жүрді?

А.8 км

В 4 км

С.12 км

Д.16 км


№8 Тест

  1. 925025 санында қанша бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, он мыңдық бар?

А.925017 бірл, 9250 онд, 925 жүзд, 925 мыңд, 92 он. мыңд.

В. 925010 бірл, 92501 онд, 9250 жүзд, 9250 мыңд, 925 он. мыңд.

С. 925017 бірл, 92501 онд, 925 жүзд, 925 мыңд, 925 он. мыңд.

Д. 925025 бірл, 92502 онд, 9250 жүзд, 925 мыңд, 92 он. мыңд.

  1. 52508 санынан 4 есе кем қандай сан?

А.12137 В.13127 С.13712 Д.13217

  1. Бірінші көбейткіш 18, көбейтіндінің мәні 1332, екінші көбейткіш нешеге тең?

А.47 В.74 С.72 Д.76

  1. Екі санның қосындысын және айырмасын тап: 734508 және 345792

А.1180300, 388715

В.1083000, 388716

С.1080300, 388710

Д.1080300, 388716

  1. 3сағ 47мин+33мин

А.3сағ 20мин

В.4сағ 20мин

С.3сағ 33мин

Д.2сағ 80мин

  1. Сағаттың 1/4 бөлігі неше минут?

А.25мин

В.10мин

С.22мин

Д.15мин

  1. Қосуды орында: 8,36+0,64

А.9 В.90 С.0,90 Д.14,76

  1. 12*X/72,мұндағы x=18

А.3 Б.2 С.4 Д.6

  1. X-3893=1492*2

А.8277 В.6778 С.6877 Д.8677

  1. Салыстыр:25*52-103 526*61

А B.= C. Д.?

№9 Тест

  1. Жеңіл машина 86 км\сағ жылдамдықпен 4 сағат асфальтпен және 46 км\сағ жылдамдықпен 2 сағат қара жолмен жүрді. Машина асфальтпен қара жолға қарағанда неше км артық жүрген?

А.252 В.522 С.225 Д.220

  1. Дүкендегі теледидардің құны 25700 теңге, бұл шаңсорғыштың бағасынан 12300 тг қымбат. Шаңсорғыштың бағасы қанша?

А.13400тг В.14000тг С.13600тг Д.14300тг

  1. Мадина би үйірмесіне қатысады. Оның үйірмесі 16 сағ 45 минутта басталып, 18 сағ 35 минутта аяқталады. Ол би үйірмесіне қанша сағат қатысады?

А.1 сағ 35 мин В.5 мин С.1 сағ 5 мин Д.1 сағ 50 мин

  1. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы 9 см , екінші қабырғасы 5 см қысқа. Ауданын тап:

А.45 см В.40см С.22,5см Д.508см


  1. Өрнектеп есепте:2 сағ 15 мин + 45мин+ 3 сек

А.19083 сек В.10803 сек С.1983 сек Д.10983 сек

    1. Салыстыр:1590 : 5 +1250 450 :50 *403

А. В.= C. Д.?

    1. Миллиметрмен өрнектеп шеш:2 км+7 см+3 мм

А.2037мм В.2073 мм С.3207 мм Д.7203 мм

    1. Тік төртбұрыштың ұзындығы 28 м ал, ені 4 есе кем.

Ені-?

Р-?

А.7м ;70 м В.7 м;95 м С.8 м; 80 м Д.9 м; 70 м

    1. Тік төртбұрышты параллелипипедтің өлшемдері 15 дм, 10 дм, 5 дм.

Көлемін тап:

А.507 дм³ В.705 дм С.275 дм³ Д.750 дм

    1. Бірдей 8 жәшікте 64 кг алма бар,осындай 18 ыдыста қанша кг алма бар?

А.102 В.210 С.144 Д.201

№10 Тест

  1. Теңдеудің шешуі қанша? (х-30)+ 26 =85

А.40 В.101 С.89 Д.79

  1. 268 санынан 2144 саны неше есе артық?

А.8 В.5 С.9 Д.7

  1. 4993-азайғыш, айырманың мәні -1028, азайтқыш нешеге тең?

А.3999 В.3695 С.3965 Д.6593

  1. Ұста 32 г темірден 8 шеге жасады. 400 г темірден осындай неше шеге жасауға болады?

А. 100 шеге

В. 40 шеге

С.45 шеге

Д. 80 шеге

  1. 5 сағ.55 мин + 55 мин

А.6сағ 45 мин

В.5 сағ 50 мин

С.5 сағ 65 мин

Д.6 сағ 50 мин

  1. Сағаттың 1/3 бөлігі неше минут?

А.20мин В.35 мин С.25 мин Д.27 мин

  1. Қосындының мәнін тап: 40 000 000 + 30000 +2000 +25

А.400032010

В.40032010

С.4032010

Д. 4003225

  1. Х:18+14825, мұндағы х=7200

А.15522

В.12255

С.16225

Д.15225

  1. 763: х =854-745

А.9 В.7 С.8 Д.10

  1. Өрнектің мәнін тап:6³ + 5² *10

А.646 В.664 С.654 Д.466

№11 Тест

  1. Санды ондық үлеске дейін дөңгелекте: 366,134

А) 366,1 Ә) 366 Б) 370

  1. Бөлшекті жүздік үлеске дейін дөңгелекте: 570,072

А) 570 Ә) 600 Б) 570,07

  1. 0,284; 9,85 сандарының арифметикалық ортасын тап.

А) 506,7 Ә) 50,67 Б) 5,067

  1. 0,0101; 0,0202 сандарының арифметикалық ортасын тап, жүздік үлеске дейін жуықта

А) 0,02 Ә) 0,03 Б) 0,01

  1. Санды бүтінге дейін дөңгелекте: 234,785

А) 230 Ә) 235 Б) 234,8

  1. Бөлшекті жүздік үлеске дейін дөңгелекте: 951,137

А) 951,14 Ә) 951 Б) 1000

  1. 5,71; 2,93 сандарының арифметикалық ортасын тап.

А) 4,32 Ә) 43,2 Б) 432

  1. 570,72; 36,376 сандарының арифметикалық ортасын тап, жүздік үлеске дейін жуықта

А) 303,6 Ә) 30,355 Б) 303,55

  1. Санды бүтінге дейін дөңгелекте: 309,937

А) 309 Ә) 310 Б) 310,9

  1. Бөлшекті жүздік үлеске дейін дөңгелекте: 284,193

А) 300 Ә) 290 Б) 284,2

№12 Тест

  1. Есепте:  .дұрыс жауабы:.

(A) 2001 (B) 3 (C) 2 (D) 1 (E) 


  1. Біз нені көреміз,егер бүктелген парақты аударсақ ?


(A) (B) (C) (D) (E)

  1. Айнымалысы бар өрнектің мәнін тап: 3с-11,5 , мұндағы с=2,8 (A) 2 (B) 2,3
    (C) 10 (D) 3,5

(E) 25

  1. Қ

    андай фигура бұл суретте жоқ?

(Aдөңгелек (Bбесбұрыш

(C) квадрат (Dтөртбұрыш

(Eбарлық фигура бар

  1. Кәрі шал Бенджаменге бақшадан қоймаға дейін 108 қап орех апару керек. Ол өзінің немерелерін көмекке шақырды. Немерлері топқа бөлінді, әрбір топқа 3 қап орех тиді. Бенджаменде қанша немересі бар?

(A) 108 (B) 96 (C) 72

(D) 36 (E) 27

  1. Осы сандардың ішінен қайсысы көбейту кестесінде жиі кездеседі?

(A) 36 (B) 42 (C) 56
(D) 64 (E) 27

  1. Қ

    ай кольцоны алсақ, бұл конструкция бұзылады?



(A) A (B) В (C) С

(D) D (E) ондай кольцо жоқ

  1. Егер барлығы 2000 дұрыс бүтін сан 2001-ге тең болса, онда олардың айырмасы қандай /

(A) 1 (B) 2 (C) 2000

(D) 2001 (E) 25

  1. Айжан бантикті оң жақ құлағының үстіне байлады. Айнаның алдында ары-бері қарай бастады? Осының ішіндегі қанша суретті көруге болады?

(A) 0 (B) 1 (C) 2 (D) 3 (E) 4


  1. 24, 40 және 120 сандарының ЕКОЕ –ін тап: (A) 120 (B)240  (C) 160 (D) 200 (E) 210


13 Тест

  1. Жүгіру сайысы 10 км арақашықтық бойынша болды.Джонни Джогтер 9 641м жүгірді,кейін 3 456 дм,соңында 12 340 мм жүгіріп тоқтады.Финишқа дейін қанша сантиметр қалды?

(A) 1060 см (B) 160 см (C) 106 см
(D) 100 см (E) 96 см

  1. Осы суреттің ішінде қайсының ауданы ең кіші?

Жауабы: в

  1. Өрнектің мәнін тап: а23 ,мұнда а= -1, в=-2 (А) 7 (B-7 (C-9 (D9 (E)18


  1. Теңдеуді шеш: 4/х=-12 (A) 48 (B) -48 (C) 3

(D)- 1/3 (E) анықтау мүмкін емес


  1. С

    юзаннаға анасы бау-бақшадан салат салатын жерді берді.Осы суретте жердің планы көрсетілген. Бұрыштары тік өлшемдері көрсетілген. Осы жерге Сюзаннаға қанша дақылдар керек болды? Егерде 10 квадрат жерге 0,1 дақыл кетсе.





(A) 7 (B) 8 (C) 9 (D) 10 (E) 11

  1. жай бөлшегін ондық бөлшекпен алмастыр. (A) 3,125 в)0,0316

(C)0,312

(D) 0,3125

(E) 0,0312(5)

  1. К

    убик тор көз қағаздың үстінде жатыр суреттегідей.Кубик бүйір жағымен суреттегі нұсқаумен орын ауыстырды.Неше түкте үстіңгі жағын да болады?

 

(A) 1 (B) 2 (C) 3 (D) 4 (E)6

  1. Теңдеуді шеш: у/6=-3

(A) -18 (В) 18 (С) 2 (D) -2 (Е) 6


  1. Суреттегі барлық денелердің көлемі бірдей. Бояғанда

олардың ішінен қайсысына көп бояу кетеді?





Жауабы: А


10.31,021; 19,193 сандарының арифметикалық ортасын тап.

А) 25,107 Ә) 251,07 Б) 2510,7











Қортынды.


Мектептегі кез келген проблеманың оң шешілуі білікті, білімді мұғалімге байланысты. Мұғалімсіз ешқандай оқулық, әдістемелік құралға жан бітпейді.

Осы жерде ең алдымен ойымызға ұлтымыздың ұлы ұзтазы Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші – керек құралдар...» деген сөзі оралады.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі – білім беру сапасын арттырудың негізгі факторы.

Мұғалім бағдарлама, оқулық, оқушы арасын байланыстырушы. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысындағы басты белгілері-ұзтаздың жеке басының білімділігі, шеберлігі өмір танымы. Сондықтан осы жинақтың басты бағыт педагогтерді жек тұлға ретінде қалыптастыру, оқушының жеке тұлға лық дамуының негізін жасау, жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру арқылы мектептегі білім сапасын арттыру болып табылады.















Пайдаланған әдебиеттер.


1. «Математика» - журнал №2 2009 жыл

2. Қ.Ш.Шаяхметова, М.Б.Мендіғалиева «Математикалық мозайка» (математикадан сыныптан тыс жұмыстарға арналған материалдар) Алматы «Рауан» 1997 жыл.

3. «Математикалық сандықша» есептер жинағы Қостанай қаласы 2005 жыл

4. Т.Р.Әлімбай «Матиматикадан сыныптан тыс жұмыстар мен халық есептері» Алматы «Рауан» 1997 жыл

5. Т.А.Алмұратова, Н.Б.Снегуренко «Математикадан тест тапсырмалары» (жалпы білім беретін мектептің 5-6-сыныптарына арналған) Алматы «Атамұра » 2005жыл
























Мазмұны


Алғы сөз 1

I бөлім. Логикалық есептер 2

Қожанасыр туралы есептер. 10

IІ бөлім. Логикалық тест тапсырмалары 15

1 Тест 16

2 Тест 17

3 Тест 18

4 Тест 19

5 Тест 20

6 Тест 21

7 Тест 22

8 Тест 23

9 Тест 24

10 Тест 25

11 Тест 26

12 Тест 27

13 Тест 29

Қортынды. 32

Пайдаланған әдебиеттер. 33




15



Просмотр содержимого документа
«титульный жинақ наушабай Төлеухан»






































Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің

«Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» ММ






(оқу-әдістемелік құрал)

5-6 сынып





2016 жыл





Құрастырған: Сахатай Төлеухан

Н.Наушабаев атындағы Затобол

мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі









Осы жинақты 5 – 6 сынып оқушыларына қосымша, сондай-ақ сабақтан тыс және үйірме жұмыстарында қолдану үшін ұсынып отырмын.

Жинақтағы тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, қызығушылығын арттыруға, есептерді тез орындауды, сонымен қатар бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған.

Нағыз кітапшаны оқу-әдістемелік құрал ретінде, жас мамандардың өзінің қызметінде пайдалануға ұсынамын.







































Просмотр содержимого документа
«факультитив математика»

Келісілген Педагогикалық кеңесінде

Н.Наушабаев атындағы қаралды

Затобол мектеп-гимназия Хаттама №___ __.__.2016 ж.

мектеп директоры

________ Ә.Ж. Ахметов









5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру» факультатив сабағының бағдарламасы






















Мұғалім: Сахатай Т.


2016-2017 оқу жылы

«Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру» үйірменің бағдарламасы (5 сынып)

Аптасына 1 сағ., барлығы 34 сағ.

Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызуғушылығын арттыру, есепті дұрыс шығара білуге үйрету.

Міндеті:

  1. Оқушылардың математикалық білім мен біліктілігін арттыру.

  2. Оқушылырдың ойлау қабілетін арттыру.

  3. Оқушылардың ауызша есептеу технологиясын менгеру.


Түсінік хат

Адамның ерекше қасиеттерінің бірі – есепті дұрыс шеше білу. Біздің басты мақсатымыз – оқушының математикаға қызуғушылығын арттыру, есепті дұрыс шығара білуге үйрету.

Ұсынылып отырған бағдарлама математикадан дайындағы әр түрлі дәрежедегі оқушылырға арналған. Бағдарламадағы материалдар математиканы енді-енді ғана түсініп келе жатқан оқушылар үшін, бұрыннан математикамен айналысып, әр түрлі қиындықтағы есептерді шығарып, өзінің математикалық ойлау қабілетін оқулыққа қосымша құралдар арқылы дамытып жүрген оқушылар үшін де, болашақта математик болғысы келетіндерге арналған.

Бағдарламаға енген тақырыптар әр түрлі. Оның ішінде математикалық ойындар, ауызша есептеу тәсілдері, математикалық тестер мен есептер бар. Ұсынылған материалдарды факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында, сол сияқты математикалық кеш, викториналар өткізу үшін де кеңінен пайдалануға болады.












«Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру» тақырыптық жоспары (5 сынып)

Аптасына 1 сағ., барлығы 34 сағ.

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

Логикалық есептер

4 сағ.


1

Сөйлем есептер

1


2

Сыйқырлы есептер

1


3

Математикалық ребустар

1


4

Сөз жұмбақтар

1


Қожанасыр туралы аңыз есептер

2 сағ.


5

Қожанасыр туралы аңыз есептер

2


Логикалық тест тапсырмалары

13 сағ.

6

Тест 1

1


7

Тест 2

1


8

Тест 3

1


9

Тест 4

1


10

Тест 5

1


11

Тест 6

1


12

Тест 7

1


13

Тест 8

1


14

Тест 9

1


15

Тест 10

1


16

Тест 11

1


17

Тест 12

1


18

Тест 13

1


Халық есептері

6 сағ.


19

Уақытқа байланысты өлшем бірліктер

2


20

Ұзындыққа байланысты өлшем бірліктер

2


21

Салмаққа байланысты өлшем бірліктер

2


Натурал сандардың бөлінгіштігі

3 сағ.


22

ЕҮОБ табу

1


23

ЕКОЕ табу

1


24

Жай және құрама сандар

1


Жай бөлшектерге амалдар қолдану

3 сағ.


25

Жай бөлшектерді қосу және азайту

1


26

Жай бөлшектерді көбейту

1


27

Жай бөлшектерді бөлу

1


Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

3 сағ.


28

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

1


29

Ондық бөлшектерді көбейту

1


30

Ондық бөлшектерді бөлу

1


































«Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру» үйірменің бағдарламасы

  1. Логикалық есептер – 4 сағ.

Соңғы кезде мектептерде микрокалькуляторлар қолданыла бастады, бірақ олар ауызша есептеудің қажеттілігін алып тастай алмайды. Себебі ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыруға итермелейді.


  1. Қожанасыр туралы есептер – 2 сағ.

Халқымыздың ертегілерінде, аңыз әңгімелерінде, шешендік пен тапқыр сөздерінде математикамен байланысты тұстарын көптеп байқауға болады. Соның ішінде әлемге әйгілі мысқылшыл Қожанасыр туралы аңыздарда көп кездеседі. Себебі Қожанасыр тек мысқылшыл болуымен қатар математикаға тапқыр болуыменде ерекше болған.


  1. Логикалық тест тапсырмалары – 13 сағ.

Ана тілінің қадір-қасиетін түсініп, оны сыйлай білетін дамытуға көмегін тигізеді. Ғылым тарихында талас көп. Сондықтан есептер де мағынасы жағынан ұқсас болғанмен, мазмұны жағынан әр-түрлі есептер қарастырылған.


  1. Халық есептері – 6 сағ.

Ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары туралы түсінік беругу болатын есептер енгізілген.


  1. Натурал сандардың бөлінгіштігі – 3 сағ.

Жай және құрама сандар, ЕҮОБ, ЕКОЕ табу, өз ара жай сандар.


  1. Жай бөлшектерге амалдар қолдану – 3 сағ.

Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру, жай бөлшектерге әр түрлі амалдар қолдану.


  1. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану – 3 сағ.

Ондық бөлшектерді қосу, азайту, бөлу, көбейту амалдарын қайталау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Логикалық есептер және тест жинағы

Автор: Сахатай Толеухан

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396129

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Логикалы? есептер (факультативтік курс) 4 сынып "
    ["seo_title"] => string(49) "loghikalyk-iesieptier-fakul-tativtik-kurs-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "186054"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426267909"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Бір айнымалысы  бар сызы?ты? те?деуге есептер шы?ару"
    ["seo_title"] => string(53) "birainymalysybarsyzyktyktiendieughieiesieptiershygaru"
    ["file_id"] => string(6) "284564"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453997007"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "Математика п?нінен "Рационал сандарды ?осу ж?не азайту" атты та?ырыпта саба? жоспары  (6-сынып) "
    ["seo_title"] => string(98) "matiematika-p-ninien-ratsional-sandardy-k-osu-zh-nie-azaitu-atty-tak-yrypta-sabak-zhospary-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "203551"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429515201"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "?ыс?аша к?бейту формуласына есептер шы?ару "
    ["seo_title"] => string(51) "k-ysk-asha-kobieitu-formulasyna-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "196859"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428134167"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Дара ж?не к?рделі сан есім 4-сынып"
    ["seo_title"] => string(31) "darazhniekurdielisaniesim4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "288830"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454681942"
  }
}




ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства