Просмотр содержимого документа
««Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.»»
Пәні:математика
Сынып: 5 «в »
Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау туралы мағлұмат беру.Оқушыларды қосудың (көбейтудің) ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектегі қосылғыштардың (көбейткіштердің) орындарын ауыстыру арқылы топтап жазып , ықшамдауға үйрету.Есептің өрнегін құрастырып , ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерді пайдаланып , құрастырылғын өрнекті ықшамдап , мәнін табуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың типі: білім-білік дағдысын дамыту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
“Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркейуі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа” Н.Ә.Назарбаев
Үй тапсырмасын тексеру №355,№358ережені сұрақ-жауап арқылы сұрау
Мен неден қателестім ? (ойын)
3782 + 6753 = 3782 + 4893
4893+6753=4893+3782
6753+ 4893 =6753+ 3782
Даярлық тапсырмасы
Көбейтіндіні табыңдар: 20·15· 4· 5
1-тәсіл
2-тәсіл
Көбейтінді өзгерді ма?
Қай тәсіл тиімді?
Жаңа сабақ
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: а+b=b+a
Қосудың терімділік қасиеті: (a+b)+c=a+(b+c)
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: аb=ba
Көбейтудің терімділік қасиеті: (a*b)*c=a*(b*c)
Санды өрнектердiң және әрiптi өрнектердiң мәндерiн табу үшiн алдымен оларды ықшамдап алған тиiмдi.
Қосу амалының қасиеттерiн пайдаланып, санды өрнектердi және әрiптi өрнектердi ықшамдауды қарастырайық.
Қосудың ауыстырымдылық қасиетi: а+b= b + а.
Қосудың терiмдiлiк қасиетi: (а+b)+с=а+(b+с).
Қосудың ауыстырымдылық және терiмдiлiк қасиеттерiн пайдаланып, өрнектердегi қосылғыштардың орындарын ауыстырып және оларды топтап жазып ықшамдауға болады.
Көбейтудiң ауыстырымдылық және терiмдiлiк қасиеттерiн пайдаланып, өрнектердегi көбейткiштердiң орындарын ауыстырып және оларды топтап жазып ықшамдауға болады.
Сергіту сәті: Ойын«Тапқыштар» Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту. Тапқырларға арналған әзіл викторина -Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде) -Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді) -Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр) -Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады) -Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені) -Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды) -Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты) -Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады) -Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс) -Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?) -Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады) Кім жүйрік ?
x
y
z
xyz
17
5
2
20
29
5
5
8
12
33
4
25
50
37
2
Қорытынды тест:
1. n · (в · с) = (n · в) · с теңбе-теңдігі
А)көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
Ә)көбейтудің терімділік қасиеті
2. 4·222·5 сандарының көбейтіндісінің мәні:
А) 8885 Ә) 4445 Б) 4440
3. bc = 32 екені белгілі. b 6 c неге тең?
Ә) 32 Б) 6 b с
4. а ·в өрнегі -------------- деп аталады.
5. 44 ·25 көбейтіндісінің мәні :
А) 440 Ә) 400 Б)1100
Сабақты бекіту кезеңі: (оқушылардан сұрап үш тілде айту)
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не? Мысал келтір.
Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Үш тілді жетік меңгерген, іскер, шығармашыл, дүниетанымы мол, интеллектуалды тұлға, болашақта да біліміне сай қоғамда өз орнын табады.
Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.