Просмотр содержимого документа
«Екі та?балы санды бір та?балы сан?а жазбаша ?алды?пен б?лу»
Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы
Баратай негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу
Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу туралы білім қалыптастырып, есептер шығара білуге жаттықтыру, оқушылардың белсенділігін арттыру, өздіктерінен жұмыс істей білуге дағдыландыру, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу болады.
Түрі: жаңа білім беру сабағы.
Көрнекіліктері: сөзжұмбақ, карточкалар, ойындар, тест сұрақтары.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды дұрыс отырғызып, сабаққа көңілдерін аудару.
Үй тапсырмасын тексеріп, өткенді еске түсіру.
«Компьютер ойнайық» ойыны арқылы көбейту кестесін ауызша айтып, еске түсіру.
«Еске түсіру».
Сәуле, үштің квадраты, қырық екі мен алтының бөліндісін, В нүктесі, тоғыз бен сегіздің көбейтіндісін.
3.Арифметикалық диктант.
Жиырма үш пен үштің көбейтіндісі, алпыс тоғыз бен үштің бөліндісі, елу мен онның қосындысын екіге көбейту, сегіз бен төрттің қосындысын төртке бөлу.
Он мен бестің айырмасын беске бөл, қырық үш пен жетінің бөліндісі, елу жеті мен алтынын бөліндісін тап.
Жаңа сабақ.Кіріспе.
Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабаққа кім келетінін оқушылар ойлап табады.
Сөзжұмбақтың шешуі: Білгіш.
Мұғалім: Дұрыс таптыңдар. Білгіш қонаққа келді.Ол бізге жай келмей, тапсырмалар ала келіпті. Білімдеріңді тексеріп, сыйлыққа гүл сыйлағалы отыр.
Ол оқушыларды екі топқа бөлді.
1-топ – Қызғалдақ.
2-топ – Сарғалдақ.
Топ басшыларын сайлайды.
1-тапрсыма. Сұраққа жауап алу.
-Қазір қай мезгіл?
-Көктем айларын ата.
-Көктемнің сәні неде деп ойлайсыңдар?
-Көктемде бірінші гүлдейтін гүл.
Тақтаға ай-күнін жазу.
Сынып жұмысы.
Сәуір келіп жетті енді,
Дала гүл-гүл жайнайды,
Жырға қосып көктемді,
Әнші құстар сайрайды.
15:4= 17:6= 19:9=
Мысалдарды ауызша орындайды.
76:6=12 (4 қалдық) Бірінші толымсыз бөлінгіш- 7 ондықты 6-ға бөлеміз, сонда бөліндісі 1 ондық.
Бір ондықты 6- мен көбейтіп, 7 1-топ.2 онд. 8 бірл.
ондықтан 6 он- 0 онд. 8 бірл.
дықты айтамыз. 2- топ. 5 онд. 7 бірл.
Бір ондық 3 онд. 5 бірл.
қалдық қалды.
Енді алтыны түсіреміз.
Екінші толымсыз бөлінгіш 16-ны 6 – ға бөлеміз
Бөлінгенде 2 бірлік жазылады.
Бөліндінің мәні- 12, қалдық- 4 .
Тексеру арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді үйретіп, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
1.«Көгалдандыру» ойыны арқылы оқушыларға ағаштың суреті бар карточкаларға үш-үштен мысалдар жазылған қағаздар үлестіріледі.
Екі топтан үш-үштен алты оқушы тақтаға шығып, қалай орындалғандарын талдап береді.
Оқулықтан 1- тапсырманы алады.
Мұнда көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есептер болды.
2.«Ойлан, тап» ойыны арқылы оқулықтан 2-тапсырманы орындап, есепті өрнек құру арқылы шығарады.
Жауабы: Әр көжекке 8 сәбіздің тиеді.Бұл топ басшыларына берілген тапсырма.Қайсысы бұрын орындаса, сол оқушы тақтаға шығарады. Қалғандары дәптерлеріне шығарып, тексертіп отырады.
3.«Ұя жасау» ойыны.
Оқушылардан құсқа қалай қамқорлық жасау туралы сұрақ-жауап әдісі бойынша әңгімелесу.Құс туралы не білетінін айтқызу.
Екі топқа үш-үштен таратылып беріледі де, олар ауызша орындайды.
398 см= 3 м 9дм 8 см
729= 7 жүзд. 2 онд. 9 бірл.
568=5 теңге 68 тиын
4.Сергіту сәті
Көк аспанға қараймын,
Келген құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Қарлығаштың тапсырмасы.
Оқулықтан 6- тапсырманы екі топтың оқушылар ауызша орындайды.
1-топ. Ондықтары 2- ге бөлінетін сандарды жаз.
2-топ. Ондықтары 2- ге қалдықпен бөлінетін сандарды жаз.
Пысықтау.
-Дүние жүзілік алғашқы ғарышкер кім?
8 онд. 2 бірл. 2 онд. 0 бірл. 8онд. 0 бірл.
7 онд. 5 бірл. 5 онд. 0 бірл. 7 онд. 5 бірл.
-Ғарыш туралы не айта аласыңдар?
-Қазқтың тұңғыш ғарышкері кім?
-Ғарышкер күнің қай айда атап өтеді№
Сұрақтар бойынша әңгімелесіп жаңа сабақта алған білімдерін пысықтап қорыту үшін «Ғарышкер ұшу» ойыны арқылы 2 топқа, екі таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөліп, тексеру тапсырмасы берілді.
86:7=12 (2 қалд.) 47:3=15 (2 қалд.)
12х7=84 15х3=45
Оқушылар тақтаға орындап, қалай орындағандарын талдап береді.
«Біз бүгін екі таңбалы санға қалдықпен бөлуді үйрендік», - деп сабақты қорытын береді.
Мұғалім: Дұрыс айттыңдар. Енді, Білгіш сыйлаған гүлдердің санына қарай екі топтың иеленген орындарын анықтап, оқушыларға баға қойылады.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, аттарын атау.
Үй жұмысы: Оқулықтың 169- бет, 5- тапсырма, әр оқушының деңгейіне сәйкес қима-қағазға жазылған тапсырмалар беріледі.