kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Апта ананың жеті баласы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Апта күндерімен таныстыру.

қисынды есептер шығара алуға баулу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Апта ананың жеті баласы"»

«Арайлым» жекеменшік балабақшасы тәрбиешісі:Арханова Олтингуль Айезбоевна «Бәйтерек» ересек топ

Ұйымдастырылған оқу-қызметі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Апта ананың жеті баласы»
Мақсаты:Цифр мен заттың санын сәйкестіндіруді үйрету, сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру. Аптадағы күндердің атауын жаттау, балалардың бойында уақыт туралы түсінік қалыптастыруды жалғастыру. Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті.
Көрнекілігі:Күнтізбе, үлестірмелі материалдар, слайд арқылы суреттер

Жүру барысы:

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі біздің оқу-қызметіміз ерекше болмақ. Біздерге көптеген апайлар қонаққа келіпті. Қане бәріміз амандасып алайық.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Ал қанекей бәріміз
Сәлем делік үлкенге
Сәлеметсіздерме апайлар!

Қане балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

Қыс мезгілінде қанша ай бар?

Оларды атап қөрейікші

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Қызықтыру кезеңі;Тақтаның алдында себет тұрады
Балалар қараңдаршы, мында себет тұр ішінде не бар екенің көрейік пе? (Иә)
себеттен телефон номері шығады. Мында номер жазылған екен, қане біз осы номерге хабарласып көрейік. Телефонның арғы жағынан Апта ананың дауысы шығады.

Апта ана:Алло, алло балалар, амансыңдар ма? Менің жеті балам бар, олар сабақтарын жақсы оқып, тәртіпті болғандары үшін мен оларды саяхатқа алып шықпақшы болған едім. Бірақ біздің қаламызға бір вагон тіркемесі бар пойыз келді, біз ол пойызға сыймай отырмыз. Маған вагон тіркемелерін көбейтіп бере аласыздар ма?

Тәрбиеші:Балалар, біз апта анаға көмектесеміз бе?

Балалар:Ия, көмектесеміз

Мына себеттің ішінде тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ әр тапсырмаға бір вагон тіркемесін береді екен.

1-тапсырма:Жұмбақ:Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді (аптаның жеті күні)

Балаларжұмбақ не туралыайтылған?

Балалар:Аптаның жеті күні

Тәрбиеші:Иа апта күндері туралы айтылған екен. Балалар бір айда төрт апта болады, бір аптада жеті күн болады. Біздің салтымыз бойынша жалпы жеті саны қасиетті сан балалар. Жеті қазына, жеті ата тіпті аспанда жеті қарақшы деп аталатын жұлдызда бар екен. Біз балабақшаға неше күн келеміз? Неше күн демаламыз? Сонда бір аптада жеті күн болады. Апта деген парсының «жеті» деген сөзінен шыққан. Қане жеті күнді атап шығайық.

Біріншісі - Дүйсенбі
Екіншісі - Сейсенбі
Үшіншісі - Сәрсенбі
Төртіншісі - Бейсенбі
Бесіншісі - Жұма
Алтыншысы - Сенбі
Жетіншісі–Жексенбі

Міне, бізде бірінші тіркеме вагоны бар. Енді келесі вагондарды да алып берейік.

Ал, енді екінші тапсырманы орындайық. Балалар, бұл бізде қисынды есептер екен.

2-тапсырма:

1.Мұз айдынындағы үш бала,
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың,
Санын айтсаң жарадың.
2. Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр.
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?
3. Табақта төрт алма,
Қолымда бір алма.
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма?

Балалар, қараңдаршы бізге бірден екі вагон тіркемесін беріпті. Енді неше тіркеме керек екен?

3-тапсырмасы: «Шатасқан сандар» ойыны
Шарты;Балаларға 1-10ға дейінгі сандар таратылады. Музыка әуенің естігенде олар жүгіріп билейді, тоқтағанда 1-10 ға дейін сандар ретімен тұра қалады.

4-тапсырма:Балалар сандарды оң және кері санайды
1 - ден 10 - ға дейін оң және кері сана!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10-10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

4-тапсырма:Есептерді шығар!
3+2
7+3=
6-3=

1+5=

6+4=
8-2=
8+2=

9+1=
3-2=

5+5

Балалар, бізге тағы да екі вагон тіркемесін беріпті. Енді неше тіркеме керек екен?

Балалар:Біреу

Ия, бізге енді бір тіркеме жетпей жатыр. Бірақ балалар сендер шаршап қалған сияқтысыңдар. Келіңдер сергіту жаттығуын орындап жіберейік
Сергіту сәті:

Дүйсенбіде - доп ойнадым далада
Сейсенбіде - серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде - сурет салдым сәндетіп,
Бейсенбіде - би биледім әндетіп
Жұма - күні жидек тердім
Сенбіде - кино көрдім
Жексенбіде - үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта

Енді соңғы тапсырма қалды балалар.

Жарқылдан соң жанағы,
Суға толды бар алқап
Көкте турлі жолақты
Өрнек тұрды ғаламат. (Кемпірқосақ)

Қане балалар кім айтады кемпірқосақта неше түс бар? Қане олай болса бәріміз бірге кемпірқосақтың түстерін атап құрастырайық.

Тақтаға жеті түсті құрастырады да жетінші тіркемені алады.

Жарайсыңдар балалар, бір барлық тапсырмаларды орындап апта ананың жеті баласына жеті вагон тіркемесін алып бердік. Енді Апта ана балаларымен қызықты әрі көңілді қыдыратын болды.

Енді, балалар, дәптермен жұмыс орындайық.

Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Балалар, сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындаған ұнады ма?

Қандай тапсырма ұнады?

Кім бізден көмек сұрады?

Апта ананың неше баласы бар екен?

Аптаның аттарын қайталап беріңдер!

Жарайсыңдар, балалар, сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындап, Апта анаға көмектестіңдер. Енді мен сендерге оқу-қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін жақсы көңіл-күй сыйлаймын. Әрдайым осылай күлімдеп жүріңдер. Қане, енді қонақтармен қоштасайық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Апта ананың жеті баласы"

Автор: Арханова Олтингуль Айезбоевна

Дата: 08.02.2020

Номер свидетельства: 538816

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ашық сабақ "Апта күндері" математика пәні"
    ["seo_title"] => string(42) "ashyk_sabak_apta_kundieri_matiematika_p_ni"
    ["file_id"] => string(6) "385944"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485851459"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(221) "Статья из опыта работы «Балаба?шамен ?амтылма?ан балаларды мектепке дейінгі орталы? жа?дайында т?рбиелеуді? тиімділігі.» "
    ["seo_title"] => string(133) "stat-ia-iz-opyta-raboty-balabak-shamien-k-amtylmag-an-balalardy-miektiepkie-dieiinghi-ortalyk-zhag-daiynda-t-rbiielieudin-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "110055"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1405458790"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Ашы? саба?  "АБАЙ  ??НАНБАЙ?ЛЫНЫ?  ?МІРІ ШЫ?АРМАШЫ?Ы" "
    ["seo_title"] => string(56) "ashyk-sabak-abai-k-u-nanbaiu-lynyn-omiri-shyg-armashyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "161853"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422281817"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашы? саба?         АБАЙ  ??НАНБАЙ?ЛЫ   «?ЫС» "
    ["seo_title"] => string(36) "ashyk-sabak-abai-k-u-nanbaiu-ly-k-ys"
    ["file_id"] => string(6) "161877"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422283810"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Қазақ тілі пәнінен 9 орыс сыныбына құрастырылған : "Тест""
    ["seo_title"] => string(59) "k_azak_tili_p_ninien_9_orys_synybyna_k_u_rastyrylg_an_tiest"
    ["file_id"] => string(6) "453680"
    ["category_seo"] => string(6) "corect"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1517329410"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства