Математика
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім:
21.01.2017ж
Бастауыш кабинет
А.Манекина
Сабақтың тақырыбы
Көбейту және бөлуге берілген өзара кері жай есептер
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы
суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Сабақтың мақсаты: Өзара кері сандар туралы мәлімет алады. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлуді үйренеді. Жай бөлшектерге амалдар қолдану туралы білімдерін толықтырады.
Міндеттері:
1. Есеп шығару дағдысы қалыптасады.
2. Ойлау қабілеті артады, жаңа білімді игере алады.
3. Бірлесіп жұмыс істейді, пікірлеседі, ортақ пікір шығара алады, тыңдайды, бағалайды.
Бағалау
1. Өз ойларын айту арқылы.
2. Ережені айту, өз ойларын қорғау. Есептер шығару арқылы
3. Байқау бақылау арқылы.
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау
Көбейту кестесін еске түсіру
Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ
Оқулықта берілген тапсырмаларды топтарға бөліп орындату
Қосымша тапсырмалар
1. Газет 15 теңге тұрады. Осындай 4 газет қанша тұрады? (60)
2. Бақтиярдың 100 теңгесі болды. Ол 55 теңгеге журнал сатып алды. Бақтиярда қанша теңге қалды? (45)
3. Кітаптың 100 беті, журналдың 25 беті бар. Журналда кітапқа қарағанда қанша бет кем? (75)
4. Марат 65 теңгеге альбом және 70 теңгеге қарындаш сатып алды. Марат барлығы неше ақша жұмсады? (135)
№1 карточка
25 ∙ 3 = 75 20 ∙ 4 = 80 24 ∙ 2 =48 15 ∙ 3 = 45 30 ∙ 3 = 90 42 ∙ 2 = 84
Сергіту сәті
1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)
2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)
3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)
4. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)
5. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
Ой толғаныс
Салыстыр:
а) 15◊16 18◊19 69◊70
19◊18 23◊24 74◊73
30◊29 46◊46 89◊89
63◊64 46◊47 96◊99
ә) 70*70-1 18*18-1 60*60-1
32*32-1 34*34-1 72*72-1
б) 1дм1см◊12см 44см◊4дм
2дм3см◊23см 90см◊9дм1см
5дм9см◊58см 89см◊9дм
б) Есептерді шығар
а)Айшаның бойы 15дм, ал Сәлиманың бойы одан 1дм биік.Сәлиманың бойы қанша?
ә)Зәуре 7 жаста, ал Серік одан 1жас үлкен.Серік неше жаста?
б)Маржанның әкесі 40 жаста.Ол Маржаннан 30 жас үлкен.Маржан неше жаста.
в)Арман 14 жаста.Ол інісінен 1 жас үлкен.Інісі нешеде?
г)Қаз 6 кг, ал үйрек одан 2 кг жеңіл.үйрек қанша тартады.
д) Ешкі 30кг тартады, ал қой одан 20кг ауыр. Қой неше кг?
Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақта біз не істедік?
Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс