Ал, балалар, үйге берілген тапсырма 9 саны болатын. 9 Санын жаздыңыздар ма? (оқушылардан үй жұмысы тексеріледі.)
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Тері,теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонаққа ақ көгершін келді. Яғни, бүгінгі жаңа сабағымыз 10 саны және цифры. 10 саны екі таңбадан тұрады.1 және 0.(Тақтадан мысал суреттер түсіндіріледі)
3.1. Оқулықпен жұмыс.
Балалар, қазір кітапты ашайық.Суретке назар аударайық.(оқушылардың жауабы)
3.2. Тақтамен жұмыс
Қызанақтардың қосындысы
10 саны 1 мен 9,2 мен 8,3 пен 7,4 пен 6,5 пен 5-тің қосындысынан тұрады (тақтадан 10 санына байланысты суреттер көрсетіледі.)
3. 3 Дәптермен жұмыс.
Балалар 10 саны қалай жазылады?оқушылар дәптермен жұмыс жасайды
3. 4 Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
3. 5 Тақтамен жұмыс.
Ал, балалар, тақтаға назар аударайық.аттарды санаңдар.олар нешеу?
ІV Сабақты бекіту.
Балалар, ақкөгершіннің тапсырмаларын орындайық.
Балаларға тапсырма беріледі.
V Сабақты қорытындылау
Балалар, бүгін біз қандай санды өттік?
10 санының құрамын ата.
10 саны қанша таңбалы?
VІ Үйге тапсырма
10 санын әдемі, қатесіз жазу. Және 10ға дейінгі сандарды қайталау