Данный урок предназначен для пятого класса с казахским языком обучения. Урок проходит в виде открытого урока с элементами игры. Основная цель урока - это с помощью математических формул обобщить и систематизировать знания и навыки учащихся. Форма деятельности учащихся групповая работа. На уроке используются схемы, формулы, пословицы, работа с учебником, интерактивная доска, слайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Формулалар бойынша есептер шығару. 5 сынып»
Сабақтың тақырыбы: Формулалар бойынша есептер шығару
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік. Оқушылардың тік төртбұрыштың, үшбұрыштың, тік бұрышты параллелепипедтің, квадрат пен кубтың және жолдың, заттың құнын табу формулалары туралы түсініктерін жүйелеу
2. Дамытушылық. Балалардың фоормулаларды пайдаланып, берілген тақырыпта есептер шығара алу дағдыларын қалыптастыру
3. Тәрбиелік. Шығармашылық қасиеттерін, ақыл-ой қабілеттерін, белсенділіктерін арттырып, іздемпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тест
С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тізім бойынша оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру
2. Сабақтың мақсатын хабарлау. Сабақтың мақсаты: «Формулалар» тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу, жинақтау, формулаларды пайдаланып, есептер шығаруда тиімді пайдалану дағды-іскерліктерімізді арттыру
3. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасына берілген №114 есептің жауаптары ауызша тексеріледі. Теңдеулердің жауаптарын оқып. Қате болған жағдайда тақтаға шығарады.
4. Оқушының білімдерін тексеру. Оқушылар тақтаға шығып, кезекпен формулалар жазып, келесісі оны оқып, өлшемдерін айтады.
Эстафета түрінде өткізіледі:
1) Тік төртбұрыш периметрінің формуласы ?
2)Тік төртбұрыштың ауданының формуласы?
3) Үшбұрыштың периметрінің формуласы ?
4)Тік бұрышты параллелепипед көлемінің формуласы?
5) Жолдың формуласы?
6)Заттың құнының?
7)Квадрат периметрі мен ауданының формуласы?
8) Куб көлемінің формуласы?
5. Тапсырманы пысықтау және бекіту. Теориялық білімдерін есептер шығару барысында пысықтап бекіту
Оқулықпен жұмыс Балалар есептің шартын оқып, қандай формуланы пайдаланатынын белгілейді
№ 115.
Ұзындығы 75 м, ені 30 м тік төртбұрыш пішінді жер телімін қоршау үшін қадалар әрбір 3 м арақашықтықта қағылды.. жер телімі 5 қатар сыммен қоршалды.1) неше қада қағылды? 2) неше метр сыммен қоршалды?
P=2(a+b)
Шешуі:Р=2(75+30)=210
210:3=70
210 5=1050
Жауабы:70 қада, 1050 м сым
№118.
Гауһар мен әкесіескекті қайық-пен жүзіп, қуыршағы суға құлады. Ағыс жылдамдығы 30 м/мин, қайықтың жылдамдығы 90 м/мин. 4минуттан соң қуыршақ қайықтан қандай қашықтықта болады?
S=vt
Шешуі: 90-30=60
60+30=90
90 4=360
Жауабы:360 м
Жеке оқушыларға 3есептен тұратын тест тапсырмалары беріледі
Сызбасы берілген есептер
№119.
Тік бұрышты параллелепипедтің төбе жағындағы АДС үшбұрышының ауданы 170см2, ал биіктігі АЕ=4 см. Боялған бөліктің көлемін табу?
V=abc
Шешуі: S=170см2
АЕ=4см
V=170 4=680
Жауабы: 680 см3
№120.
АВС үшбұрышының Ас қабырғасы 9см. АВС үшбұрышының ауданын табыңдар?
S=ab
Шешуі: S1=14 6=84см2
S2=84:2=42см2
S3=6 5=30см2
S4=30:2=15см2
S=84-(42+15)=84-57=27
Жауабы: 27 см2
№122.
Қыры 4см кубтың үстіңгі жағына әрқайсысының қыры 1 см-ге тең екі куб жапсырылған. Фигураның бетінің ауданын табыңдар?
S=a2
Шешуі: S1=4 4=16см2
16 5=80
S2=1 1=1см2
1 8=8
16-2=14
S=14+80+8=102 см2
6. Сергіту кезеңі Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, І топқа «Тоқтама» тапсырмасы беріледі, ІІ топқа «Кері есептеу» тапсырмасы беріледі Балалар «Тоқтама» тапсырмасында сан есімі бар мақал-мәтелдер айтады, «Кері есептеу» тапсырмасында оқушыларға үш сандық тізбек беріліп, амалдар тізбегін кері есептеу тәсілімен қалпына келтіреді