«Математика» пәнін оқытудағы белсенді оқу әдістері
«Математика» пәнін оқытудағы белсенді оқу әдістері
Оқытудың белсендіәдістері - оқу материалынигеруүдерісінде оқушыларды белсендіойлаужәне практикалық әрекетке итермелейтінәдістер. Бұл әдістер оқу үдерісі жаттығудың алдындаемес, оны орындаубарысындажүзеге асырылатынқұбылыс. Белсендіоқу оқушылардың белсендіқызметпен айналысуарқылы мұғалім бергенақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерінестесақтап, оны қолдана алуынқамтамасыз етудікөздейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Математика» пәнін оқытудағы белсенді оқу әдістері»
«Математика» пәнін оқытудағы белсенді оқу әдістері
Ниязова Алмагуль Кабировна Б.Сырттанов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Арасан ауылы 2020ж
-Белсенді оқудегеніміз не?
-Оқытудың белсенді әдістерідегеніміз не?
Белсенді оқуоқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс. Белсенді оқу оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.
Оқытудың белсенді әдістері- оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер.
1
-Нұсқау беру жəне айту:Сыныпқа оқыту/оқу мақсаттарын хабарлап, оқушылардың не істеу керектігін түсінетініне жəне ерекше назар аударуы қажет мəселелерге көңіл бөлетініне көз жеткізу. Мысалы, математикалық есептерде бір əрекет екіншісінен шығатынына қалай көз жеткізуге болады, өлшеулер жүргізу арқылы дəлдік дəрежесін белгілеу, жұмысты қалай баяндау немесе кестені қалай құру.
«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып,
оқушыларға осы атауларға қатысты келесі сұрақтарға ауызша (жазбаша)
жауап беруді тапсырады:
Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада
кездестіріп едіңіз?
Қалай? Өткен тақырыптардан осы атауларды қолданудың мысалдарын
келтіре аласыз ба?
Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде)
ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше
оқушының пікірін тыңдайды.
Мысалы: теңсіздік, мәндес, айнымалы
ГАУҺАРЛАР ИЕРАРХИЯСЫ
Бұл оқушылардың белгілі бір сұрақтарды белгілі бір тәртіппен
орналастырып, неге ол ретпен орналастырғанын түсіндіру дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
Жұмыс алгоритмі:
1. Оқушыларға карточкада немесе стикерде белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея беріледі (немесе өздері алдын ала жазады).
2. Олар өзінің бірінші басымдық берген карточкасын жоғарыға қояды, бұдан кейін екі карточканы екінші орынға қояды, үш карточканы үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар карточка төменге орналастырылады. Осылай
гауһар тас пішіні пайда болады.
Оқушылар бір-бірімен бітімге,
келісімге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс.
Сондықтан олар карточкалардың ретін
өзара талқылап, өз пікірлерін білдіреді.
2
-Көрсету жəне модельдеу:
Айқын, жақсы құрылымдалған көрсетілімдерді ұсыну: мысалы, алгебралық теңдеуді қалай шешу керектігін, кестені түсіндіру немесе математикалық ауыспалы өлшемді əзірлеу; тиісті ресурстар мен дисплейлерді қолдану, мəселен, тақтайдың көмегімен математиканы модельдеу; жүздің шаршысын қолдануды көрсету; термометрді қолданып кері сандардың қолданылуын модельдеу; теңдеуді шешу үшін графикалық калькулятордың сандық тізбегін қолдану немесе айнаның бетіне белгілі бір пішімнің бейнесін түсіру үшін геометрия бойынша бағдарламалық жасақтаманы қолдану.
Графикалық органайзерлер «Ақпаратты сүзу»
Мәтінді оқып, тірек сөздерін анықтаңыз. Маңызды емес сөздер құбырға ағып кетіп, тек маңызды сөздер ғана«сүзгіде» қалады.
4
25
28
«IDEAL» белсенді әдісі. ( Проблемалық жағдаяттар берілген ақпаратпен жұмыс істеуге қолайлы тәсіл).
Оқушылар оқулықттан есептің мәтінін оқиды.
I – мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау
D – проблеманы сипаттау
E – проблеманы шешу жолдарын анықтау
A – проблеманы шешу үшін әрекет жасау (мәселені шешу жолын көрсету)
L – қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау.
Мәтінді есептерді шешу алгаритмінің блок схемасын құрастыру.
(Блок схемасын құрастыруда) жүйелік органайзер материалдың ақпараттық маңыздылығын арттырып, жүйелі түсінік алуға мүмкіндік береді.
Сабақ тақырыбы : Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.
Оқу мақсаты: 5.1.1.13 ондық бөлшек ұғымын меңгеру;
2). 5,6932саны берiлген. Осы санның 1) жүздiк үлес; 2) он мыңдық үлес; разрядында қандай цифр жазылған?
3). 65,007 саны берiлген. Осы санның 1) ондық үлес; 2) мыңдық үлес разрядында қандай цифр жазылған?
3
-Түсіндіру жəне сипаттау:Бұрынғы жұмысқа немесе əдіске негіздеп нақты, жақсы құрылымдалған түсініктеме беру: мысалы, математикадан есептеу тəсілін баяндау жəне бұл неліктен осылай шығатынын түсіндіріп, математикалық терминнің, таңбаның немесе шартты белгілеу жүйесінің мəнін беру, жалпылама пайымдау үшін қолданылатын мысалдарды келтіре отырып, есепті шығару жолдарын түсіндіру.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындауда
1-тапсырманы әр оқушы жекелей,
2 тапсырманы жұпта, 3 тапсырманы топта орындай отырып, үлгерімі төмен оқушылардың қажеттіліктерін ескереді.
«Екеуі үйде, біреуі қонақта»әдісіМақсаты: оқушыларға тақырыпты өздері түсініп оқуы және топ ішінде талқылап, басқаларға түсіндіре алуы.
«Түйінді сәттер» әдісі
Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша
тапсырмаларды оқушылар орындағанда
оқып жатқан тақырыптың түйінді сәттерін
түсінуге және дамытуға әкелетін әдіс.
-Сұрақ қою жəне талқылау:Барлық оқушылардың қатысып отырғанына көз жеткізу үшін сұрақ қою тəсілі сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес келетін жолдармен жүзеге асырылуы тиіс (қажет болған жағдайда, құрылғылардың, калькулятордың көмегімен немесе өзара қарым- қатынас арқылы, белгілер мен таңбаларды қолдану арқылы); шебер ойластырылған, өңделген жəне мақсатқа бағдарланған ашық жəне жабық сұрақтарды қолдана отырып, қабілеті жағынан əртүрлі оқушылардың пікірталасқа қатысып отырғанына көз жеткізуге болады; түсініктеме беруін сұрап; оқушылардың жауап берудің алдында ойлануына уақыт беру керек; оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, олардың білімін дамыту үшін сындарлы əрекет ету; оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі болу.
4
«Құрастыр және жауап бер»
әдісі. Сабақта оқушылар өз
сұрақтарын құрастырады
да, сосын соларға жауап
береді.
«Конверт – сұрақ» әдісі
2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз
(оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда
өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт
дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут
беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын
жазады; екі минут өткен соң конверт келесі
оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа
барлығы жауап бергенше жүре береді.
Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты
дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан);
сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты
дұрыс болғанын талқылайды.
«Қағаздағы сұрақтар» әдісі
Әрқайсысы қағаз қиындысына
өзі білгісі келген немесе өзі жауап
бергісі келген сұрақтарды жазып,
қалташаға салады. Араластырылған
сұрақтар еркін түрде қатысушыларға
таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен
сұрақтарға жауап береді. Бұл - үй
тапсырмасын сұрағанда қолдануға
тиімді тәсіл.
«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі.Оқушыларға сөйлемдер беріп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін сұрақ қандай болатынын анықтауды сұраңыз. Мысалы : 180º.
«Борт журналы»әдісі
« Борт журналы » - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. « Борт журналы » қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?
Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?
Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды.
5
-Зерделеу жəне зерттеу:Оқушылардың проблемалық мəселе көтеруін немесе зерттеу бағытын жорамалдауды сұрау; белгілі бір жағдайларды жалпылауға болатынын зерттеуді сұрау; қарсы мысалдар іздеп, ерекше жағдайларды айқындауды сұрау; оқушыларды проблема мен оның шешімін ұсынудың графикалық немесе сызбалық нұсқадағы балама тəсілдерін қарастыруға, проблемаға басқаша тұрғыдан қарау үшін бір түрінен екіншісіне көшуге ынталандыру.
.
«Қателескен мұғалім» әдісі
Мұғалім ережелерді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды. Мұнан соң қате басылған ереже оқушыларға таратылады. Енді «Жаңсақ басылған ереже» ойнына ауысады.
«Қатені тап»әдісі
Оқушыларды үш топқа біріктіру .Әр топқа жеке тапсырма және тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі.
Тапсырмасы
1-топ тапсырмасы: тақырыпқа байланысты формула не ережелерде 1-2 қате болуы керек.
Қателері
2-топ тапсырмасы: ереже мәтінін шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.
Тексерген топ
3-топ тапсырмасы: тақырып бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек. Түзетулерді арнайы параққа жазуға болады.
Зерттеудің алты қадамы
1.Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін?
Мен қазір не білемін? Мен өз жұмысымды қалай таныстырамын?
2.Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын?
Маған кім көмектесе алады?
3.Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма?
Мен нені сақтауым керек?
4.Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба?
Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын
белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?
5.Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыру талап етіледі?
Мен оны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды
кімдерге таныстыратын боламын? Мен тез тіл табыса аламын ба?
6.Дайын болған өнімді бағамдау: Мен бір нəрсені қалдырып кеттім бе?
Менің жұмысымның мəні бар ма? Мен орфографиялық жəне
грамматикалық нормалардың сақталуын тексердім бе?
Мен өз жұмысымды оқыған адамның алдында мақтаныш
сезіне аламын ба? Мен не үйрендім?
-Бекіту жəне қолданысқа енгізу:Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну; оқушылардың үдеріс барысында əріптесімен жұпта немесе топта бірлесе ойлануы немесе талқылау арқылы оларды өз идеялары мен пайымдауларының ауқымын кеңейтуге немесе өз жұмыстарының жазбасын жүргізу əдістері мен тəсілдерін салыстыруға жəне жетілдіруге ынталандыру; оларды оқу бағдарламасындағы математикалық есептерді шешудің математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру.
6
«Айналмалы бекеттер» әдісі
Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 10
минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.
«Ақиқат - жалған» әдісі білімді қалыптастыру және қорытынды жасау
«Теорема - пазл» әдісі. Оқушыларға 4 бөліктен тұратын теореманы құрау тапсырылады. 1-ші бөлікте теорема тұжырымдамасы, 2-ші бөлікте теорема сызбасы, 3-ші бөлікте не берілген және нені дәлелдеу керек, 4-ші бөлікте дәлелдемесі.
7
-Рефлексия жəне бағамдау:Оқушылардың қателерін анықтап, олардың өзін жəне оған алып келген түсінбеушілікті талқылай отырып, бұны оқытудың жағымды қыры ретінде қолдану; оқушылар өздері таңдаған əдістері мен ресурстарын неліктен таңдағанын түсіндіру үшін пікірталас жүргізу; оқушылардың топқа немесе бүкіл сыныпқа жасаған таныстырылымын бағамдау; олардың жазбаша жұмысына ауызша кері байланыс ұсыну.
«Бір ауыз сөз» әдісі
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б
«Егер 5 минутым болса...» әдісі арқылы әр топ өз ойларын ортаға салып түзету жұмыстарын жүргізеді.
«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»
”Төрт сөйлем”әдісі
Бұл әдіс арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді:
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар.
Қорытынды. Тақырыптың мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар .
Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір
Қандай жаңа білім алдың?
Алған біліміңді қолдана аласың ба?
Саған қиындық тудырған түсініктер
8
-Қорытынды шығару жəне есте сақтау:Математика сабағында жұмыс барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару жəне балалардың не үйренгенін түйіндеу; балалардың түсінгенін анықтау жəне қате түсінген болса түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, оның негізгі тармақтары мен идеяларын ұсынуға шақыру; математиканың басқа салаларымен жəне басқа пəндермен байланыстыру; оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік беру.
Рефлексия пирамидасы
«Білімдарлар» әдісі
Ең алдымен, ойынның басында
« білгірлер » анықталады, олар өздеріне
топ құрады. Ойынға қатысушы « білгірлер »
тобы ортаға отырады. Басқа топтардың
өкілдері оларға оқылған тақырыптары
бойынша сұрақтар қояды.
Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд
қана жүреді де, бір оқушы жауап береді
(кезекпен).
«Менің сөзім» әдісі
Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген тақырыпта бар, жоғын анықтайды .
.
Мұғалімдер белсенді оқу әдіс-тәсілдерін қолдануда
назарға алатындары:
оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың бұған дейін алған білімдері, біліктері мен дағдыларын одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды дамыта оқыту;
оқушылардың білім алуына «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;
оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқуды ұйымдастыру;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
оқушылардың жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
«Конверттегі сұрақтар», «Сәйкесін тап»
Түсіндіру және сипаттау
Сабақтың жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі
«Қарлы кесек»,
Жаңа сабақты түсіндіру және бекіту кезеңі
Бекіту және қолданысқа еңгізу
«Жеке ойлау уақыты»
Белсенді оқыту әдістері
Қорытынды шығару және есте сақтау
«Домино»
Қорытындылау кезеңі
“Мен үшін бүгін сабақта...”
Рефлексия және бағамдау
Рефлексия
Белсенді оқыту әдістері
Мақсаты :Тақырыптың түсіну деңгейін арттыру және талқылау дағдыларын дамыту
Түсіндіру жəне
сипаттау:
Серпілген сұрақтар
Бекіту жəне қолданысқа
енгізу:
Мақсаты :Жаңа меңгерілген математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру
Мақсаты :
Тапсырманы талдау жасау арқылы жаңа тақырыпты меңереді
“Ойлан, жұптас,
бөліс “әдісі
Зерттеу және зерделеу
“Ақпаратты сүзу”
Мақсаты: Натурал сандардың
бөлгіштері мен еселіктері
жылдам таба білу
Мақсаты: Сабақты қорытындылау
“Нысана” әдісі
Рефлексия жəне бағамдау
Белсенді оқыту әдістері
Сұрақ қою және талқылау
Қорытынды шығару және есте сақтау
Зерделеу және зерттеу
Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық:( Микрофон әдісі )1)Геометрияның негізгі ұғымдары қандай?
2)Геометрияның негізгі ұғымдарына анықтама беріле ма?
3)Кесінді дегеніміз не?
4) Кесіндіні өлшеуге бола ма?
5)Бұрыш дегеніміз не?
6) Бұрыштың түрлерін ата?
7)Қандай бұрышты сүйір бұрыш деп айтамыз?
8) Қандай бұрышты тік бұрыш деп айтамыз?
9) Қандай бұрышты доғал бұрыш деп айтамыз?
10)Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?
Жаңа тақырып
1)Миға шабуыл. “Сұрақ қою” әдісі арқылы анықтаймыз
“Үшбұрыш және оның түрлері”
2)Топтық жұмыс: “ Әрқайсысы әрқайсысын оқытады ” әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту. Әр топқа кітаптағы тақырыпты бөліп беремін. Сол тапсырмалары бойынша өз ойларынортаға салып постерлерін қорғайды
Тапсырмалар:
1-топ: 1)Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені белгілеп, оларды қосқанда пайда болған фигураға анықтама беріңдер.
2) Үшбұрыштың негізгі элементтерін атаңдар
2-топ: 1) Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын салыстыра отырып түрлерін анықтаңдар.
2)Неге үшбұрыштар тең қабырғалы үшбұрыш,тең бүйірлі үшбұрыш, әр түрлі қабырғалы үшбұрыш деп аталады?
3-топ : 1)Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларын салыстыра отырып түрлерін анықтаңдар.
2) Неге үшбұрыштар сүйір бұрышты үшбұрыш, тік бұрышты үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады?
1
3
Белсенді оқыту әдістері
«Түсіндіру және сипаттау» түрі
“Джигсо” әдісі топтың тапсырмалары:
Сабақ мақсатын анықтауға
1 тапсырма. «Сұрақ қою және талқылау»түрі бойынша тақтада есептер көрсетіледі, соны ауызша жауап береді.
Сұрақ қою және талқылау»әдісі
Кері есеп
Нәтижесінде
а) топта оқушылар есептің шығарылу жолын анықтайды;
ә) бірлесе ортақ шешім іздейді
б) ойлау қабілеттері қалыптасады
Жауап берген оқушыларды бас бармақ әдісімен ынталандырамын.
Топаралық бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы бойынша пікірлерін білдіреді..
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
" Естігендеріңнің ең тәуірін жазып жүріңдер. Жазғандарыңның ең жақсысын есте сақтаңдар. Ал есте сақтағандарыңның ең көркемін ғана айтып жүріңдер. (с) Ибнул Муқаффағ