Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру, күнделікті өмірмен.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сынып тазалығына қарау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
б) П с и х о л о г и я л ы қ д а й ы н д ы қ .
Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз Миымызға тоқимыз
-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Математика- ғалымдар патшасы деген екен Абай атамыз.Яғни,математиканы білсек барлығын да біледіекенбіз.
II. Актуализация(Үй тапсырмасын тексеру)
1) №7 мысал.Фигураның боялған бөлігінің ауданын есептеу.
Жауабы: S=(12 смх 5см)-(4см х 2см+5см х 2см)=60 см²-18 см² =42см²
2. Тірек білімдерін белсендіру.
1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)
2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)
3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)
4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)
5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)
6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)
7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
Ақпанның 21-і. Сынып жұмысы.
1) Математика-ермек емес балалық,
Математика-көрегендік, даналық.
Математика-құрметтеуге лайық,
Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!-дей келе бүгінгі қайталау сабағымызды бастаймыз.
-Балалар, біз сіздермен бірнеше қазақтың ұлттық ойын түрлері туралы білеміз. Қане еске түсіріп жіберейікші: ақсүйек, қыз қуу, бәйге, асық, көкпар, теңге алу т.б.
-Бұл ойындар жылдың қай мезгілінде ойналады? (Оқушылар жауабы)
-Ал қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады? (Оқушылар жауабы)
-Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы қысқы ойын түрлерін бізде сабақ үстінде ойнайтын боламыз. Әр ойынның бізге әкелген тапсырмасы бар. Біз сол тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, ойынды ойнаған болып есептелеміз. Артынан мақалдар оқимыз.
-Сабақты бастамас бұрын, осы қысқы ойындарға қатысты қандай сайыс жүріп жатыр? (Оқушылар жауабы)
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ресейдің Сочи қаласында ХХІІ қысқы ойындардың олимпиадасы өтіп жатыр. Оған 88 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстаннан да спорттың 10 түрі бойынша 52 спортшы бақтарын сынауда. Әзірше олимпиаданың 14-ші күнінің нәтижесі бойынша 1 қола медальмен Қазақстан 25-ші орында тұр. Қола медальді мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен қоржынға салды. Қалған күнде шорт-трекшілер финалдық бәсекеге түседі, солардан үміт күтеміз.
-Слайдпен жұмыс.
— Қыста ойналатын қандай балалар ойындарын білесіңдер? (Оқушылар жауабы)