kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ. " 10 көлеміндегі сандарды қайталау."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қосалқы мектептегі бастауыш сынып оқушыларына арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. " 10 көлеміндегі сандарды қайталау."»

Сабақтың тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қайталау.

Сабақтың мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды бекіту.

Сабақтың міндеті:

  1. Білімділік: 10 көлеміндегі сандарды санауды, сандарды салыстыру, сандардың құрамына байланысты алған білімдерін бекітіп, қосу мен азайту амалдарын орындау дағдыларын қалыптастыру.

  2. Түзету дамытушылық: Танымдық белсенділігін арттыру, ой өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту.

  3. Тәрбиелік: ойын дұрыс айта білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кеспе сандар, интерактивті тақта, жазу үлгісі, әр түрлі карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) балалардың оқу құралдарын түгендеп, сабаққа назарын аудару.

ә)Психологиялық дайындық:

-Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

ІІ. Мақсатын қою:

- Балалар, бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.

- Саяхатқа шығар алдында өткен тақырыптарды қайталап өтейік.

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру:

-қазір жылдың қай мезгілі (күз)

-күздің қай айы? ( қазан)

-бір аптада неше күн бар (7)

- бір аптада неше күн оқимыз? (5)

- бір аптада неше күн демаламыз? (2)

-бүгін аптаның қай күні?

ІV. «Шашу» ойыны. Мұғалімнің үстелінің үстіне 0-ден 10-ға дейін сандар карточкалары қойылады.

Мұғалім: - Балалар мына үстел үстіне қойылған карточкаларды алып, 0-ден 10-ға дейін сандар қатарын құраймыз.

VІ. 0 – 10 дейін тура және кері санау.

- Өте жақсы

VІІ. Жаңа сабақ.

  • Біз бүгін 10 көлемінде барлық сандарды қайталаймыз.

  • Бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Тыныш отыруымыз керек.

  • Балалар, біз не үйренгенімізді көрсетейік.

( ертегі желісінде видео)

- Aл, балалар, енді біз мысыққа көмектесейік. Мақта қыз құйрығын беру үшін осы ертегілердегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындайық.

Балалар, мысық бірінші көмек сұрап неге келеді? (сиырға)

- Ал, ендеше сиырдың тапсырмасын орындайық.

  1. Сиырдың тапсырмасы: Сандардың көршісін тап ойыны.

  • Балалар мына суретте берілген сандардың көршілерін табайық.

  • Өте жақсы.

  • Балалар, мысық енді неден көмек сұрауға келді? (ағаштан)

  • Онда ағаштың тапсырмасын орындайық.

  1. Ағаштың тапсырмасы:

- Ауызша есептерді саусақтардың көмегімен шығарып көрейік.

1. табақта үш алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма? (5)

2. 10 асықтың 3-еуін досың сұрап алды, айтшы сонда нешеуі өзіңде қалды?(7)

3. Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек, 1-еуі тығылды, 1-еуі жығылды. Қалғаны неше үйрек? (6)

4. Алмаға кеп күн ара 
Қонушы еді бір ара 
Бүгін тоғыз туысын 
Ертіп келді бұл ара, 
Сонда бүгін алмаға 
Келіп қонды қанша ара? (10) 

- Ал, енді балалар мысық кімдерге көмек сұрап келеді?

3) Қыздардың тапсырмасы: Ойын  «Ойлан  тап» 

Тиісті таңбаны қой: ,

Салыстыру:

1+3 * 2+2 5+2 * 7+0

    1. * 8-4 9- 1 * 10-0

  • Қыздардың тапсырмаларын орындап шаршаған боларсыңдар.

  • Енді, жаттығу жасап сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Сыңғыр, сыңғыр сырғалар
Құлағымда сырғалар
Оң қолымда білезік
Сол қолымда білезік
Саусағымда сақина
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Отырайық тып – тыныш

  • Балалар мысық кімге көмекке келді? (дүкеншіге) 

  • Ендеше дүкеншінің тапсырмасын орындайық.

  1. Дүкеншінің тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс: Бір,екі үш

Қолға жинап күш.

Дәптерімізді ашамыз,

Көркем санды жазамыз

- Аспанда не жарқырап тұр? (күн)

- Дұрыс, балалар, аспанда күн жарқырап тұр.

- қане, балалар, барлығымыз күн сияқты күлімдейікші, әдемісіндер.

- Ендеше дәптерге де 10 санын әдемілеп жазайық.

- Балалар, біз қандай баламыз?

-Сұлу, тәртіпті, әдемі.

- Олай болса, жазған жазуымыз да әдемі болсын.

Көркем сан: 10

  • Балалар, енді қонақтарымызға есепті дәптерімізге орындай алатынымызды көрсетейік!

Оқулықпен жұмыс: 66 бет 2- ші есепті тақтаға, дәптерге орындау.

  • Келесі тауықтың тапсырмасын орындайық!

5) Тауықтың тапсырмасы:

- 10 санының құрамын тақтада сандар үйшігінен құрастырайық.

- Сонымен балалар, мысық соңында неге келді? ( тышқанға)

  1. Тышқанның тапсырмасы:

  • үндемес ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның шарты.  Оқушы тактаның алдына шығып, саусақтың ізімен арқасына бір сан жазамын.

  • Санды атап, үстелдің үстіндегі кеспе цифрдан үндемей көрсетеді.

  • Балалар, Мақта қыз сендердің білімдеріңе риза болып, мысықтың кұйрығын қайтарып беріпті.

  • Мысық сендерге өте риза.

VІІІ. Сабақты қорытындылау:

- сонымен, балалар, бүгін қандай сандарды қайталадық?

- Балалар, бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстындар.

- Сабақ ұнады ма? 

- Нені қайталап еске түсірдік?

- Есеп шығардық

- салыстырдық

- ауызша өлең есептер шығардық

- сандардың құрамын таптық.

ІХ. Үйге тапсырма беру: 10 саны көлемінде сандарды қайталау

Х. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.














« Қосалқы мектеп- интернат » КММ









АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қайталау.





2 « А» сыныбы







Мұғалімі: Айдархан Ж.Б













2016 -2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ашық сабақ. " 10 көлеміндегі сандарды қайталау."

Автор: Айдархан Жұмағайша Байгерейқызы

Дата: 13.11.2016

Номер свидетельства: 358339

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "10 к?леміндегі сандарды ?айталау ж?мысы"
    ["seo_title"] => string(39) "10koliemindieghisandardykaitalauzhumysy"
    ["file_id"] => string(6) "282171"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453651493"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""Он көлеміндегі сандарды қосу және азайту""
    ["seo_title"] => string(46) "on_koliemindieghi_sandardy_k_osu_zh_nie_azaitu"
    ["file_id"] => string(6) "361303"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479784928"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Математика п?нінен ашы? саба? "7 саны  ж?не цифры" "
    ["seo_title"] => string(53) "matiematika-p-ninien-ashyk-sabak-7-sany-zh-nie-tsifry"
    ["file_id"] => string(6) "236302"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444030537"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Бастауыш сыныптар ?діс бірлестігіні? апталы?ы"
    ["seo_title"] => string(43) "bastauyshsynyptardisbirliestighininaptalygy"
    ["file_id"] => string(6) "318184"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460532297"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Баяндама: Математика саба?тарында ?лтты? ойындарды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-matiematika-sabak-tarynda-u-lttyk-oiyndardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "190941"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427234826"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства