kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5-сынып жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-сынып математикадан ашық сабақ. Көбейтудің ауыстырымдылық,терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5-сынып жоспар»

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Б.Себепбай ДТЖО А.Жексенова

__________________________ _____________________________





Тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыты бойынша

5 «б» сыныбына арналған

сынып сағаттарының жоспары



Ерғалиева Ботакөз Ерғалиқызы





С. Жаңғабылов атындығы орта мектеп

2016 – 2017 оқу жылы



Бағыты

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан


1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

Мен – өз Отанымның патриотымын

(тәрбие сағаты)

1.09.2016

Көтеріліс көсемі-Амангелді

(семинар)

14.10.2016

Теңге – тәуелсіздіктің айқын бейнесі

(дәріс)

11.11.2016


Тәуелсіздік – тұғырым

(тәрбие сағаты)

9.12.2016

2

Рухани – адамгершілік тәрбие


С.Жаңғабыловтың туғанына 140 жыл (дәріс)

7.10.2016

Зорлық – зомбылыққа қарсымыз

(ой бөлісу)

25.11.2016


3

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру





4

Отбасы тәрбиесі

Біз – бақытты отбасы

(сайыс)

10.09.2016



Ұл ұяты – әкеде,

Қыз ұяты – шешеде

(семинар)

2.12.2016

5

Ұлттық тәрбие

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

(пікірлесу)

23.09.2016

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық

(семинар)

28.10.2016



6

Көп мәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие



Жүз жасаған бәйтерегім

Ж.Жабаев туралы

(дәріс)

18.11.2016


7

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Табиғат – тал бесігім

(саяхат сабақ)

16.09.2016

Ұстазым–ұлағатым,

үлгі-өнегем

(тәрбие сағаты)

1.10.2016


Маңғыстау табиғаты

(саяхат сабақ)

23.12.2016



8

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік

(дәріс)

2.09.2016

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

(дәріс)

21.10.2016



Бағыты

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір


Мамыр


1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

Бұл-біздің Қазақстан! 

(танымдық сағат)

13.01.17

Маңғаз Маңғыстауым!

(танымдық сағат)

10.02.17



Ерлікке тағзым

(сынып сағаты)

12.05.17

2

Рухани – адамгершілік тәрбие

Менің сүйікті кейіпкерім

(пікірлесу)

27.01.17

Адамгершілік-асыл қасиет

(пікірлесу)

3.02.17





3

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру







Нашақорлық - ғасыр індеті

(дөңгелек стол)

21.04.17



4

Отбасы тәрбиесі



Ана - өмір шуағы!

(тәрбие сағаты)

3.03.17

Отбасы – алтын діңгек!

(танымдық сағат)

7.04.17


5

Ұлттық тәрбие



Ибалы адам,иманды қоғам!

(ой бөлісу)

17.04.17



Ата салтым – асыл қазынам

(сынып сағаты)

10.03.17


Ұранды елдің ұланымыз

(тәрбие сағаты)

5.05.17

6

Көп мәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие




Наурыз - Ұлыстың ұлы күні!

17.03.17

Қазақстан – ұлыстар мекені

(тәрбие сағаты)

28.04.17

Кітап –білім бұлағы

(дебат)

19.05.17

7

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

ЭКСПО-2017

Қазақстанның болашағы

20.01.17

(танымдық сағат)






Таза болса табиғат...

(экскурсия)

14.04.17


8

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі


Ұлы тұлғалар!

(сынып сағаты)

24.02.17































Тәрбие жұмысының басым бағыттары. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие 2.Рухани-адамгершілік тәрбие

3.Ұлттық тәрбие

4.Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

7. Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты


Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды. Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға; ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке; елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына; өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне; басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына; өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне; құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына; заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.

Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие. Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына; өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына; діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; ар-ұжданымен орындалған қылықтарға; түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне; өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру. Іске асыру механизмдері. Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие. Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына; қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; Қазақстанның этномәдениетіне; этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі. Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этноәлеуметтік рөлдерге; өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға; адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау. Іске асыру механизмдері: Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады.



Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына; экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке; кәсіби білім мен өнімді еңбекке; нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру; экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу. Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.

Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне; зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілетті- лікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпарат көздерін сыни іріктеуге; Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру; Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.

Іске асыру механизмдері.Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру, «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілік заңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. элективті курстар жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Жетінші бағыт – Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): толеранттық және ғаламдық пікірге; көпмәдениеттілік және көптілділікке; мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу; мәдениетаралық әрекетке; қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына; қарым-қатынас мәдениетіне; эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына; шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық-эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту.

Іске асыру механизмдері. Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлі бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркем сурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б. кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.

Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): денсаулық жағдайының скринингіне; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға; денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез- құлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа; қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі. Іске асыру механизмдері: сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдерін, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарларын өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
5-сынып жоспар

Автор: Тұрманбетова Лаура Сайлаубайқызы

Дата: 22.10.2016

Номер свидетельства: 351349

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП "Талантты ж?не дарынды балаларды о?ытуда?ы ?діс-т?сілдер"."
    ["seo_title"] => string(65) "shiebierliksynyptalanttyzhniedaryndybalalardyokytudagydistsildier"
    ["file_id"] => string(6) "312809"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459404495"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "ҚМЖ - 7 сынып жоспар"
    ["seo_title"] => string(21) "k_mzh_7_synyp_zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "457087"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518527664"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Шеберлік сынып жоспары"
    ["seo_title"] => string(24) "shiebierliksynypzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "332641"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1465095550"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Махамбет өтемісұлы 8 сынып"
    ["seo_title"] => string(30) "makhambiet_otiemisu_ly_8_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "378470"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484220825"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?аза? тілі. 4-сынып. "К?мектес септік" "
    ["seo_title"] => string(38) "k-azak-tili-4-synyp-komiekties-sieptik"
    ["file_id"] => string(6) "192831"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427530044"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства