kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқытудың тиімді жолы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі өмірдің талабы – оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыра отырып, саналы, әдепті ұрпақ тәрбиелеу. Соңғы кездегі зерттеулерге сүйенсек, жоғарғы класс оқушыларының арасында 9 проценті ғана қызығып оқиды, ал 15 проценті мектепте босқа уақытын өткізіп жүрміз деп есептейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқытудың тиімді жолы»

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№44 мектеп – гимназиясының математика пәнінің мұғалімі

Темирханова А.М.


Баяндама

Тақырыбы: Оқытудың тиімді жолы


Қазіргі өмірдің талабы – оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыра отырып , саналы, әдепті ұрпақ тәрбиелеу. Соңғы кездегі зерттеулерге сүйенсек, жоғарғы класс оқушыларының арасында 9 проценті ғана қызығып оқиды, ал 15 проценті мектепте босқа уақытын өткізіп жүрміз деп есептейді. Егер, балалардың 19 проценті жүйелі түрде оқып , оқу жоспарының талабын орындап жүрсе, фл оқушылардың 18 проценті мүлдем сабақ қарамайды, білім сапасы барған сайын төмендеп барады. Жалпыға бірдей орталау білім беру міндеті тұрғанда оқушының барлығын әр мұғалім өз сабағына қызықтырып, жетелеп кету мүмкін емес. Әйтсе де, шығар жол бар тәрізді. Ол- жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін сол ортаның , оқушының психологиялық ерекшелігін ескере отырып, мұғалім мен оқушының арасында өзара түсінушілік болған кезде шешуге болады. Осы орайда тәжірибемді ортаға салғым келеді. Алдымен сабақ өткізудің мынандай әдістерін ұсынбақпын:

1.Тақырыпты блогқа бөлу.

2.Тарау соңында блоктармен білімдерін бақылау.

3.Тақырыпты жан-жақты ашатын тірек конспектісін жазу.

4.Тірек конспектілермен жұмыс істеп, тақырып мағынасын терең талдап ұғу.

5.Есептерді талдап шығару.

6.Тақырыптың физикалық мағынасын, ғылымилығын , жете түсінуін дамыту.

7.Үнемі өзара, өзіне-өзі бақылау жасату, біліміне анализ жасай білуге үйрету, дағдыландыру.

8.Оқушы білімін бағалауда қаталдыққа , немқұрайлыққа жол бермеу.

9.Сабақ барысында есептер шығару кезінде өздіктерінен көбірек жұмыс істеуге бейімделу.

10.Оқушы білімін бағалауда жариялылықтың , нақтылықтың болуы. Тірек конспектілерін пайдалана отырып оқушының ойлау қабілетін дамытуына және сабаққа ынтамен қатысуына , ал мұғалімге сабақта уақытты тиімді пайдалануға , оқушының әр сабақ сайын білімін бағалауға, мұғалім-оқушы арасындағы қарым қатынасты жақсартуға тигізер пайдасы зор.

Әрбір блокты меңгеру үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс:

а)Жаңа тақырыпты түсіндіру

ә)жаңа тақырыпты меңгерді ме , жоқ па қысқа мерзімді шолу жасау(сұрақтар қою арқылы жүргізуге де болады)

б)тақырыпты терең меңгеру, есептер шығарып бекіту

в)блок бойынша өткен тақырыптарға бақылау жасап отыру

г)үнемі өткен тақырыптарды қайталап отыру.

Тарау аяқталған кезде міндетті түрде алдын-ала оқушыларға берілген сұрақтар , есептер бойынша немесе тарау бойынша іскерлік ойыны ретінде(«Не?», «Қайда?», «Қашан?», «Алтын сақа») немесе ұжымдық оқыту (Ривиннің) әдістемесін қолдана отырып қайталауға да болады.

Мұғалім әдеттегідей демонстрациялық эксперименттер , оқытудың техникалық құрал-жабдықтарын , кабинет ерекшеліктерін, көрнекіліктерді кеңінен қолдану арқылы жаңа тақырыпты түсіндірді. Тақырыптың мазмұнына , оқушылардың құрамына қарай сабақта шығарылатын есептерді, сабақ өткізу түрін мұғалім өзі таңдайды.

Тірек конспектісіне қойылатын талаптар:

1.Сабақ түсіндіру барысында мұғалім тірек конспектісінде жазылған барлық материалды толық қамтып айтуы тиіс.

2.Сабақ соңында оқушы алатын конспектіге ең негізгі , бағдарламаға сәйкес оқушы меңгеруге тиісті материалдар жазылуға тиіс.

3.Мұғалімнің түсіндіруі кезінде оқушы жазбауы тиіс. Тек мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап беріп , ойлап , тақырыпты ұғуға көңіл бөлуі керек. Бір мезгілде тыңдап, жазып отыру көпшілік оқушылар ойының жүйесінен айырылып қалуына , керек жерін меңгере алмай қалуына соқтырады, мұның өзі оқушының материалды тұтасымен қабылдамауына әкеледі.

4.Сабақты толық , жан-жақты түсіндіргеннен кейін оқушыларға плакатқа немесе бетіне жылжымалы перде орнатылған тақтаға жазылып немесе үлкен етіп кодоскоп лентасына жазылған тірек конспектісін көрсетеді.

5.Тірек конспектісінің әрбір блогын бір-бірінен ажырата білуі керек. Конспекті өте ашық түспен жазылып, алабажақ тұсті болмауы тиіс. Бояу ашық тұсті емес, байқаусыз қалатындай, яғни оқушы көңілін бөлмеуі керек. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін мұғалім 2 рет 2-3 минут ішінде барлық материалды , тірек конспектісінің көмегімен қайталап шығады. Бұл кезде оқушы мұғалім түсіндірген тақырыпты ойша қайталап , кейбір ұқпаған жерлерін толықтырып, білмегенін мұғалімнен сұрап алады. Жаңа тақырыпты түсіндірудің негізгі мақсаты- әрбір оқушы конспектінің әрбір бөлігін «көлеңкесіз» ұғуы, меңгеруі тиіс. Тірек конспектінің оқушыға берері:

а)Оқитын тақырыпты терең түсінуге , тақырыптың негізгі түйінін ажырата білуге үйретеді.

ә) тақырыпты тез, жеңіл түсінуге.

б)Тірек конспектісін пайдалана отырып , тақырыпты сауатты, дәл меңгеруге жетісу.

в)Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектеседі.

Оқушы білімін тексермес бұрын мұғалім өткен тақырыпты меңгеруде ұқпаған жерлері , сұрақтары болса жауап беріп, кейбір күрделі физикалық құбылыстарға талдау жасап кетеді.

Сабақ сұрау түрлері

Тірек конспектісін жатқа жазғызу.Жазып болған соң мұғалімге өткізеді немесе өзара бірін бірі тексереді. Тексеру барысында түзетілмейді, тек мағынасы бұрмаланса , оқушының бағасы 2-3 балға төмендейді, елеусіз қателерге 1 балл төмендейді. Тексерілген жұмысын алған оқушы конспектісімен салыстырып қатесін өзі табуы тиіс. Тексеруге оқушылардың өздерін тарту керек. Қатар бір партада отырған екі оқушы бірінің дәптерін бірі алып , негізгі конспектілеріне қарап тексереді. Қатесі болса тауып, бір біріне көрсетеді де , мұғалімнің көмегімен білімдерін бағалайды. Нашар оқитын оқушыға алғашқы жолдары кешіріммен қарап, қатесі ескертіліп, үйге тапсырма берілуі керек.

Үнемі жазбаша жазу оқушының сөйлем қорын, өз ойые жеткізе білуін тежеуі мүмкін. Ал әрбір оқушыдан жеке-жеке сұрауға кем дегенде10 минут кетеді. Сондықтан ауызша сұраудың бірнеше түрін жүзеге асыруға болады.

Мысалы:

1.Бір бірінен сұрау , Екі оқушы бір- біріне кезектесіп тақырыпты айтады да , бірін бірі бағалайды. Мұғалім аралап , тыңдап сұрақтары болса жауап беріп бағаның нақты болуын қадағалайды.

2.Барлық оқушылар конспект жазып жатқан кезде 2-3 оқушыны мұғалім қасына шақырып сұрап , баға қояды.

3Математикалық диктант түрінде алуға болады.

4.Ривиннің әдісі бойынша, ұжымдық оқыту тәсілін қолдану арқылы .

5.Фронтальды сұрақтар қою арқылы оқушы білімін бағалау.Оқушыдан сабақ сұрау барысында орнынан тұрғазбай-ақ сұрап бағалау қажет. Мұеың өзі оқушының ойын бөлмеуге , жауап берген кезде өзін еркін ұстауына,алдындағы конспектісін тиімді пайдалануына мүмкіндік береді.

6.Оқушы білімін бағалау мұнымен шектелмесе керек. Мысалы:қорытынды, тест сұрақтарына жауап беру, зачеттар алу.

7.Есеп шығаруды, зертханалық , сарамандық сабақтар жүргізуде үйне берілген есепті , тәжірибелерді тексеруде мұғалімнің тапсыруымен әр кластағы оқушылар бірнеше топқы бөлінгендіктен әр топтың жетекшісі немесе мұғалімнің ассистенті оқушылардың жұмыстарын тексеріп, зертханалық жұмыстарға қажетті құралдарды даярлауын қадағалап, тақырыпты нашар меңгерген , өткен сабақта келмей қалған оқушыларға консультация береді.

8. Топтап есептер шығару.Мысалы: Алдымен есептің берілгенімен оқушылар таныстырылады. Кластағы жекеленген әрбір топ , өз тобында есептің шығарылу жолын таңдайды да, әр ооптан біреуі есептің шешілуін ұсынады. Сөйтіп әр топ есептің шешілуін қорғайды. Қайчы топтың есебі дұрыс болса , сол топ мадақталып, есеп класс оқушыларының бәрімен бірігіп талданады. Дұрыс шығарған топқы 1 балл беріледі. Сөйтіп бір сабақта бес есеп шығарса сол топқа журналға 5 қойылады. Балдары төмен топқа несиеге бір немесе бірнеше есептер беріледі. Бұл тәсілде негізгі мақсат баға емес, оқушылардың қызыға есеп шығаруда.

9.Есепті жақсы шығаратын оқушылар ұшін бөлек дәптер бастап есептер жазылып қояды. Бұл есептерге сапалы олипиадалық, эксперименттік есептер де енді. Оқушының шама-қарқынша шығарған есептерін мұғалім өзі тексеріп соңында бағалаған кезде ескерілуі тиіс.

10.Ауызша сабақ сұрау кезінде физиканы жақсы оқитын оқушыларды босатып, көмекшілікке , топбасы етіп алу керек. Сонда кейбір оқушыларда қызығып топбасы болу,а талпынады.

11.Тақырыпты тарау бойынша қорытындылағанда алдын ала берілген сұрақтарға жауап немесе есеп шығартып бақылау, өзіндік жұмыстар алынуы тиіс. Мүмкіндік болса әр оқушыға жеке жеке бақылау есептері берілгені жөн. Алаңдамай өздігінен шығарады, білімі нақты бағаланады.

Тарауларды қорытындылау ретінде іскерлік ойындарын үнемі қолдануға болмайды. Сабақ ойынға айналып, оқушы ойынға еліктеп, негізгі тақырып тысқары қалуы мүмкін. Жақсыны аздап мәнімен қолданған жөн ғой деп ойлаймын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Оқытудың тиімді жолы

Автор: Темирханова Акжаркын Мутиголлаевна

Дата: 29.11.2016

Номер свидетельства: 363819

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Баяндама:Интерактивті о?ытуды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(45) "baiandama-intieraktivti-ok-ytudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "162561"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422369983"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(218) "«Студенттерді? білім сапасын жетілдіру ?шін мемлекеттік тілде іс ?а?аздарын ж?ргізуді о?ытуды? тиімді ?дістерін ?олдану»"
    ["seo_title"] => string(116) "studienttierdinbilimsapasynzhietildiruushinmiemliekiettiktildieiskagazdarynzhurghizudiokytudyntiimdidistierinkoldanu"
    ["file_id"] => string(6) "268234"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1450604809"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) ""?лтты? салт-д?ст?р ?рдісінде т?рбиелей отырып о?ытуды? тиімділігі." "
    ["seo_title"] => string(71) "u-lttyk-salt-d-stur-urdisindie-t-rbiieliei-otyryp-ok-ytudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "135937"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417008029"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "" ?лтты? салт-д?ст?р ?рдісінде т?рбиелей отырып о?ытуды? тиімділігі" "
    ["seo_title"] => string(73) "u-lttyk-salt-d-stur-urdisindie-t-rbiieliei-otyryp-ok-ytudyn-tiimdilighi-1"
    ["file_id"] => string(6) "136545"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417116528"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Lesson Study –іс-?рекеттегі зерттеуді? тиімді жолы"
    ["seo_title"] => string(55) "lesson-study-is-riekiettieghi-zierttieudin-tiimdi-zholy"
    ["file_id"] => string(6) "294012"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455591629"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства