kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі 5-сынып қызыл кітап

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстанның қызыл кітабы туралы қазақ тілінен сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі 5-сынып қызыл кітап»

Сабақтың тақырыбы

Қызыл кітап.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу базғдарламасына сілтеме)

5.О.5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.



Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта ,тақырыпқа қатыста слайдтар, кітап, тақта, бор, парақ, маркерлер мен плакаттар, көрнекілік құралдары.

Оқыту әдістері

«Жасырын смайлик», «Броундық қозғалыс», «Радиоға қоңырау шалу»

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Сабақтың басы


Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасады,түгендейді.Назарларын сабаққа аудартады. Кезекшімен сұхбат жүргізеді.


Үй тапсырмасын тексеру.

«Жасырын смайлик» әдісі




Қызығушылықты ояту: Бейнеролик Қызыл кітап туралы қызықты деректер

  • Бейнеролик не туралы?

  • Неліктен «Қызыл кітаптың» парақтары түрлі түсті?

Амандасады, сабақ құралдарын шығарып, кезекші өз міндетін атқарады.





Қай партаның астында смайлик жасырын тұрса, сол жұп үй тапсырмасы бойынша жауап береді.




ІІ.Сабақтың ортасы



































































Сергіту сәті

1-тапсырма. «Броундық қозғалыс»

Мәтінді оқып, талдаңдар.

1-топ.

Барыс – сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзін­ше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып-бақырмай-ақ, айрықша шалымдылығымен өзін сыйлата алатын текті жануар.



2-топ

Қазіргі кезде Алтайдың еліміздің аумағына тиесілі шыңдарында он қар барысы мекен етеді. Қызыл кітапқа енген аңның есебін ғалымдар соңғы рет 2001 жылы шығарған екен. Таудың басында күн қатып, түн қатып, барыс санау да оңай шаруа емес. Оның үстіне асқаралы биікте адамның жүріп-тұруына қиындық келтіретін табиғаттың тым қаталдығы, әккі аңның екі аяқтының көзіне түспейтін епсектігі тағы бар. Сондықтан арнайы мамандар анкета толтырып, қар бетіне түскен ізді сараптап, келесі ізбен шатастырмау үшін өшіріп, фототұзақ (фотоловушка) құрып, тіпті тезегіне дейін теріп санап, есебін шығарады. 

3-топ.

Барлық жерде саны өте аз; тек аздап Алматы қорығында жиірек кездеседі. Іле Алатауында 30-35, Теріскей Алатауында – 2-3,Кетпенде – 2-3 барыс тіршілік етеді. XX ғ. 60-80 жылдары Күнгей Алатауында оның іздері жиі кездесетін. Сол жылдары Жоңғар Алатауында 50 барыс тіршілік етті, ал Сауырда іздері ғана көрінді. Батыс Тянь-Шаньда сирек, Ақсу-Жабағылы қорығында 2-3 барыс өмір сүреді. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда барлығы 180-200-дей барыс бар екендігі анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш 120-130-дай ғана. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Осы күні Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы.



2-тапсырма. «Радиоға қоңырау шалу» әдісі

1-топ. Неліктен? Қалай ойлайсың? Сөздерін пайдаланып проблемалық сұрақтар құрастырып радионың жүргізушісі ретінде сұрақтар қояды

2-топ. Радиоға келген қонақ ретінде сұрақтарға жауап береді

3-топ. Радиоға қоңырау шалушы ретінде сұрақтарға берілген жауаптарды саралайды


«Бұл не?» ойыны



3-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып кестені толтырыңдар.

Сұрақтар

Жауаптар

«Қызыл кітап» жайлы не білесің?


«Қызыл кітап» не үшін жазылған?


Неліктен «Қызыл кітап» жан-жануарлардың өсіп, көбеюіне өз әсерін тигізеді деп ойлайсың?



4-тапсырма. Өлеңді оқып, талдаңдар. Қарамен жазылған сөздерге мән беріңдер.

Отыра алмас ұл шыдап, қызың шыдап. Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ. Қызыл кітап —мезгілсіз кеткендердің Бастарына қойылған қызыл шырақ!
Күрделі кез, күрделі біздің бұл кез! Жаутаңдайды адамға түзде мық көз. Қызыл кітап —Шәһит боп кеткен аңның Бастарына қойылған қызыл күмбез. Қашқан кезде адамнан, ізін қандап, Тау текесі өтеді құзыңды аңдап, Қызыл кітап—тірі жан тимесін деп, Хайуанатқа берілген қызыл мандат! Жетіп жатыр жындылар әлі бірақ, Киік көрсе дол атып, алып ұрад. Қызыл кітап —кітаптан біз білетін Тереңірек, мәндірек, қалыңырақ!


Әр топтан бір спикер шығып, өз мәтінін басқа топтарға түсіндіреді, талдайды.

















































Тақырып бойынша проблемалық сұрақтар құрастырып, оларға жауап береді.













Тақтаға шыққан оқушы суретте

көрсетілген қандай жануар екенін табу үшін сұрақтар қояды







Сұрақтарға жауап жазады.














Тәрбиелік маңызы зор.


1978 жылдан бастап шығарылды.


Онда түрлі ақпараттар бар.


Қызыл түсті кітап.


Табиғат қорғаушысы.


-Қызыл кітап арқылы жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалуға болады.

-Иә, сонымен қатар құстар мен жануарларды айтуға болады.

Бағалау.

Оқушыларға әр тапсырма сайын топқа байланысты суреттер таратылады. Сол бойынша ең көп сурет саны бойынша бағаланады.

Топтар бір бірін бағалайды. Қорытындыны мұғалім өзі айтады.

Үйге тапсырма.

4-тапсырма. Қарамен берілген сөздердің мағынасын ашып жазу.


Үй тапсырмасын жазып алады.

Рефлексия.


«Қызыл кітап» әдісі.

Оқушыларға стикерлер таратылады. Сол бойынша сабақтан алған жаңа ақпараттарын жазып қызыл кітапшаға салады.

Кері байланыс жүргізіледі.

Мен бүгінгі сабақта «Қызыл кітап» туралы жаңа мәліметтер алдым.





1-топ.

Барыс – сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзін­ше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып-бақырмай-ақ, айрықша шалымдылығымен өзін сыйлата алатын текті жануар.



2-топ

Қазіргі кезде Алтайдың еліміздің аумағына тиесілі шыңдарында он қар барысы мекен етеді. Қызыл кітапқа енген аңның есебін ғалымдар соңғы рет 2001 жылы шығарған екен. Таудың басында күн қатып, түн қатып, барыс санау да оңай шаруа емес. Оның үстіне асқаралы биікте адамның жүріп-тұруына қиындық келтіретін табиғаттың тым қаталдығы, әккі аңның екі аяқтының көзіне түспейтін епсектігі тағы бар. Сондықтан арнайы мамандар анкета толтырып, қар бетіне түскен ізді сараптап, келесі ізбен шатастырмау үшін өшіріп, фототұзақ (фотоловушка) құрып, тіпті тезегіне дейін теріп санап, есебін шығарады. 



3-топ.

Барлық жерде саны өте аз; тек аздап Алматы қорығында жиірек кездеседі. Іле Алатауында 30-35, Теріскей Алатауында – 2-3,Кетпенде – 2-3 барыс тіршілік етеді. XX ғ. 60-80 жылдары Күнгей Алатауында оның іздері жиі кездесетін. Сол жылдары Жоңғар Алатауында 50 барыс тіршілік етті, ал Сауырда іздері ғана көрінді. Батыс Тянь-Шаньда сирек, Ақсу-Жабағылы қорығында 2-3 барыс өмір сүреді. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда барлығы 180-200-дей барыс бар екендігі анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш 120-130-дай ғана. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Осы күні Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қазақ тілі 5-сынып қызыл кітап

Автор: Исайқызы Марзия

Дата: 08.12.2018

Номер свидетельства: 489499

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы, Х бөлім"
    ["seo_title"] => string(44) "kadyr_myrzaliev_kyzyl_kitap_poemasy_kh_bolim"
    ["file_id"] => string(6) "601631"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1646325711"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Қазақ тілі 5-сынып Қызыл кітап"
    ["seo_title"] => string(32) "kazak_tili_5_synyp_kyzyl_kitap_1"
    ["file_id"] => string(6) "489522"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1544250572"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Қызғалдақ"
    ["seo_title"] => string(11) "k_yzg_aldak"
    ["file_id"] => string(6) "417678"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495460312"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Тест 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(11) "tiest4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "311205"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1459171095"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Кітап-бізді? досымыз "
    ["seo_title"] => string(20) "kitap-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "170762"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423584345"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства