kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесі негізінде педагогикалық іс-әрекеттегі сапалық өзгерістерге жету жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесі негізінде іс-әрекеттегі сапалық өзгерістерге жету жолдары жаңартылған білім жүйесі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесі негізінде педагогикалық іс-әрекеттегі сапалық өзгерістерге жету жолдары»


Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесі негізінде педагогикалық іс-әрекеттегі сапалық өзгерістерге жету жолдары

Алматы облысы, Іле ауданы, М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің жоғары санатты, бірінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Шормакова Шолпан Ботановна



Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Бәсеке басы – білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігінде» - демекші, Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден – бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау.

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістігі деңгейін анықтайтын белгі немесе өлшем.

Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі. Сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойлағаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін нені білетіндігін және нені істей алатындығын анықтау қажет.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

Оқушы – өзінің тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтайды;

-өзінің жұмысына сараптама жасауды үйренеді;

-өзінің білім деңгейін алдын – ала болжайды;

-өзінің және сыныптастарының білім деңгейіне сын көзімен қарауды үйренеді, сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды;

-критерийдің көмегімен өз білімін бағалауғамүмкіндік алады.

Мұғалім- оқушының білім деңгейін анықтайды;

-оқушының мүмкіндік деңгейін біліп отырады;

- оқушыға оқудың қайсысы қиындық туғызатынын анықтайды;

- оқушының кемшіліктеріне назар аударта отырып, оның дамуына бағыт береді;

- мұғалім, оқушы, ата- ана арасында кері байланыс орнайды.

Ата- ана- баласының білім деңгейі жайлы обьективті дәлелдеме алады;

- баласының оқудағы жетістіктерін, оның дамуын қадағалайды, біліп отырады;

- критерий көмегімен баласына оқуда қолдау көрсете алады;

- ата- ана мен мектеп арасында кері байланыс орнайды.

Критериалды бағалау – қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақытылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау – білім алу кезеңдері мен сатылары аяқталғанда болатын бағалау, белгілі мерзім бойынша оқушының дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, бағалаудың бірыңғай критерийлерінің негізінде жүзеге асады.

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отырады. Бұл жиынтық бағалау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастырып, дамытып, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында, сабақтың соңғы бөлімінде жүргізіледі. Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді, әрі жүйелі қолдану қажет. Формальді бағалау әдісі нақты оқу мақсатына негізделіп жүргізіледі.Дескрипторлар мен бағалау критерийлері тапсырмаға сай құрылып, оқушы білімінің нәтижесі ауызша немесе жазбаша түрде « мақсатқа жетті», «талпынады» деген бағалау түрі бойынша қортындыланады. Формальді емес қалыптастырушы бағалауда оқушы білімінің нәтижесі ауызша мадақтау немесе белгілі бір шартты қимыл арқылы қортындыланады. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу- жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы.Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, яғни осы жұмыстың бастауы негізгі қалыптастырушы бағалауда қолданылады.Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіліп отырады, балл мен баға қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді.

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыруда әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген. Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге:

-оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;

-тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау;

-оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.

Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды және Блум таксономиясында берілген алты ойлау дағдыларының деңгейлерін – білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалауды көрсетеді. Мұғалім бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды. Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін сәйкестендіріп, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторларын құрастырады.

Дескриптор дегеніміз - тапсырма бойынша орындалған жұмыс деңгейінің немесе сапасының сипаттамасы.

Дескрипторлар тапсырманы орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды. Тапсырма дескрипторлары анық және қолжетімді болып, оқушыға тапсырманы орындау барысында нені көрсете білуі қажет екендігі туралы толық мәлімет бере алатындай болып, мұғалімге оқушының оқу мақсатына жеткен, жетпегендігі төңірегінде тиімді кері байланыс бере алатындай мүмкіндіктер береді.

Кері байланыс – нақты іс-әрекет жасау туралы хабарлау және түсініктеме алу үдерісі, мақсатқа қол жеткізудегі белгілі іс-әрекет пен оқиғаға дұрыс баға беру негізіндегі жауап түрі. Кері байланыс әрекеті сабақтың әр кезеңінде қолданылып, мұғалімнің оқушымен үздіксіз қарым-қатынаста болып, оқыту үдерісін ары қарай жоспарлауға және түзетіп отыруға жағдай тудырады. Тиімді түрде ұйымдастырылған кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісінің қалай жүріп жатқандығы туралы, оқушыға алға ілгерілеуі туралы және ары қарай нәтижені жақсарту үшін түзетуді жоспарлау туралы ақпарат береді, ал оқушыға оның алдында туындайтын 3 сұраққа жауап алу мүмкіндігін береді:

-Мен оқытудың қай кезеңінде тұрмын?

-Нәтижелерге қалай жетемін?

-Қателігімді түзету үшін ары қарай не істеуім қажет?

Осы мақсатта оқушының ата-анасына да кері байланыс беріледі. Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда оқыту үдерісінде әдіс-тәсілдерді «Бағдаршам», «Қол сигналы», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар тағы басқа түрлерін қолдануға болады.

Критериалды бағалау жүйесі негізінде педогогикалық іс-әрекеттегі сапалық өзгерістерге жету жолдарында бұл әдістің артықшылығы:

- Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады.

- Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі.

- Оқушыға өзінің білім деңгейі анық көрініп тұрады.

- Оқушының жұмысын бағалау алдын-ала ұсынылған критерийлерге негізделеді.

- Критерий арқылы бағалау – мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді.

- Білім берудің сапасы артады.

Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруде критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор. А.Байтұрсынов « Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл.» - деген екен. Ендеше жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және тілдерді меңгеру – заман талабы.

Критериалды бағалау жүйесі негізінде педагогикалық іс-әрекеттегі сапалық өзгерістерге жету жолында кез-келген ерекше қабілетті оқушы – дарынды оқушыға айнала алады. Ал, дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі естен шығармайық.

Түйіндеме:

Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана оқу мақсатына қол жеткізеді.

Жан-Жак Руссо айтқандай: «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» - демекші жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – білімді ұстаз.

















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Халқына Жолдауы»

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. (Екінші басылым)

3. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы. 2016 ж

4. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық.

5. Бастауыш мектеп журналдары 2015, 2016 ж



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Шормакова Шолпан Ботановна

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406787


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства