"С?зж?мба?".
1) Тік б?рышты? жартысы неге те??
2) Транспортир б?рышты ?лшеуге арнал?ан ...
3) Б?рышты? ?лшем бірлігі?
4) 1800-?а те? б?рыш ?алай аталады?
5) С?йір б?рыш 900-тан ...
? ы р ы ? б е с
? ? р а л
г р а д у с
ж а з ы ? ? ы
к і ш і
ІІ. Ма?ынаны тану.
1) О?улы?пен ж?мыс.
№206.
Жазы??ы б?рыш бірдей 5 б?лікке б?лінген. Осы б?рыштарды табы?дар. ?рбір б?рыш ?анша б?рышты береді? Оларды? біреуін салы?дар.
180°:5=36°
Жауабы: 36°.
№209.
Екі т?зуді? ?иылысуынан шы??ан б?рышты? біреуі екіншісінен 3 есе арты?. Осы б?рыштарды табы?дар.
х+3х=180
4х=180
х=180:4
х=45
45+3•45=180 Жауабы: ∠1=45°, ∠2=135°.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сыныбы: 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир. Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың "бұрыш", "бұрыштардың түрлері" тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту. дамытушылық: есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту. тәрбиелілік: өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа, өз бетінен және топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: геометрия, қазақ тілі, дүниетану.
Көрнекіліктер: топшамалар, кестелер, транспортир, сызғышғ сағат. Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту. а) Сәлемдесу; ә) тренинг "пойыз". б) оқушыларды түгендеу; в) оқушылардың назарын сабаққа аудару; г) үй тапсырмасын тексеру: №208. д) өткен тақырып бойынша "сөзжұмбақ" шешу.
"Сөзжұмбақ". 1) Тік бұрыштың жартысы неге тең? 2) Транспортир бұрышты өлшеуге арналған ... 3) Бұрыштың өлшем бірлігі? 4) 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? 5) Сүйір бұрыш 900-тан ... қ ы р ы қ б е с қ ұ р а л г р а д у с ж а з ы ң қ ы к і ш і
ІІ. Мағынаны тану. 1) Оқулықпен жұмыс. №206. Жазыңқы бұрыш бірдей 5 бөлікке бөлінген. Осы бұрыштарды табыңдар. Әрбір бұрыш қанша бұрышты береді? Олардың біреуін салыңдар. 180°:5=36° Жауабы: 36°. №209. Екі түзудің қиылысуынан шыққан бұрыштың біреуі екіншісінен 3 есе артық. Осы бұрыштарды табыңдар. х+3х=180 4х=180 х=180:4 х=45 45+3•45=180 Жауабы: ∠1=45°, ∠2=135°.
2) Топшамамен жұмыс.
Топшама №1. а) Жазыңқы бұрыштың жартысы неге тең? ә) В АОВ бұрышы 30-ға тең, ВОД бұрышын табыңдар.
А О Д
Топшама №2. а) Тік бұрыштың жартысы неге тең? ә) К ЕОК бұрышы 150-ге тең, КОМ бұрышын табыңдар.
Е О М 3) Топпен жұмыс.
Топтарға бөлу. "Сүйір" және "Доғал" сөздері буынға бөлініп қиылады. Әр оқушы қағаз таңдау арқылы сөздерді тауып, топ болып отырады.
"Ой қозғау".
1) Санасаң бір үйде төртеу бар, Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. /бұрыш/ 2) Балаларды "жазалайтын"фигура? /бұрыш/ 3) Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? /4 бұрыш/ 4) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысықтан отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар? /төрт/
"Пратикалық тапсырма".
Әр топтан тақтаға 1 оқушы шығып, көзбен мөлшерлеп 45°-ты сызу керек. Тапсырма орындалғаннан соң, транспортирдің көмегімен бұрыштың градустық өлшемі өлшенеді.
Қосымша есеп.
АОВ бұрышы 87-ге тең. Осы бұрыштың ішінен ОС сәулесі жүргізілген. ВОС бұрышы 52-ге тең болса, АОС бұрышының градустық өлшемін тап.
"Ғажайып кесте". Берілген әріптер мен цифрлардың көмегімен кестедегі әріптер мен цифрларды тігінен және көлденең қосып, нақыл сөзді оқу керек. А1, Ә2, Б3, В2, А1, Ә2, Б3, Г1, Ғ1, Ә2 - Д2, Е1, Ё1, Е1, А1, Б4, Ә2, Е2, Б4, Е1, Ғ3 Д3, Ә2, Б3, Г3, Ә2, В1, Е1.
1 2 3 4 А м ә в ж Ә з а к н Б о ұ т д В с е б ү Г и у ш ь Ғ к ь ң г Д ю ғ п я Е ы р і э Ё л ф х ө
Жауабы: "Математика- ғылымдардың патшасы".
Қоршаған ортада кездесетін бұрыштар. Оқушыларға қоршаған ортада кездесетін бұрыштардың суреттерін слайд арқылы көрсету.