Просмотр содержимого документа
«"Қызықты есептер"»
Мақала
Қызықты есептер
Бастауыш сыныптағы математика пәнін оқытудағы ең басты міндет – баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқу әдістемелік көмекші құралмен шектеліп қана қоймай, баланың ойлау қабілетін дамытатын есеп жұмбақтар, басқатырғыштар пайдалану тиімді. Бүгінгі таңда балалардың көпшілігі басын ауыртып есептегеннен гөрі дайынды көшіруге әуес.
Бала логикасының дамуын есеп шығару ерекшеліктерінен байқауға болады. Математика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойын есептері. Логикалық есептерді шығару оқушыны тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауына, салыстыруға әсер етеді.
Сондықтан пәнге деген қызығушылықты арттыруды, оқушының ойлау қабілетін дамытуды сабақтан тыс уақытта тек математикалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып, дұрыс ажыратуға көңіл бөлу арқылы қалыптастыра алады. Сабақта қолданылатын тапсырмалар үлгісі:
Апам ала сиырын сауды. Ол 3 л сүтті бөшкеге құйды, сонда шелекте 4 л сүт қалды. Ала сиыр қанша литр сүт берген?(7)
Шөпте қояндар тығылып отыр, тек он құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?(5)
Он екі аяқ неше қойдың аяғы?(3)
Кеше Маралдың туған күні болды. Ертең бейсенбі, Маралдың туған күні аптаның қай күні болды?(Сейсенбі)
Ауылда төрт түн, төрт күн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?(4)
Сағаттың тілдері қандай уақытта тік бұрыш жасайды?
Үш танысын кездестірген адам ауылға қарай бет алды. Қанша адам ауылға барды?(1)
Оңынан оқысаң да,
Солынан оқысаң да,
Бір сан шығады, қандай сандар?(11, 22,33....)
Жеті ағайынды ұлдардың бірден қарындасы бар. Отбасында неше бала бар?(8)
Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар бір – біріне:
- Е, достым, мен сені көріп отырмын, -дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді?(Қарама –қарсы отыр)
11. Хауанаттар паркінің директорынан паркте қанша түйе, және қанша түйеқұс бар деп сұрапты. Директор бұл сұраққа былай жауап беріпті: «Біздегі барлық түйелер мен түйеқұстарды бірге санағанда 60 көз және 86 аяқ бар». Хайуанаттар паркінде қанша түйе, қанша түйеқұс бар? (17 түйеқұс, 13 түйе).
12. 37л су екі шелекке құйылған. Біраздан соң бір шелектен 2 л суды, екінші шелектен 5 л суды құйып алып кетті. Енді екі шелектегі су бірдей болды. Әуелде олар неше литрден болып еді?(17л, 20л)
13. 4 қой бір қойдың алдында келе жатыр, 4 қой бір қойдың артында келе жатыр, 1 қой ортасында келе жатыр. Барлық қойдың саны қанша?(Барлығы 5 қой)
14. Құрт биіктігі 20 м бағананың бойымен жоғары қарай өрмелейді. Ол күндіз 5м көтеріліп, түнде 4 м төмен түседі. Құрт бағананың төбесіне қанша уақытта жетеді? (20күнде)