?аза?стан Республикасы, Ма??ыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, "Ж.?алды?араев атында?ы орта мектеп" ММ-ні? бастауыш сынып м??алімі Карымсакова Акмарал Турсынгуловна
Саба?ты? та?ырыбы: 3 саны мен цифры
Саба?ты? ма?саты: Балаларды жа?а ?ш санымен таныстыру, білімдерін бекіту, дидактикалы? материалдарды пайдалану ар?ылы баланы? ойлау ?абілетін, ?иялын дамыту, ребустар ар?ылы игерген білімдерін ?орыту.
Просмотр содержимого документа
«3 саны мен цифры »
Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: Балаларды жаңа үш санымен таныстыру, білімдерін бекіту, дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы баланың ойлау қабілетін, қиялын дамыту, ребустар арқылы игерген білімдерін қорыту.
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.
Балалар біздің бүгінгі сабағымызда көптеген қонақтар келіп отыр. Қане, ендеше қонақтармен амандасайық.
Балаларды сабаққа даярлау.
Қатар – қатар тізіліп
Оқушыға лайық
Қолымызды түсіріп
Түп – түзу боп отырайық.
Үй жұмысын тексеру.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің қай айы қонақта?
Қазір қандай сабақ болады?
Өткен сабақтардағы сандарды, таңбаларды қайталап өтейік.балалар мен сендерге суреттер дайындап әкелдім, осы суреттермен жұмыс жасаймыз. Тақтаға суреттерді ілу. Осы суреттің айырмашылығы неде балалар? Атап шыққан сандарды кім тақтаға жазады екен? Тақтаға жаздыру. Жазған сандарды санатып оны кері санату.
Жаңа сабақ.
Егер балалар біздер бүгін жаңа сабағымызды бастаймыз. Мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер жауабын табыңдар. Тақтаға шошқаның суретін ілу. Шошқаның екі түрі болады. Олар жабайы және үй шошқасы. Оларды басқа халықтар өсіреді. Балалар біз бүгін қонаққа тойларға барамыз. Балалар тақтаға назар аударайық. Мен не ілдім және олар нешеу? (үш торайды ілу). Бүгін біздің сабағымыз үш санына арналған. Тақтаға үш санын жазып көрсету. Санды ауада жаздыру.
Қазір балалар күн суық, біздің торайлар тоңып, өздеріне жылы үй салу керек. Балалар үй салуға көмектесеміз бе? Біздер үй салу үшін тапсырмаларды орындауымыз керек. Үй көтергенде неден бастайды? (ірге тас). Ірге тас қою үшін бізге мына тапсырманы орындаймыз.
Есеп шығару. Көрнекілікке қарап ауызша есеп шығару. Тақтадан өзінің ұнатқан жемісін алып есеп құрастыру керек және олардың жауабын табу керек. Фундаментті тақтаға ілу. Енді балалар фундаменттің үстіне біз не көтереміз? (қабырға). Ол үшін балалар екінші тапсырманы тыңдайық.
Тақтадағы көрнекілікке назар аударайық. Мынау қандай фигура? Мына кесіндіні де жасаймыз. Осы фигураны маған таяқша арқылы партаға жасап көрсетеміз. Келесі екі суреттегі жай фигураларды да жасаймыз. Балалар біз тапсырманы орындадық па? Өте жақсы. Қабырғаны тақтаға ілу.
Сергіту сәті: 1, 2, 3 бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз
Әдемілеп жазамыз.
Енді балалар біздің үйдің фундаменті бар және қабырға қаладық. Енді не жетіспейді? (шатыры). Ендеше балалар шатырын қоямыз. Енді біз үшінші тапсырманы орындаймыз.
Тақтайшаларына үш санды жазып көрсету. Бәріміз қаламдарымызды алып тақтайшаға жазамыз. Шатырды тақтаға ілу. Балалар біз торайларға үй салып бердік па? Енді торайлардың үйіне қонақтар келіпті. Балалар кәне қарайық тақтаға. Мына қонақтардың ішінде бөтен қонақ бар екен. Кәне кім тауып береді? Балалар, торайлар сендерді де қонаққа шақырып жатыр.
Қорытынды: Үш санын қайталап бүгін үй салып бергенін торайларға әрі қарай келесі сабақта жалғасы бар екенін айту.