Бірнеше бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін дәреже деп аталатын өрнек түрінде жазуға болады.
Мысалы, 3·3·3·3·3 көбейтіндісін 3 5 өрнегі түрінде жазылады .
Дәреже өрнегіндегі қайталанатын көбейткіш дәреженің негізі деп, ал көбейтіндіде неше бірдей көбейткіш бар екенін көрсететін сан дәреженің көрсеткіші деп аталады. Дәрежелеу нәтижесін дәреженің мәні деп атайды
Санның дәрежесінің мәнін табу көбейту амалы арқылы орындалады.
3 5 =3·3·3·3·3=243.
Санның 2-ші дәрежесін сол саның квадраты деп атайды.
Мысалы, 7 2 өрнегінің оқылуы: "7-нің екінші дәрежесі" немесе "7-нің квадраты".
10, 100, 1000, 10000,... разряд бірліктерін 10 санының дәрежесі түрінде жазуға болады.
Мысалы, 10=10 1 ;
100=10·10=10 2 ;
1000=10·10·10=10 3
Санды өрнектің құрамында санның дәрежесі болса, онда дәрежеге шығаруды басқа амалдардан бұрын орындау керек.