Бұрыш–— бір нүктеден шыққан әр түрлі екі сәуледен құралған геометриялық фигура. Сәулелер бұрыштың қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады. Егер екі бұрыштың сәйкес қабырғалары мен төбелерін беттестірген кезде дәл келсе, онда мұндай бұрыштар тең (конгруэнтті) бұрыштар делінеді. Егер екі бұрыштың төбесі мен бір қабырғасы ортақ болып, ал қалған екі қабырғасы түзу құраса, онда мұндай бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп аталады. Жалпы айтқанда, төбесі мен бір қабырғасы ортақ бұрыштар іргелес (жапсарлас) бұрыштар делінеді. Егер бір бұрыштың қабырғалары бұрыш төбесінен бастап екінші бұрыштың қабырғаларының созындылары болса, онда ондай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады. Вертикаль бұрыштар өзара тең болады. Бұрышты өлшеу Егер бұрыштың қабырғалары түзу құраса онда мұндай бұрыш жазық бұрыш делінеді. Өзінің сыбайлас бұрышына тең бұрыш тік бұрыш деп, тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір бұрыш, ал тік бұрыштан үлкен, жазық бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады. Доғал бұрыш - шамасы ( d ) тікбұрыштан ( 0 90 ) үлкен, бірақ жазық бұрыштан ( 0 180 -тан) кіші бұрыш, яғни 0 90
Просмотр содержимого документа
«Бұрыштардың түрлері»