kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математикалы? сайыс саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 3 - сынып ?ызы?ты математика (презентациясымен) Ма?саты: 1. Білімділік: о?ушыларды? саба?та ал?ан білімдерін ж?йелеу, пысы?тау. ?зін - ?зі ба?ылау?а, ?збетімен ж?мыс істеуге да?дыландыру. 2. Дамытушылы?: о?ушыларды? ой - ?рісін, ?зіндік іс-?рекетін, танымын дамыту. ?здігінен ?орытынды шы?ару?а машы?тандыру, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын ж?не белсенділігін арттыру, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту. 3. Т?рбиелік: ?аза?станны? болаша?ына деген сенімін ж?не білімні? ?р?ашан ?ымбат екенін т?сіне білуге т?рбиелеу. ?дісі: с?ра? – жауап Т?рі: зергерлік сайыс К?рнекілігі: интерактивті та?та Барысы І. Кіріспе Ж?ргізуші: Математика керек ?р к?нге, Математика керек ?ркімге. Есеп ?ажет ?мірде, Есепсіз білім білім бе?! - Саламатсыздар ма, ?стаздар 3 - сынып о?ушылары! «?ызы?ты математика» зергерлік сайысына ?ош келді?іздер! Б?л сайыс?а ?р сыныптан екі о?ушыдан барлы?ы 10 о?ушы ?атысып отыр. ?р о?ушы ?зі ?шін сайысады. Е? со?ында ?ал?ан бір о?ушы сайыс же?імпазы атанады. Сайыскерлерді? жауаптарын саралап отыру ?шін ?діл?азылар ал?асын сайлап алайы?. /?діл ?азылар ал?асы сайланады/ 1. Сайыс ?атысатын о?ушылар: 3 «Б» сынып 3 «д» сынып 2. Сайыс шартымен таныстырайын: 1 – айналым «Б?йге» 2 – айналым «К?кпар». 3 – айналым «Жор?а». 4 – айналым «?асиетті жетілік ІІ. Негізгі б?лім 1 – айналым «Б?йге» 1-топ 1. 1 дм - де неше см бар? 2. 1 см - де неше мм бар? 3. 1 см арты? па, ?лде 1 дм арты? па? 4. Ж?п сандарды, та? сандарды ата. 5. Б?рышты? ?абыр?алары ?алай аталады? 6. Бес б?рыш неше кесінділерден т?рады? 7. 1 са?. + 18 мин. Дегеніміз неше минут?а те?? 8. 1 са?атта ?анша минут бар? 2-топ 1. 1 метрде неше дм, см бар? 2. Азайтуды ?ай амалмен тексереді? 3. Масса, оны? бірліктерін ата. 4. ?зынды? ж?не оны? бірліктерін ата. 5. Уа?ыт ж?не оны? бірліктерін ата. 6. 1 са?атта ?анша минут бар? 7. 3 дм -? см, 4 м -? дм, 1м -? см, 1 апта -? к?н 8. 2 м?шел -? жыл, 1 ?асыр -? жыл. 2 – айналым «К?кпар» "Математикалы? диктант 3 «Б» сынып 3 «д» сынып "Математикалы? диктант 10 ж?не 60 сандарыны? ?осындысына 8-ді ?ос. 10+60+8 70-ке 12 мен 6 сандарыны? айырмасын ?осу 70 +( 12 – 6 ) 65 пен 5 сандарыны? айырмасынан 30-ды кеміт. ( 6 5 – 5 ) – 30 90-?а 11 мен 9-ды? айырмасын ?ос. 90 + ( 11 – 9 3 – айналым «Жор?а» Логикалы? есептерді? шешуі мен жауаптарын табу керек • Ш?пте ?ояндар ты?ылып отыр, тек 10 ??ла?ы ?ана к?рініп т?р. ?анша ?оян ты?ылып отыр? 5 ?оян • Таразы таба?шасына 2 ая?ымен т?р?анда 2 кг болды. Бір ая?ымен т?рса, онда оны? массасы ?андай болады? 2кг • Ауылда 4 к?н 4 т?н боран со?ты. Неше т?улік боран со?ты? 4 т?улік • Бір адам ?ала?а бара жатыр еді, жолда о?ан 3 танысы ?арсы келді. ?анша адам ?ала?а барды? 1адам • Маратты? кіле? 1 те?геліктен т?ратын барлы?ы 100 те?ге а?шасы бар еді. ??рал – жабды? сатып ал?ан ол д?кенге 97 те?ге т?леуі тиіс еді. ?алай тез есептеп беруге болады? 3те?ге 4 – айналым «?асиетті жетілік» Арнайы с?ра?тар беріледі 1. ?ш ж?зді ата 2. ?аза?ты? киелі сандарын ата 3. ?ш биді ата 4. Д?ниені? неше т?сы бар? 5. Наурыз к?жені? ??рамына неше зат кіреді? 6. Сан?а ?атысты ма?ал - м?телдер айт ?орытынды: ?діл - ?азы ал?асы ?діл шешімін беріп, дипломдармен марапаттайды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математикалы? сайыс саба? жоспары»

Сыныбы: 3 - сынып

Қызықты математика (презентациясымен)

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін - өзі бақылауға, өзбетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ – жауап

Түрі: зергерлік сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта



Барысы

І. Кіріспе

Жүргізуші:

Математика керек әр күнге,

Математика керек әркімге.

Есеп қажет өмірде,

Есепсіз білім білім бе?!

- Саламатсыздар ма, ұстаздар 3 - сынып оқушылары! «Қызықты математика» зергерлік сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа әр сыныптан екі оқушыдан барлығы 10 оқушы қатысып отыр. Әр оқушы өзі үшін сайысады. Ең соңында қалған бір оқушы сайыс жеңімпазы атанады. Сайыскерлердің жауаптарын саралап отыру үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

/әділ қазылар алқасы сайланады/



1. Сайыс қатысатын оқушылар:

3 «Б» сынып

3 «д» сынып

2. Сайыс шартымен таныстырайын:

1 – айналым «Бәйге»

2 – айналым «Көкпар».

3 – айналым «Жорға».

4 – айналым «Қасиетті жетілік



ІІ. Негізгі бөлім 1 – айналым «Бәйге»

1-топ

1. 1 дм - де неше см бар?

2. 1 см - де неше мм бар?

3. 1 см артық па, әлде 1 дм артық па?

4. Жұп сандарды, тақ сандарды ата.

5. Бұрыштың қабырғалары қалай аталады?

6. Бес бұрыш неше кесінділерден тұрады?

7. 1 сағ. + 18 мин. Дегеніміз неше минутқа тең?

8. 1 сағатта қанша минут бар?



2-топ

1. 1 метрде неше дм, см бар?

2. Азайтуды қай амалмен тексереді?

3. Масса, оның бірліктерін ата.

4. Ұзындық және оның бірліктерін ата.

5. Уақыт және оның бірліктерін ата.

6. 1 сағатта қанша минут бар?

7. 3 дм -? см, 4 м -? дм, 1м -? см, 1 апта -? күн

8. 2 мүшел -? жыл, 1 ғасыр -? жыл.



2 – айналым «Көкпар»

"Математикалық диктант

3 «Б» сынып

3 «д» сынып

"Математикалық диктант

10 және 60 сандарының қосындысына 8-ді қос. 10+60+8

70-ке 12 мен 6 сандарының айырмасын қосу 70 +( 12 – 6 )

65 пен 5 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт. ( 6 5 – 5 ) – 30

90-ға 11 мен 9-дың айырмасын қос. 90 + ( 11 – 9



3 – айналым

«Жорға»

Логикалық есептердің шешуі мен жауаптарын табу керек



• Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5 қоян

• Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? 2кг

• Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? 4 тәулік

• Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1адам

• Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? 3теңге



4 – айналым «Қасиетті жетілік»

Арнайы сұрақтар беріледі

1. Үш жүзді ата

2. Қазақтың киелі сандарын ата

3. Үш биді ата

4. Дүниенің неше тұсы бар?

5. Наурыз көженің құрамына неше зат кіреді?

6. Санға қатысты мақал - мәтелдер айт

Қорытынды: Әділ - қазы алқасы әділ шешімін беріп, дипломдармен марапаттайды





























Математикадан оқу жылы басындағы бақылау жұмысы

І-нұсқа

1.Баған түрінде жазып, есепте.

46+24 300+200 700-400 76+23

89-35 450+256 1000-452 400-200

94-24 325+134 1000-763 500+100

2.Есепті шығар.

Асханаға 83 кг сәбіз, ал одан 16 кг артық қызылша әкелінді. Асханаға барлығы қанша килограмм көкөніс әкелінді? Дүкенге 64 кг алма, ал одан 23 кг артық алмұрт әкелінді. Дүкенге барлығы қанша килограмм жеміс әкелінді?

3.Теңдеулерді шеш.

700-х=178+212 865-х=210+235

а+125=471-68 а+164=785-152



4.Салыстыру.

632 см * 6м 3 дм 95-26 * 97-26

2 м 8 см * 2 м 8 дм 48+36 * 49+36

356 см * 3м 5 дм 86-15 * 87-15

3 м 5 см * 3 м 5 дм 38+16 * 39+16

5.Фигура сыз, периметрін тап.

Тіктөртбұрыштың қабырғалары 8см және 4 см. Оның периметрін тап. Тіктөртбұрыштың қабырғалары 7 см және 3см. Оның периметрін тап.

6*Логикалық тапсырма.

Балабақшада Ақнұр, Бақыт, Айжан, Нұрлан және Жанат болды.Олардың әрқайсысында бір жұптан қолғап болса, оларда барлығы неше қолғап бар? Шелек пен себеттің әрқайсысында 10 алмадан бар. Шелектен себетке 2 алма алып салынды. Шелекке қарағанда себетте неше алма артық болды?

ІІ-нұсқа

1.Баған түрінде жазып, есепте.

56+31 300 - 200 400 + 400 66+32

75-44 356 + 478 1000 – 325 800-300

57-16 100+600 1000-443 615+385

2.Есепті шығар.

Цирк кассасында үш күнде 480 билет сатылды. Бірінші күні 120 билет, екінші күні 140 билет сатылды. Үшінші күні неше билет сатылды? Айжан үш күнде кітаптың 356 бетін оқыды. Бірінші күні ол 115 бетін, екінші күні 126 бетін оқыды. Үшінші күні кітаптың неше бетін оқыды?

3.Теңдеулерді шеш.

800-х=1000–600 а+105=1000-500

а-200=450+50 900-х=330+70

4.Салыстыру.

721 см * 7 м 1 дм 92-27 * 94-27

3 м 9 см * 3 м 9 дм 48 + 46 * 49 + 46

815 см * 8 м 5 дм 85-42 * 84-24

5 м5 см * 5 м 5 дм 56+31 * 55+31

5.Фигура сыз, периметрін тап.

Тіктөртбұрыштың қабырғалары 6 см және 2 см. Оның периметрін тап. Тіктөртбұрыштың қабырғалары 9 см және 4 см. Оның периметрін тап.

6*Логикалық тапсырма.

Бақытқа барлық достарына 2 кәмпиттен тарату үшін 4 кәмпит жетпейді. Егерде онда 8 конфеті болса, Бақыттың неше досы бар? Марат 6-шы қабатта тұрады, ал Жанат 3-ші қабатта тұрады. Егер Мараттың үйіне дейін 60 баспалдақ болса, Жанаттың үйіне дейін неше баспалдақ бар?



Математикадан бақылау жұмысы №1.

1 нұсқа

1. Есепте.

250-50+120 800-(350-300) 7∙1 19:19

560+200-160 200+(370+30) 0∙6 0:12

250-50+120 (800-350)-300 8∙1 15:15

560+200-160 (200+370)+30 0∙7 0:16

2.Есепті шығар.

Тігін фабрикасына 165 м жібек мата және 145 м жүн мата әкелінді.Оның 218 метрі пайдаланылды. Тігін фабрикасында қанша метр мата қалды? Баспаханашыға 360 оқулық түптеп шығару керек болды. Ол 98 математика, 84 қазақ тілі оқулығын түптеді. Түптелмеген қанша оқулық қалды?

3.Теңдеулерді шеш.

45+х=255-140

х-98=312+317 595-х=114+216

х+120=900-540

4. Фигура сыз, периметрін тап.

Қабырғалары 4 см болатын шаршы сал, периметрін тап, жауабын миллиметрмен өрнекте. Қабырғалары 6 см болатын шаршы сал, периметрін тап, жауабын миллиметрмен өрнекте.

5. Амалдар таңбасын қой.

9 1 20 = 29 0 8 17 = 17

8 1 16 = 24 0 3 12 = 12

6*Логикалық тапсырма.

Себеттегі алмалар саны екі таңбалы санға тең. Алмаларды екі, үш немесе бес балаға тең бөліп беруге болады. Себетте неше алма бар? 10 велосипедтің 27 доңғалағы бар. Олардың нешеуі екі доңғалақты және нешеуі үш доңғалақты велосипед?

ІІ-нұсқа

1.Есепте.

219+(589-130) 7∙1 53∙1

(678+98)-517 0:22 24:24

300-(859-414) 6∙1 45∙1

218+(326-92 0:18 36:36



2.Есепті шығар:

Айжан бірінші күні 45 бет, ал екінші күні одан 9 бет кем оқыды. Айжан екі күнде неше бет оқыды? Талғат бірінші күні 55 өрнек, ал екінші күні одан 6 өрнек артық шығарды. Талғат екі күнде неше өрнек шығарды?

3.Теңдеулерді шеш:

х-254=456 245+х=1000-465

150+х=1000-540 х-186=358

4.Фигуралар сыз, периметрін тап.

а) қабырғалары 2см және 5см тіктөртбұрыш

ә) қабырғалары 1 см 5 мм шаршы. а) қабырғалары 3см және 6см тіктөртбұрыш

ә) қабырғалары 2 см 5 мм шаршы.

5.Амалдар таңбасын қой.

400(32525)= 50 152(89111)= 352

152(89111)= 352 400(32525)= 50

6*Логикалық тапсырма.

Мен анам, әкем, атам, әжем және қарындасыммен тұрамын. Олардың әрқайсысында бір жұп аяқ киім болуы үшін, барлығы неше аяқ киім қажет/ Қайрат пен Талғат сурет салды. Олардың бірі тікұшақ пен ұшақты екіншісі машина мен кемені салды. Талғат кемені салды. Қайрат қай суретті салды.



Математикадан бақылау жұмысы №2.

І-нұсқа

1.Есепте:

35:5 9∙3 (4∙3) + (8∙3) (3∙3) + (9∙3)

7∙4 24:4 60+(9:9) 45:5

6∙4 32:4 40+(3:3) 8∙3

2.Есепті шығар.

21 кг тосапты бірдей 7 ыдысқа бөліп, құйды. 18 кг тосапты бөліп құю үшін осындай неше ыдыс қажет болады? 28 банка кофе 7 қорапқа тең бөлініп салынды 36 банка кофені тең бөліп, салу үшін осындай неше қорап қажет болды?

3.Теңдеуді шеш.

х∙3 =20+4 6:х=9:3 х:4=185-179

х∙4 =20+8 8:х=10:5 х:3=171-162

4.Фигура сыз, периметрін, ауданын тап.

Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 2 см, ал екінші қабырғасы 4 есе артық. Периметрін және ауданын тап.

Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 3 см, ал екінші қабырғасы 2 есе артық. Периметрін және ауданын тап.

5.Шамаларды салыстыру «», «

70 дм * 70 см 450 см * 405 см 50 дм * 50 см

50 дм = □ см 500 см = □ м 370 см * 307 см

70 дм = □ см 200 см = □ м 8∙ 2∙5 * 5∙2

2 * 8+8+8+8 6∙2 * 6+6+6+6 4∙5 * 5∙4

6*Логикалық тапсырма.

Түйе палуан 100 кг жүк көтере алады. Егер 1 литр сынаптың массасы 13 кг болса, ол ішіне сынап толтырған 8 литрлік ыдысты көтере ала ма? Ыдыстағы лимондар мен апельсиндер саны 3-еу, ал апельсиндер мен мандариндер саны 5- еу. Ыдыста неше лимон, неше апельсин және неше мандарин бар?



ІІ-нұсқа

1.Есепте.

2∙4 3∙3 (4∙5)-12 (6∙5)-18

40:8 36:9 (45:9)+25 2∙6

35:7 32:8 (54:9)+33 4∙4

2.Есепті шығар.

Асханаға 20 кг-нан 3 себет қияр және массасы 30 кг бір жәшік қызанақ әкелінді. Асханаға барлығы қанша килограмм жеміс әкелінді? Кітапханаға 15 әдеби кітаптан 3 бума және 55 балалар кітабын әкелді. Кітапханаға барлығы неше кітап әкелінді?

3.Теңдеуді шеш.

32:х=4 а-254=700 380-с=330-175

5∙х=40 99-а=51 с-64=34+152

4.Фигура сыз, ауданын тап.

Қабырғаларының ұзындығы 5 см және 2см болатын тік төртбұрыштың ауданын тап. Қабырғасының ұзындығы 6 см-ге тең шаршының ауданын тап.

5.Шамаларды салыстыру «», «

6 дм 8 см * 60 см 1 м * 80 см 10 дм * 1 м

11 кг + 30 кг * 90 кг – 60 кг 5 дм * 5 см 52 см * 5 дм

31 кг – 19 кг * 15 кг – 7 кг 6 дм * 6 см 1 см *1 мм

6*Логикалық тапсырма.

Салтанаттан: Сендердің сыныптарыңда неше озат оқушы бар?—деп сұрағанда, ол былай деп жауап береді:

-Егер ең үлкен үш таңбалы саннан ең .үлкен екі таңбалы санды шегерсе және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе, сонда озат оқушылардың саны шығады. Сыныпта неше озат оқушы болған? Шахтада лифт алдымен 115 м жердің астына түсті,содан соң 37 м жоғары көтерілді. Бұдан кейін тағы 17 метр төмен түсіп, 19 метр жоғары көтерілді. Соңында лифт қандай тереңдікте болды?

Өзіндік жұмыстар 3-сынып І тоқсан.

І-нұсқа

1.Амалдарды орында.

881-693 251+464 280+30-50

1000-547 586+212 860-(130+70)

2. Есепті шығар.

Үш кітапта 926 бет бар. Бірінші кітапта 305 бет бар, екінші кітапта бірінші кітапқа қарағанда 35 бет кем. Үшінші кітапта неше бет бар.

3. Теңдеулерді шеш.

а-400=180 а-750=1000-920

4.Өрнектерді салыстыр.

886*450+390 1000-274*426+439

5. Фигура сыз, периметрін тап.

Ұзындығы 6 см, ені 3см тік төртбұрыш сыз. Оның периметрін тап.

ІІ-нұсқа

1.Амалдарды орында.

785-295 800-623 (170+780)-540

579+239 585+289 1000-(680+90)

2.Есепті шығар:

Гүлзарға 155 көшет райхангүлі отырғызылды. Оның 85-і қызыл түсті, ал қалғаны сары түсті.Қай көшет артық және неше көшет артық отырғызылды?

3.Құрылымы күрделі теңдеуді шеш.

952-х=120+325 520+х=1000

4.Өрнектерді салыстыр.

45+45*45+54 56-42*56-24 31+8*31+80

5. Фигура сыз, периметрін тап.

Қабырғасы 6 см шаршының периметрін тап.

Математикадан өзіндік жұмыс №2

І-нұсқа

1. Қосындымен алмастыр және мәнін тап.

8∙2 6∙3 5∙2

2. Амалдарды баған түрінде орында және тексер.

327+206 636+258 340-228 732-308

3. Есепті шығар.

Шапанға 7м мата жұмсалды.Осындай 3 шапанға неше метр мата жұмсалады?

4. Сантиметрмен өрнекте.

4 м 29 см = см 3 м 7 см = см

5 м 42 см = см 8 м 6 см = см

5. Теңдеуді шеш.

х:4=7 а∙х 8=24

6. Фигуралар сыз.

4 см кезінді сыз және одан 3 есе артық кесінді сыз.

ІІ-нұсқа

1.Есепте.

15:5 9∙3-7∙2 10:(35-30)+18

4∙3 12:6+18:2 (21:3)+9∙0

2. Есепті шығар және оған кері есеп құрастыр.

Бір қорапта 6 қарындаш, ал екіншісінде одан 2 есе қарындаш артық. Екінші қорапта қанша қарындаш бар?

3.Салыстыру.

315-300*5∙3 15:5*16:8 9∙3*45-29

14:2*4∙2 21:3*3∙3 80-56*20∙1

4.Теңдеуді шеш.

х:2=9 14:у=2 а∙5=10 9∙х=27

5. Фигураның ауданын, периметрін тап.

Ені 2 см-ге тең, ұзындығы 3 см тең тіктөртбұрыш сыз.



Математикадан тест тапсырмасы №1. 3 сынып

1.Дүкенге 280 литр сүт әкелінді. Оның 30 литрі балабақшаға жіберілді және 3 литрлік 8 құмыра сүт сатылды.Дүкенде неше литр сүт қалды?

А) 86 л В) 226 л С ) 186 л D) 189 л


2.Тік төртбұрыштың ұзындығы 9см, ені одан 3 см қысқа. Периметрін тап .

А) 18 см В) 15 см С ) 30 см D) 6 см


3.Теңдеуді шеш: х - 78 = 12

А) 90 В) 66 С ) 78 D) 98


4.Өрнектің мәнін тап. (26-17) ∙ (2+2)

А) 6 В) 9 С ) 36 D) 17


5. Ең кіші екі таңбалы санды тап.

А) 10 В) 0 С ) 1 D) 99


6. 10 тоннада неше центнер бар?

А) 100 ц В) 10 ц С ) 10000 ц D) 1000 ц


7. Қарындасы 8 жаста және ол ағасынан 3 жас кіші.Ағасы неше жаста?

А) 9 В) 24 С) 11 D) 10


8. Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болатынын белгіле.

А) 1+11+111 В) 17+27+12 С) 7+8+9 D) 2+2+2


9. Бос шаршыны толтыр:

800 бірл = □ жүзд


10.Минутпен өрнекте: 2 сағ 15 мин

А) 135 мин В) 75 мин С) 120 мин D) 240 мин


11. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындысы...

А) ұлғаяды В) өзгермейді С) азаяды D) білмеймін


12. Самат пен Арман-құрдастар. Егер Арман 10-да болса, Саматтың жасын тап.

А) 5 жаста В) 7 жаста С) 10 жаста D) 8 жаста


13. Санды разрядттық қосылғыштарға жікте: 358

А) 30+50+8 В) 300+50+8 С) 3+50+8 D) 300+5+8


14. Шаршының қабырғасы 4 м-ге тең. Шаршының ауданын тап.

А) 25 дм² В) 16м² С) 5 м² D) 25см²


15. Дұрыс жауапты тап: 4∙4-8+3

А) 16 В) 8 С) 11 D) 5.









































3 сынып Математикадан тест тапсырмасы №1. (кілті)

1.Дүкенге 280 литр сүт әкелінді. Оның 30 литрі балабақшаға жіберілді және 3 литрлік 8 құмыра сүт сатылды.Дүкенде неше литр сүт қалды?

А) 86 л В) 226 л С ) 186 л D) 189 л


2.Тік төртбұрыштың ұзындығы 9см, ені одан 3 см қысқа. Периметрін тап .

А) 18 см В) 15 см С ) 30 см D) 6 см


3.Теңдеуді шеш: х - 78 = 12

А) 90 В) 66 С ) 78 D) 98


4.Өрнектің мәнін тап. (26-17) . (2+2)

А) 6 В) 9 С ) 36 D) 17


5. Ең кіші екі таңбалы санды тап.

А) 10 В) 0 С ) 1 D) 99


6. 1 тоннада неше центнер бар?

А) 100 ц В) 10 ц С ) 10000 ц D) 1000 ц


7. Қарындасы 8 жаста және ол ағасынан 3 жас кіші.Ағасы неше жаста?

А) 9 В) 24 С) 11 D) 10


8. Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болатынын белгіле.

А) 1+11+111 В) 17+27+12 С) 7+8+9 D) 2+2+2


9. Бос шаршыны толтыр:

800 бірл = 8 жүзд


10.Минутпен өрнекте: 2 сағ 15 мин

А) 135 мин В) 75 мин С) 120 мин D) 240 мин


11. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындысы...

А) ұлғаяды В) өзгермейді С) азаяды D) білмеймін


12. Самат пен Арман-құрдастар. Егер Арман 10-да болса, Саматтың жасын тап.

А) 5 жаста В) 7 жаста С) 10 жаста D) 8 жаста


13. Санды разрядттық қосылғыштарға жікте: 358

А) 30+50+8 В) 300+50+8 С) 3+50+8 D) 300+5+8


14. Шаршының қабырғасы 4 м-ге тең. Шаршының ауданын тап.

А) 25 дм² В) 16м² С) 5 м² D) 25см²


15. Дұрыс жауапты тап: 4∙4-8+3

А) 16 В) 8 С) 11 D) 5







































Қосындыны санға бөлу



Математика 3 сынып

Тақырыбы: Қосындыны санға бөлу (слайдымен)

Мақсаты:

1) Қосындыны санға бөлудің бірнеше жағдайларын түсіндіріп, бөлу амалына есептеу дағдысын қалыптастыру

2) Есте сақтау қабілетін сана қабілеттерін, сана сезімдерін, зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту

3) Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: кіріктірілген, саяхат сабағы

Әдіс тәсілдері: проблемалық іздену, сұрақ - жауап, әңгімелеу

Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік, кубизм, деңгейлік тапсырмалары, топтастыру

Көрнекі құралдары: оқулық, с уреттер, қима қағаздар

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка

Техникалық құралы: компьютер, интерактивті тақта

Болжамдап отырған нәтиже: қосындыны санға бөлуді түсінген тұлға



Жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

а) психологиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)

а) №6 199 бет

ә) Нақыл сөз шығару

Қорытындылау

3. Жаңа сабақ

а) Ой жинақтау

ә) мұғалімнің түсіндірмесі

б) оқулықпен жұмыс

в) Кезеңдермен жұмыс



4. Сабақты бекіту

а) шығармашылық жұмыс

ә) деңгейлік тапсырмалар

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма: № 5, № 8 201 бет



Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аудару, қонақтармен сәлемдесу

- Үлкенге де сіз!

- Кішіге де сіз.

- Сәлем бердік сіздерге.

- Құрметпен біз.

Психологиялық дайындық

Сабаққа біз даярмыз!

Жалқаулықты қоямыз,

Үздік оқып әрқашан,

Кілең бестік аламыз.

Сабақтың мақсатын түсіндіру. Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз қаламыздағы көне тарихи ескерткіштерге саяхат жасаймыз. Олай болса автобусқа мінбестен бұрын автобусты кім жүргізеді?

- Жүргізуші

- Сұрақ қой,

- Кім?

- Жүргізуші.

Ал автобусқа мінбестен бұрын автобустың алдынан жүгіріп өтуге болмайды. Ал кеттік балалар, бәріміз автобусқа мініп бірінші Жамбыл Жабаев атамыздың ескерткішінен бастаймыз.

- 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысының Хан тауы мен Жамбыл тауының

етегінде туылған. Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған ірі сөз шебері. Ол

айтыс ақыны болған. 1945 жылы 99 жасында дүние салған.



№6 Өрнектердің мәнін тап. (оқушыларға оқыту, өрнектердің мәндерін бірден разрядттық қосылғыштарға жіктеу)

90: 3+9: 3=39

40: 4+4: 4=11

60: 2+6: 2=33



600: 10+60: 10=66

900: 3+90: 3=330

1000: 5+100: 5=220



Қорытындылау – балалар өте тамаша мақалды шығара отырып көбейту кестесін пысықтадық.

- Бірлік бар жерде тірлік болатынына көз жеткіздік.

Ары қарай саяхатымызды жалғастырамыз. Біз Төлеби көшесіндегі Қарахан баба мен Дәуітбек атаның мазарына барамыз.



2 кезең. Қарахан Мазары.

Қарахан мазары ХІ ғасырда тұрғызылған сәулетті күмбез. Қарахан ел басқарған қолбасшы болған. Қарахан бабаны Әулиеата деп атайды.

Қосындыны санға бөлу ( ереже)

Қосындыны санға бөлу үшін, әр қосылғышты осы санға бөліп, нәтижелерін қосуға, қосындының мәнін тауып, оны осы санға бөлуге болады.



«Кубизм» стратегиясы

1) 100 бен 40 - тың қосындысын 7 - ге бөл (20)

2) 40 пен 8 - қосындысын 6 - ға бөл (8)

3) 50 мен 6 - ның қосындысын 7 - ге бөл (8)

4) 30 бен 5 - тің қосындысын 7 - ге бөл (5)

5) 20 мен 1 - дің қосындысын 7 - ге бөл (3)

6) 60 пен 4 - тің қосындысын 8 - ге бөл (8)



№1 Қима қағазбен жұмыс

100: 20=(60+40): 20 (5)

48: 8=(16+32): 8 (6)

81: 9= 24: 4+12: 4 (9)

64: 8= (25+39): 8 (8)

4*3= 15: 5+45: 5 (12)

30*4= (22+18)*3 (120)

№2. Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Математикалы? сайыс саба? жоспары

Автор: Хамитова Жания Замиевна

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 288259

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Тап?ыр болса?, талас жо?» атты    математикалы? сайыс  саба?ы."
    ["seo_title"] => string(50) "tapkyrbolsantalaszhokattymatiematikalyksaiyssabagy"
    ["file_id"] => string(6) "278139"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453040217"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ашы? саба?: Математикалы? сайыс. "
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk-sabak-matiematikalyk-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "215050"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432558002"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "Математика п?нінен "Рационал сандарды ?осу ж?не азайту" атты та?ырыпта саба? жоспары  (6-сынып) "
    ["seo_title"] => string(98) "matiematika-p-ninien-ratsional-sandardy-k-osu-zh-nie-azaitu-atty-tak-yrypta-sabak-zhospary-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "203551"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429515201"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ж?зден ж?йрік сайыс саба? "
    ["seo_title"] => string(28) "zhuzdien-zhuirik-saiys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "149055"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419938661"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Ойнайы? та, ойлайы?" сайыс саба?ы "
    ["seo_title"] => string(32) "oinaiyk-ta-oilaiyk-saiys-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "210084"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431362637"
  }
}




ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства