| Апта: 2 Күні: 09.09.2015 | Пәні Алгебра | Мұғалім аты-жөні Б.Бишеева | Сынып: 7 | Оқу-ісінің меңгерушісі ________М.Көшкінбаева |
| Сабақтың тақырыбы: Формула. Бір және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген есептер |
| Сілтеме: | 6-7 сынып оқулықтары; Стендтер. |
| Сабақтың мақсаты: Формула. Бір және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген есептер шығару |
| Білімділік мәні: | Мәтінмен берілген есептергді «математикалық тілге» формулаға айналдыру. Бір және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген есептер шығару. |
| Дамытушылық мәні: | Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. |
| Тәрбиелік мәні: | Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу |
| Нәтиже: | Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелерін біледі Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесін біледі. Формула құрастыра алады. Бір және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген есептерді шешеді. |
| Түйінді идеялар: | |
| Сабақтың түрі: | Қайталау сабағы |
| Әдіс-тәсілдері: | АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту |
| Пәнаралық байланыс: | Сызу, информатика, география |
| Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сәлемдесу. Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Сабақ барысымен таныстыру. Бағалау парағын таныстыру. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру | |
| Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.) (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) |
| |
| Қызығушылықты ояту (2 мин.) |
| 6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Сызықтық функция графиктері» көрсетіледі мұғалім қысқаша шолу жасайды. | Оқушылар зейін қойып тыңдайды |
| Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) |
| ББҮ (2 мин.) |
| ББҮ-ны толтыру | ББ бойынша флипчартта жазу |
| Білемін? | Білгім келеді? | Үйрендім? |
| Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және «Мәңгілік ел» суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 7-сынып оқулығында: №7. Сызықтық функцияның графигін салу есебі; №8 Көрсетілген теңдеулермен берілген түзулердің қиылысу нүктелерінің координаталарын табу есебі; №9,12,13 теңдеулерді шешу есептері | Оқушылар белсене қатысады. Суреттерді құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырады. Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы әрбір оқушы: №7. Сызықтық функцияның графигін салу есебін; №8 Көрсетілген теңдеулермен берілген түзулердің қиылысу нүктелерінің координаталарын табу есебін; №9,12,13 теңдеулерді шешу есептерін шешеді. Оқушылар өздері шығарған жауаптары туралы топқа түсіндіреді. |
| Ой толғаныс (4 мин.) |
| Топтың ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру | Топтық ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру |
| Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) | Сұрақтарға жауап береді. |
| Бағалау (2 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. |
| Үйге тапсырма (1 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Үйге 8-9 беттердегі №21-26 есептерді және Алгебра ұғымы туралы ақырыбын оқып келу. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. |
| Рефлексия (2 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз – бір тілек әдісін ұсыну. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз – бір тілек әдісімен толтырады. |
Сыныпты алдын ала болжағандай деңгейлеп үш топқа бөлдім. Мақсатым мотивациясы төмен оқушыларға жеке көмек ұйымдастыру болды. Есептер шығару мен сұрақ жауап кезеңдерінде өткен оқу жылында меңгерген білімдерін ұмыта бастағандықтары байқалды.