kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Теңдеу туралы түсініктерін тереңдету. Белгісіз қосылғыштарды, белгісіз азайғыш және белгісіз азайтқышты табуды меңгереді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу»

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі «С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Кожагельдиева куаныш Кишкенеевна

Пәні

Математика

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы

Баға. Сан. Құн.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суретті кестелер, қосымша тапсырмалар, топтық жұмыстар

Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

2.1.3.6 – баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті ажырату және

түрліше төлем жасау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті ажыратып, түрліше төлемді мұғалімнің көмегімен жасайды.

Көптеген оқушылар:

Баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті ажыратып, түрліше төлем жинақтайды.

Кейбір оқушылар:

Баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті ажыратып, түрліше төлем жасауды қолданады.

Көрнекілігі: плакат, үлестірмелі қағаздар

Тілдік мақсат

Монета, сома, купюр, баға, сан, құн

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

4 мин

Қане біздер ойлайық,

Ойымызды жинайық.

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау



8 мин

Алдыңғы оқуды пысықтау.

Үй тапсырмасын: №4. Тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.

25 ꞊ 25 42 25

70 ꞊ 70 70 42

70

40

Ауызша есептеулер жүргізу:

2 мен 6-ның көбейтіндісі

3пен 7-нің көбейтіндісі

24 пен 6-ның бөліндісі

32 мен 8-дің бөліндісі

5 пен 9-дың көбейтіндісі

78 санының разрядтық атауын ата.

95 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте.

200 тг-лік қағаз ақша ақшаны қандай монеталармен ұсақтауға болады?

  • Ал балалар біздің ортақ тақырыбымыз қалай аталады?

  • Салт-дәстүрге нелер жатады?

  • Фольклор дегеніміз не?

Фольклор – халық шаруашылығы, яғни аңыз әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер.

  • Кәне балалар, ақшаға байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Онда назар аударайық.

Теңге – тиыннан,

Ынтымақ – ұйымнан.

Ақша – қолдың кірі.

Екі мағынада қарастыруға болады. Тура мағынада – ақша – миллиондаған қолдардан өтеді, екіншісі- ақша бірде бар, бірде жоқ. Ақша- байлық емес. Сендер рухани бай, білімді, дендерің сау болса – биік белестерді бағындыра аласыңдар.

Алдыңғы оқу түсінікті болса, бағдаршам түсі арқылы кері байланыс беріңдер. Жарайсыңдар балалар, сендер алдыңғы оқуды жақсы меңгере білдіңдер.

Кері байланыс жасау «Бағдаршам» әдісі

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ


20 мин

Тақтаға әр қатардан екі баладан шыға қойыңдар.

Ал, балалар, сендер қағаз ақша мен монетаны танисыңдар. Оны күнделікті өмірде аналарыңмен базарға, дүкенге барып көріп жүрсіңдер. Олай болса балалар дүкен аралауға шығайық.

  • Балалар, қандай дүкенге келдіңдер? Маңдайшаны оқимыз.

  • Ұлттық кәдесыйлар дүкені

  • Кәдесый – қандай да бір маңызды оқиғадан немесе басқа қала, басқа елдерде болғанда естелік үшін тарту етілетін немесе әкелінетін сәндік зат.

  • Қазақ халқының ұлттық бұйымдары немесе ұлттық киім үлгісі, ұлттық оюлармен безендірілген заттар.

  • Қане балалар қалаған заттарыңды алыңдар.

  • Қалай ойлайсыңдар, балалар, дүкенге барған балалар нені ұмытты?

  • Дұрыс айтасыңдар ақшасын төлемедік. Ақшасын төлеу үшін әр заттың бағасын білуіміз керек. Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Баға. Сан. Құн.

Ендеше бүгінгі сабағымызда қандай мақсатқа жетеміз деп ойлайсыңдар?

Мақсатымыз:

  • Заттардың бағасына, санына қарап құнын анықтау;

  • Монеталарды ажырату, көрсетілген соманы ұсақтауды және жинақтауды білу;

  • Баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті пайдалана отырып, яғни әртүрлі амалдар арқылы есептер шығара алады.


  • Алған заттарыңның астында бағасы тұр. Оны қағаз ақшамен және монетамен төлеңдер.

  • 1 сурет 100 тг тұрады. Осындай 5 суретке қанша тг төлейсің? Оны қалай таптың?

  • 1 дәптер 20 тг тұрады. 80 тг неше дәптер аласың?

Сатып алынатын заттың құнын білу үшін, тауардың бағасын оның санына көбейту керек: Қ ꞊ Б · С

Сатып алынған заттың санын білу, тауардың құнын бағасына бөлу керек: С ꞊ Қ : Б

Тауардың бағасын білу үшін, құнын тауардың санына бөлу керек:

Б ꞊ Қ : С

Көркем жазу сәтін жүргізу 101 ꞊ 100 + 1


Тауар

Б

С

Қ

Қалам

5 тг

6 дана

? тг

Сызғыш

? тг

3 дана

27 тг

Өшіргіш

8 тг

? дана

24 тг

Шарты:

Қалам – 5 тг

Саны – 6 дана

Құны - ?

Ш: 5 · 6 ꞊ 30

Ж: құны 30 тг.

Дескриптор:

1.

1. Кесте бойынша есептің шартын құрады.

2. Есептің сұрағын дұрыс қояды.

3. Өрнектің амал таңбасын дұрыс анықтайды.

4. Өрнектің мәнін табады.

5. Есептің жауабын жазады.


2 тапсырма. Кесте бойынша есеп құрастыр. Жұптық жұмыс.

Шарты:

Болғаны – 800 тг

Сатып алынды – 600 тг

Қалды - ?

Шешуі: 800 – 600 ꞊ 200

Ж: 200 тг қалды.

ҚБ: Жарайсыңдар!


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Қолды қолға ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз шынығып алайық.



3 тапсырма.Топтық тапсырма.

85 – х ꞊ 35 27 + у ꞊ 92 61 – х ꞊ 12

х ꞊ 85 – 35 у ꞊ 92 – 27 х ꞊ 61 - 12

х ꞊ 50 у ꞊ 65 х ꞊ 49

85 – 50 ꞊ 35 27 + 65 ꞊ 92 61 – 49 ꞊ 12

35 ꞊ 35 92 ꞊ 92 12 ꞊ 12

«От шашу» арқылы бағалау

4-тапсырма. Баған түрінде есепте.

6 98 57 100 50 70

44 35 29 89 38 63

50 63 86 11 12 7

5-тапсырма. Есептемей салыстыр(ауызша)

400 + 200 * 200 + 400 700 – 300 * 700 + 200

38 – 16 * 38 – 20 19 + 58 * 58 + 20

Сабақты бекіту

4 мин

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?

Үй тапсырмасы

№ 4, 49 бет

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 

Кері байланыс

4 мин

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Білім сандығына салу.


Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Сабақтың оқу мақсаттары шынайы болды. Бүгін оқушылар «Баға. Сан. Құн» туралы терең түсінді. Оқушылар сабақта белсенділік танытты. Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды. Уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспар бойынша өтілді.








































Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі «С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Кожагельдиева Куаныш Кишкенеевна

Пәні

Математика

Сыныбы: 1 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Теңдеу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суретті кестелер, қосымша тапсырмалар, топтық жұмыстар

Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

1.2.2.2 «таңдап алу» әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

«таңдап алу» әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;

Көптеген оқушылар:

«таңдап алу» әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулер құрастырады және шешеді;

Кейбір оқушылар:

«таңдап алу» әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулер құрастырады, шешеді және түсіндіреді.


Көрнекілігі: плакат, үлестірмелі қағаздар, ҚБ тапсырмалары

Тілдік мақсат

Қосылғыш, қосындының мәні, азайтқыш, азайғыш, айырманың мәні

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

4 мин

Сырын ашып беретін әр ұғымның

Ғажап сырды осыдан сен ұғындың

Қиыны мен қатар тұрар қызығы

Математика – патшасы сан ғылымның.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау

8 мин

Алдыңғы оқуды пысықтау. Ауызша есептеулер жүргізу ( разрядтық атауларын атау, санды өрнектерді есептеу, салыстыру)

  • 1 тәулікте қанша сағат бар?

  • 1 дм қанша см бар?

  • Қандай фигура? Қасиетін ата.

  • Ұзындықты немен өлшейді?

  • Массаны немен өлшейді?

  • Көлемнің өлшем бірлігі қалай аталады?

  • Өрнектің қанша түрі бар?

  • Бұл қандай өрнек?

  • Қосу амалының компоненттерін ата.

  • Азайту амалының компоненттерін ата.

Алдыңғы оқу түсінікті болса, бас бармақ әдісі арқылы кері байланыс беріңдер. Жарайсыңдар балалар, сендер алдыңғы оқуды жақсы меңгере білдіңдер.


Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ


20 мин

  • Теңдеу дегеніміз не?

  • Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?

  • Белгісіз азайтқышты қалай табамыз?

  • Белгісіз азайғышты қалай табамыз?

Ендеше бүгінгі сабағымызда теңдеу туралы білімімізді тереңдетіп қорытындылаймыз.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма.

Қобдишада неше інжу бар? Теңдеу құрастыр және шеш. Топтық жұмыс.

Дескриптор:

  1. Берілген суретке қарап теңдеу құрастырады.

  2. Белгісіз компонентті анықтайды.

  3. Белгісіз компонентті табу үшін амал таңбасын таңдайды.

  4. Белгісіз санды табады.

  5. Белгісіз санның мәнін дұрыс орналастырады.

Бірін-бірі бағалау. «От шашу»

2-тапсырма.

Ойнайық, балықты тез аулайық. Жеке жұмыс.

1-қатар: белгісіз қосылғышы бар теңдеу

2-қатар: белгісіз азайтқышы бар теңдеу

3-қатар: белгісіз азайғышы бар теңдеу

Бірін-бірі тексеру.

Кері байланыс жасау «Бағдаршам» әдісі


Жеке оқушымен жұмыс (төмен деңгей)

Сергіту сәті


Геометриялық фигураларды іс-қимыл арқылы көрсету.



3 тапсырма. Шығарып көр. Жеке жұмыс.

Сандық сәуленің көмегімен теңдеудегі белгісізді тап.


х + 7 = 18 в – 4 = 12 а – 9 = 11

х = 18 – 7 в = 12 + 4 а = 11 + 9

х = 11 в = 16 а = 20

11 + 7 = 18 16 – 4 = 12 20 – 9 = 11

ҚБ «От шашу»


4-тапсырма. Топпен жұмыс

1-қатар: санды өрнектерді салыстыру.

2-қатар: әріпті өрнектің мәнін табу

3-қатар: 4 см, 6 см кесінді сызу

«От шашу» арқылы бағалау

«Лото» ойыны (ауызша)

Теңдеулер таратылады. Шаршы лақтырып, көрсетілген сан кімдегі теңдеудің жауабы екенін айту.

Сабақты бекіту

4 мин

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?



Оқушылар күнделіктеріне жазады

 

Кері байланыс

4 мин

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Білім сандығына салу.


Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?









































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

Автор: Кожагельдиева Куаныш Кишкенеевна

Дата: 04.04.2021

Номер свидетельства: 577454

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Есеп. Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу."
    ["seo_title"] => string(53) "iesiep_bielghisiz_azaitk_yshy_bar_tien_dieudi_shieshu"
    ["file_id"] => string(6) "409634"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492407272"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу"
    ["seo_title"] => string(47) "bielghisiz_k_osylg_yshy_bar_tien_dieudi_shieshu"
    ["file_id"] => string(6) "392494"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487239078"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) ""Теңдеуді шешу""
    ["seo_title"] => string(21) "tien_dieudi_shieshu_1"
    ["file_id"] => string(6) "459056"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519316568"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Белгісіз азайғышы бар теңдеу"
    ["seo_title"] => string(37) "bielghisiz_azaig_yshy_bar_tien_dieu_2"
    ["file_id"] => string(6) "464357"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522427172"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Конспект урока  математики по теме "Азайту?а берілген те?деуді шешу" для 1 класса "
    ["seo_title"] => string(93) "konspiekt-uroka-matiematiki-po-tiemie-azaitug-a-bierilghien-tien-dieudi-shieshu-dlia-1-klassa"
    ["file_id"] => string(6) "190477"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427183444"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства