kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ызы?ты есептер» сайысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:  21.11. 2014

Та?ырыбы:  «?ызы?ты есептер» сайысы.

Ма?саты:   

О?ушыларды? ой-?рісін ке?ейту, логикалы? ойлауын дамыту.

Есептеу да?дыларын жетілдіру;

Математикалы? тілде с?йлеуге,??ыптылы??а баулу.

К?рнекілігі:  суреттер, плакаттар.

?атысушылар:  1, 2, 3, 4 сыныптар (3-4 о?ушыдан)

Команда?а ?ажетті ??ралдар:

• ?атысушыларды? аты-ж?ні жазыл?ан бейдж

• Команда?а ат ойлап табу,капитанын сайлау.

Ойын ережесі:

Ойын?а 3-4 о?ушыдан 4 команда ?атысады.?р команданы? ма?саты к?бірек ?пай жинау.Ол ?шін ойын с?ра?тарына д?рыс жауап берумен шектелмей, ?з жауаптарына к?бірек ставка ?ою керек.Турларда ?р с?ра?ты? ?з ба?асы болады, ойлану?а 3 минут уа?ыт беріледі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ызы?ты есептер» сайысы.»

Күні: 21.11. 2014

Тақырыбы: «Қызықты есептер» сайысы.

Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.

Есептеу дағдыларын жетілдіру;

Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар.

Қатысушылар: 1, 2, 3, 4 сыныптар (3-4 оқушыдан)

Командаға қажетті құралдар:

• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж

• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.

Ойын ережесі:

Ойынға 3-4 оқушыдан 4 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 3 минут уақыт беріледі.

Жүру барысы:


І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу.

Нөмер суырту.

Топтың атын беру.

Кештің мақсаты мен жүрісімен таныстыру.


І топ. ҰШҚЫРЛАР.

ІІтоп. ТАПҚЫРЛАР.

ІІІтоп. ОЙШЫЛДАР.

ІV топ. ДАРЫНДЫЛАР.


ІІІ Жүрісі:

Ұйымдастыру бөлімі:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 1-4 сыныптар арасында өтетін «Қызықты есептер» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.

Сайыс сағатымызда өлең есептер, логикалық есептер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс

айтылған жауаптарға, Әділ - қазылар алқасы бағалап отырады.

Әділ – қазылармен таныстырып өтейік.

Мектеп директоры: Абуғалиева А

Мектеп тәлімгері: Есмағанбетова А

Ағылшын пәні мұғалімі: Еспағанбетова А

Бүгінгі сайыс төрінде,

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысын.

Мұнда қызық тағы бар,

Жаңылтпаш, сурет бәрі бар,

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Біліктілігі мен білімін,

Сараптап өздеріңіз көріңіздер,

Ұқыптылықпен тыңдай отырып,

Оларға баға беріңіздер!

1 – сайыс. Таныстыру.

(Әр сынып өз тобын таныстырады. Топтың атын қорғау, ұраны, топ мүшелерін таныстыру.)

2 – сайыс. «Ойнада ойлан!»

Кім жақсы билейді? Ортаға әр сыныптан 1 оқушыдан шығамыз. Жұмбақты есептер шешеміз.

Жұмбақты есептер

1 – сынып

Мұз айдында жеті бала.

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала.

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың

Санын айтсаң –жарадың!

9 бала

2 - сынып

Жаңа ғана шалғында,

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып.

5 бұзау

3 – сынып

Табақта бес алма,

Қолымда үш алма,

Інімде екі алма,

Қосқанда барлығын.

Болады неше алма?

Бір алма атама,

Бір алма әжеме,

Бір алма апама,

Бір алма әкеме,

Нешеуін алады?

Нешеуі қалады?


4 – сынып

Тал басында,

Тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да,

Үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның

Жұлынып,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?

4 жапырақ

3 – сайыс. «Кім жүйрік - ойға!»

Оқушылар бұл сайыста сіздерге төрт тапсырма беріледі.

4 тапсырмада бір оқушыдан шығасыздар.

1 тапсырма. Скакалкамен секіріп барып логикалық есепті шешіп қайта келу.


1 – сынып.

Аптаның жеті күнің ата.

2 – сынып.

Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

12 құс. (Тордан ұша алмайды)

3 – сынып.

Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша?

6 кг. Жартысы 3 кг, онда тұтасы 6 кг болады.

4 – сынып.

3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек?

3 сағат

2 – тапсырма.

Допты жерге соғу арқылы логикалық есепті шешіп, қайта келу.

1 – сынып.

Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді?

7 құлпынай

2 – сынып.

2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?

2 сағат ойнайды

3 – сынып.

Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады.

5 бұрыш

4 – сынып.

Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар?

8

3 – тапсырма.

Кругты белге қойып айналдыру арқылы. Логикалық есептерді шығару. Қайта орына келу.

1 – сынып.

Бұтақта 6торғай отыр еді. 3 торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?

3 торғай

2 – сынып.

Портфелімде әуелі,

Он үш жаңғақ бар еді,

Науат пенен Сағатқа,

Самат пенен Маратқа,

Апасына Қанаттың,

Екі-екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын

Айта қойшы, ал қарағым?

3жаңғақ

3 – сынып.

Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек?

6 үйрек

4 – сынып.

Математикалық өлең есеп

Көлден ұшты 50 қаз

Қайтып қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді?

(30 қаз)

4 тапсырма. Бұл сайыста әр сынып кругка кіріп. Қос аяқтап серіру арқылы барып, келіп есепті шығару.

1 – сынып.

Оқу жылының алғашқы айы қандай?

(Қыркүйек)

2 – сынып.

1 ғасырда неше жыл бар?

(100)

3 – сынып.

Кез келген санды бірге көбейткенде...

(Сол санның өзі шығады)

4 – сынып.

Периметрді қалай табамыз?

( Барлық қабырғаларын қосамыз)


Математика

Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрің де

Математика -

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

- Осымен, балалар «Қызықты есептер» атты сайыс сағатын аяқтай отырып.. Жеңімпаз топты анықтау үшін алқазыларға сөз кезегін береміз.

Сау, болыңыздар!
















































Жаңа Жанбай бастауыш мектебі











«Қызықты есептер» сайысы


1 – 4 сыныптар














Өткізген: Ахметова А

Дайырова Г











2014 – 2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ызы?ты есептер» сайысы.

Автор: Ахметова Айсауле Асхат?ызы

Дата: 19.12.2015

Номер свидетельства: 267949


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства