Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару Оқушылардың дәптерлерінен үй тапсырмасының орындалуын тексеру Психологиялық ахуал: Бүгінгі сан «17» тренингі Оқушылар сандарды 17-ге көбейтеді 2-34 3-51 4-68 5-85 6-102 7-119 8-136 9-153 10-170 1-17 «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты бір-бірден сұрақ жазып, конвертке салады. Жеребе арқылы ортаға оқушы шығып, ыстық орындыққа келіп отырып, конверттен сұрақ алады да жауап бере алса, ары қарай жалғастырады, егер жауап бере алмаса, күйіп кетеді де, келесі оқушы шығады. 1) Теңдеу деп нені атайды? 2)Теңдеуді шешу дегеніміз не? 3)Теңдеудің түбірі дегеніміз не? 4) Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін айт. 5) Үлестірімділік қасиетінің формуласын жазып бер! 6)Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін айт. 7) Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетінің формуласын жазып бер! 8) Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт? 9) Әріптермен жазсақ қалай жазылады? Шешуі: 1)Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды. 2)Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірде-бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. 3)Теңдеудің түбірі дегеніміз әріптің теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні. 4) Қосындыны санға көбейту үшін, сол санға әрбір қосылғышты жеке-жеке көбейтіп, одан шыққан көбейтінділерді қосуға болады. 5) 6)Айырманы санға көбейту үшін, сол санға азайғыштытқышты да көбейтіп, бірінші көбейтіндіден екінші көбейтіндіні азайтуға болады. 7) 8) Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. 9)Әріптермен жазсақ: Жазықтықта О нүктесін белгілеп, осы О нүктесінен басталатын ОА және ОВ сәулелерін жүргізейік. Сонда бұрыш деп аталатын фигура салынады. Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады. Бұрышты құрайтын сәулелерді осы бұрыштың қабырғалары деп, ал сәулелер шығатын нүктені бұрыштың төбесі деп атайды. Бұрышты «» белгісімен және үш бас әріппен белгілейді. Бұрыштың төбесін белгілейтін әріп ортасына жазылады. Мысалы, суреттегі бұрыштың жазылуы:. Оқылуы: АОВ бұрышы немесе ВОА бұрышы. Мұндағы ОА және ОВ сәулелері – бұрыштың қабырғалары деп, ал О нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады. Бұрышты оның төбесіндегі бір әріппен де белгілейді. Демек, АОВ немесе ВОА бұрышын түрінде де жазуға болады. Суретте қабырғалары түзу құрайтын ЕОFбұрышы кескінделген. Мұндай бұрыш жазыңқы бұрыш деп аталады. - жазыңқы бұрыш. Бұрыштың өлшем бірлігі ретінде градусқабылданған. Мұндағы градус “” таңбасымен белгіленеді. Мысалы, (оқылуы: бір градус). Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін сан. Демек, жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі . Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін транспортир қолданылады. Транспортирмен берілген бұрышты, мысалы, АОВ бұрышын өлшеу үшін: транспортирдің центрін бұрыштың төбесіне (О нүктесіне) дәлкелтіру керек; бұрыштың бір қабырғасы (АО) транспортир шкаласындағы санақ басы арқылы өту керек; бұрыштың екінші қабырғасы өтетін шкаладағы штрих осы бұрыштың градустық өлшемін көрсетеді., . Транспортирді пайдаланып, градустық өлшемі берілген бұрышты салуға болады. Мысалы, транспортирді пайдаланып, градустық өлшемі -қа тең АВС бұрышын салуды үйренейік. Ол үшін: ВА сәулесін жүргіземіз; транспортирдің центрін В нүктесіне дәл келтіріп, ВА сәулесін санақ басы - арқылы өтетіндей етіп орналастырамыз; транспортирдің шкаласынан -қа сәйкес штрихты тауып, оның тұсынан С нүктесін белгілейміз. ВС сәулесін жүргіземіз. Сонда градустық өлшемі -қа тең АВС бұрышы салынады, . №451 АВ, АС және АД сәулелерін сызыңдар: неше бұрыш пайда болды? № 453 ОС сәулесі АОВ бұрышының биссектрисасы және АОВ бұрышының градустық өлшемі неше градус? Дәптерге есептің шартына сәйкес бұрышты салыңдар. Шешуі: № 454 3,8 а, ә – суреттегі DOF бұрышының градустық өлшемін табыңдар. Суретті дәптерге көшіріп салыңдар. а. ә. № 456 . Осы бұрыштың ішінен ОС сәулесі жүргізілген. болса, АОС бұрышының градустық өлшемін табыңдар. Есептің шартына сәйкес суретін салыңдар. Шешуі: № 457 3.10-cуреттегі және NOP бұрышының градустық өлшемі неше градус? Шешуі: Ой толғаныс. 1) Санасаң бір үйде төртеу бар, Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. 2) Балаларды "жазалайтын"фигура? 3) Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 4) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысықтан отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар? Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін таратпа қағазға бейнелейді Үйге тапсырма: №452, 455. Бағалау. Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады. |