Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік
3 санын қосу және азайту тәсілдерін жетілдіру, тереңдету және тиянақтау, бекіту. Дұрыс сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Дамытушылық
Оқушылардың есте сақтау, өз бетімен шешім қабылдау, ой – өрісін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Шапшаң есептеуге баулу.
б) Тәрбиелік мәні
Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, мағынасын ашу, ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта 3 – ке қосу, азайту кестесі, үлестірмелі қағаздар.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды сабаққа әзірлеу
ә) психологиялық дайындық
Біз оқушы баламыз
Қағаз қалам аламыз
Ұстазымыз үйреткен
Сандарды ұғып жазамыз
- Сабақты бастамас бұрын бір – бірімізге жылы лебіз тілейік
- Иманды да, шыншыл болыңдар!
1 – бала: Еліме тыныштық, тілеймін!
2 – бала: Деніміз сау болсын!
3- бала: Білімді азамат болайық!
4- бала: Көк туымыз биік болсын!
5 – бала: Сауатты болайық!
6 – бала: Әдепті болайық!
- Жарайды балалар! Біз бір – бірімізге деген жылы тілектерімізді айттық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
90 мин.= □сағ. □ мин. 1сағ.10мин. = □ мин.
100 мин.= □сағ. □ мин. 1сағ.20мин. = □ мин.
1 тәулік 1 сағ. = □ сағ. 1 сағ. 9 мин. = □ мин.
ІІІ Ой қозғау. Математикалық «Сөзжұмбақ» ойыны
40 – с 80 – т 60 – а
60 – а 80 – т 100 – р
ә) 100 санының көршілерін ата
б) 100 санында неше ондық бар?
IV Жаңа сабақ
Мысал: 1
А) 3+3 = 7+3= 6-3= 10-3=
4+3= 8+3= 7-3= 11-3=
5+3= 9+3= 8-3= 12-3=
6+3= 9-3=
ә) 8+3= 11-3=8
(8+3)+1=11 (11-1)-2=8
Мысал: 2
11-3=8 11-8=3
3+8=11 8+3=11
Есеп: 3. Балалар не белгілі, не белгісіз? Соны табайық.
Түске дейін – 20 кг.
Түстен кейін – 15 кг.
Жұмсалды – 5 кг.
Қалды - ? кг.картоп
Сергіту сәті
Құлақтары жыбырлап
Ақ қояным отырды
Тоңып қалып қолдары
Шапалақтап секірді
Есеп: 4
Барлығы – 11 кг. Шешуі:
Жұмсалды – 2 кг. Жауабы:
Салды – 3 кг.
Болды - ? кг.ұн
Мысал: 5
Математикалық диктант
9 бен 1 сандарының қосындысына 2 –ні қосу
12 мен 2 сандарының айырмасынан 1 –ді азайту
8 бен 2 сандарының қосындысына 1 – ді қосу
11 мен 1 сандарының айырмасынан 2 –ні азайту
IV Ойын «Кім жылдам?»
Біз ақылды баламыз
Еңбектеніп бағамыз
Есеп – жұмбақ ойынның
Жауабын тез табамыз
- Балалар, мен бір сан ойладым.
- Оған 3ті қосқанда 9 болады. Қандай сан?
- =9
- Одан 5ті азайтса айырманың мәні 3 болады
- Әтештің салмағы екі аяғымен тұрғанда 4 кг., ал бір аяғымен тұрғанда салмашы қандай? ( 4кг)
- Екі баланың аяғы нешеу? ( 4 )
- Менің бес ешкім бар,
Сенің бес ешкің бар.
Менің екі ешкімді ал,
Енді неше ешкім бар?
( 8 )
- 2 стаканға бірдей су құйдық. Оның біреуін тәрелкеге төңкердің. Қай стаканда су көп? ( бірдей )
Мысал: 6 ( өзіндік жұмыс)
8+3=11 11-3=8
18+3=21 21-3=18
28+3=31 31-3=28
38+3=41 41-3=38
48+3=51 51-3=48
VI Семантикалық карта « Кім жылдам? »
Сабақты сұрақ – жауап арқылы қорыту, бағалау.
Үйге: Мысал: 7