Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериалды бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз. Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары-құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту,арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз әсерінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Критериалды бағалау жүйесі"»
Тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесі
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериалды бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз. Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары-құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту,арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз әсерінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді. Қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту,қоршаған орта мен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі-нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалды бағалау жүйесі –халықаралық бакалавриат мектептерінде кеңірек қолданылады. Бұл бағалау жүйесі –білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі. Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты-білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әр түрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.
Критериалды бағалау- білім алушының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырушы білім алудағы нәтижелерін –алдын –ала анықталған,бірлесіп жасалған,барлығына белгілі критерилермен салыстыру процессі.
Нақтылы бағалау-білім сапасын арттырудың кепілі.
Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттау;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізуге қол жеткіземіз.
Қалыптастырушы бағалау (күнделікті):
Оқушының күнделікті білім алуының сапасы;
Күнделікті жұмыс жасау;
Білім алуда күнделікті олқылықтарды түзеу;
Қорытынды бағалауда есепке алынбауы.
Қалыптастырушы бағалау (күнделікті)- мұнда оқытушы оқушылардың жетістігін критериалды жүйемен немесе әдеттегі 5-балдық жүйемен бағалауы өз еркінде, бірақ оқушылардың өз жұмыстарын бағалау дағдыларын арттыру мақсатында келесідей бағаланады.
Нақтылы бағалау (негізгі/қорытынды)
Оқушының білім деңгейін нақты анықтау.
Оқушылардың жұмыстарының негізгі нәтижелері.
Қорытынды бағаның негізі.
Критерилердің санының максималды қолданылуы.
Негізгі жұмыстар қайта жазылмайды және сыныпта мұғалімнің қатысуымен орындалады.
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Оқушының нақты қиындық тудыратын сұрақтарын білу және оны жою.
Оқушының бағалаудан алған эмоционалды негативінің болмауы, психологиялық жайлы ортаның болуы.
Бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы.
Даму тенденциясын анықтау.
Қиындықтарды жеңуге деген құштарлығы.
Кері байланыстың жиілілігі,рефлексия.
Ішкі және сыртқы бақылаудың болуы.
Оқу-тану әрекетінде оқушыға стимул болуы.
Сын тұрғысынан ойлау қабілеті мен көңіл бөлуінің дамуы.
Оқушы мен мұғалім арасындағы келісім- Критериалдық бағалаудың міндетті шарты
Бағалау критерилері мен алгоритмдері мұғалім мен оқушыларға белгілі болуы керек.
Бағалау жүйесіне деген оқушылардың түсініспеушілігі болмауы керек,яғни олар өз-өздерін бағалай алатындай болуы керек.
Сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әр баланың осы тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау,ойлау қабілетін арттыру.
Дамытушылық : Балаларды жеке жұмыс жасауға дағдыландыру,ойлау қабілеттерін дамытып,білімдерін тереңдету.
І. 9,12,16 сандарын жай сандардың қосындысы түрінде жазыңдар:
ІІ. Мына сандардың ішінен екі бөлгіші бар сандарды бір жолға,екіден көп бөлгіші бар сандарды екінші жолға теріп жазыңдар және өсу ретімен орналастырыңдар 15,11,2,6,5,8,45,31,53