Сабақтың басы | І.Ұйымдас тыру 1. Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру. 2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. | Психологиялық дайындық Ойға толсын санамыз, Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, Тату болсын арамыз. (құшақтасып көріседі, қол алысып амандасады.) | | Суреттер,әртүр лі пішіндер |
Сабақтың ортасы | ІІ.Жаңа сабақ.Ширату жаттығуы. Сергіту сәті | Ойлан! 1. Кеседе 8 өрік бар. Айдос 2 өрікті жеді. Қанша қалды? 2. Бақшада 6 раушангүл мен 3 түймедағы өсіп тұр. Барлығы неше гүл өсіп тұр? 3. Сыныпта 5 шкаф, ал одан 2 - уі кем терезе бар. Сыныпта неше терезе бар? 4. Үстіңгі сөреде 4 кітап, ал астыңғы сөреде 3 кітап артық. Астыңғы сөреде неше кітап? Мағынаны тану Ақшақар және жеті гном(Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)үшқабатты үйде тұрады. Әр қабатта үш бөлмеден(суреттегідей). Үйдегі әр тұрғынның жеке бөлмелері бар, ал артық қалған бөлме-ортақ қонақ бөлме. Егер: (1)Жексенбі бірінші қабатта тұрмаса; (2)Ақшақар Дүйсенбінің тура үстінде тұрса, әрі Сейсенбінің оң жақ көршісі болса; (3)Сәрсенбі Ақшақардың оң жағындағы жоғарыдағы бөлмеде тұрса; (4)Сенбі Ақшақардың тура үстіндегі бөлмеде тұрса; (5)Жұма Бейсенбінің тура үстіндегі бөлмеде тұрса; Кім қай бөлмеде тұрады? 7-ші бөлме 8-ші бөлме 9-шы бөлме 4-ші бөлме 5-ші бөлме 6-шы бөлме 1-ші бөлме 2-ші бөлме 3-ші бөлме Жауабы: Ақшақар – 5, Дүйсенбі – 2, Сейсенбі – 4, Сәрсенбі – 9, Бейсенбі – 3, Жұма – 6, Сенбі – 8 және Жексенбі – 7 (нөмірі 1- бөлме – ортақ қонақ бөлме). Шешуі. 1) Ақшақар төменгі және жоғарғы қабаттарда тұрмайды, себебі жоғарысында Сенбі, ал астында Дүйсенбі тұратындықтан. 2) Ақшақар ең шеткі оң жақтағы және ең шеткі сол жақтағы бөлмеде тұрмайды, себебі Сәрсенбі Ақшақардың оң жағындағы жоғарыдағы бөлмеде, әрі Ақшақар Сейсенбінің оң жақ көршісі болғандықтан. Осыдан шығатыны Ақшақар ортадағы нөмірі 5-бөлмеде тұрады. 3) Бұдан: нөмірі 2-бөлмеде Дүйсенбі, нөмірі 8-бөлмеде Сенбі, нөмірі 9-бөлмеде Сәрсенбі, нөмірі 4- бөлмеде Сейсенбі тұратындығы шығады. 4)Жұма Бейсенбінің тура үстіндегі бөлмеде тұратындықтан 1, 7 және 3-бөлмелерде тұрмайды. Сондықтан Жұма 6-бөлмеде, ал Бейсенбі сәйкесінше 3-бөлмеде тұрады. 5)Екі бөлме қалды– 1 және 7. Жексенбі нөмірі 1-бөлмеде тұрмайды(бірінші қабатта тұрмағандықтан)олай болса 7-бөлме Жексенбінікі, ал нөмірі 1-бөлме– ортақ қонақ бөлме 2. Қайрат пен Әлима бір сыныпта оқиды. Қайраттың ұл сыныптастары қыз сыныптастарына қарағанда екі есе көп. Ал Әлиманың ұл сыныптастары қыз сыныптастарына қарағанда 9-ға артық. Сыныпта қанша оқушы бар? Жауабы: 22. Шешуі. Әлима қыз болғандықтан ұлдар қыздарға қарағанда 8-ге артық. Егер Қайрат және қалған ұлдардың жартысы сыныптан шығып кетсе, онда сыныпта қалған ұлдар мен қыздардың саны бірдей болады, яғни«артық» 8 ұл сыныптан шығып кеткен. Олай болса ұлдар7*2+1=15, ал барлық бала саны 15+7 =22. 3. Көлшікте бірнеше балық болыпты. Бірінші күні көлшікке өзен арқылы көлшіктегі балықтың саны қанша болса, сонша балықтар жүзіп келеді, бірақ 16 балық көлшіктен жүзіп кетеді. Екінші күні тағы да осы екінші күнгі көлшіктегі балықтардың санындай балықтар жүзіп келеді, бірақ 16 балық көлшіктен жүзіп кетеді. Дәл осындай жағдай үшінші күні де, төртінші күні де қайталанады, осыдан кейін көлшікте бірде-бір балық қалмайды. Көлшікте бастапқыда қанша балық болған? Жауабы: 15. Шешуі. Есепті соңынан бастап шығарамыз. Төртінші күні 16 балық жүзіп кеткеннен кейін көлшікте бірде-бір балық қалмады, олай болса үшінші күннің соңында көлшікте 8 балық болған (төртінші күні көлшікке ондағы балықтар санындай балықтар жүзіп келгендіктен). Үшінші күннің соңында 8 балық қалған, яғни 16 балық жүзіп кетпегенде көлшікте 24 балық болар еді. Олай болса екінші күннің соңында көлшікте 12 балық болған. Егер де екінші күні 16 балық көлшіктен жүзіп кетпегенде көлшікте 28 балық болар еді. Олай болса бірінші күннің соңында көлшікте 14 балық болған. Егер де бірінші күні 16 балық көлшіктен жүзіп кетпегенде көлшікте 30 балық болар еді. Олай болса бастапқыда көлшікте 15 балық болған. Кері байланыс Рефлексия | «Өзін өзі бағалау» әдісі Егер оқушы барлық сұраққа жауап берсе Бір немесе екі сұраққа жауап берсе Егер мүлде дұрыс жауап бермесе | Үлестір мелі материалдар |