Күні: 09.09.2019 | Мұғалімнің аты-жөні: Сапакова У |
Сынып: 6 | Математика | |
Сабақ тақырыбы | Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну; 6.1.2.1 сандардың қатынасы ұғымын меңгеру; 6.1.2.2 берілген қатынасқа кері қатынасты табу; 6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу; |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: екі санның қатынасы нені көрсететінін түсінеді; сандардың қатынасы ұғымын меңгереді; берілген қатынасқа кері қатынасты табады; екі санның қатынасын оқиды және жазады. |
Бастапқы білім | Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0 - 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын тексеру Ой-түрткі: (Өткен сабақтар бойынша сұрақтар) С-1: Жай бөлшек дегеніміз не? С-2: Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосып, азайтамыз? С-3: Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосып азайтамыз? С-4: Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз? С-5: Жай бөлшектерді қалай бөлеміз? С-6: Бөлшектің негізгі қасиеті қандай? Ауызша тапсырмалар: | Презентация |
6 – 20 мин | Жай бөлшектің негізгі қасиетін еске түсіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. Жаңа сабақ. Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы. Бөлінді мен «қатынас» терминінің арасындағы байланыс: шамаларды олардың бөліндісі бойынша салыстырған жағдайда «бөлінді» сөзінің орнына «қатынас» термині қолданылады. Екі шаманың өлшемдерін бөлінді түрінде салыстыру үшін қатынас ұғымын қолданады. Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынас деп аталады. Мұнда а және в қатынастың мүшелері деп аталады. а - қатынастың алдыңғы мүшесі, в - қатынастың соңғы мүшесі. Оқылуы: «а санының в санына қатынасы немесе а - ның в - ға қатынасы» Бөлінді = Қатынас | Презентация Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – |
21 – 30 мин | Жұптық жұмыс Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. №1. Әр жұпқа кестедегі бос торкөздерін толтыруды ұсыныңыз. Бөлінгіш | Бөлгіш | Бөлінді | Қатынас | 2 | 3 | | 2:3 | 10 | | | 5:14 | | 5 | | | | | | | Әр жұп шешімін тапқан соң, жұмыстарымен алмасып, жауаптарын өзара тексереді. №2. Оларға екі үлестірмеден таратыңыз. Бір оқушы үлестірмеде жазылған қатынасты оқиды, ал екінші оқушы оны жазады, содан соң өз жазбасын серіктесіне тексеру үшін береді. Тексеруден соң, оқушылар рөлдермен ауысады. а) 12-ның 4-ке; б) 12 ; в) 0,25-тің 0,55-ке; с) -тің 8,2-ге; д) 6-ның 20-ға; е) 9,1-дің 0,07-ге №3.Станоктың салмағы 9,6 ц, ал электромотордың салмағы 36 кг. Электромотордың салмағының станоктың салмағына қатынасын табыңыз. Шешуі: 9,6 ц = 960 кг. Электромотордың салмағының станоктың салмағына қатынасы Процентпен : . Электромотордың салмағы станоктың салмағының процентін құрайды. | Математика 6 сынып Оқу жоспары Қосымша 1 Математика. 6 класс. Учебник. Виленкин Н.Я. и др. 117 бет. |
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үйге тапсырма: Екі санның қатынасы. №4-5 Рефлексия: Сабақ бойынша ойларын стикерге жазып, қажет деген суреттің тұсына жабыстырады | |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқушылар сабақта жалпы сыныппен жұмысты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Жұптық жұмыста оқушылар бірлесе отырып орындайды, өзара көмек беріледі. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, жұптық жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. | Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату. |