kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қызғалдақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ: Қызғалдақ Мектеп : «Қоссейіт» жалпы орта мектебі Күні: 20. 05. 2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Ташенова Баян Баққарақызы Сынып: 5- сынып Қатысқандар: Қатыспағандар Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары ӘТН3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктерін сай ажырата алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді мәтіннен тауып, ажырата алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді пайдалана отырып, өмірмен байланыстыра отырып, мәтін құрай алады. Бағалау критерий Мәтінді оқи отырып тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады. Мәтіндегі тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолдана отырып, диалогке түседі және өз пікірін білдіреді. Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолдана отырып мәтін құрастыра алады Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Қызғалдақ туралы мәлімет алады, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді қолдануына байланысты тапсырмалар орындайды Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: лексика, полисемия, тура және ауыспалы мағына, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синоним. Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қыр қызғалдағы, далалы аймақтар, хош иіс, пиязшық, ашық күн көзі,құнарлы топырақ т.б. Талқылауға арналған сұрақтар: Лексика ғылымы нені зерттейді? Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Омоним, антоним, синоним сөздерге мысал келтіріңдер. Не себепті . (олай) деп ойлайсыз? Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздер туралы мәлімет алады және меңгереді. ишара: Қол, бет қимылдар арқылы қолдау көрсету. Құндылықтар: Жауапкершілік, адамгершілік және өсімдіктер мен жануарларға құрметпен қарау Пәнаралық байланыс: Әдебиет,биология,бейнелеу өнері,тарих Алдыңғы оқу: Жабайы жануарлар. жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Басы 7 минут Сынып оқушылары бағдаршам түстері арқылы үш топқа бөлінеді. (алғырлар, білімділер, еңбекқорлар) Шаттық шеңбері (Оқушылар дөңгеленіп тұрып өлең жолдарын хормен айтады) Шеңбер болып жүреміз, Әр гүлге көңіл бөлеміз. Сұлулық пен махаббатты Сезініп өмір сүреміз. «Ой қозғау» әдісі бойынша үй тапсырмасын пысықтау. І топ оқушылары себетке аңдардың суреттерін салып, кейіннен олардың жабайы және үй жануарлары екенін ажыратып, себетке қайтадан бөліп салады. ІІ топ оқушылары суреттен жабайы аңдарды белгілейді. ІІІ топ оқушылары жануарлардың айырмашылықтарын тірек сызбаға түсіреді. Ортасы: 35 минут «Миға шабуыл» әдісі 1. Гүлдердің түрлерін ата. 2. Гүл түстерін ата? 3. Қандай гүл атауларын білесіңдер? 4. Гүлдер ненің символы? 5. Қызғалдақ гүлін білесіңдер ме? Топтық жұмыс 1.Топтық жұмыс арқылы берілген тапсырманы орындайды «Қызғалдақ» мәтінін оқып түсінгендерін өз сөздерімен жеткізу және жақсы түсінген оқушы топтастарының сұрақтарына жауап беріп, диалогтік оқыту іске асады. Мәтіндегі тірек сөздерді атап шық. «Қызғалдақ» ертегісі Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қаланың шетінде Мэри атты қарапайым әйел өмір сүріпті. Шағын қалада Мэриді бәрі біледі екен. Мэридің неше түрлі гүлдер өскен ғажайып бағы болыпты. Жүрегі таза, мейірімді Мэри гүлдеріне үлкен сүйіспеншілікпен күні-түні қарап, әлпештеп күтіп-баптайды екен. Оның ақ, қызыл, сары, көк түсті гүлдері көктемнен бастап, күзге дейін алма-кезек гүлдеп, баққа кірген адамның көзін қуантыпты. Көктемде Мэри нәзік әрі таңғажайып «қызғалдақ» деген жаңа гүлдерді отырғызады. Бірде сол сүйікті гүлдерін көрейін деп, ол түнде қолына шам алып, баққа барады. О, ғажап! Қызғалдақтарға жақындап қараса, олардың ішінде сүйкімді нәрестелер тәтті ұйқыда жатыр! Бұл гүл періштелерінің балалары еді. Мэри оларға мейірлене қарап қайырлы түн тіледі. Ертеңіне бақтың иесі ерте тұрып, терезені ашады. Үйдің ішін лезде аңқыған жұпар иіс алып кетеді. Мэри баққа жүгіріп шығады. Бүгін қызғалдақтардан бұрын-соңды болмаған хош иіс аңқып тұр екен. Бұл ғажап иісті Мэридің қайырымдылығы үшін гүл періштелері қызғалдақтарға сыйлаған еді. Күндер, айлар, жылдар зырлап өтіп жатты. Мэри қартайып, гүлдеріне қарай алмайтын болғандықтан басқа қалада тұратын баласының қолына көшеді. Үйді сатып алған жаңа адамдар бақтың орнына бақша егіп, көкөніс сатпақшы болыпты. Бір көктемнің ішінде Мэридің тамаша гүлзарын құртып жіберіпті. Гүл періштелерінің жағдайлары кетіп, олар көрші бақтарды паналауға мәжбүр болыпты. Сүйікті Мэриді сағынып, қызғалдақтар ауырып қалады. Күтімсіз қалған гүлдерді көршілер үйлеріне алып кетіп, өздерінің бақтарына отырғызып, аялайды. Келесі көктемде қызғалдақтар дертінен жазылып, жаңа орындарында құлпырып өсіп шыға келеді. Бірақ, олардың ғажайып хош иісі жоғалып кетіпті. Содан бері, гүл өсірушілер бүгінгі күнге дейін қанша ізденіс жасаса да, қызғалдақтардың бұрынғы иісін қайтара алмапты. Мәтіндегі тірек сөздерді «Ақпаратты сүзу» әдісі бойынша жазу. Сергіту сәті Көбелектер тұрып ертемен, Күлімсіреп керілді. Бір-шықпен бетін жуды, Екі-шыр айналып бұрылды. Үш-еңкейіп жерге жетті, Төрт дегенде ұшып кетті, Бес дегенде қонды. «Постер құру» әдісі І топ: Қызғалдақ гүліне сипаттама ІІ топ: Қызғалдақтың гүлдеу мерзімі,күтімі, көбейту жолдары ІІІ топ: Қызғалдақ гүлінің шипасы тақырыптарында мәтіндер беріліп, постер құрады. І топ: Қызғалдақ гүліне сипаттама Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 32 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. ІІ топ: Қызғалдақтың гүлдеу мерзімі Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі Күтімі Гүлдеп бітіп, жапырағы мен сабағы қураған соң пиязшығын қазып алып, кептіріп, құрғақ орында сақтап қою керек. Күзде қайтадан қолайлы орынға егеді. Ашық күн көзін, құнарлы, жеңіл топырақты ұнатады. Көбейту жолдары Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі-үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8-12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10-20 см-ден кем болмағаны жөн. ІІІ топ: Қызғалдақ гүлінің шипасы Биологтардың айтуынша, қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар. Расында, адам қызғалдақ арасында бірнеше сағат жүрсе бойында ерекше қуат пайда болып, бір сергіп қалатынын сезеді. Қазақта қызғалдақ жұлсаң өмірің қысқарады деген наным бекерге айтылмаса керек. Жапон ғалымдары арнайы микротолқынды қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдікті зерттей отырып, өсімдік атаулының жаны, рухы бар деген ғылыми тұжырым жасайды. Олар қызғалдақты зерттеу барысында ерекше жайтқа куә болады. Құтыда өсіп тұрған бір қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда, әлгі аппаратқа: «Маған қауіп төніп келеді! Қауіп жақындады! Төнді! Өлдім!» деген жазу басылып қалған. Ғалымдар осы кезде гүлдің діріл қаққанын аңғарған. Құранда барлық нәрсенің жаны бар екендігі туралы айтылғанын оқығанда, ата-бабаларымыз бен жапон ғалымдарының айтқандары ақиқат па деп қаласың. Ширату «Күн мен түн» ойыны Түн – ұйықтаймыз, Күн –оянамыз. Түн. Жеті түнде бір кісі есік қақты. Тук-тук-тук. Әлгі кісі неше рет есік қақты? 3 тапсырма. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі 3.1. Өлең шумақтарынан омоним, антоним, синоним сөздерді тап Белгісі -әдемілік, сұлулықтың, Гүлдердің сан алуан сырын ұқтым. Әсем гүлдер айналды бесігіне, Махаббат сезіміндей ұлылықтың! ( синоним: белгі, ен, таңба т.б сыр, құпия 3.2. Өлең шумақтарынан омоним, антоним, синоним сөздерді тап. Кей гүлдер ағзамызға ем береді, Көп адам шипа алып, емделеді. Әрі әдемі, әрі ем, әрі сыйлық, Гүлге не дүниеде тең келеді? (синоним: әдемі, сұлу, көркем, әсем т.б ем, шипа, дауа.), (антоним: көп-аз), (омоним: тең) 3.4. Керекті сөздерді, сөз тіркестерін тауып орнына қой, айтылған ойдың мағынасын түсіндір. Бұл сөздердің тура және ауыспалы мағынада тұрғанын ажырат. 1. . қарай кісіні ал, кісіге қарай . алма. 2. Тіл қаруы - ., сөз қаруы -.. Ақылды ой,. сөз адамның ең жоғарғы .. 3. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген. толық мәнді интеллегент емес деуге болады. 4. Өз тіліңді. . тұрып,. – сүйе алмайсың. 5. Тіл – адам ойының .. 6. Аңдамай сөйлеген. .. 7. Ойнап сөйлесең де, . .. 8. Айтылған сөз -. оқпен тең. 9. Көңілсіз . – ойға олақ. Керекті сөздер: қадір тұтпай, ел-жұртыңды, құлақ, атылған, бұтаққа, ойлап сөйле, ауырмай өледі, айнасы, жанды, сөз, ой, алғыз, қасиеті, сөзіне, сөз Флип-чарт,стикер, маркер, суреттер Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Білім алушы балл Мәтінді оқи отырып тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады 1 Сұрақтарға нақты жауап береді 1 Тақырыпқа қажетті тірек сөздерді қолданып, ойын жүйелі жеткізе алады 2 Мәтіндегі тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолдана отырып, диалогке түседі және өз пікірін білдіреді. 2 Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолдана алады 1 Диалогке түсе алады 1 Өз пікірін білдіре алады 1 Мәтінен тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді және омоним, антоним, синоним сөздерді қолдананылуына қарай ажырата алады 3 Мәтінен тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді және омоним, антоним, синоним сөздерді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып қолдана алады 1 Барлығы: 7 Жоғарғы балл: 6-7 Орта балл: 4-5 Төменгі балл: 2-3 Саралау: Жоғарғы деңгей: Бүгінгі өтілген тақырыпқа сай эссе жазу. Орта деңгей: Гүлдің де жаны, тәні бар, Өзіндік әсем сәні бар. Қастерле, оны бағала, Біздерге берер нәрі бар.(Антоним: жанды-жансыз, нәрлі-нәрсіз. Синоним: қастерлі, құрметті, ардақты. Омоним: бағала) Төменгі деңгей: Тақырыпқа сай келетін термин сөздерді жазу. Жоғарғы деңгей: 1.Мәтінен ауыспалы мағынада тұрған сөзді тап. Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш текемет оюға болады- ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр. Орта деңгей: Мәтінде қолданылып тұрған сөздердің қайсысы тура мағынада, қайсысы ауыспалы мағынада жұмсалып тұрғанын айтыңдар. Жыршының аты жыршы ма? Әркімнен өлең жаттаса? Сөз - жібек жіп, жыр – кесте, Айшығы айқын көрінбес. Өрнексіз тіксең баттаса, Шешеннің аты шешен бе? Таңдайға дәмі үйіріліп, Даугердің тауын шақпаса?! Дулат Бабатайұлы Төменгі деңгей: 1.Жұмбақтың шешуін тап. Жұмбақтың шешуін қатыстырып көп мағыналы тіркестер құра. Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы Жүргенде білінбейді басқан ізі. Жоғарғы деңгей: Тура және ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді ажыратып, мағынасын түсіндір. Адам үшін күн қандай керек болса, ауа, су, от та сондай керек. Адам сияқты сөзде де алуан түрлі тағдыр бар. Ол да баста сәби болып туады, ержетеді, қартаяды. Кейде қартайып барып қайта жасарады. Кейде тұрмыста болған өзгеріске ілесе алмай кейін бірте-бірте солғындап, жаңа сөзге жол береді немесе тың мағына тауып, жаңғырып, жаңаша ұғымға ие болады. М. Иманжанов Орта деңгей: Мына сөздерден тура және ауыспалы мағынаны білдіретін сөз тіркесін құра. Жаңа, таяз, суық, жылы. Төменгі деңгей Графикалық диктант Тура: Ауыспалы: қисық мінез, жақсы бала, ақ көңіл, терең су, қара ниет Соңы 3 минут Гүлдер деген жыр-аңыз Қолға ұстап шығамыз. Сол гүлдерден сұлулық Тазалықты ұғамыз. Өте жақсы, балалар, сабағымызды аяқтай келе «Уақыт шеңбері» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылаймыз. «Уақыт шеңбері» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау.Қатысушылар екі үлкен топқа бөлініп, екі қатардан тұратын шеңбер болып тұрады. Шеңбердің сыртындағы қатысушылар өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Іштегі қатысушылар бағалау критерийлеріне сүйене отырып бағалайды Қосымша ақпарат Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, АКТ-мен байланыс, құндылық-тармен байланыс /тәрбие элементі/ Рефлекция Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақыт қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. • Сабақтың мақсаты жүзеге асты. • Қызғалдақ гүлінің тіршілігі туралы білді. • Сабақ жоғары деңгейде өтті. • Оқушылар жоғары деңгей сұрақтарында қиындықтарға кездесті. • Уақытты тиімді пайдаланды. • Жоспарды сол қалпында қалдырдым. Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1. «Постер құру» әдісі кезінде ойларын жақсы жеткізе алды. 2. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша жүргізілген тапсырманы жақсы орындады. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. Мәтінен тура және ауыспалы және көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алды. 2. Омоним, антоним, синонимдерді таба алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қызғалдақ»

Сабақ: Қызғалдақ

Мектеп : «Қоссейіт» жалпы орта мектебі

Күні: 20. 05. 2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ташенова Баян Баққарақызы

Сынып: 5- сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ӘТН3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктерін сай ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді мәтіннен тауып, ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді пайдалана отырып, өмірмен байланыстыра отырып, мәтін құрай алады.



Бағалау критерий

Мәтінді оқи отырып тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

Мәтіндегі тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолдана отырып, диалогке түседі және өз пікірін білдіреді.

Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолдана отырып мәтін құрастыра алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Қызғалдақ туралы мәлімет алады, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді қолдануына байланысты тапсырмалар орындайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: лексика, полисемия, тура және ауыспалы мағына, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синоним.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қыр қызғалдағы, далалы аймақтар, хош иіс, пиязшық, ашық күн көзі,құнарлы топырақ т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Лексика ғылымы нені зерттейді?

Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

Омоним, антоним, синоним сөздерге мысал келтіріңдер.

Не себепті .... (олай) деп ойлайсыз?

Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздер туралы мәлімет алады және меңгереді.

ишара:

Қол, бет қимылдар арқылы қолдау көрсету.

Құндылықтар:

Жауапкершілік, адамгершілік және өсімдіктер мен жануарларға құрметпен қарау

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет,биология,бейнелеу өнері,тарих

Алдыңғы оқу:

Жабайы жануарлар.

жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы 7 минут

Сынып оқушылары бағдаршам түстері арқылы үш топқа бөлінеді. (алғырлар, білімділер, еңбекқорлар)

Шаттық шеңбері

(Оқушылар дөңгеленіп тұрып өлең жолдарын хормен айтады)

Шеңбер болып жүреміз,

Әр гүлге көңіл бөлеміз.

Сұлулық пен махаббатты

Сезініп өмір сүреміз.

«Ой қозғау» әдісі бойынша үй тапсырмасын пысықтау. І топ оқушылары себетке аңдардың суреттерін салып, кейіннен олардың жабайы және үй жануарлары екенін ажыратып, себетке қайтадан бөліп салады.

ІІ топ оқушылары суреттен жабайы аңдарды белгілейді.

ІІІ топ оқушылары жануарлардың айырмашылықтарын тірек сызбаға түсіреді.

«Жабайы аңдарды тап»



Ортасы: 35 минут

«Миға шабуыл» әдісі

  1. Гүлдердің түрлерін ата.

  2. Гүл түстерін ата?

  3. Қандай гүл атауларын білесіңдер?

  4. Гүлдер ненің символы?

  5. Қызғалдақ гүлін білесіңдер ме?


Топтық жұмыс

1.Топтық жұмыс арқылы берілген тапсырманы орындайды «Қызғалдақ» мәтінін оқып түсінгендерін өз сөздерімен жеткізу және жақсы түсінген оқушы топтастарының сұрақтарына жауап беріп, диалогтік оқыту іске асады.

Мәтіндегі тірек сөздерді атап шық.

«Қызғалдақ» ертегісі

Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қаланың шетінде Мэри атты қарапайым әйел өмір сүріпті. Шағын қалада Мэриді бәрі біледі екен. Мэридің неше түрлі гүлдер өскен ғажайып бағы болыпты.

Жүрегі таза, мейірімді Мэри гүлдеріне үлкен сүйіспеншілікпен күні-түні қарап, әлпештеп күтіп-баптайды екен.

Оның ақ, қызыл, сары, көк түсті гүлдері көктемнен бастап, күзге дейін алма-кезек гүлдеп, баққа кірген адамның көзін қуантыпты.

Көктемде Мэри нәзік әрі таңғажайып «қызғалдақ» деген жаңа гүлдерді отырғызады. Бірде сол сүйікті гүлдерін көрейін деп, ол түнде қолына шам алып, баққа барады.

О, ғажап! Қызғалдақтарға жақындап қараса, олардың ішінде сүйкімді нәрестелер тәтті ұйқыда жатыр! Бұл гүл періштелерінің балалары еді. Мэри оларға мейірлене қарап қайырлы түн тіледі.

Ертеңіне бақтың иесі ерте тұрып, терезені ашады. Үйдің ішін лезде аңқыған жұпар иіс алып кетеді. Мэри баққа жүгіріп шығады. Бүгін қызғалдақтардан бұрын-соңды болмаған хош иіс аңқып тұр екен.

Бұл ғажап иісті Мэридің қайырымдылығы үшін гүл періштелері қызғалдақтарға сыйлаған еді.

Күндер, айлар, жылдар зырлап өтіп жатты. Мэри қартайып, гүлдеріне қарай алмайтын болғандықтан басқа қалада тұратын баласының қолына көшеді.

Үйді сатып алған жаңа адамдар бақтың орнына бақша егіп, көкөніс сатпақшы болыпты. Бір көктемнің ішінде Мэридің тамаша гүлзарын құртып жіберіпті.

Гүл періштелерінің жағдайлары кетіп, олар көрші бақтарды паналауға мәжбүр болыпты. Сүйікті Мэриді сағынып, қызғалдақтар ауырып қалады.

Күтімсіз қалған гүлдерді көршілер үйлеріне алып кетіп, өздерінің бақтарына отырғызып, аялайды.

Келесі көктемде қызғалдақтар дертінен жазылып, жаңа орындарында құлпырып өсіп шыға келеді. Бірақ, олардың ғажайып хош иісі жоғалып кетіпті.

Содан бері, гүл өсірушілер бүгінгі күнге дейін қанша ізденіс жасаса да, қызғалдақтардың бұрынғы иісін қайтара алмапты.

Мәтіндегі тірек сөздерді «Ақпаратты сүзу» әдісі бойынша жазу.













Сергіту сәті

Көбелектер тұрып ертемен,

Күлімсіреп керілді.

Бір-шықпен бетін жуды, Екі-шыр айналып бұрылды.

Үш-еңкейіп жерге жетті,

Төрт дегенде ұшып кетті,

Бес дегенде қонды.


«Постер құру» әдісі

І топ: Қызғалдақ гүліне сипаттама

ІІ топ: Қызғалдақтың гүлдеу мерзімі,күтімі, көбейту жолдары

ІІІ топ: Қызғалдақ гүлінің шипасы тақырыптарында мәтіндер беріліп, постер құрады.


І топ: Қызғалдақ гүліне сипаттама

Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 32 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады.


ІІ топ: Қызғалдақтың гүлдеу мерзімі

Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі

Күтімі

Гүлдеп бітіп, жапырағы мен сабағы қураған соң пиязшығын қазып алып, кептіріп, құрғақ орында сақтап қою керек. Күзде қайтадан қолайлы орынға егеді. Ашық күн көзін, құнарлы, жеңіл топырақты ұнатады.

Көбейту жолдары

Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі-үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8-12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10-20 см-ден кем болмағаны жөн.


ІІІ топ: Қызғалдақ гүлінің шипасы

Биологтардың айтуынша, қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар. Расында, адам қызғалдақ арасында бірнеше сағат жүрсе бойында ерекше қуат пайда болып, бір сергіп қалатынын сезеді. Қазақта қызғалдақ жұлсаң өмірің қысқарады деген наным бекерге айтылмаса керек. Жапон ғалымдары арнайы микротолқынды қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдікті зерттей отырып, өсімдік атаулының жаны, рухы бар деген ғылыми тұжырым жасайды. Олар қызғалдақты зерттеу барысында ерекше жайтқа куә болады. Құтыда өсіп тұрған бір қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда, әлгі аппаратқа: «Маған қауіп төніп келеді! Қауіп жақындады! Төнді! Өлдім!» деген жазу басылып қалған. Ғалымдар осы кезде гүлдің діріл қаққанын аңғарған. Құранда барлық нәрсенің жаны бар екендігі туралы айтылғанын оқығанда, ата-бабаларымыз бен жапон ғалымдарының айтқандары ақиқат па деп қаласың.

Ширату

«Күн мен түн» ойыны

Түн – ұйықтаймыз,

Күн –оянамыз.

Түн. Жеті түнде бір кісі есік қақты. Тук-тук-тук.

Әлгі кісі неше рет есік қақты?


3 тапсырма. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі


3.1. Өлең шумақтарынан омоним, антоним, синоним сөздерді тап

Белгісі -әдемілік, сұлулықтың,

Гүлдердің сан алуан сырын ұқтым.

Әсем гүлдер айналды бесігіне,

Махаббат сезіміндей ұлылықтың! ( синоним: белгі, ен, таңба т.б сыр, құпия


3.2. Өлең шумақтарынан омоним, антоним, синоним сөздерді тап.

Кей гүлдер ағзамызға ем береді,

Көп адам шипа алып, емделеді.

Әрі әдемі, әрі ем, әрі сыйлық,

Гүлге не дүниеде тең келеді? (синоним: әдемі, сұлу, көркем, әсем т.б ем, шипа, дауа.), (антоним: көп-аз), (омоним: тең)


3.4. Керекті сөздерді, сөз тіркестерін тауып орнына қой, айтылған ойдың мағынасын түсіндір. Бұл сөздердің тура және ауыспалы мағынада тұрғанын ажырат.

  1. ... қарай кісіні ал, кісіге қарай ... алма.

  2. Тіл қаруы - ... , сөз қаруы - ... .

Ақылды ой, ... сөз адамның ең жоғарғы ... .

  1. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген ... толық мәнді интеллегент емес деуге болады.

  2. Өз тіліңді ... ... тұрып, ... – сүйе алмайсың.

  3. Тіл – адам ойының ... .

  4. Аңдамай сөйлеген ... ... .

  5. Ойнап сөйлесең де, ... ... .

  6. Айтылған сөз - ... оқпен тең.

  7. Көңілсіз ... – ойға олақ.

Керекті сөздер: қадір тұтпай, ел-жұртыңды, құлақ, атылған, бұтаққа, ойлап сөйле, ауырмай өледі, айнасы, жанды, сөз, ой, алғыз, қасиеті, сөзіне, сөз


Флип-чарт,стикер, маркер, суреттер


































Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

балл

Мәтінді оқи отырып тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады

1


Сұрақтарға нақты жауап береді

1

Тақырыпқа қажетті тірек сөздерді қолданып, ойын жүйелі жеткізе алады


2

Мәтіндегі тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолдана отырып, диалогке түседі және өз пікірін білдіреді.


2

Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолдана алады

1

Диалогке түсе алады

1

Өз пікірін білдіре алады

1

Мәтінен тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді және омоним, антоним, синоним сөздерді қолдананылуына қарай ажырата алады

3

Мәтінен тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді және омоним, антоним, синоним сөздерді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып қолдана алады

1

Барлығы:



7

Жоғарғы балл: 6-7

Орта балл: 4-5

Төменгі балл: 2-3

Саралау:

Жоғарғы деңгей: Бүгінгі өтілген тақырыпқа сай эссе жазу.

Орта деңгей:

Гүлдің де жаны, тәні бар,

Өзіндік әсем сәні бар.

Қастерле, оны бағала,

Біздерге берер нәрі бар.(Антоним: жанды-жансыз, нәрлі-нәрсіз. Синоним: қастерлі, құрметті, ардақты. Омоним: бағала)

Төменгі деңгей: Тақырыпқа сай келетін термин сөздерді жазу.


Жоғарғы деңгей: 1.Мәтінен ауыспалы мағынада тұрған сөзді тап.

Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш текемет оюға болады- ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр.

Орта деңгей: Мәтінде қолданылып тұрған сөздердің қайсысы тура мағынада, қайсысы ауыспалы мағынада жұмсалып тұрғанын айтыңдар.

Жыршының аты жыршы ма?

Әркімнен өлең жаттаса?

Сөз - жібек жіп, жыр – кесте,

Айшығы айқын көрінбес.


Өрнексіз тіксең баттаса,

Шешеннің аты шешен бе?

Таңдайға дәмі үйіріліп,

Даугердің тауын шақпаса?!

Дулат Бабатайұлы

Төменгі деңгей:

1.Жұмбақтың шешуін тап. Жұмбақтың шешуін қатыстырып көп мағыналы тіркестер құра.

Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы

Жүргенде білінбейді басқан ізі.


Жоғарғы деңгей:

Тура және ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді ажыратып, мағынасын түсіндір.

Адам үшін күн қандай керек болса, ауа, су, от та сондай керек.

Адам сияқты сөзде де алуан түрлі тағдыр бар. Ол да баста сәби болып туады, ержетеді, қартаяды. Кейде қартайып барып қайта жасарады. Кейде тұрмыста болған өзгеріске ілесе алмай кейін бірте-бірте солғындап, жаңа сөзге жол береді немесе тың мағына тауып, жаңғырып, жаңаша ұғымға ие болады.

М. Иманжанов

Орта деңгей: Мына сөздерден тура және ауыспалы мағынаны білдіретін сөз тіркесін құра.

Жаңа, таяз, суық, жылы.

Төменгі деңгей

Графикалық диктант

Тура:

Ауыспалы:

қисық мінез, жақсы бала, ақ көңіл, терең су, қара ниет

Соңы 3 минут


Гүлдер деген жыр-аңыз

Қолға ұстап шығамыз.

Сол гүлдерден сұлулық

Тазалықты ұғамыз.

 Өте жақсы, балалар, сабағымызды аяқтай келе «Уақыт шеңбері» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылаймыз.

«Уақыт шеңбері» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау.Қатысушылар екі үлкен топқа бөлініп, екі қатардан тұратын шеңбер болып тұрады. Шеңбердің сыртындағы қатысушылар өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Іштегі қатысушылар бағалау критерийлеріне сүйене отырып бағалайды


Қосымша ақпарат


Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, АКТ-мен байланыс, құндылық-тармен байланыс /тәрбие элементі/



Рефлекция

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақыт қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Сабақтың мақсаты жүзеге асты.

  • Қызғалдақ гүлінің тіршілігі туралы білді.

  • Сабақ жоғары деңгейде өтті.

  • Оқушылар жоғары деңгей сұрақтарында қиындықтарға кездесті.

  • Уақытты тиімді пайдаланды.

  • Жоспарды сол қалпында қалдырдым.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Постер құру» әдісі кезінде ойларын жақсы жеткізе алды.

2. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша жүргізілген тапсырманы жақсы орындады.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Мәтінен тура және ауыспалы және көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алды.

2. Омоним, антоним, синонимдерді таба алады.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қызғалдақ

Автор: Ташенова Баян Баккараевна

Дата: 22.05.2017

Номер свидетельства: 417678

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Қызғалдақ гүлінің жасалу жолдары"
    ["seo_title"] => string(37) "k_yzg_aldak_ghulinin_zhasalu_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "443727"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513053913"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "?ЫЗ?АЛДА? ПЕН ?АРАСОРА. "
    ["seo_title"] => string(26) "k-yzg-aldak-pien-k-arasora"
    ["file_id"] => string(6) "154545"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421166287"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Қызым -қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым"
    ["seo_title"] => string(41) "k_yzym_k_yzg_aldag_ym_u_lym_izghi_armanym"
    ["file_id"] => string(6) "394378"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487688987"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«Қызғалдақ қандай әдемі»"
    ["seo_title"] => string(25) "k_yzg_aldak_k_andai_diemi"
    ["file_id"] => string(6) "468862"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525861538"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?ыз?алда?ты?  т?рлері  ж?не оны?  хош иісі."
    ["seo_title"] => string(47) "k-yzg-aldak-tyn-turlieri-zh-nie-onyn-khosh-iisi"
    ["file_id"] => string(6) "296796"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456079462"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства