kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі»

Оқытудың инновациялық технологияларын

математика сабағында пайдалану тиімділігі



Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникация- лық желі, электрондық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру».

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп– кеме, білім– теніз дейміз, ал осы кемені мектептегі біздің шәкірттеріміз десек, кеме теңізде жүзген кезде дауылға, қарлы жаңбырға қарамай, қиындықтарды жеңе отырып алға жүзеді. Біздің балаларымызда білім мұхитында білімнің көшбасшысы болып жаһандық білім теңізінде еркін жүзуі үшін өткізетін сабақтарымыз қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген құзіретті тұлға қалыптастыруға бағытталу керек. Ал ол бүгіннен, яғни біздің әр күнгі беретін сабағымыздан басталады. Оқушыны мектеп қабырғасынан тыс өмірге бейімдеу үшін оларды күнделікті өзін-өзі реттеуге, өз білімін өз бетімен алуды ұйымдастыруға, өзін және өзгелерді бағалай білуге, қиын мәселелерді шешуде ұтымды жолды таңдай білуге, мәселеге сыни тұрғыдан қарап, баға беруге үйретуіміз керек. Әрине мұның бәрін өз сабақтарымызда біртіндеп жүзеге асыруға тиістіміз. Ең бірінші оқушыны өз пәнімізге қызықтыру керек. Ал оқушы қай жағдайда оқуға қызығады?

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Осы мақсатта математика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық. Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.

Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:

-заман талабына сай білімді, білікті,дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;

-шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға,жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Тестік жүйе бойынша

• өзін-өзі тексеру

• көршісін тексеру және т.б мысалы үй жұмысын тексеруде көршілерімен дәптерлерін алмасып бірін бірі тексереді.

7. Сабақта халықтық педагогика элементтерін пайдалану қажет. Ол үшін:

• Халық ертегілерінен, аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан үзінділер келтіріп, олардың мағынасын түсіндіруге;

Ертегі есептер

«Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып – құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)

Математика сабағында табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары

Білім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс –тәсілдер қолдануда. Соның ішінде оқушының белгілі бір жетістікке жету үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу. Егер оқушы өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда мұғалім оқушының қандайда бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса, мұғалім жұмысының жетістігін көруге болады.

1. Мадақтау сөздерін қолдану . Мұғалім сабақта оқушының өзіне деген сенімін арттыру үшін «Тамаша жұмыстандың», «Жарайсың!», «Мен сендерді мақтан тұтам!», «Сен өте ақылдысың!» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс. Бұл сөздер оқушының бойында мұғалімнің өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, жақсы оқуға тырысады.

2. Бір мүмкіндік. Оқушының күтпеген жерден өзіннің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдаятты мұғалім арнайы дайындамайды, ол осы мүмкіндікті табиғи тәрбиелеудегі дарынымен, бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланады.

3. Еліктеу. Кластағы немесе мектептегі үлгілі оқушылардың жетістістіктерін үлгі ете отырып оқушының бойында «Сенде неге сондай болмасқа», «Мен саған сенемін», «Бұл сенің қолыңнан келеді» деп оқушының бойында еліктеушілікті туғызу.

4. «Кешіктірілген баға». Оқушыға бірден төмен баға қоймай, «Сенің бағаң күндегіден төмен болып тұр. Сен үнемі сабаққа дайындалып келетіндіктен, мен саған бір мүмкіндік беремін. Келесі жолы бұданда жақсы жауап беретініңе сенемін» деп оқушыға алға қарай ұмтылуына жағдай туғызу.

5. Алдына –ала ойластырылған қателік. Сабақта мұғалім есеп шығару барысында, теорияның тұжырымдау барысында «Мен бір жерден қателестім. Бір минут. Қазір қарайын» деп оқушылардан көмек сұрайды. Бұл оқушының алған білімін жинақтап, тиянақтау үшін және шығармашылық қабілетін арттыруға қолданылатын әдіс-тәсіл.

6. Көкжиек сызығы. Оқушының бойындағы қабілетін арттыру үшін өте қызықты тақырыпта баяндама жасауды тапсырады, бірнеше баяндама жасағаннан соң «Сен өте қабілеттісің, біз олимпиадаға дайындалсақ қайтеді» деген ұсыныспен оқушының өз еркімен ізденуге, ғылым мен техникаға деген ынтасын оятып, адамның ақыл –ойының дамуына ықпал жасайды.

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Әрбір тақырыпты түсіндіргенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы оқушыларды жинақылыққа, көркемдікке баулып, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, ойлау қабілетін арттырып, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ математикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін құрастыру қажет.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.

Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары

•1Түрлі – түсті иллюстрациялар, музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

•2.Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,

сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.

•3.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:

а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;

•ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.

•4.Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.

•5. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін

табысты байланыстырады.

•6.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың комьпютерлік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.

Сабақты меңгертуде көбінесе сандық және сапалық есептер шығару, әртүрлі қызықты тәжірибелер мен математикалық фокустар көрсету оқушылардың ой-өрісін дамытып, олардың шығармашылығын арттыруға бағыт беру мақсат етіледі. Сапалық есептер шығарғанда халық даналығының, нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін және ұлттық ойындарды математика тұрғысынан түсіндіруге, пайдалануға болады.

Осылайша математиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға математика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолданылатынын да ұғындыруға мүмкіндік береді.

Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.




Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»

2.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»

3.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары»

4.Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері»

5.С.Дюсебаев, Г.Байтилеуова, А.Кошкари, г.Боранбаева.Қазақ тілі. 8сынып. Алматы «мектеп» 2008.

5.«Дарын» журналы. 2002ж,№2; /-71 бет/

6.«Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер» Өмірбаева К. 2001 ж.

7.«Сыр мектебі» газеті , 1 қаңтар 2003 ж.

















Тақырыбы: «Зерделі маттематиктер»

Сыныптан тыс шара

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.

Түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: мультимедиа, плакаттар, шарлар, ойынға қажет әртүрлі заттар.

Ойынның барысы:

  1. Топтардың сәлемдесуі.

  2. Кім тапқыр логикалық есептер

  3. «Қызықты есептер» олимпиада есептері

  4. Сандық ребустар

  5. «Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу

  6. Адасқан әріптер

  7. Сәйкесін тап!

  8. Қорытынды



Жас болсақ та қиындықтан қашпаймыз,

Сұрақтарды бірден шешіп тоқтаймыз.

Деп отырған болсаңыздар ендеше,

Сайысымызды бастаймыз.



Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Қызықты есептер» деп аталатын сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ойынды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алайық.

  1. ____________________

  2. ____________________

  3. ____________________



Әділқазы ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл.





  1. 1-сайыс Топтардың сәлемдесуі. Сөзжұмбақ арқылы топтың атын анықтайды.







  1. Шеңбер

ш

е

ң

б

е

р

1,1

2,05

11

5,9а

3,7434

2,79



  1. Дәреже

Д

ә

р

е

ж

е

1,1

2,05

11

5,9а

3,7434

2,79





  1. Бөлшек

    Б

    ө

    л

    ш

    е

    к

    1,1

    2,05

    11

    5,9а

    3,7434

    2,79

  2. Теңдеу

т

е

ң

д

е

у

1,1

2,05

11

5,9а

3,7434

2,79





2 - сайыс «Кім тапқыр» дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)

  2. Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі.

Төрт өозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. 15

  1. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)

  2. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)

  3. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)

  4. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)

  5. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

  6. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)

  7. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

  8. Бір кемпір:

«Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып – құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)

  1. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

  2. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)

  3. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

  4. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)

  5. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)

  6. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

  7. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

  8. Адамның он саусағында неше саусақ бар?50

  9. Бір бірімен жарысқан,

Төрт аю бір арыстан.

Екі қоймен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді. 8


  1. 3 мен 4 арасында қандай таңба қойғанда 3-тен артық,4 тен кем сан шығады. Үтір.

3 сайыс «Қызықты есептер»

  1. Суретте неше үшбұрыш бар.

  2. Неше шаршы бар

  1. + + =

Қосудың мысалында әртүрлі фигуралар түрлі цифрлар алмастырады.Квадрат қай цифрді алмастырады. 6+6+99=111

  1. 7 7 7 7 7 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100





4-сайыс Сандық ребустар барлық топқа



№ 3 ребус

5-сайыс «Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу.

  1. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз.(цифрлар)



  1. Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)



  1. Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)



  1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)



  1. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)



  1. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қана бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым, 

Оның және қабын алдым, 

Екі дәптер, бір қарындаш, 

Тіс ысқышты тағы да алдым. 

Есептеші сонда бәрі 

Қанша болды, қолда бары? ( 6 ) 

  1. Өмірің сенің қызық, 

Жолында жоқ түзу сызық, 

Басы да жоқ аяғы. 

Бір айналым баяғы. (дөңгелек) 







Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренерміз аман болсақ!

6 -сайыс «Адасқан әріптер»

Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.


И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О

Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш

Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)



7сайыс Сәйкесін тап.

1500: (х + 400 ) = 3

х=100


ЕКОЕ (25;65;130)

ЕҮОБ (25;65;30)

13

130

4

Баллардың көйлектерін тігуге арналған 75 метр матаның 2/5 кетті. Көйлектерге неше метр мата жұмсалды?

30

106-15,49

90,51

38,69+53,76

92,45

Тренинг

Қорытынды рефлексия

Әділқазылар алқасы бағалайды.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі

Автор: Нурмуханбетова Дария Уахитовна

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407143

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) "Баяндама "О?ытуды? инновациялы? технологияларын математика саба?ында пайдалану тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(90) "baiandamaokytudyninnovatsiialyktiekhnologhiialarynmatiematikasabagyndapaidalanutiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "283617"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453863274"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Математика саба?ында а?паратты?-коммуникациялы? технологияны ?олдану "
    ["seo_title"] => string(78) "matiematika-sabag-ynda-ak-parattyk-kommunikatsiialyk-tiekhnologhiiany-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "162377"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422352445"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Математика саба?ында о?ушыларды?  ??зыреттілігін дамыту. "
    ["seo_title"] => string(62) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-k-u-zyriettilighin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "209866"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431333496"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "ДЕНЕ Т?РБИЕСІ САБА?ЫНДА О?ЫТУДЫ? ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІ? ТИІМДІ ЖА?ТАРЫ "
    ["seo_title"] => string(93) "dienie-t-rbiiesi-sabag-ynda-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologiialaryn-iengizudin-tiimdi-zhak-tary-1"
    ["file_id"] => string(6) "125939"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415098531"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "А?паратты? – коммуникативтік технологияны? м?мкіндіктерін  ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(85) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiianyn-mumkindiktierin-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200416"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428833656"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства