kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік  жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, есте сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру»

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Теректі ауылы

"Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі

Курманбаева К.Ы

Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру

Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, есте сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.

Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

  1. Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы;

  2. Оқуға деген қабілетінің артуы;

  3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті;

  4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау;

  5. Өз ойының дербестігі.

Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді.

Қазіргі есептеу техникасының дамуына байланысты қолданбалы зерттеулерде математикалық эксперименттердің бәсі артып отыр. Математика әдістері әр салада қолданыс табуда. Мәселен, математикалық есептеуіш машинаның көмегімен өткен ғасырдың ортасында қойылған атақты төрт түсті бояу мәселесі шешілді. Оның мәнісі – картадағы әрбір көршілес екі ел әртүрлі түспен бояғанда, кез келген картаны жасау үшін түстердің ең аз саны қанша болуы керек? дегенге тіреледі. Мұндай түстердің саны төртеу екенін американ математиктері К. Аппель мен В. Хакен 1976 жылы дәлелдеген.

Мұғалім танымның тек шама жағынан бейнеленген заңдылықтарын оқушыларға түсінікті тілмен қарапайым мысалдар арқылы пайымдауы қажет.

Танымның басқа да әдістері бар. Олар басқа ғылымдар не олардың пайдаланатын әдістері.

Математика ұғымдарының дерексіздігі мен жалпылығы оның қолдану аясын кеңейте түседі. Тек қатыстар мен математикалық символдарға тиісті жаңа мағына бере білу керек.

Бастауыш мектепте дамыта оқыту оқушының қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденуін, байқағыштығын дамытуды талап етеді.

Дамыта оқыту үшін оқытудың жаңа технология түрлерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімен байланыстыру – оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Сондықтан бастауыш сыныптың математика сабағында дамыта оқуды өз сабағымда қолданған сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

























Сабақ тақырыбы: Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу.

Сабақ мақсаты: бірдей қосылғыштардың қөосындысын табу. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табудың мән-мағынасын ашу және сәйкес терминдерді игеруге оқушыларды машықтандыру: 2 амалмен шығарылатын есепті түрлендіру; теңдеудің шешуін жазудың және тексерудің үлгілерін таныстыру, кестеден тыс және кестелік қосу мен азайту амалдарын білу.

Дамытушылық: оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамыту, қиялын ұштау.

Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық негізде адамгершілікке, адалдыққа, ұқыптылыққа, намысқойлыққа және ақыл-ой белсенділігіне тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылықпен, өз бетімен жұмыс істеу, өлең есеп шешу, сарамандық жұмыстар жүргізу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ көрнекілігі: үлестірмелі суреттер, сызбалар сызылған плакаттар, кейіпкерлер суреттері, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Қар, мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай-салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Қой маңырап,

Төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

  • Көктем айларын ата.

  • Наурыз айында қандай мерекелер бар?

  1. Жаңа жылдың тапсырмалары.

«Аналарға гүл сыйлайық» ойыны.

20+16 38+12 57-7

22+8 68-20 5дм3дм +3см

Қосу, азайту компоненттерін атау, өткенді қорытындылау.

ІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымызға Қызыр баба, Жиренше шешен, Қарашаш ана, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала қонаққа келді. (Ол кісілер туралы түсінік)

  • Бірінші қатарда неше партада отырсыңдар?

  • Әр партада неше рет екіден отырсыңдар?

  • Сонда 1-қатарда неше оқушы отырсыңдар?

Ә) Суретпен жұмыс.

- Суреттен қандай музыкалық аспапты көріп отырсыңдар?

- Бұл аспап туралы не білесіңдер?

Қай композитор, сазгер 5 жасында домбыра тартқан?

  • Суретте неше рет екі домбырадан алынған?

  • Барлығы неше домбыра бар?

  • 2+2+2 =6

  • Қандай сандармен қандай амал орындалды?

  • Ендеше, бүгінгі сабақ тақырыбы «Бірдей қосылғыштар қосындысын табу».

Қызыр бабамыздың тапсырмасын орындау.

Кітаппен жұмыс №2.

  • Екі түймеден неше рет алынған?

  • Барлығы неше түйме бар? 2+2+2

(Түйменің өмірге қажеттілігі)

Жиренше шешеннің тапсырмасы. №3

8, 6, 10, 9, 12 санын бірдей қосылғыштар қосындысымен алмастыр.

а) үлестірмелі суреттермен жұмыс

1+1+1+1+1+1+1+1

2+2+2+2=8

Екіден төрт рет алу керек басқа жағдай жоқ 3-тен 2-рет алса екеуі қалып қояды.

ә) түсті қарындаштармен жұмыс.



б) Сызғышпен жұмыс.

_____________________

3см+3см+3см = 9см

в) Өз беттерімен жұмыс.

2+2+2+2+2+2 = 12

Қарашаш анамыздың тапсырмасы №4 есеп.

а) есепті оқу

ә) Шаталов тірек сигналы бойынша есепті шешуге бағыт беру.

Есеп

шешуі



шарты

сұрағы







Түсті қағаз – 37 парақ

Ақ қағаз - ? 18 парақ артық

Қожанасыр атамыздың тапсырмасы.

Есепті неше амалмен шығардың? Неліктен?

ә) Есепті бір амалмен шығарылатын есепке айналдыр.

Нені өзгерттің?

Түсті қағаз – 37 парақ

Ақ қағаз - ? 18 парақ артық

37+18 = 55, жауабы: 55 парақ

ІІІ. Сергіту сәті.

Алдаркөсе тапсырмасы.

№5 есеп, үлгіге қарап, теңдеуді шешу тәсілін түсіндіру

X – 32 = 53

Тазша бала тапсырмасы.

Шығармашылық тапсырма

ІV. Сабақты қорыту.

Қайратта бар екі гүл,

Қанатта бар екі гүл,

Санатта бар екі гүл,

Жанатта бар екі гүл

Қоссақ барлық гүлдерді

Нешеу болды шешуі?

VІ. Үйге тапсырма.

VІІ. Қой жылының тапсырмасы: жақсы оқып Отанымыздың білікті азаматы болу.















Ұлы педагог А. С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді, - деп қарастырады.

Танымдық ойындар – тұлғаны ойландырудың тиімді бір тәсілі.

Танымдық ойындардың түрлері өте көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина (сұрақ-жауап), психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, қара есептер, тренинг, тест, т. б. танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі.

Сондықтан ой-өрісін дамытуды, төмендегіше таңдап алдым.

Ой-өріс

ұлттық ойын

логикалық ойын

ойын

Қимыл әрекет ойыны







Пәнге қызығушылығы

білімі, сауаттылығы

әрекет

Сөздік қоры

дүние танымы кеңейеді







Логикалық ойын – ребус, сөзжұмбақ, үндемес ойыны т. б. жатады.

Мысалы: Бөлу тақырыбын өту барысында мынадай сөзжұмбақ қолдандым:





О Н Б Е С





Т Ө Р Т

Е Л У

К Ө Б Е Й Т У



  1. 3 · 5 = ? 2. 8 : 2 =? 3. 5 · 10 = ? 4. Бөлуге кері амал

  2. 100 добыңның 14-ін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады?

  3. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

  4. Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стаканда су көп? (бірдей)

Бастауыш мектептегі оқытудың ең басты міндеттерінің бірі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Баланың логикалық ойлау қабілетін, оның есеп шығару еркешеліктерінен тез байқауға болады.

Бірінші сыныптың бағдарламасы бойынша математика сабағында, әдетте, 1-ден 5-ке және 6-дан 9-ға дейінгі сандарға 1 санын қосумен немесе алумен ғана шектеледі. Сандарды қосу және алу амалдарының басқа да жолдарын, мәселен, 7 санын алудың мынадай жолдарын (5 + 2; 4+3) көрнекі тәжірибелер жасау, тартымды ойындар ұйымдастыру, логикалық есептер шығарту арқылы қарастыруға мүмкіндіктер мол. Нақтылы мысалдар келтірейік.

Тәжірибе. 6 санының құрамын қарастырайық. Әр оқушының үстеліне бір картон қорап, 6 алма (еңбек сабағында пластилиннен қолдан жасаттыруға болады) және екінші қатар етіп тақтайша (подставка) қойылады. Мұғалім оқушыларға қарап:

  • Балалар, біз қазір қорапқа алма жинаймыз (балалар қорапты алып, оған алманы салады).

Қорапта неше алма бар?(6). Енді олар қораптан алманы алып, бірінші қатардағы тақтайшаға қояды. Барлығы неше алма бар? Санайық (6). Ал 6 алманы қалай алдыңдар? Қорапта 5, тақтайшада 1 алма бар.

Содан соң оқушылар 3 алманы алап, екінші қатардағы тақтайшаға қояды. Қалайша 6 алма алуға болады?

Балалар 6 алманы алу жолын өздерінше топшылайды: 6 –ол 5 және 1, 6 – ол 4 және 2, 6 – ол 3 және 3. Олар мұғалімнің көмегімен келесі қорытындыны жасайды: 6-деген сан 5-ке 1-ді қосқанда, немесе 4-ке 2-ні қосқанда, немесе 3-ке 3 қосқанда шығады.

Осы сабақта осылайша басқа сан құрамын, мысалы, 7 санының құрамын қайтадан қарастыру тиімсіз, өйткені қайталаушылық балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан жеті санын жіктеп үйретуді «Үйде кім тұрады?» ойыны ретінде қарастырған жөн.

Тақтаға біраз терезелері түсті қағаз парақтарымен жабылған үш қабатты үйдің суреті ілінеді. Балаларға үйдің әр қабатында 7 санын құрайтын сандардың тұратыны айтылады. Ұстаз балаларға мынаны ескертеді: «Үйдің кез-келген пәтеріндегі бір терезе ашылса – бір сан «»ұйқыдан оянды» деп есептеледі. Мұғалім суреттегі жабық терезенің бірін ашады. Сан оянды. Енді қабаттағы көршілес сандарды ояту керек. Бірақ оны тек санды дұрыс айтқан оқушы ғана оята алады.»

Оқушылар ойынға аса бір қызығушылық танытып, жұмысқа кіріседі. Бұл пәтерде 5 және 2 сандарының, 4 және 3 сандарының, т. с.с. тұратыны айтылады.

Оқу процесіне осындай ойын элементтерін енгізе отырып, басқа да әр түрлі рөлдегі ойындарды құрастыруға болады.

Балалар үшін «Дүкен» ойынын ұйымдастыру да өте қызықты. Мұнда балалар сатып алынатын нәрсенің бағасына тең қосындыны (санның екі ғана емес, үш қосылғыштан тұруы мүмкін) табатын «сатып алушылар» және «сатып алушылармен» орындалатын тапсырманың дұрыстығын бақылаушы «сатушылар» рөлдерін ойнайды. Осы ойын кезіндегі басты мәселе санды есептеу ғана емес, сондай-ақ баланың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болатынын мұғалімнің есте ұстағаны дұрыс.

Мұғалім үшін құрастыруы бойынша ең қиыны түрлі ойын-сабақтар мен саяхат-сабақтар болып табылады. Мұндай сабақтарды ұйымдастыру мұғалімнен бүкіл оқу материалын біртұтас тақырыпқа, бір мақсатқа бағындыруды талап етеді. Тіпті ең қарапайым «физкультминут» сияқты сабақ элементін өткізу ұстаздан сабақты тыңғылықты ойластыруды талап етеді. Сабақтың осынау түрлері өте қызықты келеді. Олар оқытудың мотивациялық негізін дамытады.

Логикалық есептер

  1. Айдардың бойы Мараттан ұзын, Қайраттан кішірек. Сонда ұлдардың ішіндегі ең ұзыны кім? (Қайрат).

  2. Жіпке үш түйін түйіп қойдық. Жіптің бойында неше бөлік бар?

  3. Таяқшалармен 3-суретте берілгендей үшбұрыш құрыңдар. Қалайша үшбұрышты төртбұрыш етіп созуға болады?

Әр оқушы логикалық ойлау қабілетіне қарай түрліше созады. Бұл әдіс те оқушының ойлау қабілеті мен шығармашылық қиялын арттыруға жәрдемдеседі.

. Бастауыш сынып оқушыларына білім, білік, дағды және тәрбие беруде сыныптан тыс қосымша сабақтардың да тигізер әсері мол.

Оқушылардың математика ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру; ой санасын, тапқырлығын, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.

«Кәне, топтан оз!» тақырыбы бойынша «Айырмашылығын тап», «Сиқырлы шаршы», «Бәйтерек » деп аталатын көрнекіліктер жасайды. Сабақ барысында бұған оқушылардың бәрін тартуды көздейді. Төртінші сыныпта өткен бұл сабақта тақырып бойынша түсінік берді.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - дей отырып, сайысқа қатысып отырған оқушыларды тыныстырып өтеді. Сайысқа қатысушы ойыншылардың атын атап, дайындығын тексерді.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын, - дей отырып, сайысты бастайды.

Сайыс түрлері сегіз кезеңге бөлінеді. Олар:

«Сиқырлы шаршы». Шаршыдағы бос көздерді толтырғанда тігінен де, көлденеңінен де, көлбей қосқанда да 60 саны шығу керек.

60

30


29


20




10

Қазылар алқасы тексеріп,

ұпай беріп, бұл кезеңнен келесі

кезеңге өткен оқушыларды

атап отырады.

«Ойынды жалғастыр» кезеңі. Мұнда мақал-мәтелдердің алғашқы жолын мұғалімнің өзі айтады, жалғасын оқушылар ойлылықпен, шапшаңдықпен жалғастырады.

Тоқсан ауыз сөздің,

(Тобықтай түйіні бар)

Екі аяқтыда бөле тату,

(Төрт аяқтыда бота тату)

Жеті жұрттың тілін біл,

(Жеті түрлі білім біл)

«Адымда - ойлан» кезеңінде оқушылар бірінен соң бірі тұрып, адымдап жүреді. Ол үшін логикалық сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Бұдан кейін логикалық сұрақтар қойылады.

  1. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

/түйеқұс ұшпайды/

  1. Жасы 100-ге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен екен. Себебін анықта.

/туған күні ақпанның 29-ы/

  1. «Шапшаңдық» - бұл бесінші кезең. Онда мынадай сұрақ қойылып, формуланы тез айту қарастырылды.

  1. Шаршы ауданы

  2. Қашықтықты табу

  3. Тік төртбұрыштың ауданы

  4. Шаршы периметрі

  5. Жылдамдықты табу

  6. Текше көлемі

  7. Тік төртбұрыштың периметрі

  8. Уақытты табу

  9. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі

S=а*а=а2

S=v*t

S=a*b

P=a*4

V=S/t

v=a3

P=(a+b)*2


t=S/V

v=a*b*c

Алтыншы кезең «Айырмашылығын тап» деп аталады.

Бұл кезеңге өткен оқушыларға сурет беріп, айырмашылықтарын таптырады.

Жетінші кезең «Жаңылмаймын» деп аталады . Бұл ойын түрінде болады.

Шарты 4 санын, 4-ке бөлінетін сандарды және құрамында 4-і бар (41, 40 14) сандарды айтпайды, орнына «жаңылмаймын» дейді. Жаңылысқан оқушы сайыстан шығады.

«Біліктілік» кезеңінде есептер беріліп, әр есепті шығарған сайын баспалдақпен жоғары көтерілуі қажет.

Міне, осылай өткізілген әрбір сабақ оқушыны шапшаңдыққа, бәсекелестікке, тапқырлыққа және ойлау қабілетін дамытуға бейімдейді. Ал ең бастысы математика пәніне, ғылымына деген танымдық қызығушылығымен белсенділігін едәуір арттыра түсері сөзсіз.

Бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастыруда, олар шаршап қалмас үшін математика сабақтарындағы жаттығу есептерін жиі ойын ретінде өткізген дұрыс. Ойын оқу процесін ширата түседі, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырады, мәліметтерді дұрыс қабылдауға көмектеседі. Сол себепті балалардың жасы қаншалықты кіші болса, сабаққа соншалықты ойын элементтерін көбірек енгізу ұсынылады. Сонымен бірге сабақта ұсынылатын әрбір ойынның тәрбиелік маңызының зор болуы, әр ойын оқушының қабілеті мен ой-өрісін дамытуға оң әсерін тигізетіндей болуы керек демекпін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Т.Қ. Оспанов Бастауыш кластарда математиканы оқыту: - Алматы, «Мектеп», 1987 ж.

  2. Төлешова Ұ. Б. «Тұлға қалыптастырудағы танымдық қызығушылықтың педагогикалық негізі», Алматы, 2008.

  3. Елубаев С. «Оқушының танымдық қызығуын оятудың жолдары». Бастауыш мектеп, 2002-№8. 7-9бет.

  4. Ералиева М. «Математика оқу пәні бойынша бастауыш білім стандарты жетілдірілді», Бастауыш мектеп, 2002-№5. 9-11бет.

  5. Қайыңбаев Ж. «Математикалық тұжырымдардың дәлелдемесі» . Бастауыш мектеп, 2003-№5, 8-11 бет.

  6. Жарменова Г. Кәне, топтан оз! Бастауыш сыныпта математиканы оқыту. Бастауыш Білім, 2006, №3-4, 27, 28 беттер.

  7. Джанабердиева С. А., Тулебекова Г. «Математика сабақтарындағы дидактикалық ойындар».

  8. Шаймолданова К. «Математика». Бастауыш мектеп.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру

Автор: Курманбаева Кулдана Ыгымеденовна

Дата: 14.10.2016

Номер свидетельства: 349076

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Баяндама:    Ойын ар?ылы бастауыш сынып о?ушыларыны? ойлау ?абілетін дамыту."
    ["seo_title"] => string(78) "baiandama-oiyn-ark-yly-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-oilau-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "254669"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447784570"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Бастауыш сынып о?ушыларына білім беруде жа?а инновациялы? технологияларды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(96) "bastauysh-synyp-ok-ushylaryna-bilim-bierudie-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "187546"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525754"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ФУНКЦИОНАЛДЫ? САУАТТЫЛЫ?ЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "255663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447959848"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "баяндама "Бастауыш сынып о?ушыларына логикалы? есептерді? пайдасы.""
    ["seo_title"] => string(72) "baiandama-bastauysh-synyp-ok-ushylaryna-loghikalyk-iesieptierdin-paidasy"
    ["file_id"] => string(6) "249250"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446870882"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Математика саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту "
    ["seo_title"] => string(71) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "185077"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426145772"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства