Просмотр содержимого документа
«"Жұлдызды сәт" математикалық сайысы»
«Жас Өркен» колледжі
«Келісілді» «Бекітемін»
Әдіскер О.Жалғасова Колледж директорының
«» 20 ж. оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Б.Таңқыбаева
«» 20 ж.
Жұлдызды сәт
(Математикалық сайыс)
Пән аты: Математика
Орындаған: Шахатова Г.
Жаратылыстану» пәндер циклдік
бірлестік отырысында қаралды
Хаттама № _______
« » 20 ж.
ЦӘБ жетекшісі:
_________ Сүлейменова Г.Қ.
Қызылорда, 2017ж.
Күні:23.ХІІ. 2017ж.
Тобы: 1 курс, әр топтан 1 студент.
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» математикалық сайысы.
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру, әділ шешім айтуға, бірлікке, ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу. Әдістері: Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация
Көрнекілігі: Презентация
Сайыстың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар! Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
“Жұлдызды сәт ” сайысын бастаймыз.( 1слайд)
Жүргізуші: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек. Жүргізуші:
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушыларды таныстыру. Ортаға шақырайық:
6. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4 рет)
7. Шеңбердің центрі мен оның кез келген нүктесін қосатын кесінді.(радиус)
8. 169 қандай санның квадраты. (13)
9. Екі нүктемен шектелген түзу.(кесінді)
10. Бұрыштық мәні 180 градусқа тең бұрыш. (жазыңқы бұрыш)
2 – кезең: «Басқатырғы» деп аталады. Онда логикалық тапсырмалар слайдтар арқылы беріледі. Әр тапсырма 10 балл. (10-14 слайдтар)
3 – кезең: «Сиқырлы шаршы». Бос торкөздерге барлық жолдар мен бағандағы сандардың қосындысы 15 болатындай етіп 1-ден 9-ға дейінгі сандарды дұрыс орналастыру қажет. Тапсырма 30 балл. (15-17 сдайдтар)
4-кезең: Бұл кезең «Кім мықты?» деп аталады. Онда студенттердің жылдам есептеу, есте сақтау және байқағыштық қасиеттері сараланады. Тапсырмаларға кезек берейік.(19, 20, 21 слайдтар)
1 тапсырма. 10 балл. (19 слайд) Шапшаң есептей алу қабілеті тексеріледі.
2 тапсырма. 15 балл. (20 слайд)
Есте сақтау қабілеті тексеріледі.
3 тапсырма. 40 балл. (21 слайд)
Байқағыштық қабілеті тексеріледі.
Қорытынды.
Жүргізуші: -Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушыларын атап өтсек.
Оқушыларды грамотамен марапаттау. Математика-толған тәртіп, мағына мен мән
Математика-толған тамаша заңдылық пен сән
Математика-толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. (24, 25слайд.)