«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім»
М.Әуезов
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылырдың ойлау қабілeтін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылырды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін — өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топқа сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
Ғажайып жұлдыз
Жұмбақтар
Шырпымен ойын
.«Ойымды жалғастыр»
“Сиқырлы шаршы”
“Арифметикалық домино”
Көңілді санау
Қорытынды
Уа, халайық,Халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне, математика тіліне, есеп шешіп жарысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді ойын жасайық!
Бүгінгі өткізілетін «Жұздызды сәт» атты математикалық сайысына «Қош келіпсіздер!». Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осы сайысқа қатысушылар!
Просмотр содержимого документа
«Білімділер бәйгесі»
«Жұлдызды сәт» /математикалық сайыс
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім»
М.Әуезов
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылырдың ойлау қабілeтін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылырды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін — өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топқа сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
Ғажайып жұлдыз
Жұмбақтар
Шырпымен ойын
.«Ойымды жалғастыр»
“Сиқырлы шаршы”
“Арифметикалық домино”
Көңілді санау
Қорытынды
Уа, халайық,Халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне, математика тіліне, есеп шешіп жарысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді ойын жасайық!
Бүгінгі өткізілетін «Жұздызды сәт» атты математикалық сайысына «Қош келіпсіздер!». Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осы сайысқа қатысушылар!
— дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады).
Тақтадан бүгінгі кештің жоспарымен таныс болайық.
Жоспары:
Ғажайып жұлдыз
Жұмбақтар
Шырпымен ойын
.«Ойымды жалғастыр»
“Сиқырлы шаршы”
“Арифметикалық домино”
Көңілді санау
Қорытынды
Жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән ғой математика, – дей келе, әр топ өздерін таныстырып кетсін.
1-топ ______________, 2- топ ______________, 3- топ __________________.
І кезең.
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп алғашқы сайысымыз «Ғажайып жұлдыз» сайысына кезек береміз. (Әр топтың мүшелері ұсынылып отырған жұлдызшалардың біреуін таңдап, бірінен соң бірі сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).
1-жұлдыз сұрақтары:
Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?Әріпті өрнек
Екі санның бөліндісін не деп атаймыз?Қатынас
Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы?Төртбұрыштың периметрі
5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса
Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар?Қарама – қарсы сандар
2-жұлдыз сұрақтары:
Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады?Теңдеу
Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не дейміз? Масштаб
S= ab қандай фигураның формуласы? Тіктөртбұрыштың ауданы
27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 27
9 санының бөлгіштік белгісі? Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе
Оң санның модулі неге тең?Өзіне
3-жұлдыз сұрақтары:
Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз?Санды өрнек
Екі қатынастың теңдігі? Пропорция
V=abc қандай фигураның формуласы? Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі
32 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 4, 8, 16, 32
10 санының бөлгіштік белгісі? 0 -ден аяқталса
Теріс санның модулі неге тең? Қарама-қарсы санға тең
Әділқазы алқасынан ІІ –сайыстың қортындысын сұраймыз.
ІІ кезең.
Жүргізуші:
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Жұмбақтар» сайысына береміз: (Әр топтың топбасшылары қатысады, әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі, егер топбасшысы шеше алмай жатса топ мүшелері көмектесе алады, бірақ та ұпай саны 2-ге кемиди)
Көлден ұшты 50 қаз, Қайтып қонды 20 қаз Қонбады оның нешеуі, Қане кім тез шешеді?
Жауабы: 30 қаз
6 аламаның 2-ін Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады. Жауабы: 4
Қанша жұмыртқа қалды? Тауықтың біреуі Бес балапан шығарды. Көптен күтіп жүреді Інім қатты қуанды. Он жұмыртқа бастырған Қарай алмай шаршады Жаулығының астында Жатыр әлі қаншауы?
Жауабы: 5
Қанша жанғақ? Портфелде әуелі 13 жаңғақ бар еді Науат пен Маратқа Самат пен Сағатқа Апасына Қанаттың Екі — екіден тараттым Қанша жаңғақ қалғанын Айта қойшы ал жаным
Жауабы: 3
Қанша кісі? Атам, әжем, ағаммен, Әкем, інім және мен Анам және енесі Енесінің бөлесі – Отыр еді шай ішіп, Жеңгем кірді майысып Арқасында кіші інім Саны қанша айта ғой Үйдегі бар кісінің
Жауабы: 11
ІІІ кезең. Шырпымен ойын.Әр топ қарсылас топқа өздері дайындап келген шырпымен есептерін береді. Дұрыс жауап 10-ұпаймен есептеледі.
ІV кезең. «Ойымды жалғастыр» Әр топ өздері дайындап әкелген мақал –мәтелдерін қарсылас топтарға жасырады. Мақал – мәтелдерде сандар болуы керек. Әрбір дұрыс жауап 5-ұпаймен бағаланады.
V кезең.
Жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сиқырлы шаршы». Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді
1 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 21-ге тең болатындай етіп 3, 4, 5, 6, 8, 9 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
2 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп 4,6,7,9,10,11,12 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
3 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 30-ға тең болатындай етіп 2, 4, 6, 8, 12, 14, 16, 18 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
Жауаптары:
10
3
8
5
7
9
6
11
4
11
4
9
6
8
10
7
12
5
12
2
16
14
10
6
4
18
8
VI кезең.
«Арифметикалық домино». Ойынды қолында ең кіші сан жазылған карточкасы бар ойыншы бастайды. Қойылған карточкаға ойыншылар амал дұрыс орындалатындай өзінің карточкасынан сәйкес келетінін жалғастырып қояды. Егер ойыншыда қажетті карточкалар жоқ болса, ойын кезегін келесі ойыншы алады. Осылай ойнай отырып, кім бірінші болып өзінің барлық карточкаларын қойып бітірсе, сол 10 ұпайға ие болады.
=238
30*7
=47
17*40
=280
40*24
=30
25*9*4
=19
50*19
=85
92*7
=210
35+47
=680
460+470
=960
130*4
=900
205*4
950
80+45
=644
200-35
=82
240:6
=930
400:25
=520
420:3
=820
490:7
=125
850:50
=165
648:8
=40
71-24
=16
650-370
140
900:30
=70
760:40
=17
135-50
=81
270-32
VII кезең.
Жүргізуші: Математика
Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика — Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл деп отырып — келесі кезең «Көңілді санау» сайысы. Кестедегі сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының кестедегі сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы 5 ұпайға ие болады.
Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаздарын тапсырады.
(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады) Музыкалық сәлем.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!
Бастауыш сыныптар арасында математика пәнінен өткен сыныптан тыс жұмыс.
Құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгін біз 2-4 сынып оқушыларының арасында «Дарындылар додасы» атты сайыс өткізгелі жатырмыз.Сайыс барысында әртүрлі тапсырмаларды орындауда әр сынып дарынды,білгір,тапқыр атағын жеңіп алады.
Енді бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныстырып өтейін.
Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп,
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп.
Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек. Ғылымның сырын ұғына ,
Шығыңдар білім шыңына,
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді.
Математика сырына! Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы- барлығының,
Қатты істейтін миы бар,-дей келе сайыскерлерге сәттілік тілей отырып,сайысымызды бастайық.
1-топ. «Алғырлар» 4-сынып
Топ басшысы топ мүшелерімен таныстырады.
2-топ. «Тапқырлар» 3-сынып
3-топ «Зеректер» 2-сынып
1-бөлім.
«Кім көп біледі?» Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.Әрбір дұрыс жауап-1 ұпай.
«Алғырлар» тобына
1.Екі ғасырда неше жыл бар?
2.Ұзындықтың, енінің және биіктіктің көбейтіндісі нені табуды сұрайды?
3.Ұзындық пен енінің көбейтіндісі нені табуды сұрайды?
4.Мотоциклші сағатына 60 км жүріп,3 сағ. жолда болды.3 сағатта қанша км жол жүрді?
5.1-км қанша метр бар?
3-сынып.
1.1 тәулікте неше сағат бар?
2.2-ге қалдықсыз бөлінетін қандай сандар?
3.Ең үлкен үш таңбалы сан? 999
4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата?
5.Төрт ондықтан құралған сан?
2-сынып.
1.Ең кіші үш таңбалы сан? 100
2.Екі нүктені қосса не шығады? (түзу)
3.1 сағатта неше минут бар?
4.Ұзындық өлшем бірліктерін ата?
5.Жеті ондықтан құралған сан?
2-бөлім
«Жүзден жүйрік» Әр топ 1 минут ішінде 5 логикалық сұраққа жауап беруі тиіс.Жауап бермесе ,келесі сұраққа өтуі тиіс.
2.Камила 4 жаста,Жазира одан 2 жас кіші,ал Ержан мектепке барып жүр.Балалардың ең үлкені кім?Ең кішісі кім?
3.666 санын ешқандай матем.амал,есептеу қолданбай-ақ қалайша 999 –ға айналдыруға болады?
4.Екі санның қосындысы 8-ге,айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең.Олар қандай сандар?
5. Аңшы орманда жүріп қояндар ұстап алды.Оның дорбасынан 6 құлақ шығып тұр.Аңшы қанша қоян ұстап алды? (3)
2-топ
1.Отбасында 5 ер бала және әрқайсысының қарындасы бар.Отбасында неше бала бар?
2.4 әріптен тұратын ұзындық өлшем бірлігін ата? (метр)
3. «Ата,жасыңыз нешеде?»сұрағанда Қожанасыр ең кіші екі таңбалы санды,ең үлкен бір таңбалы санға көбейткенде ,оны халық біледі депті.Қожанасырдың жасы нешеде? (10*9-90)
4. Ауылда 4 күн,4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? (4)
5.50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5)
3-топ
1.Тышқан аулағышты бес әріппен басқаша қалай жазуға болады?
2.Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі екіге бөлінген ,үстелде неше алма жатыр? (4)
3.Торда 4 қоян бар.4 бала 4 қоянды әкетті,ал бір қоян торда қалды.Неге?
4.Үш сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш)
5.12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)
3-бөлім. «Себетке алма жинау ойыны»
Әр алмада есеп бар.Соны шешкен кезде ғана алманы себетке салуға болады.Себетке неше алма түссе және есептер дұрыс болса топ сонша бал жинайды.
4-бөлім. «Жұмбақ есептер»
1-топ.
1.Бес бұтақты ағашта,бұтақ сайын бес алма,
Біреуін бер Асанға,қалды сонда неше алма? (24)
2.Апай самса пісірді,
Пештен оны түсірді,
Бір-бірден жеп балалар,
Бақыт.Сақып,Даналар,
Марат,Қайрат,Саралар
Тойып лезде қалғаны.
Тағы да 1 самсаны,
Мысық жалмап алғаны,
Апай қанша самса пісірді? (7)
2-топ.
1.Аулада 5 тауық,
Қорада үш тауық.
Бір тауық жығылды,
Бір тауық тығылды
Қалды сонда неше тауық? (6)
2.Талдан ұшты топ торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында төртеу қостаушы.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу есепте? (5)
3-топ.
1.Сөмкеңді ашып қарашы,
Барлық затты санашы,
Сиясорғыш,өшіргіш
Дәптерің мен қаламың
Қарындаш пен пеналың,
Және үйретер әріпке.
Жақын досың –Әліппе.
Нешеу болды барлығы? (7)
2.Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз,
Қонбады оның нешеуі,
Қане,кім тез шешеді? (30 қаз)
5-бөлім. «Сыйлық кімге бұйырады?» ойыны.Әр топтың топ басшысы сайысады.Үш топ басшысына 9 сұрақ қойылады.Кім жылдам және көп сұраққа жауап берсе ,сол оқушы сыйлыққа ие болады?
1.Қосуға кері амал. (азайту)
2.Көкпар ойынына 16 адам келді.Олар 8 адамнан топқа бөлінді.Неше топқа бөлінді?
3.Төрт әріптен тұратын сандарды ата?(төрт,алты,жеті)
4.Оқу жылында неше тоқсан бар?(4)
5.Бір нүктеден таралған түзу сызық.(сәуле)
6.Барлық қабырғалары тең төртбұрыш.(шаршы)
7.Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен ...(жалғастыр)
8.Кез келген саннан 1-ді азайтса не шығады?
9.Үстел беті төрт бұрыш,оның бір бұрышын кесіп алсақ неше бұрыш қалады?(5)
6-бөлім. «Кім жылдам»
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден ,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
1-тапсырма.
Бұл бөлімде айтылған сөздерде қандай сан жасырынып тұрғанын тез,жылдам табу.
1.Кекілік ,күшік. 4.Бірлік,алтыбақан,күшті.
2.Алтын, жетістік. 5.Тон,алтыбақан.
3.Жалтыр, темекі. 6.Жетісу,бірқазан.
2-тапсырма.
Құрамында санмен айтылатын мақалды ары қарай жалғастыру.
1.Екі жақсы қас болмас,
.... жаман дос болмас.
2.Бір кісі қазған құдықтан, ..... кісі су ішер.
3.Білгенің бір ...... ,
Білмегенің .... .
4.Жігіттің құны -100 жылқы.
Ары ..... жылқы.
5. ..... теңгең болғанша,
..... досың болсын.
6. ...... жұрттың тілін біл,
...... түрлі білім біл.
7.Білекті ....-ді жығар,
Білімді ....-ды жығар.
7-бөлім.
«Тапқыр болсаң,тауып көр.»
Дарынды мен тапқырлар,білімділер.
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер.
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Интерактивті тақтада көрсетіліп тұрған тапсырмаларды орындау.
8-бөлім. Сайысты қорытындылау.Әділқазы алқасын тыңдау.Сайыста ең көп ұпай жинаған топ «Дарынды топ»,екінші орын «Тапқыр топ»,үшінші орын «Білгір топ» атағымен марапатталып,сыйлықтар тапсырылады.
Бастауыш сыныптар арасында өткен интеллектуалды олимпиада.
Тақырыбы: Бүгінгі білімім- ертеңгі болашағым.
Мақсаты:Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқап,өздерін еркін ұстай
білуге үйрету.Шапшаң ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту,білімге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі:Нақыл сөздер.Жоспары.
Жүру барысы:
І.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Армысыздар,құрметті көрермендер!Өзінің жақтастары үшін жаны ауыратын,жеңіске жетсе жүрегі жарыла қуанатын жанкүйер қауым.
Мектебімізде өтіп жатқан қазақ тілі апталығына орай 2-4 сыныптардың дарынды оқушыларының арасында өткізілетін интеллектуалды олимпиадаға қош келдіңіздер!
Бүгініг күн талабына сай еліміздің мәдениетті ,білімді ,әлемнің алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуы келешек ел қожасы-жас ұрпақтардың ,яғни сендердің білімділіктеріңе ,іскерліктеріңе, мәдениеттіліктеріңе байланысты.Барлық нәрсені тек білім арқылы ғана жүзеге асырамыз.
Тәуелсіз еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар,-дей отырып бүгінгі интеллектуалды олимпиадаға қатысушы топтарды ортаға шақырайық
ІІ.Топтарды таныстыру.
1-топ. Текті сынып басқадан бағы басым,
Бәрі де дарынды жас ,жаны жасың
Бапкері Нуралина Гүлжанаттың,
Қарсы алайық білімді 4-ші класын.
Алдарыңызда 4-сынып білімділері.
2-топ. Шәкіртің мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық,жар салайық.
Бапкері Қаблақатова Нуриханның білімді шәкірттерін,
Құрметпенен қол соғып, қарсы алайық.
Алдарыңызда 3-сынып білімділері.
3-топ. Ұстаз білім берсе егер,жарық нұрын сыйлаған.
Шәкіртінің жеңісін мақтанышпен жырлаған,
Тек дарынды шәкірттерін баптап қосқан бәйгеге,
Қарсы алайық Сағатбекова Аяужанның тұлпарларын ,
Оза шапсын бәйгеде!
Алдарыңызда 2-сынып дарындылары.
Ұстаз берген білімді еске алыңдар,
Жаңа әлемді ашатын жас дарындар.
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Әр сұраққа мұқият зер салыңдар.
Құрметті сайыскерлер! Алған білім дәрежемізді ортаға салайық.Біліміміздің артып ,санамыздың өскенін ,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы-барлығының,
Қатты істейтін миы бар,-дей келе олимпиадаға қатысушы топтар өздерін таныстырып және қарсылас топтарға тілектерін айтып өтсін.
3.Топ мүшелерінің өздерін таныстыруы.
4.Әділ қазы алқасымен таныстыру.
Ашық жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің,
Таңдап баға беруге ,
Шақырайық төрге.
Төрелік өздеріңізден!
ІІІ.Негізгі бөлім.
1-ші айналым.
«Білімді болсаң-биікке шығасың»
Бұл айналымда қазақ тілінен әр топқа 15 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.Сұрақ дұрыс болса «иә»,қате болса «жоқ» деп жауап бересіңдер.
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң ,байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
1-топ сұрақтары:1.Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз бе ? иа
2.Бір ғана тиянақты ойды білдірген сөйлем құрмалас сөйлем бе? жоқ
3.«Сара,сен сабақ оқыдың ба?»-сөйлемінде қаратпа сөз бар ма? иа
4.Баяндауышқа «Не істеді? Не қылды? Қайтті?» деген сұрақтар қойылама? иа
5.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері ме?жоқ
6.Ауыл-аймақ,ата-ана,қора-қора сөздері біріккен сөздер ме? жоқ
7.Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз бе?иа
8.«Ойлан,ақыладас,шегеле»сөздері туынды етістік болама? иа
9.Дауысты дыбыстар 3-ке бөліне ме?жоқ
10.«Өкінішке орай,амал қанша,әйтеуір»сөздері қыстырма сөз бола ма? иа
11.«Орманда қайың, тал, терек,үйеңкі өседі.» Бұл сөйлемде сөйлемнің бірыңғай мүшелері бар ма? иа
12.Жазуда қос сөздің арасына сызықша қойылама?иа
13.Етістік сөз табы ма?иа
14.«Үш бақытым» өлеңінің авторы А.Құнанбаев па?жоқ
15.Тіл мерекесі 22-қазанда аталынып өтіле ме?жоқ
2-топ сұрақтары.
1.Жуан дауысты дыбыстар төртеу ме? иа
2.Ешрәрседен қорықпайтын,жау жүрек,ер адамды -өжет дейміз бе?иа
3.Заттың санын,ретін білдіретін сөздерді сын есім дейміз бе?жоқ
4.Оқып отыр,көріп жүр,ойнап жүр тіркестері дара етістік пе?жоқ
5.Кісі аты, жер-су аттары жалпы есім бе?жоқ
6.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ме?иа
7.«Жел гуілдеді.» Бұл сөйлемде бастауыш бар ма?иа
8.Дара етістік бір сөзден құрала ма?иа
9.Зат есімнің жекеше түріне «Кімдер? Нелер?» деген сұрақтар қойыла ма?жоқ
10.Жалпы есімдер кіші әріппен жазыла ма?иа
11.Адамның көңіл күйін білдіретін сөйлем хабарлы сөйлем бе?жоқ
12.«Алақай,әкем шаңғы әкелді!» Бұл сөйлем лепті сөйлем бе?иа
13.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз бе?иа
14.Қосымша-сөздің түбірге жалғанған бөлігі.Осы ереже дұрыс па?иа
15.Заттың іс-әрекетін ,қимылын білдіретін сөздер зат есім бе?жоқ
3-топ сұрақтары.
1.Дауыссыз дыбыстар 2-ге бөліне ме?жоқ
2.М-дыбысы үнді дауыссыз ба?иа
3.Ғ-әрпі сөздің соңында жазыла ма?жоқ
4.Қазақ алфавитінде 42 әріп бар ма?иа
5.А-жуан дауысты дыбыс па?иа
6.Сөйлем сөзден,сөз буыннан құрала ма?иа
7.Дауысты дыбыстар қатаң,ұяң болып бөліне ме?иа
8.Адамдарға Кім? Кімдер? деген сұрақтар қойылама?иа
9.Бүлдірген сөзінде 4 буын бар ма?жоқ
10.Мәтіннің әңгімелеу, пайымдау ,сипаттау деген түрлері бар ма?иа
11.Алфавиттің ең соңғы әрпі Ю-әрпі ме?жоқ
12.Әдемі,тәтті,қызық сөздері заттың сынын білдіре ме?иа
13.Тіл арқылы адамдар бір-біріне хабар беріп ,тілдесеме?иа
14.«Кел,балалар оқылық» өлеңінің авторы А.Құнанбаев па?жоқ
15.Шешендік сөздер-терең оймен,шебер тілмен айтылған халық шығармасы ма?иа
1-ші айналымнан соң әр топтың ұпай сандарын хабарлау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі .
2-айналым. Бүгінгі білімім-ертеңгі болашағым.
Ана тілсіз іс өрге баса алмайды,
Ана тілсіз тарих та жасалмайды.
Желмаяға мініп ап желіп жүріп,
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы.
Бұл айналымда әр топқа ана-тілінен екі сұрақ қойылады.Дұрыс жауапқа-500 ұпай.Ойлануға -1 минут уақыт беріледі.
Қосымша көмек алса 100 ұпай шегеріледі.
1-топ сұрақтары.
Бірінші сұрақ:
«Кенет қоңырау қағылды.Балалар топырласып мектепке кірді.Бірақ қайда отырарларын білмегендей аңырып тұрып қалды.Отырыңдар,-деді мұғалім партаны көрсетіп.Балалар парталарға екі-екіден отырды да,көздері жаутаңдап мұғалімге қарасты.Балалар,-деді мұғалім тамағын кернеп,бірер жөтеліп алды да.Даладан дабырлаған дыбыстар естілді.»
Сұрақ:Бұл үзінді қай шығармадан алынған? Кім туралы айтылған? Шығарманың аты және авторы?Сәулелі жұлдыз іздеген адам.Ә.Сәрсенбаев
Ы.Алтынсарин туралы.
Қосымша көмек:Дәл осы кезде есік ашылды да,бөлмеге жалпақ беттеу ақсары адам кірді. Балалармен амандасып,мектептерің құтты болсын,болашақ қарлығаштары.Міне, мен сендердің мектептеріңе шашу әкелдім,-деді де қолындағы қомақты нәрсені үстел үстіне қойды.
Екінші сұрақ:
Тозып кеткен ел -жұртын,
Тегіс жиып алады.
Тентегі мен телісін,
Түзетіп жөнге салады.
Атасы мен анасын,
Боз биенің сүтіне,
Шомылдырып алады.
Әкесін таққа мінгізіп,
Сыртынан өзі қарады.
Ерлікпен жетті мұратқа,
Еңбектің болып баяны.
Тыңдаған халық риза бол,
Осымен бітті аяғы.
Сұрақ:Жырдың аты ?Жыр кімге арналған және жыр қалай құрылады? Жырды айтатын адамды қалай атайды?
Алпамыс батыр жыры.Жыршы дейді.Батырдарды құрметтеп,ерлігін,қайратын жыр қылып айтатын болған.
Қосымша көмек:Жырда айтылған батыр 7-жыл бойы туғандарын көрмей,зынданда жатқан.Батырдың Жәдігер атты жалғыз баласы бар.
2-топ сұрақтары:
1.Бұл кісі қазақтың аса көрнекті ақыны ,ірі қоғам қайраткері ,өте білімді ғалымы болған.Ол қазіргі Қостанай облысының Торғай өңірінде туған.
«Қазақ»деген атпен газет шығарды.Араб әрпі негізінде балаларға арнап тұңғыш қазақ кітабын жазды.Әдебиетті зерттеді.Ол жалған жаламен ұсталып, жазықсыз қазаға ұшырады.
Сұрақ:Ақын,қайраткер ,ғалым кім? Ол кісінің қандай өлеңдерін оқыдыңдар,өлеңнің бір шумағын айтып беріңдер?
Қосымша көмек:Балаларға арнап тұңғыш қазақ «Әліппесін» жазды.Өлең «Оқуға шақыру» деп аталады.
Жауап:Ахмет Байтұрсынов.
Балалар,оқуға бар,жатпа қарап.
Жуынып,киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды мана тауық,әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Екінші сұрақ: «Далада тықыр білініп,сықырлап есік ашылды.Үстінде құрысып-тырысқан,қысқа тон.Басында қаудырап қатқан жаман тымақ.Аяғында қонышынан басылған жыртық етік.Мойнында дорбасы бар.Жағы суалып,көзі адырайып,адам бейнесі кеткен біреу есіктен кірді.
Сұрақ:Әңгіменің аты және авторы кім ? Әңгімедегі оқиға қай кездерде болған деп ойлайсыңдар?
Күлпаш.Б.Майлин.
3-топ сұрақтары:
Анадай бесік тербеткен ,
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің!
Суарып білім -шәрбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Сұрақ:Өлеңде кім туралы жырланады? Өлеңнің аты және авторы кім ?Өлеңді жатқа айтып бер.
Қосымша көмек:Өлеңде жырланған адам,барлықтарыңды білім нәрімен сусындатқан аяулы,ардақты адам болып табылады.
Ұстаз.Ж.Молдағалиев.
2-сұрақ.. Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт-берекең –атаң қымбат.
Сұрақ:Осы айтылған өлең шешендік сөз бе, әлде мақал ма? Өлеңді ары қарай жалғастырып айт және бұл кімнің сөзі ?
Қосымша көмек:Өлең үш бидің бірі айтқан сөз.Өлеңнің аты «Не қымбат?» деп аталады.
Шешендік сөз.Қазыбек бидің сөзі.
2-ші айналымнан соң әр топтың жинаған ұпайының қорытындысын тыңдау.
3-айналым. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.
Шарты:Әр топқа 2 сұрақтан қойылады.Әр сұраққа 100-ден 500-ге дейін ұпай тігесіңдер.Тігілген ұпай бойынша сұраққа жауап бере алмасаңдар,ол ұпай саны жинаған барлық ұпайдан шегеріледі.Сұраққа жауап бере алмасаңдар, басқа топ жауап беріп ұпайды өздеріне қосып алуға болады.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін 3-ші айналымға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен ,
Солардың енді жауаптарын көрелік.
1-топ.
1.Бақ дегеніміз не?
Байлық дегеніміз не?
Бала дегеніміз не ?,-деген сұраққа Төле би қалай жауап берген.
2.Бірінші сөзі –«көп»сөзіне қарама-қарсы сөз,екінші сөзі-сөйлемнің ең кішкене бөлшегі,үшінші сөзі-қымбат металл аты болып келетін қай мақал еді?
3.Тоғайда 10 қарға отыр,аңшы олардың екеуін атып алды.Тоғайда неше қарға қалды?
2-топ.
1.Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» атты шығармасында: «Ойрат қолын ойсырата жеңіп,Шаған шатқалынан айдап шыққанда,мана ақбозға мініп дара шапқан батырдың Қабанбай екенін біліп,Абылай қатты риза болып не деді?»
2.Өздерің білетін бір жұмбақ төрт сөзден құралған.Оның біріншісі «сарай» сөзіне мәндес ,жуық сөз,екіншісі «астында» сөзіне қарама-қарсы сөз,төртіншісі –тау жынысты қатты заттың аты. Ол не деген жұмбақ? .Алма ағашында 30 алма, ал жөке ағашында одан 2 есе көп алма өсіп тұр.Жөке ағашында қанша алма өсіп тұр?
3.Алма ағашында 30 алма, ал жөке ағашында одан 2 есе көп алма өсіп тұр.Жөке ағашында қанша алма өсіп тұр?
3-топ.
1.«Кедейлік неден?»-деп сұрағанда Төле би не деп жауап берген.
2.Еліміздегі бір өзеннің аты «батыр» сөзіне жуық,мәндес сөз бен бастағы бір мүше атынан құралған .Ол қай өзен ?
3.50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек?
3-ші айналымнан қорытындысын тыңдау
4-айналым. Тапқыр болсаң-тауып көр.
Бұл айналымда топтарға бірдей екі сұрақтан қойылады.Әр топ жасырын ұпай тігіп ,үстел шетіне қоясыңдар.Жауапты жазып көрсетесіңдер.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар шығатын,
4-ші айналымды көріңіз.
1-тапсырма.
Бұл бөлімде айтылған сөздерде қандай сан жасырынып тұрғанын тез,жылдам табу.
1.Кекілік ,күшік. 4.Бірлік,күшті.
2.Алтын, жетістік. 5.Тон,алтыбақан.
3.Жалтыр, темекі. 6.Жетісу,бірқазан.
2-тапсырма.
1.Орналасу ретін тапсаңдар ,білім жайлы мақал оқуға болады.Қандай мақал екенін анықта.
2.Екі сөзді қосып,кейбір әріптердің орнын ауыстырса жаңа сөз шығады.Ойланып, көр.
1.қара+тап = қаратпа 4.шелек+ек = келешек
2.сабау+ал = балауса 5.ура+атақ = қаратау
3.шоқ+бала = болашақ 6.тері+пеш = періште
3. ңғ , әріптері кездесетін 10 сөз жаз. Мысалы:шаңғы,бастаңғы.
4.Ө,і,ә әріптерінен басталатын 10 сөз атау.
ІІІ.Қорытынды бөлім.
Құрметті оқушылар!Осымен бүгінгі интеллектуалды олимпиада өз мәресіне жетті.
Шіркін-ай ғалым болсам,
Тілдескен даналықпен.
Әлемге мәлім болсам,
Ашқан көп жаңалықпен.
Шіркін-ай батыр болсам,
Айбаты арыстандай.
Әншінің,ақынның да,
Жанына білім қорек,
Бүгінде батырдың да,
Өзіне білім керек.
Көзіңнен күлімдеген,
Бір ұшқын сезіп пе ең сен.
Алдымен білім деген,
Бәйгеден озып кел сен.
Оқудың озатына,
Арман да таяу болар.
Білімнің боз атына,
Мінбеген жаяу қалар.
Сайыстың қорытындысын тыңдау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Тілім менің-тұтастығым ,елдігім.
«Тіл білгірі» сайысы.
Мақсаты:Оқушылардың шығармашылық қабілетін ,сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Ана тілін білудің маңызы жайлы айту,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге ,тіл тазалығы үшін күресуге,сөз өнеріне баулу.
Сайыстың көрнекілігі:Жоспары ,тіл туралы мақал-мәтелдер.
Жүру барысы:
І.Кіріспе бөлім.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай тіл-халықтың жаны,сәні ,тұтастай кескін келбеті,болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Әрбір адам өз тілін көзінің қарашығындай қорғауға,оның орынсыз шұбарланбауына қарсы тұруға тиісті.
Қасиетің ана тіл ,аз ба сенің ?
Өзің барда ескірмес,тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.
ІІ.Негізгі бөлім.
Бүгінгі сайыс үш топ оқушылары арасында өтеді.
1-бөлім .Таныстыру.
Әр топ өздерін таныстырады.
2-бөлім. «Кім көп біледі?» Топтарға 6 сұрақтан қойылады.
1-топ.2-сынып.
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі?
2.Тіл мерекесі қай кезде аталып өтіледі?
3.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
4.Зат есімнің көпше түріне қандай жалғаулар жалғанады?
5. «Сан» сөзінен етістік,сын есім тудыр?
6. «Аю» сөзінде неше дыбыс бар?
2-топ.3-сынып.
1.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді не дейміз?
2.Тәуелдік жалғаулары неше жақта айтылады?
3. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?
4.Өнер, күш сөздерінен туынды сын есім жаса?
5.Баяндауыш деген не?
6. «Қоян» сөзінде неше дыбыс ,неше әріп бар ?
3-топ.4-сынып.
1.Екі түбірден жасалған сөз
2.Сөз таптары нешеу?
3. «Мен жазып отырмын.» Қай шақ?
4.Іс әрекеттің мезгілін, мекенін,сын-қимылын білдіретін сөз табы?
7.Ағаш басында 20 балық отыр еді,кенет олар екі топқа бөлініп ұшып кетті.Әр топта неше балықтан?
8.612 саны 3-ке бөліне ме?
9.Қандай сандар 10-ға бөлінеді?
10.5 жұмыртқа 5 минутта піседі.Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
11.2-ге бөлінетін сандар?
12.9-дың квадраты?
«Тапқырлар» тобына.
1.Әріпті өрнек деген не?
2.2-ге бөлінбейтін сандар?
3.12-нің квадраты?
4.186 саны 3-ке бөліне ме?
5.1 кг ұнның бағасы 60-теңге,2,5 кг ұнның бағасы қанша?
6.5-ке бөлінетін сандар немен аяқталады?
7.Санды неге бөлуге болмайды?
8.Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?
9.Үш тәулікте неше сағат бар?
10.Санды санға бөлгенде не шығады?
11.Сағат 15.00-ді басқаша қалай айтуға болады?
12.Бірдей екі костюм 1400 теңге тұрады. Осындай үш костюм неше теңге тұрады?
Әр топтың алған балы айтылады.
ІІІ.2-топ бір-біріне ойын есептерін ұсынады.
«Тапқырлар» тобы.:
Атамыздың асылын.
Жинаған бұл сыр сандық.
Әжеміздің құрт-майын
Жинаған бұл сыр-сандық.
Ботам кисін жесін деп,
Өздеріңе барлығын-
Сыйлаған бұл сар сандық!
-Балалар,бұл сандықтың ішінде өздеріңе арналған сұрақтар,есептер бар екен.Соны қарсы топ мүшелері шешеді.Әр есепті шешкенде түсіндіріп беру керек.
«Дарын» тобы.Себетке алма жинау ойыны.
Әр алмада есеп бар.Соны шешкен кезде ғана алманы себетке салуға болады.Себетке неше алма түссе ,топ мүшелері сонша бал жинайды.
ІV.Фокус көрсетіледі.
V.Эстафеталық есеп жарысы.
«Дарын» тобы «Тапқырлар» тобына плкатқа салынған орман суретіне «қоян» суреттерін жинауды, «Тапқырлар» тобы «Дарын» тобына плакатқа салынған көлге «қаздарды» жинауды ұсынады.Тек дұрыс жауап болғанда ғана заттарын әр нәрсенің орнына қоюына болады.
VІ.Топ басшыларының жарысы.
Мен-мен деген,мен деген
Топты бастап ерлеген.
Достары үшін жанын жеп,
Арқалары терлеген.
Жекпе-жекке шақырсаң,
Қайсар мінез танытып,
Ал,кәнеки ,кел деген... –деп, ортаға екі команданың топ басшысын шақырамыз.
Логикалық есептер.
Екі карточкада жазылған бірдей есепті тақтаға жарысып шығару.