|   Пәні:Қазақ әдебиеті  |    №247 орта мектебі  |  |
|   Сынып:11  |    Қатысқандар саны:  |    Қатыспағандар саны:  |  
|   ҰМЖ тарауы:  |    4-бөлім. Табиғат және адам  |  |
|   Сабақ тақырыбы  |    Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы, Х бөлім, 4-сағат  |  |
|   Сабақ негізделген оқу мақсаты  |    11.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну.  |  |
|   Сабақтың мақсаттары  |    Барлық оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды.  |  |
|   Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Шығармада көтерілген ғаламдық мәселелерді идеясымен байланыстыра талдайды.  |  ||
|   Кейбір оқушылар орындай алады: Әлем жазушылары шығармаларымен үндестігін салыстырады. Автордың қорытынды ойларына өзіндік қөзқарасын білдіреді.  |  ||
|   Бағалау критерийлері  |    -шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды. -әлем жазушылары шығармаларымен үндестігін салыстырады.  |  |
|   Пәнаралық байланыс  |    «Қазақстанның Қызыл кітабы»,жаратылыстану, 5-сынып, «Атамұра» баспасы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы»,биология, 7-сынып, «Атамұра» баспасы  |  |
|   Тілдік мақсаттар  |    Оқушылар: «Қызыл кітап» поэмасындағы сиреп бара жатқан құстар, аңдар, жан-жануарлар туралы деректерді білетін болады.  |  |
|   Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология): Тарпан-Тарпан-Тarpan (Жабайы жылқы тұқымдасы) Дронт- Дронт-Dront (Қанатсыз құс) Онагр-Онагр-Onager (Жылқы тұқымдасына жататын жануар) Квага-Квага-Quaga (Зебра тұқымдас жойылып кеткен аң) Тур-Тур-Tur (Жабайы өгіз)  |  ||
|   Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Этрус- (Италиядағы көне тілдердің бірі) Хазарлар-орта ғасырлардағы түркі тілі Әңгі-есалаң, әумесер.Бұл жерде:опасыз адам мағынасында қолданылған Сілті- 1)құрамына сутектің көрсеткіші 7-ден артық сулы орта түзіп, гидролизденетін ерімтал негіздер мен тұздар кіретін химиялық қосылыс. 2) сабан күлін суға қайнатып тұндырып алғаны. Бұл жерде: ауыспалы мағынада жаңбырдың да таза еместігі айтылған. «Қызыл кітап», «Қызыл мандат», қызыл шырақ  |  ||
|   Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Поэмада ең басты көркемдік тұлға кім? 2.Поэманың заманауилығы мен жаңашылдығы неде деп ойлайсың? 3.Поэмадағы бүгін жер бетіндегі аң-құстың жойылғаны сияқты ертең адамзатта жер бетінен жойылады деген ақынның түйінді ойын қалай дамытар едің?  |  ||
|   Құндылықтарға баулу  |    Рухани мәдениеттілікке, елін,жерін, табиғатын сүюге, сиреп бара жатқан тірі табиғатты қорғауға деген көзқарастары қалыптасады.Сыни тұрғысынан ойлауы дамиды. Жеке,жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты,жауапкершілікті сезінеді.  |  |
|   Ойлау деңгейлері  |    Жоғары ойлау деңгейі  |  |
|   Алдыңғы оқу  |    Қадыр Мырзалиев «Табиғат-жаратылыс пернесі» шығармасы жайлы біледі. Қазақ әдебиеті, 5-сынып  |  
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    