Сіздерге бүгін «жұлдызды сәт» атты ойынның куәсі болғалы отырсыздар. Ойынымыздың шарты ата-анамен оқушының, ұстаз арасындағы байланысты нығайту, ата-ананың баласына қаншалықты көңіл бөлетінін байқау, оқушының білім деңгейін зерттеу.
Мен сұрақ беремін және сол сұрақтың үш түрлі жаубын беремін. Сіздер, ойыншылар сол жауаптың ішіндегі өздеріңізге дұрыс деген біреуін алдарыңыздағы сандарды көтеру арқылы көрсетесіздер. Егер екеуіңіздікі де дұрыс болса онда жұлдызша аласыздар, ал егер дұрыс болмаса немесе біреуіңіздікі дұрыс, екіншіңіздікі дұрыс емес болса, онда жұлдызша берілмейді. Сонымен бізге әрбір бөлімде ең аз жұлдызша жинаған оқушылар ойыннан шығып отырады.
Сонымен оқушыларды мамаларымен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Ал, келіңдер, келіңдер.
Біріңе-бірің еріңдер.
Білімімізді тексеріп .
Ойынға қатысып көріңдер.
Ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.
І бөлім
1. Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз
Бұл өлеңнің авторы кім?
2. Биыл тәуелсіздіктің неше жылдығы?
1. 20 2. 10 3. 15
3. «Мақта қыз бен мысық» кімнің шығармасы?
1. Ж. Аймауытов 2. С. Көбеев 3. Ы. Алтынсарин.
4. Шөлге ең шыдамды жануар
Киік 2. Құнан 3. Түйе
5. Баланың шешесі жағынан туыстары
Бөле 2. Нағашы 3. Жезде.
ІІ бөлім
1. Жас нәресте өмірге келгенде жасалатын той
1.Бесікке салу 2. Тұсау кесу 3. Шілдехана
2. Теңдеуді тап
1.(80-50)-60 2. 2939-9 3. 9+х=29
3. Ұя салмайтын құс
1.Торғай 2. Көкек 3. Қарлығаш
4. ЖҰМБАҚТЫ ШЕШ
Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар.
Кітап 2. Дәптер 3. Күнделік
5. Бас әріппен жазылуы тиісті сөздерді тап
1. үлкен, кішкентай, қара 2. айдос, нұргүл, ертіс. 3. торғай, балық, гүл
ІІІ бөлім
1. Басты байлық...
1. ақша 2. денсаулық 3. Білім
2. Абайдың шын аты?
1. Ибраһим 2. Асанқайғы. 3. Әбілмансұр
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
1. Қазақ тілі. 2. Орыс тілі. 3. Ағылшын тілі
4. Әпкесі 4 жаста, інісі 3 жаста, әпкесі 7 жасқа толғанда інісі неше жаста болады.
1. 7 2. 6 3. 4
5. Адамның сезім мүшелерін ата
1. Бас, шаш, иық 2. Көз, құлақ, мұрын, тіл 3. Қол, аяқ, дене
ІV бөлім
1. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға
1. Премьер-министр 2. Президент 3. Депутат
2. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
1. Барлық қабырғалардың қосындысы
2. Ұзындығы мен енін көбейтеміз.
3. Ұзындығы, ені және биіктігін көбейтеміз.
3. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады?