Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Көбейту мен бөлу амалдары»
Бақылау жұмысы № 1
Мақсаты: оқушылардың көбейту мен бөлу амалдары туралы білімі мен білігін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай отырып өздігінен жұмыс істеуге баулу, білуге баулу.
Әдісі: өздік жұмыс.
Көрнекілігі: тақтадағы жазу, дәптер, сызбалар.
Түрі: бақылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегіосындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау.