Сабақтың тақырыбы | Қосу және азайтуға берілген өзара кері жай есептер |
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
Сабақтың жабдығы | суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. |
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі 9. | Мақсаты: оқушыларды өзара кері есептер құрастыруға және шығаруға жаттықтыру. Көпбұрыштар түрлері жайындағы түсінікті тиянақтау. Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыра білуге машықтандыру. Тез ойлап тез есептеуге үйрету. Білімділігі: екі таңбалы санның ондықтарға және бірліктерге жіктелуі және сол білімге негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру. Дамытушылығы: тапсырмаларды орындау арқылы ой - өрістерін дамыту, өз беттерінше есептерді шығару қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі: шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, бір - біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: кеспе сандар касса, карточкалар геометриялық фигуралар, слайдтар. Сабақтың түрі: Жаңа материалды оқыту, игеру, логикалық тапсырмалар беру. Сабақтың барысы: ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөлу. Әр топтың топ басшысын бағалау парағын беру. |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Бағалау парақшасымен таныстыру |
Топқа бөлу | Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. | Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. |
Ынтымақтастық атмосферасы | Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
Үй тапсырмасын пысықтау | Көбейту кестесін еске түсіру Сөзжұмбақты шешу. 1дм - де неше см бар?- 10см 100 саны неше таңбалы сан? 1м - де неше дм бар? 1м - де неше см бар? Қосуды қай амалмен тексереміз? Азайтуды қай амалмен тексереміз? Сыйымдылықтың өлшем бірлігі? Массаның өлшем бірлігі? | Оқушылар ауызша орындайды |
Жаңа сабақ | Жаңа сабақ: 100 - ге дейін санау. Ауызша есептер айту. Ондықтармен бірліктерден құрылған санды жазу және оқу 2 онд 4 бірл 24 3 онд 2 бірл 32 9 онд 6 бірл 96 5 онд 7 бірл 57 8 онд 1 бірл 81 7 онд 9 бірл 79 Оқулықпен жұмыс. Әйнекшелердің орнындағы сандарды суретті пайдаланып тауып жазу: 90+5=95 60+0=60 40+4=44 95 - 5=90 60 - 0 =60 44 - 4=40 95 - 90=5 60 - 60=0 44 - 40=4 5+90=95 0+60=60 4+40=44 Топтарға тапсырма: Мына сандарды цифрмен жаз. а)жиырма бес; отызалты;қырық екі; жүз; алпыс төрт; ә)он жеті;қырық төрт; отыз екі; алпыс жеті; он бес; елу тоғыз;қырық; б)жиырма үш;қырық төрт; елуүш; алпыс; он үш;қырық тоғыз; в)елу төрт; сексен үш; жиырма екі; алпыс екі; тоқсан екі; Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |
Сергіту сәті 10. | Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Әдемі етіп жазамыз, Күнде бестік аламыз. | Оқушылар сергіту сәтін жасайды |
Ой толғаныс 1 - топ --------------------------------------------2 - топ -----------------------------------3 - топ Тергені - 9 шелек ---------------------------- тергені -? ------------------------------ Тергені - 9 шелек Бергені - 5 шелек --------------------------- бергені - 5ш --------------------------- бергені --? Қалғаны -? ------------------------------------- Қалғаны - 4ш ------------------------- қалғаны - 4 шелек. Ш: 9 - 5=4 -------------------------------------- Ш: 5+4=9 -------------------------------- Ш: 9 - 4=5ш Жауабы: 4шелек алма қалды ----------- Ж: тергені 9 шелек алма ---------- Ж: бергені 5 ш алма 9 5? ----------------------------------------------? 5 4 --------------------------------------- 9? 4 |
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? | Саған қайсы тапсырма қиын болды? |
Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. | Бағалау парақшасын толтырады |
Кері байланыс 11. |