Просмотр содержимого документа
«4 "А" класс Көбейту және бөлу»
Бекітемін:
Күні:02.03.17
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америкаға қайталау сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік Америка материгінің жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, халқы және елдері, негізгі ірі мемлекеттері жөнінде алған білімдерін қорытындылау.
Дамытушылық: Солтүстік Америка материгі бойынша білімдерін пысықтау және тереңдету, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, өздік және шығармашылықпен орындауға қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке, бір-біріне көмектеcуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтары: Солтүстік Американың физикалық картасы, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақ түрі: сұрақ-жауап,тест ұрақтары
Әдіс-тәсілдер: дәріс, сұхбат, өзіндік жұмыс.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың барысы:
І. Кім шапшаң? Викториналық сұрақтар.
1. Материкте қандай ірі өзендер бар? (Миссисипи, Макензи, Миссури)
2. Ұлы көлдер жүйесіне кіретін көлдер (Жоғарғы, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио)
3. Солтүстік Американы қандай климаттық белдеу кесіп өтпейді? (Экваторлық)
4. «Сьерра» терминінің мағынасы қандай? (Испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді)
5. Солтүстік Америкада қандай халықтар тұрады? (Америкалықтар)
6. Жалпақ жапырақты орман ағаштары (Каштан, платан, орман жаңғағы т.б.)
7. Флорида түбегінің оңтүстігінде орналасқан қорғауға алынған аймақ (Эверглейдс батпағы)
8. «Прерий» сөзінің мағынасы қандай? (француз тілінде «шалғын» деген мағынаны білдіреді)
10.Кордильера тауының ең биік шыңы. (Мак-Кинли, 6193 м)
ІІ. «Тапқыр достар» кезеңінде сәйкестігін табу.
1. Йеллоустоун тау
2. Кордильера өзен
4. Миссисипи тау шыңы
5. Канада ағаш
6. Өлім аңғары астана
7. Секвоя мемлекет
8. Оттава ең төмен нүкте
9. Тундра шалғын шөп
10. Прерий зона
11. Сахара мемлекет
12. АҚШ шөл
13. Аппалач ұшақ
14. Каньон қала
15. Чикаго тау
16. Боинг каньон
17. Тас көмір аң
18. Барибал пайдалы қазба
19. Джаспер аң
20. Қойөгіз қорық
ІІІ. «Ең...ең...ең...» (Географиялық сергіту)
1. Ең үлкен арал ............................... Гренландия
2. Ең биік сарқырама ....................... Анхель
3. Ең ұзын тау .................................. Кордильера
4. Ең үлкен материк.......................... Еуразия
5. Ең үлкен мұхит ............................. Тынық
6. Ең кіші мұхит ................................ Солтүстік Мұзды мұхит
7. Ең биік нүкте ................................. Мак-Кинли
8. Ең дамыған мемлекет .................... АҚШ
9. Ең биік ағаш .................................. секвоя
10. Ең ыстық жер ................................. Өлім аңғары (+57)
11. Ең үлкен тау мұздығы.................... Хабборт мұздығы
12. Ең ұзын жер асты үңгірі ................ Флинт-Мамонт
13. Ең үлкен, әрі терең каньон ............. Колорадо
14. Ең күшті жел ................................... Ураган
15. Ең суы мол өзен .............................. Миссисипи
IV. «Білім кемесі» кезеңінде ситуациялық сұрақтар.
1. Халықтар өзендерден «алтын ағып» жатқанын естіп, оңай олжалы болу, байлыққа кенелу үшін өзендерге барып алтынды сүзіп алған. Дүниенің түпкір-түпкірінен ағылып келеді. Алайда бұл жер өте ыстық, тамшы суға тапшы болады. Қай жер туралы айтылған? Ол заман тарихта қалай айтылған?
Жауабы: «Өлім аңғары», «Алтын дүрбелең» заманы.
2. Әлемдегі ең ұзын тау торабына келдіңдер, таулар шексіз бір-бірімен жалғасып жатыр, шыңдары ерекше болып көрінеді. Бұл қай тау, шыңдары қалай аталады, мағынасы қандай?
Жауабы: Кордильера тауы, ұзындығы 9000 км, «сьерра» сөзі испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді.
3. Бұл жерді ашқан саяхатшы Үндістанды аштым деп ойлайды. Халқы жабайы, келімсектерді ұнатпайды. Кейін осы саяхатшының ашқан жерін басқа сачхатшы зерттеп, Үндістан емес екендігін дәлелдейді, соның құрметіне дүние бөлігіне саяхатшының аты беріледі. Бұл қай саяхатшы, халқы кімдер, материкке кімнің аты беріледі?
4. Бұл сарқыраманың шатқалға құйылуы аспанға шашыраған су тамшыларында жиі пайда болатын кемпірқосақ сан құбылып, алыстан көз тартады. Сарқыраманың гүрілі 25 км қашықтықтан естіледі. Бұл сарқырама қалай аталады, мағынасы не?
Жауабы: Ниагара сарқырамасы, үндістер тілінде «гүрілдеуік су» деген мағынаны білдіреді.
5. Жер шарының түкпірінен келген көптеген халықтардың атамекеніне айналған мемлекет. Үндістер тілінде «қоныс», «қауымдастық» дегенді білдіреді? Бұл қай ел?
Жауабы: Канада.
V. «Сен білесің бе?» кезеңінде әр топ өз елдерін таныстырады.
VІ. Миға шабуыл. (Тест сұрақтары)
1) Солтүстік Америка ежелгі қай материктің құрамында болған?
А) Америка Б) Гондвана
Ә) Лавразия В) Еуразия
2) Солтүстік Америкадағы ірі тау жүйесі.
А) Колорадо Б) Аппалач
Ә) Йеллоустоун В) Кордильера
3) Қойөгіз тіршілік ететін табиғат зонасы.
А) тундра Б) арктикалық шөл
Ә) шөлейт В) тайга
4) Солтүстік Америкадағы жауын-шашын аз жауатын жер.
А) Өлім аңғары Б) Гренландия аралы
Ә) Үлкен Алап В) Колорадо
5) АҚШ халқының саны.
А) 275 млн адам Б) 300 млн адам
Ә) 280 млн адам В) 450 млн адам
6) «Боинг» ұшағын шығаратын АҚШ-тың қаласы.
А) Детройт
Ә) Нью-Йорк
Б) Лос-Анджелес
В) Сиэтл
7) Канада елінің мемлекеттік туында қандай ағаш бейнеленген?
А) шырша Б) үйеңкі
Ә) бал қарағай В) қарағай
8) Солтүстік Американың ең биік шыңы.
А) Робсон Б) Эльберт
Ә) Мак-Кинли В) Сьерра-Невада
9) Материктің солтүстіктегі шеткі нүктесі.
А) Мерчисон мүйісі Б) Ханзада Уэдьс мүйісі
Ә) Марьято В) Сент-Чарлз мүйісі
10) Дүние жүзіндегі ең үлкен арал.
А) Мадагаскар Б) Жаңа зеландия
Ә) Жаңа Гвинея В) Гренландия
VІІ. «Білгенге маржан» кезеңінде сөзжұмбақ шешу.
1. Дүние жүзіндегі ең үлкен, терең каньон. (Колорадо)
2. Ең биік нүкте. (Мак-Кинли)
3. Биіктігі 100 метрден асатын биік ағаш. (Секвоя)
4. Ең үлкен мұздығы. (Хабборт)
5. Солтүстік Американы Еуропадан бөліп жатқан бұғаз. (Беринг)
6. Биік тау жүйесі. (Кордильера)
7. Үлкендігі жөнінен қай материктен кейінгі орында? (Африка)
Қорытынды. «Карта» еліне саяхат.
Материктегі ұлы саяхатшылардың құрметіне қойылған жер-су атауларын картадан көрсетіңдер